VIII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 64

                  

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

«…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың ойшылдығымен Ол Алланың бізге көрсеткен махаббатын ақылмен  танымақтың өзі ақылсыз, білімсіз қиын екені даусыз. Сондықтан  махаббатың мәнісінен, жан ғылымынан айырылған әлемде діннің бүлікшілдікке, азғындыққа соқтыруына себеп болып, әлем халқының махаббатын іздеп таба алмай жатқаны да сөзсіз. Қазақ елі де масһаб білімінің соңына түсумен өз дін дәстүрінен, шежіре даналығынан айырылып мұндай зұлымдықтан шет қалған да жоқпыз. Ал енді жаратушы иеміздің бізге берген махаббатын білу үшін;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …» Алла тағаланың бізге көрсеткен Рахмет деген сипаттың өзінде бұл екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдіреді. Сонымен Ол Алла деп Рахмет сипатын атаймыз. Біздер Алла тағаланы ақылымыздың шамасымен тану үшін 8 сипатының түрлерін білім жүзінде түсінігімізге алумен; «…Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла тағаланың; Рахман, Рахим (жарылқаушы, келтіруші) Ғафур ( кешіруші ) Уаруд (сүйікті, сүюші), Хафиз (қорғаушы), Сәттар (ара түсуші, арашашы), Аззақ (несібе беруші), Нариғ (пайда беруші), Уакил (уәкіл басқарушы), Латиф (жақсылық, мейірім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттау керек. ..» Олай болса Рахмет сипатының 10 түрлі махаббатың қасиеті болып, қазақ нақылындағы «Үшінші байлық 10 саулық» көктен келетін нұр дегеніміздің өзі Ол Алланың махаббаты болып біздің жараталыс негізіміз махаббаттық қасиетіміздің ерекшелігін айқындалуы да керек. Себебі 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін нұрды-он саулық байлығын белгілеп тұрғаны сөзсіз. «… Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ.» Сонымен пайғамбарымыздың «Алла тағала адамзатқа махаббатың 100 сипатын жаратып оның бірін ғана көрсетіп қойған қалған 99-ы көместе» және «Адамзатта 100 түрлі бұлшық ет бар, оның ең қадірлісі  жүрек» деген өсиетіне жүгінсек, біздің махаббатымыздың негізі жүрекпен байланысты екені де даусыз. Сонымен Ол Алланы ақылымызбен тану үшін жүректің тазалығын қалыптастыру және оған иман қуатын да алуымызбен ғана адамзаттың ішкі дүниесі нұрланып, оны сақтап күзетіп тұруға намаз оқуға құлшылығымызбен Ол Аллаға жалбарынып дұға жасауға мәжбүр болмақпыз. Махаббаттың сырлардың қабы, орны жүрек болып жаратылыстың тазалығы мен адамгершіліктің нұрларының қайнар көзі екені де даусыз. Алла тағала ақиқатын діншілердің пайымдауынша шектеумен емес, керісінше қадір қасиетін көбейту арқылы оған түрлі атау мен есімдерді қою арқылы біз ақылмен және біліммен тани алуымызға мүмкіндік туындайды. Және де Алла тағаланың 8 сипатты негізінде ешқандай қарама-қарсылық, қайшылықтары жоқ. Олай болса Ол тұрақты, қозғалмайды және абсолют ұғымына сәйкес болмақ. Бірақ біздің тірлігіміз себептерге байланысты үнемі дамудың, қозғалыстың әрекетінде болғандықтан саналық қуатымызды да дамыту үшін қарама-қайшылық жағдайлардың да қаншалықты  адамзат тірлігінің әрекетімен көбеюімен біздің өміріміздегі қозғалыссыз тұрған орындарды толтырған сайын жаратылысты түсіну қабілетіміз де, сананың мөлдірлік қуаты да арта бермек. Олай болса дін шарттарының да бір мезгіл уақыт өлшемімен тұрақты болуы да мүмкін емес. Және біздің өміріміздегі махаббат пен оған қарсы зұлымдықтардың қайшылығынан бір жерде тұра алмай бірін-бірі жоюға бейім болатыны да сөзсіз. Сондықтан күнә, қаралық, зұлымдық бар жерде махаббат та болмау керек. Бірақ Алла тағаланың 99 көркем есімдері барлық қарсылықтарды да бірге айналдырған ерекше қасиеттердің қуаты болып, мұндай есімдермен біз жалғану арқылы «Бір» махаббаттық қабілетімізді сақтай отыра керісінше онан әрі қарай көбейген қайшылықтарға да қарсы тұра алатын қуаттарға жалғана аламыз. Бұл көркем есімдердің  біздердің жаратылыстық тіршілігімізге қарай бейімделген, біздердің ата-аналарымыздың, пайғамбарлар мен әулие-әмбилердің жаны, рухы арқылы қайшылықтарынан айырылып, жеңіліп жақсылықпен, махабаттық қуаттармен бейнеленген жаннаттық жарық болып және олардың аттарын көркем есімге айналуына себеп болған, Ол Алланың бөлшектері деп түсінген жөн. Сондықтан бұл көркем есімдер ешқашанда жоғалуға, жойылуға тән емес. Мысалға; электр желісінен мұздатқыш та және жылу пеші де қуат алып, екі түрлі қарама-қайшылық жағдайға қызмет еткенімен тоқ жүйесінің өзі ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Демек бұл көркем есімдер қуат түрінде біздің қажеттілікті орындайды, бірақ жоғалуға, жойылуға және өзі әрекет еткен нәрселерден қуаттық мұқтаж болудан аулақ. Себебі бұл қуаттардың негізгі Алла тағаланың өзімен, Рахметімен байланысты «Бір» болып тұрғанына да дәлел болмақ. Абай атамыздың Алла тағаланы танып түсінудің, иман келтірудің негізгі шарты; Алла достарын табу керек деген өсиеті осыдан пайда болады. Олай болса біздер өздеріміздің ұлттық негіздегі 99 көркем есімдерді оны меңгерген әулие-әмбилердің ақиреттік  кітабына жалғану арқылы ғана ішкі дүниемізді қарам-қайшылықтардан тазартып нұрландыра аламыз. Мұны құранда Алланың жібінен айырылмаңдар, анау ел, өзге топ бізден жақсы деген сылтаумен иірген жібін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар деп ашық үкім де берген.  Алланың жібі-ұғымы болса, біздің шежірелік жүйеміз көркем есімді әулие-әмбилеріміз арқылы Алла тағаланың сегіз құдіретті сипатына жалғанумен махабаттылығымыз да, құлшылығымыз да нәтижесін беруімен байланысты екені де сөзсіз. Ал енді иман ұятсыз,  имансыз, махаббат өнім бермей және армен қорғалмай ішкі жан дүниенің тазарып нұрлануы да мүмкін емес. Сондықтан да Абай атамыздың иманды және оның тәрбиесін қалай меңгеру керектігіне жоғарыдан төмен қарай баяндап көрсек;

«Иман деген Алла тағаланың серіксіз, ғайыпсыз (көрінетін, көмес) бірлігіне, барлығына (көркем есімдерінің сипатына) пайғамбарымыз арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойысұнып иланбақ. Енді бұл иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы жетіп дәлелдерін түсінуге шамасы жетіп және ақылы бұл дәлелдерді (белгілерді) анықтап меңгеруге жараса (амалын орындауға), мұны якини (шынайы, айқын)  иман десе керек. Екіншісі-кітаптан оқу білімімен яки молдалардан естіп білгенімен иман келтіріп (иланып), сол иман келтірген (иланған) нәрсесіне (біліміне) соншалық берік болуымен көрінбек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болуы да керек. Бұл иманды иман такледи (сенім арқылы табынумен байланысты) дейміз.

Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек (шайтаннан тазарған, қайратпен жалғанған), айнымас көңіл (жүрек көзі), босанбас буын (ақыл қуаттары) керек екен. Якини (шынайы, айқын) иманы бар деуге ғылымы жоқ (ғылымсыз шынайлық иман жоқ), такледи иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрине білмек керек, жоғарғыдағы жазылған екі түрлі иманнан басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді  дағы демесең,  мұндайлар Құдай тағаланың кешіруіне немесе пайғамбарымыздың шапағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (13-ші сөз)

Бұл насихаттан біздердің қазіргі таңдағы ел билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің мақұлдаған масһабтық дін ұстанымыз ғылымсыз, яғни сопылық дәстүрлік негізден алшақ болғандықтан екінші саты такледи иман келтіргендер болып, бірақ олардың ішкі нұрлануы, иманды сақтауға беріктігі, яғни ғибадаттары қандай болуына да тәуелді болмақ екенін алдыңғы насихаттарда ескертіп өткенбіз. Олай болса;

«Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Егер сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі-иманның  сенім, нанымын (көңілге ақылмен) бекітпек керек. Екінші үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Егерде кімде-кім иманның неше нәрседен бірлігі кемелдік табатынын білмей, қанша жерден бұзылатынын білмей, басына шалма орап, пірадар атын алып, оразашыл, намазшыл болып жүргені-көңілге қалың (жан қуатын, таза ақыл) бермей тұрып, жыртысын салғанға (зейнет жарығын алдым дегенге) ұқсайды. Күзетшісіз (зейнет жарығынсыз, бойсыз), ескерусіз иман тұрмайды, ықласымен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап (аянмен, белгімен жүріп) жаны ашып (махаббат, мейірім) тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.» (12-ші сөз)

Олай болса шексіз Алла тағаланы белгілі бір сопылық ұстаным тарихатпен, масһабпен осымен танып алдым, пірадар болып пірге қол тапсырып оны құдай қылып алдым немесе Ханафилік тәпсір білімін тура жол атап, тек бес парыздық ғибатымен «намазхан» аталып жаннатқа кіретін болдым деп, өзін шектеуді былай қойғанда барлық халықты да үйренуден тиып, тек бізден ғана үйреніп танисың дегендердің имандары жоқ мейлі «хазірет», дін ғалымы аталғанмен. Ал онда ақылсыз иман қуатын меңгерудің мүмкін еместігін және ақылмен ғылымды да меңгеру керектігін, оның негізгі қазақтың бекіген дәстүрлік шарттарын да біздің білуіміз де міндетті болмақ. Себебі бұл Алла тағаланың сипаттарын танып меңгеру жолында Алла досына айналған біздің шежіреге жалғанған жібіміз, ғылымға апаратын баспалдақтарымыз болмақ.  Иманды жүрекке зейнеттелетін нұр деп түсінсек, онда ол нұрдың біздің тіршілігімізде рухани болмысымыздағы сипаты қандай болмақ? деген сауалға жауап іздеп көрсек.

«Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнері іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-ші сөз)

Жалпы адамзатта ақылдық қуаттарды  меңгерудің, түсіну қабілетін қалыптастырудың екі шамасы бар; «Санасызға сан айтсаң да түсінбейді, жетесізге жеті айтсаң да түсінбейді» деген қазақ даналағында. Ғылымды меңгеру дегеніміз осындай нақылдардың құпия рухани, жан сырын шеше білумен пайда болады. Сонымен ақылдың екі белгісі саналық сан ғалымын меңгерумен, жетілік яғни қаракеттік ақыл жетімен байланысты сырларды, қуаттарды меңгерумен белгілі болмақ. Біз жоғарыдағы баяндаған қара сөздің,  иманның сипаты туралы 13-санмен белгіленген насихаттан 13-санды сөздің пайда болу жоғарғы дәрежесімен иманның да айқындығы шынайы болатынын да білген жөн. Ал енді иманның ғибадатын 12-санмен белгілегенде бұл сезімдік ақыл мен қаракеттік ақылдың; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нақылдың шешімімен байланысты жағдайын «Құлшылықтар философиясы» атты жазбадан танысуға болады.  Ал енді 24-санды сөздің құрандағы Нұр сүресімен байланысты болып және адам қабырғасының 24 – ақылдың зейнетінің белгісі болып, оның 11-санды бөлігінен Хау анамыз жаралса, қалған (21+1) 13-санды бөлігі Адам атамызға тән екенін және осы сандарға да қарсылық қуаттардың әйел мен еркекке (11;13) мәндермен керісінше сын болып, тұтастай алғанда 48-санды қабырғаны бір тұтас қуатқа айналдырумен нәтижелі болуын да құранмен дәлелдер берілгенін де естен шығармаған  жөн. Сонымен бұл 24-санды сөзден адамзаттың қаракеттерінің қозғалыстық кісілігі 300 санмен әлем халқымен тұтастай байланыста екенін меңзеп тұрғаны да хақ. Біздердің ұлтымызға тән 100 етіміздің малымыздың рухани қуаты, кісілігі қара болып, оны тазарту арқылы ғана біз махаббаттың толық сипатын қалыптастыра аламыз. Бірақ біздер енді әлемнен 200 елден кісілік,  4 нәсілдік негіздегі (25х4) қуаттарды жүктейтініміз де, сондықтан барша адамзатты бауырым деп өнермен, түзу жолмен кәсіптік, шаруашылық білімдік араласумен  4 түрлі ақылды 6 түрлі қозғалыспен дәрежелеу арқылы осы 24 санды нұрды меңгере аламыз. Бұл сандық ғылымдық құпияны; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген бабаларымыз. Олай болса Абай атамыз махаббатпен иманды толықтыруға, бой жарығын қалыптастыруға мұндай ақылдық қуаттарды қалай меңгеруге болатын ескерткенін жеке-жеке сандық ұғыммен тоқталып талқылап көрейік. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *