XIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 114

 

    «Адамзатты бір кісіден жараттым жәнен оған тұрақтауға жұбайын жаратып сендерді жер бетіне тараттым» деген аятта Раббымыз. Кісілік-нұр  иманның негізі болып, ал иманның тұрағы әйелзатында жанында болып, ал осы имандылық қасиеттен бүкіл адамзаттың таралуы да хақ. Сонымен Адам атамыз бен Хау анамыз Алла тағаланың ескерткен сөзін ұмытып  яғни  шайтанға сеніп, жаннатан қуылуы да иманның негізі тәубенің алғашқы сынағынан өтуі болса, біздер үшін бұл жағдай тағдырлық жазу болмақ. Екінші рет жер бетінің тіршілік өмірінде, ата-анамыз қайтадан балшықтан жаралғаннан кейін де бұл сынақтың қайталануымен ата-анамыздың бір-бірінен ұзақ уақытқа ажырап, тәубеге келіп қайта бос қосуымен өмірге ұрпақ келуіне байланысты тағы да үшінші рет иманынан ажырағанын ескертеді құран аяттарымен. Сонымен қазақтың даналығындағы; «Ер кезегі үшке дейін» деген тәубелік кезеңнің  адам өмірінің  үш кезеңнен тұруы да, осындай рухани жаратылыстың негізінен пайда болғаны да сөзсіз. Иманның да үш түрлі жаратылыстық сипаты да аспан денелерімен байланысты еркектерге меңгеруге тән болса, жер анамен байланысты әйелдерге меңгеруге тән имандылық қасиет болып және некемен ұрпақ сүю, өсіп –өну көбеюдің екі аралық  ортақ жаратылысқа жалғанумен араптарда «Барзақ әлемі» болып аталса, қазақ сөз ғылымында аруақтар әлемі және тылсым екі аралық ақирет өмірі деп аталады. Сонымен біздердің жаратылысымызда да бұл үш түрлі өмірдің, үш түрлі жиілік қуаттардың өзара араласуы ақыл, өнер, білім, таланттылық, дарындылық болған адамдық қасиеттерді меңгерумен нәтижеленіп, бір тұтастық қуатқа «Мен» -жанға және кісілікке айналуда шартты болмақ.

   Сенімге байланысты екі сынақтың сөз ғылымын меңгерумен, ұлттың негізгі сөз байлығын ой мен тілдің арасын қоса білумен, ұлттың философиялық, психологиялық мектебінің негізінде, біздердің негізгі сенімділік біліміміз, нанымымыз қалыптасса , мұның екінші жұбы болып құранды түсінумен, дін құлшылығын  меңгеруге пайғамбарымызға берілген кітабына жалғанумен өсіп өркендеуі де болатыны да сөзсіз. Осы екі белгі адамзаттың сенімінің сынағы болып Абай атамыз, «Сөз сатып алып не керек тәңір сені екі сөзбен атқан» деген астарлы өсиет қалдырған. Біздердің иманымыз, сеніммііз, дін өркениетіміздің тағдыры да ұлттық ана тілімен, арап тіліне құранның насихатын меңгеруімізге, көместегі кітабына жалғана білуімізге де тікелей тәуелді екені де хақ. Әлемдегі барлық бүлікшілдік, жікке дін топтарына бөлінуде осындай екі жағдайдан, таразының екі басын тең  ұстай алмаудан ортасын таба алмаудан  ғана пайда болып жатқаны сөзсіз. Сондықтан да бізге ілімді құраннан және киелі кітаптардан алсақ, білімді ұлттық сөз байлығымыздан алуымыз шартты болып оның ортасын, екі аралық қуатты санасын табу арқылы АР-ды меңгерудің де үшінші түрлі тәубемен саналықтың бекіп, түсіну қабілеті қалыптасатын да  хақ.  Енді сенімнің жоғарыда 3-белгісін; 9,11;81 сандық мәндерін көрсеттік. Бұл жерде  Өтеубойдақ атамыздың «Шипагерлік баянында»; «Жетіге тиіспеу»; «Он екіден айрылмау»; «Қырық бірге жұғыспау»; «Сексенбесті терістеуден тиым»; «Тоқсан бірді жеуден тиым»,- деген сияқты сандармен байланысты қазақ дәстүрінің болғаны, арап елінен ислам дінінің ірге тасы болған шариғаттың келуімен бұл Құдайдың ісіне жол-жобасына байланысты негізгі құндылықтардың, яғни жан ғылымының негізінің ұмыт қалғанын баяндаған. Сенімнің жалпы сырын; 9+11+81=101 «Жүз бір атты пәледен сақта құдай» деп сыйынған ата-бабаларымыз осы сынақтың иманның қас жауы болатынын да ескерген екен. Сонымен енді біздер үшін үш түрлі кезеңдік имандылық қасиеттерді меңгеруді сенімділікті қалыптастырудың дін насихаты намаздары болған Тәурат, Зәбур, Інжілді меңгеруіміз және мұны Құран арқылы құлшылықта бірлей білуіміз де шарт. «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аталармыз.

   Имандылық пен сенімді болудың құлшылық негіздерін меңгерудің құранда 9 түрлі адам баласының аттарымен байланысты сүрелер берілген; «Әли Ғымыран»-Өмір сипаты;  «Юныс»-Тұтыну; «Һұд»-Әділдік сипаты; «Юсып»-Естілік сипаты; «Ібраһим»-Кесірліктен сақтау; «Мариям»-Бой ұсыну сипаты; «Лұқман»-Ұлықтау, асу; «Мұхаммед»-Сүйіспеншілік; «Нұх»-Елшілік, иелік, жүздесу сипаты болып баяндалады.  Осы 9 түрлі рухани құндылықтардан 9 дәуірлік қозғалыстың, 9 жолдың қалыптасатынын да білген жөн. 7-еуі Алла тағаланың жолымен байланысты болса, екеуі әрбір ұлттың, үмметтің, пенденің жалғануға, меңгеруге тиісті жол-жоба құдай ісінен тікелей жалғанып алатын құндылықтары да болмақ. Сонымен жаратушымызды тану үшін «Тәубемен»-бас иіп, сәждеге келуге бұл 9 түрлі адамдық қасиеттерді, имандылық негіздердің кітабын меңгеру міндетті болмақ. Қандайда бір діннің болмасын негізгі мақсаты Алла тағаланың нұры, жүзі-«Жармен» жүздесу, хикметін алу, иелік етіп кереметтерін, қасиеттерін меңгеріп, халыққа жол көрсету екені де сөзсіз. Бұл қасиеттілік Нұх пайғамбардың елшілік мирасымен жалғанумен елші-пір болуымен нәтижесін береді. Барлық пайғамбарлардың Нұх пайғамбардан тараған ұрпақ болып, ата-баба мирасы елшілікті жалғастыру міндетті болғаны да хақ. Масһаб пен исламдық дін ғалымдарының адасуымен соңына ерген халықтың да ақылын қақпанға салып адастыруға себеп болған елшілік пен адамзатқа тұрақты болған пайғамбарлық қасиеттердің ара жігін ажыратпай және Мұхаммед пайғамбарымызды елшілердің ең жоғарғы дәрежесі емес, адамзатқа түскен елшіліктің соңы болады деген ұғымының да, мұнан кейін уахи-шындық Алланың сөзі адамзатқа оқылмайды деп, Алла тағалаға аяттарына ашық жала жауып, ортақ қосуларымен байланысты екені де хақ. Жалпы имандылық қуаттарының тұрақты белгісі білімі болғанымен, әр заманға сай жаңадан хикметтермен, қасиеттермен жаратылыс себептерінің өзгерісіне байланысты қуаттық шамасы да өзгеріп жетіліп отыруы шарт. Сондықтан имандылық шектеусізден, сенімділік құлшылықта шектеулі тұрақты болып, белгілі бір амалдармен орындалып отырады. Имандылық қуаттың негізі жан арқылы ақиретпен жалғанумен, яғни тылсымнан жанға құпия кітап алумен байланысты болатынын  ятта; «Мұхаммед сенен де бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер белмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген үкіммен кітап яғни  Раббымыздан жанынан құпия білім алып хикмет, мұғжиза көрсете білген әрбір әулие-әмбилердің өз дәрежесінде белгілі істерді, қасиеттерді меңгеруде елші және Алланың үкім бұйрықтарын көріп халыққа білдіретін ескертуші болып саналатынын да бірнеше  жүздеген ашық аяттармен ескертеді. Сонымен бірге құранның ақиретте негізгі кітабы болып, оның аяттарының көмес болып жасырылғаны және оны әрбір заманның біліміне өзгерісіне қарай өзінің таңдаған құлына оқылатынын да ескертеді; Аятта «Мұхаммед оларға: «Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін де» де»(25) Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26) Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27) Олардың, Рабыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (72-28) Дін ғалымдары мен масһаб имамдарының әрбір аятты жеке-жеке тұрғысында талқылаудан жалпы құранның сүресінің толық насихаты түгіл, бүкіл құранның және діннің теологиялық, философиялық сырын мүлде бұрмалап жібергені де хақ. Енді бұл аяттардың; «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26)» деген насихатын бөліп қарастырсақ, шынында Мұхаммед пайғамбардан кейін шындықтың адамзатқа көрінуі де, уақидың оқылуы тоқтаған деген тұжырымға келуге болады. Ал егер бұл аяттың парын қосып көрсек;  «Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27)»  деген үкіммен Мұхаммед пайғамбарымызға кезінде білдірілмеген, болашақта немесе сол өмір сүрген замандарда болатын қияметтік уақиғаларды өзінің сүйікті тақуа құлдарынан елші тағайындап, оның алды-артынан күзетші қою арқылы бұйрық аянын көрсетіп, уақиын оқитынын  ескертеді. Олай болса, тақуалыққа даналыққа жеткен құлшылықта озық болған тақуаларда алды, артында бақылап күзетіп және жұлдыздармен байланысып, хабар алып тұратын аруақ-жұлдыздары, кісісі болуы шартты жағдай болып және мұның «Жын» сүресімен яғни жын қуатының тазалығымен байланысты екені де хақ.

     Енді пайғамбарлық пен елшіліктің айырмашылығын аятта; «Мұхаммед егер олар сені мойындамаса, сенен бұрын ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды да мойындамаған еді» (3-184) «Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілердін кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла тағала үстем, хикмет иесі.» (4-165) «Мұхаммед саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік жасағанда, жандарында болмаған едің. (102) Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтірмейді.( 12-103) Сонымен пайғамбарлық дінде ашық дәлелдермен өзгерістер енгізіп, бұрынғы замандағы елшілердің көрсеткен білдірген істерін, алған кітаптарын арнаулы дінмен бекітіп, құлшылығын көрсетіп, имандылыққа шақырушы болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыз өзіне дейінге барлық пайғамбарлар мен елшілердің істерін дінмен, арнаулы кітаппен Құранмен бекітіп, ашық дәлелдермен жолын көрсетіп, енді пайғамбарымыздан кейін ешқандайда да қиссалардың өзгеруі, діннің де басқа ашық кітабы түсірмейтіндігінен пайғамбарлардың соңы болып, бірақ елшіліктің көмес жанға иман болып жазылатын кітаптардың оқылуы тоқтауы жанның жетілуінің, өркениеттің құпия түрде кітап беріліп, түрлі  елшілік дәрежелері арқылы қиямет қайымға дейін де жалғаса беретіні де хақ.  Қандайда бір бағзы замандағы әшкере мәлім болған имандылықты меңгеру істері білімге айналып, сенімділіктің білімін толықтырса, ал оған қарсы қарсылықтардың аяттардың пайда болуымен, сенімнің міндетті түрде азғырылуы да, онымен жүрген, иманын тыңдай білмеген дін топтарының теріс қисық жолға бұрылуы да шартты жағдай. Сондықтанда мұндай жағдайда имандылық қасиеттіліктің жаңадан сапалары, хикметтері пайда болып, құран аяттарының құпиялары жарыққа шығып, иман қуаттарының жетілуі мен жанның қуаттылығы артуы хақ. Мұндай жағдайда сенімділіктің тұрғысында Мұхаммед пайғамбарымыздың құлшылық істері тұрақты болып, ал имандылықты меңгерудің әр заманға қарай қарсылықтары мен жаратылыстың себептерінің де алмасуына, түрленуіне байланысты болғандықтан елшілік, ескертушілік істердің Алла тағаланың ғылымынан, құдіретінен келетін үкімдер мен аяттардың жалғаса беруін жоққа шығарудың өзі тажалдық болмақ. «Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты кітап.(41) Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді. Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген.» (41-42)  Құран барлық кітаптардың ортасы болып, оның алдынан келген кітаптардың да маңызы барын және артынан да сөздердің кітап, уақи болып оқылатын және ол бос сөз емес, құраннан аяттар екенін де ашық ескертеді. Сондықтан да пайғамбарлық қасиеттің 46 түрлі сипаттан тұрып, 47-ші тұрағы Мұхаммед – сүйіспеншілік болып, сеніммен иманның адамзатқа түскен барлық діндердің қазығы болатыны да хақ. Ал енді иманның 60 және 70 бұтақты болатыны және бұл бұтақтардың бәрі жеке –жеке кітаптар түрінде бейнелетінін білсеңіз, онда 130 түрлі кітаптың да тылсымнан  тұрақты түрде көрсетіліп оқылатын және белгілі бір білімі хикметі барын да білген жөн.

   Негізінде имандалықтың қасиеттілігін меңгерудің кітабы Раббымыздың хикметті білімі болып және оның он сүреден тұратыны және оның құранның ұқсасы жұбы, кітап түрінде жалғасы болатыны да ашық аятпен ескерткен. Аятта; «Мұсаға 30 түн уәде еттік те оған онды қосып, сүйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды…» (7-142) Аяттардың насихаттарында Құранның 30-пара кітаптан тұрып, Тәуратты қайталайтынын ескертеді. Бұндай құранның жұбы кітаптары болған және Раббымыздың Мұсаға берген 30 және 10 қосымша хикметтермен мұғжиза көрсетуімен байланысты 40 кітаптың құранның көместегі жұбы болып саналады. Бұл кітаптың оқылуын «Ғайып ерен қырық шілтен» деп атаған қазақ жан ғылымында. Негізінде иманның тұрақты дәрежелеуші нұрын меңгеруге көктік 10-сандық белгі қуаттарға «онсаулыққа» байланысты түрлі мұғжиза, хикметтермен, елшілік істермен байланысты 10-сүре кітаптың Мұхаммед пайғамбарымызға да берілгенін құран растайды. Аятта; «Немесе олар «Құранды өзі жасады дей ме? Мұхаммед оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де (13) Егер шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді бой ұсынбайсыңдар ма?» де» (11-14) Алланың білімі арқылы құранның  көместегі кітаптарының уақи болып оқылып түсіруін, яғни он сүре арқылы оқылуын бейнелуін қалай түсінеміз? Абай атамызға  38-ші қара сөзіне жүгінсек; ««Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдіреді) Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз.  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Аллла тағаланың; 1.Рахман, 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші) 3.Ғафур ( кешіруші ) 4.Уаруд (сүйікті, сүюші), 5.Хафиз (қорғаушы), 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы), 7.Аззақ (несібе беруші), 8.Нариғ (пайда беруші), 9.Уакил (уәкіл басқарушы), 10.Латиф (жақсылық, мейірім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипатауға керек.  (олай болса, бұл 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін нұрды-он саулық байлығын белгілеп тұр.) Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғарыдағы Алла тағаланың 99-есімдері болмақ.» Мұнан не ұқтық? Біздердің Алла тағаланың сегіз сипаты да денемізде, яғни зейнеттік жарық қорған киім болып, Алла тағаланың 8 түрлі  жарықтық хикметтерінен пайда болып, енді бізде бұл сипаттар 99 санды көркем есімді қасиет тұрғысында ерекешеленіп бейнеленеді. Яғни, Алла тағаланың  біздерге берген Ғылымынан біз даналық, дарындылық қасиеттерін меңгерумен ерекшеленсек, ал құдіретінен түрлі бақсылық, емшілік сияқты қасиеттерді меңгеруге қабілетті болып шығамыз. Ал ақылымыз енді алған білімімізге, тәрбиемізге тәуелді көрінісін беретіні сөзсіз. Яғни, біз ақылды болу арқылы ғылымды немесе ерекше қасиетті құдіретін хикметін қоса меңгере алмаймыз.  Сонымен бізге керекті тәубемізді қабылдаушы, қиналғанда қорғаушы,  бір-бірімізді ұнатуға махаббат сезімін сыйлаушы, несібе беруші, жақсылық мейірімге бөленуге тағы да адамзатқа тіршілік етуіне байланысты барлық нығметтерін біз Ол Алладан яғни Рахманға құлшылығымызды арнау арқылы рахметіне жете алатынымызды білдіреді. Және мұндай барлық ұлық сипаттарының бізге жақын есімдері де 99 сипатынан іздеуді ескертеді. Енді иманың 130 белгісі, бұтағынан бұл 99 санды көркем есім қасиеттілікті шегерсеңіз; 130-99 =31 санды белгінің Абай атамыздың 4-ші өлеңіндегі 31 таңбамен Алла тағаланың 8 сипатына жалғану арқылы даналықты меңгеру болса және саналық жарықты зейнет қылып қалыптастыру арқылы, Алла тағаланың 8 сипатынан 99 көркем есімді белгі болған, яғни 99 санды АР  сауытын меңгеру арқылы пайда болатын, Алла тағаланың негізгі 8 түр сипатымен жалғанатын парасаттылық деген адамзаттың даналық, данышпандық, имандылық жетістігінің көрінісін бермек. Сонымен парасаттылықтың ішкі сыр қасиеттерін де баяндап көрсек; 1. Ашықтық; 2.Діндарлық, салт-дәстүрді ұстану; 3.Кірпияздық; 4.Салиқалық; 5.Салқынқандылық; 6.Кіріптарлық; 7.Қайсарлық, 8.Қабілеттілік; 9.Шешендік; 10.Ширақтық; 11. Басыбайлық, 12. Аңғарымпаздық; 13. Тыныштықты сүюшілік, 14.Қалыптылық, 15.Көз қырағылығы; 16.Көңіл беріктік; 17.Қисса, шежіре сүйгіштік; 18.Қамкөңілдік, 19.Көргендік; 20.Қисаптылық; 21.Көріпкелдік (көңіл көркемдігі) 22. Әлжуаздық (момындық) 23.Қаракетшілдік, 24.Қайраттылық; 25.Қарапайымдылық, 26.Көнекөзділік; 27.Шапшаңдық, 28. Жайсаңдылық, 29. Жомарттық, 30.Мәрттік; 31. Маңғаздық, болып бұл ұлттық негізде ділмен, дәстүрмен тығыз байланыста ғана қалыптасатын имандылық қуаттарға, белгілерге жатады. Енді бұған Абай атамыздың сенімділік құлшылығын дәріптеген арап таңбасына байланған 31 түрлі рұқтық қасиеттерді қоссаңыз 62 санды «Жұма» сүресімен тура жолға шақырушы, тазартушы пайғамбарлық қасиеттің жоғарғы дәрежесі парасаттылықтың белгісін аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілгі, оны қалған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) Сонымен Ахмет атты қасиеттің парасаттылықпен байланысты сипаты да осы болып, мұның қандай имандылық қуаттармен, хикметтермен байланыстылығын да талқылап көрсек…(жалғасы бар) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *