XIV- Жын-шайтан қолы және ман тегі- жұлдыздық қуаттар мен шындық ұғымдарының философиялық түсініктері

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 55

( Жалғасы, басы 1;- 13;-ші бөлімдерінде)

   

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Алдыңғы бөлімдерде; Құранда жаратушы иеміз: «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деген аяттың отсыз түтін сұрғұлт түсті күкіртті иістерден тұратын «Шайтан қолы» деп аталатынын, оның 11 түрлі сипаттан адамзат жанына әсер беретін ықпалды қасиеттерден тұратынын ескерттік. Әрбір айқын болған жаратылыс себептерінің жұбы, пары міндетті болуын ескерсеңіз және біздің дүние тіршілік әлеміне түрлену арқылы 3 түрлі сапаның; физикалық, химиялық, биологиялық жағдайында тіршілік етуімен 3 түрлі қасиеттік белгісімен; жарықтық, иістік, жылулық және 3 түрлі; қаттылық, ығалдық, желдік (өрістік) жағдаймен 9 түрлі қасиеттік белгісі болмақ. Осы тұрғыда 99 санды нәтиже шығып бұған қарсы 99 санды ар қуатының болатынын бұлардың өзара әрекеттесу нәтижесінде 198-санды (2-198 аят) «Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер» деген адамзаттың тіршілік етуіне, рухани жетілуіне, тектілікті меңгеруге маңызды негізі құлшылық сыры шығады.

Бұл тұрғыда алдағы тақырыптарда қайта орала жатырмыз, енді біздің «жалған» дүние жиілігіндегі біздерге тікелей теріс ықпалды, жанымызды аздыруға себеп болатын «Шайтан» қолының физикалық, химиялық, биологиялық сипатына тоқтала кетейік. Сонымен біздің тіршілігімізде күнделікті қандай да бір жерде кездесетін өзіміздің иіспен, сөзбен, қылықтарымызбен, өліміміз, ауруымызбен өндіріп жатқан байланысты тұратын 11 санды «шайтан қолына»  4 түрлі сезімдік қуаттарды; ойлау, көру, есту, ар-ұят, яғни сезімдік қасиетті қоссаңыз 15 түрлі жүктелудің сыры қанға тікелей байланысты және жүректердің жындылығын арттыратын рухани жағдай – тексіздік, арсыздық мінезді қалыптастыра алады.

Бұл жағдайды Мәшһүр Жүсіп атамыз баяндаған 5 есек, 10 қашырға шайтанның артып алып базарға апарып сататын жүгі, яғни адамзаттың рухани өмірдегі теріс ықпалды қаралықпен жүктелу туралы насихатынан мысал бердік. Сонымен, есектік мінезді туындататын; жалғандық, күншілдік, зорлық, тәкаппарлық болып, яғни төрт жүк – түтінсіз  отқа; жындылық мінез, жын қуатына еркектік гормонға жататын болса, бесінші – есектік мінезге тән болған; мікір-хайла, яғни қулық-сұмдық, аярлық, отсыз түтінге «шайтан қолына» әйелдік «гормонға», сезімдік үнге жататынын ескерте кетейік. Ал қалған 10 қашырға артқан жүк:  дәме, тілемсектік дүние, мақтан қуу, атақ-дәреже мансапты, білімді тәңірге айналдырып шоқыну сияқты бүгінгі қоғамның салтына айналған мінездерді туындатады. Енді түтінсіз отқа жататын, бұрынғы замандарда өткен зұлымдыққа түсіп, тозақтан жанып жансыз шеріктерге айналған қара нәсілдер тобына жататын адамның бейнесі тәріздес, бірақ құбыжыққа айналған тазармаған рухани, ұрықтық, нәсілдік, жындық қуаттарды жатқызамыз.

Құран негізінен рух туралы терең білімді қамтығанымен, ислам ғалымдарының негізгі қателігі де жындар туралы білімді адамзат білімінен де, жаратылысынан да тыс деп түсіндіргендіктен тәпсірлердердің насихаты керісінше адам баласының санасын жабуға, тажалдық білімге айналып, ал мұнан жалпы мұсылман әлемінің зұлымдыққа ұшырауына себеп болды. Діни білімнің «экстремизмдік» сипат алуына негізінен жан мен рух туралы білімді ажырату түгіл жалпы рух туралы білімнен тәурат, христиан, будда сияқты діни топтардан да төменгі дәрежеге түсіп кеткені де даусыз. Мысалға, қандай да адамзат пайдаланатын тағамдар «Ас адамның арқауы» болып саналатын болса, бірақ біз осы тағамдарды шикілей немесе шала өңделген күйінде пайдаланатын болсақ арты ауруға, тәніміздің шіріп өлімге, қайғылы жағдайға соқтыруына әкеледі. Яғни, діни тілде «шерік қосылады». Сол сияқты қандай да бір тағамдарды тұзсыз, түрлі дәмдеуіштерсіз және оны белгілі бір көлемде, белгілі бір өлшемде ғана пайдаланған жағдайда бізге пайдалы, ал өлшемінен асса да немесе болмаса да зиян шегеміз, тағы да арты қуаттық әлсіздікке соқтырады. Рухани қуаттарды да осындай дініміз арқылы ғана өлшеп алуымыз керек, ал мүлде бас тартқанмен да арты еріксіз жүктеліп, рухани азғындыққа ұшырауға әкеліп соқтырады. Бұл жағдай қазір әлемнің барлық елдерінде орын алуымен, әсіресе барлық діннің, топтардың басын қосып бірлеуге тиісті ислам елдері мен біздің масһабтық діни ұстанымдағы елдердің бәрі қайғы-қасіретке ұшырауынан 99 түрлі себепті меңгере алмаудан ғана туындағанын білгеніңіз жөн.

Сонымен діншілердің жұртты қаралай «шерік, серік қосу» деп өздері жаратылыстың сыры, өлшемі түгіл нендей пайда, зиян, қасиеті және әсері барын, қалай тіршілік ететінін, физикалық, химиялық, биологиялық және 3 түрлі жиілікте, кеңістікте де (ғайып, көмес, заттану-материалдық) болып қандай сипатқа түрленуіне байланысты пайдасын, зиянын ажырата білмеуден масһаб дін білімі фанаттық және «экстремистік» сипат алғанын әрине мойындау да, дәлелдеу де қазіргі таңда мүмкін емес. Неге десеңіз, бұл төменгі біздің өмір сүріп жатқан тұтыну жиілігіндегі тікелей әсер беретін пайдасы жоқ шайтан қолын өзіміз күн санап арттырып өндіруге үкіметімізбен қабылдаған заңымызбен жәрдем беріп жатқанын және бұл тұрғыда қандай да бір азғын елдерден де алға шыққанымызды да білмейміз. Оған сырттан бақылап, қазіргі қоғамдағы ақпараттық жүйедегі ойын-сауық, думандарды, көше толған арсыздықты былай қойғанда, жоғарғы дәрежелі ел басқарушы халықтың құлақ салып тыңдайтын шығармашылық өкілдерінің және ғалымдардың, саясаткерлердің айтқан сөздерінен-ақ «шайтан қолының» халықты тұман болып басып, ақыл-ойын тұншықтырып өздерін-өздері тозаққа, азапқа түсуге мәжбүрлеп жатқанын аңғару да қиын емес. Қалай дейсіз әрине. Ол үшін де қайта қазақ дәстүріне оралып, ішкен тамағыңыздан бастап киген киім, өмір сүріп отырған кіші мемлекетіңді (семья) түгелдей бұл жағдайдан, яғни түтінсіз от пен отсыз түтіннен қорғана алатын жағдайға бірін ұрысып, бірін зорлап мәжбүрлеп, үшіншілерін ерінбей насихат айтып барып жетуге болады.

Әрине бұл ата жолының  негізгі намаз орындау тәсілінен аздап хабар беріп, Абай-Шәкәрім философиялық насихатына сүйене отыра 9 түрлі кітап жазып таныстырып жатқаныммен, бұл қазақ рухани ақпарат әлеміне теңіздегі тамшыдай ғана. Сондықтан «қайталау – білім  анасы» дегендей, бір рет берілген насихатты үш түрлі өлшемде баяндап, қазақ даналағынан – дін білімінен, діни сауатынан үгітімізді жалғастыра бермекпіз. Бұл жерде діни білім мен діни сауат туралы ұғымдарды шатастыра көрмеңіз. Тағы да қайталай кетсек; Діни білім деп құраннан, тәпсірлерден, хадистерден өз түсінігінше білімді меңгергенде діни білімді деп аталмақ. Бірақ, бұл діни сауатты болып табылмайды. Адам баласының діни сауаттылығы – иманмен, тағдыр жазуымен, жанға берілген ана қанымен, ата ұрығымен тағдырына жазылған сауаттылығымен және оны түрлі құлшылық амалдары арқылы жоғарғы әулиелік, пайғамбарлық деңгейге дейін көтерілуімен байланысты екенін есіңізден шығармаңыз. Ал мұндай ұғымды құранда «Кітап берілгендер» немесе қожалар деп атаған.

Кітап берілгендер – жанына қожалық етушілер, яғни белгілі бір қасиет егелері болып, жетілген діни білімі болмауы да мүмкін. Бірақ, оларды діни білімі болмағандықтан мұсылман емес немесе діни сауатсыз деп атау мүлде қате. Керісінше, бұндай адам балалары тағдырлық жазуы, рухы мықты болып, жаратылысынан тазалыққа, діни шараларды орындауға және ата дәстүріне адал болып және ғылым-білім, түрлі өнерлерді де меңгеруге қабілеттілігі де артық болып, қандай да керемет діни білімді имамдар, шейхтардан да сауаптық тұрғыда әулиелік дәрежесі жоғары да болуы мүмкін. Аталарымыз мұдай қабілетті туғаннан діни сауатты болуын бақсылық деп атаған. Сондықтан бұл тұрғыда діни сауатты қауымдар көбіне ғылым, өнермен айналысып, ал діни білімді меңгергендер өздерін дінші ретінде олардан артық көрсету үшін дінді тек мешіттерде, шіркеулерде ғана орындайтын құлшылық деп діннің бөлшектенуі былай тұрсын, жалпы 3-тен екі бөлігін дін емес деп атауға дейін жеткеніміз де хақ. Сондықтан қазақ дәстүріндегі намаз орындау амалдары діни сауатталықты, рухани ақталуды жетілдірумен тазартушыға айналуға, бақсылық, емшілік істерді меңгеруге басталған керуенге шығу, зияраттау, яғни Аллла жолында нәпсімен күресуді Аллаға серік қосу, яғни дін жолын өзгерту деген жаланың өзі діни білімді және іргелі ғылымды меңгерген білімді қауым тарапынан көреалмастықтан пайда болғаны да хақ.

Мұндай жағдайда тек кітап бетіндегі жансыз білімге шоқыну пайда болып, қазақ қоғамның ең жоғары лауазымды шенеунік пен ғалымның және жоғарғы оқу орнында оқитын студент, шәкірт пен құраннан, хадистерден аз ғана білім білген жас баламен айырмасы болмай қалғанына да ой жіберіп ақылыңызбен өлшеп, неге деп өзіңізге сауал беріп көріңізші. Бұл екі жақта да діни білімге ғана жүгініп, ал діни сауат туралы мүлде ұмыт қалудан деп түсінген абзал. Сондықтан жас бала жадылық қабілеті тасқа жазумен, құранды жаттауға, хадистерді ішкі сырына, ғылымдық маңызына қарамай-ақ туралай түсінуге қабілетті болғансын, қандайда бір діни жоғары лауазымды, діни білімді акедемикпен де тең дәрежеде сөйлесіп сұхбаттасса басым да бола алады. Адам баласының жадысы жын қуатымен байланысты екенін де және жансыз білім арқылы жын қуатының өсетінін де білген жөн. Ал мұндай жағдайға жеткізуге жалпы бүгінгі қоғамдағы сөздің маңызының жоғалуымен, ар білімінің әлсіреп, алған біліміміздің қайсысы пайда, қайсысы зиян екенін ажыратудан қалдық. Бұл жағдай философия мектебінің зұлымдыққа ұшырауынан және даналықтың, ақсақалдықтың құндылығынан,  өз жолынан, маңызынан, үлгісінен айырылуынан деп білген жөн.

Бұған да басты себеп, әрине 10 қашырлық жүкті өзара пышақ үстінен бөліп алған зиялы қауым өкілдерінің шайтан қолымен жүктеліп және ақыл-ойларының шектелуіне және дәстүрлік мәдениеттен қашықтаудан қосымша түтінсіз от, тазармаған нәсілдермен жүктелуден де деп түсінген жөн. «Әлмисақтан берген уәдеміз», яғни нәсілдік сипатымыз өзіміздің ұлттық сипаттағы жын-нәсіліміз екенін ұмытып та қалдық. Сондықтан жын қуатын бірлейтін дәстүрімізге қайшы болса да; «текті қазақ болып, қалайда таңбаны, атау тегіңді (фамилия) орыстан құтылу керек» деген шындығында жынданған зиялы қауым өкілдерінің өздері үнемі жалаңбас жүріп, бас-ми-тері арасындағы майдың кебуінен осындай түтінсіз отпен, яғни қара нәсілдік қылықтармен жүктелуден болмақ. Мұндай қара қуатты нәсілдер сенің қалай, кім болып аталуың да, ұлтыңның ерекшелігі де, тіптен пайғамбар әулетінен тікелей тарасаң да арамдық, арсыздық арқылы жүктелуге жаратқаннан алған үкімі, аяты да бар.  Ал онда ел басының да жалаңбас жүріп, бірақ философиялық ойлау қабілетін өз қалпында сақтап, мемлекетімізді көргендікпен шаруашылық, әлеуметтік жағдайын қысқа уақытта өзгерте алды емес пе және әлемнің бар ғалымдары да жалаңбас жүріп керемет жаңалықтар ашып жатқан жоқ па деген сауал қойғаныңыз да жөн.

Бірақ бұл білімдік, өнерлік ақпараттар да осындай нәсілдермен бірге келіп, тек қайсысы пайда, қайсысы зиянын ажырата алмай, ар, жан, рух қуатының әлсіздігінен дұрыс қорытылмай тән ауруын, арсыздық қылықтарды арттырғанымен бірге, сол ғалымдардың өзі де осындай жаңалығымен әлемді үлкен рухани дағдарысқа әкелгені  және қазақтың қой баққан шалдарының меңгерген ілімін, естілігін, даналық кітаптарын, философиялық ойларын, барлық зұлым күштерге төтеп бере алатын ар білімін ел басқарған ғұлама философ ғалым, теологтар түсіне алмай жүргенін көпшілікке дәлелдеу, түсіндіру де бүгінге таңда мүмкін емес. Ясауи баба даналығы, Абай-Шәкәрім діни философиялық құндылықтары түгіл, қарапайым сөздермен бүгінгі түсінігімізге бейімдеп, үгіт түрінде жазылған менің жазбаларымды ғана мыңнан бірі ғана түсініп, иманға жазып алады десем өтірік емес. 

Сөздің басы, кітаптардың есігі болған «Әліп Лам Мим» сөзінен пайда болатынын білсеңіз, онда «Мың» үғымы да осы нәсілдік қуатқа, яғни «Мыңмен жалғыз арпалыстым» деген Абай атамыздың астарлы насихаты да осы нәсілдік қуаттарды тазартып, меңгеріп, ұлттық қан сапасын жоғарғы дәрежеге жеткізуге негізделген, яғни пайғамбарымыздың құпия орындап кеткен пайғамбарлық намазы еді. «Мың»-Әлиф деген ұғымды беріп және «Лам-Мим» бұл малдық, рухани қуатты меңгерумен белгілі болмақ. Сондықтан мен жазбаларымда Абай атамыздың рухани жағдайы 127-мен есептеліп, Ал Ыбырайым пайғамбарымыз 124-ші рухани қуаттық сапаны меңгерумен дүниеден өткен деген пайымдау жазсам бүгінгі заман тұрғысында жалған, негізсіз болғанмен, болашақта айқын болатын хақиқат екені де сөзсіз.

Сонымен; «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ даналығында осы мыңды жығып, мың өліп, бас теріңді мың тірілту арқылы 100-ді алуды әлемде рухани көш басшы болған бабалар жолының өз елінде қудаланып, сотталып, жалпы жастар мен зиялы қоғам өкілдерімен қудаланып мазаққа айналуы осындай «Шайтан қолын» жүктеліп, шеріктерді алып және нәтижесінде төменгі топ бұқара халықтың арақ, темекі, наша құмарлық, бір жынысты әлсіздерге айналып, ал өздерін зиялы, тәрбиелі атайтын топ өкілдерінің және діншілердің де ішпей масқа айналуына себеп болды.

Бұған енді аз ғана мысалмен дәлел бере кетсек; Бір пікір алмасу кезінде мен осы рухани жағдайдың басты себебі – қоғамдағы ақыл-ой дәрежесінің өз орындарын, сатыларын сақтайтын үлкендіктің жоғалғанын, үлкен ақсақалдардың жыны, сары суы, (дәреті, моча) басына шығып кеткенін, ақылы толмаған жастарша немесе қатындарша ойланатын себеп болды деген пәтуа айтқанмын сұқбат барысында. Сонан маған сұқбаттас болған үлкен ғұлама ғалым адамы қарсы болып; «біздерді ондай төмендетпе, барлық қоғам көшін біздер жүргізіп жатқан да, ұстап тұрған да біздер» деді. Рас, бұған да жартылай қосылуға болады, себебі ел басының бір өзі-ақ талай игілікті істердің басында болғаны да, қазақ елінің шаруасын түзеуге үлкен жігерлік көрсеткені хақ. Бірақ, тек ел басының ғана жанды ақылына сүйеніп, қалған ел биліктің азғанын тек заңмен, қағаз жүзінде ғана өз ақылымен ештеме ойлап таба алмайтын шеріктерге, жындыларға айналғаны 2013 жыл аяғында болған ел биліктің құрылтай жиналысы халыққа ашық дәлел болғаны да даусыз.

Демек партия құрып, елді парламент арқылы басқару керек, барлық жағдайда халықпен ақылдасып істеу керек, яғни халық не айтса, яғни оның ішінде ақылы толмаған жынды жастар мен азған білімді қара қатындардың да соны орындау керек деп өздері ұйым құрып, халықтың арасынан дүниеге басқалай сауық-думан қызықтарға сатылған ақылсыздарды көшеге шығарып, елдің бірлігін бұзудың тек қасірет әкелетіні де әлемнің елдерінде жеткілікті дәлелдер түсіп жатыр. Бұған бірақ жындылар ақылын еркіндікке шығарып ойланып көне ме? Әрине жоқ. Мұқтар Шаханов ағамыз бастаған тағы да осындай ұлтшыл аталған «фанаттық» жындылар тобы партия құрып, құдайсыз-ақ билікке қарсылық жариялап елді түземек болып жатқанын, бұл тек билік басына келудің ғана амалы екені сөзсіз. Жоқ, қазаққа тіптен «Нұр отан» деген партияның да керегі жоқ, оның орнына біртұтас ар біліміне жүгінген, қазақ дәстүрі құдайдың партиясы, саясаты ғана болу керек десек, әрине талайлардың жыны қозып, шайтаны басқа шығып кетуі сөзсіз.

Сол сияқты жаңағы ғалым ағамыздан; «Жарайды олай болса, бір негізгі үлгіге қарап ойланбасақ, онда бұл шешілмейтін дау болары да сөзсіз. Сондықтан Сіздердің онда елді түзейтін, соңына еруге болатын әулиелеріңіз немесе үлкендіктің «стандарты» кім?» деген сауал қойдым. «Мұхтар Мағауин ең алдыңғы қатардағының бірі» деген жауап алдым. Бұл ағамыздың қазақ шығармашылық әлемінде өзінің орны да ерекше екені де, халықтың тарихын, мұңын жоқтаушы екені де даусыз. Бірақ философиялық, болжампаздық және үлкендік ақсақалдық қазақ дәстүрі мен дін тұрғысынан алып қарасақ, әрбір болып жатқан жамандықты халықтың рухани жетілмеуінен емес, биліктен іздеудің мәні неде? Және бұл кісінің қоғамдағы тарихтағы оқиғаларға берген бағасынан құдайдан келген сынақ болар деген бір ауыз сөзін таба алмадым. Мысалға; «Назарбаев жерді сатып жіберді, мұндай зұлым билеуші тарихта болған жоқ»» деген бір сұқбатында. Ал онда кімге сатты? Кім сатып алған? Бәрібір қазақ елінің тұрғыны емес пе? Жерді өңдеп, құрылыстар, ғимараттар тұрғызып, ашқан өндірістердің өнімдерін кім пайдаланып жатыр?

Ал енді маған жерді меншігіме беріп қойсын, оны мен не істей аламын? Қалтама қаражат салып қойғанмен жерді өңдеп, егін салып, мал өсіріп пайдалана аламын ба? Онан неге мен бай болсын басқа болсын, әйтеуір қалада отырған маған тамағымды өндіріп берсе болды емес пе? Кім арқалап жерін өзге елге көшіп немесе арғы дүниеге алып кетпек? Жердің иесі жаратушының өзі болса, онда түбі қазаққа ортақ болады, егер ұлт болып, бірлігіміз болып, құдайдың қаһарынан аман жүрсек қана. Және бұл жерді жалға беру, мемлекет тұрғындарына сату, қалайда жерден пайда табу, барлық шаруашылығы  дамыған мемлекеттердің өткен жолы емес пе? Сонымен әулие деп, қалада деген ағамыздың мұндай мақалаларына үңілсеңіз, кешегі Жаңаөзендегі болған оқиғаны, шынды шындық деп атап және еліміздегі болған ірілі-ұсақты осындай оқиғалардың негізгі себебі де қазақ дәстүріне жат қанағатсыздық, сабырсыздық пен құдайдың еркіне, ар білімімізге ашық қарсы болған жындылық, бүлікті себебін анықтаудың орнына, оларға неге тыйым салып атты, соқты деген қатысқан жеке пенделерді, нақты оқиғаның себебін  емес, қоғамдағы бар билік өкілдерін тұтастай жазғыруды қалай түсінуге болады?  Мұндай құдайлық тағдырға дініне сәйкес ақиқат деп бояуын және еліміздегі болып жатқан түрлі сынақтардың себебін тек тек ел билегендерден көріп, әділ адам баласы жамандығы мен жақсылығын да қатар көре біліп, қара қылды қақ жарып, түзу жолын көрсетер болушы еді, ал менің танысқан жазбаларымда тек жамандықтарды тізіп, тек лағнет айтумен, бұқара халықты билеушілерге қарсы қойып, билікті өзгертумен, дүниені бөліп алумен ғана түзеледі деген не сөз? Әлде құдай солай уахи берді ме үлкендерге?

Кешегі ғана дүниеден өткен шалдарымыз жақсылықты өсіріп, жамандықты жасырып, жастар мен ел билеушілердің арасын жарастырып, елді сабырға тыныштыққа шақырып бәрі құдайдың ісі, құдайға көздерің оң болсын, әуелі өздеріңді түзеңдер деп отырушы еді. Қытай елінде Оспан батыр әділетсіз билікке қарсы соғыс ашып, ақырында ұсталып, байлап алып бара жатқанда; «Сендер мұны ешкімнен (қытай билігінен) көріп жазғырмаңдар, яғни босқа арандамаңдар, бұл Құдайдың ісі, менің амалымды құдай қаламады» деген екен. Міне, бұл нағыз қазақтың тектіліктің дәстүрінің көрінісі. Ал ендігі тектілігіміздің үлгісі болуға тиісті қазақ ақсақалдары керісінше, шынды шындыққа, ақиқатқа айналдырып, қоғам арасына от жағып отыруды жындылық, кекшілдік, естіліктің кемдігінен пайда болатын ызақорлық деместен басқа сөз де жоқ.

Кешегі егемендік алдық деп шет елден дін білімін оқып келген жастарымыз қазақ дәстүрін мүлде жойып жіберуге соғыс ашқанда, ауылдың жаман қара шалдары бәрібір айтқандарын істетіп, өлікті жерлеу рәсімін бұздырмай, аруақтың жетілігін де, қырқын да беріп, ауылдық жерлерде халыққа аруағын мүлде тастауына жол берген жоқ. Ал енді «шайтан қолының» ықпалынан, малының өсуі тоқтап, кісілік бейнесі, ұлтымыздың дәстүрінің жарқын парасаттық, зайырлық үлгісі көрінетін жасқа жеткен атағы жер жарып,  әлемге жар салып мақтаған акедемик ғұламаларымыз тақуалықты – дінін   меңгеріп, әулиелікті меңгеруді былай қойғанда, қарапайым ақсақалдық ар қағидасын сақтау түгілі жалаңбас, аруақтарға гүл қойып исламнан шығатын кәпірлік амалдарды халыққа үлгі қылумен, көшенің бұрыш-бұрышына әулиелер аруағын мазаққа айналдырып, жалаңбас мүсіндерін қойдыртып, қол шапалақтып, құдайды көздеп мылтық атып, азған христиандық дін амалдарын орындатып, қазақтың руханиятын – діни сауаттылығын құлатуға жол бергенімен қоймай өздері көмек беріп, ақсақалдық болып қалыптасқан дәстүрдің құлауына жол беріп, енді кімге өкпелейді? Міне «шайтан қолын» жүктелуге, «шерік қосуға»  деген ашық тажалдық амалдар осы болмақ. Ал енді құдайдың да бұған жауап беріп, шындықты шынға, ақиқатқа айналдыруға  күші жетпей ме, әлде шет елге қашып, үйден шықпай тығылып, ертерек арғы бетке өткенімен аруағынан тығылып қала ала ма? Әлде үлкендеріміз өздерінің де тазармаған жындық, сезімдік қуаттары тозақ арқылы да шайтан қолына, қаңғып жүретін нәсілдер тобына айналмауына құдайдан кепілдік бар ма?

Қазақтың жастары бұл тұрғыда әлдеқайта діни сауатты болып, дін білімін де меңгеріп іздену үстінде. Олай болса түбінде жастарымыз да, орта буын өкілдері де рухани тазарады және орта топқа айналған біздің арамызда бұл жағдайды жіті бақылап, әлі өз пікірлерін де айтып осы заман оқиғаларына, тарихымызға баға да беретін мезгіл де келеді. Сол кезде осы кездегі ақсақалар жасына жеткен топтың рухани тұрғыда бұл өмірден дінсіз, бір-біріне гүл қойып, жынын тазарту орнына ислам дінінен шығып өмірден өтетін болса, бұл жағдай енді бір 100 жыл айналып келіп, қанымен, нәсілдік белгілерімен тұқым қуалау ақылы ұрпақтарымызға қайғы-қасірет болып қайталануы да хақ. Неге десеңіз, осы 100 жыл ішінде әрбір өлген адам баласының рухани тұрғыда қуаттарының бейнеленуі – тіршілікке қайта келуі басталады. Қазірдің өзінде білімді аталған сыңар езу ұлтшыл, партияшыл болып жүргендер еркек, қатындарымыз да қалмақтық, жоңғарлық қылықтарды сол қалпында қайталауда. Яғни қан-ділдері де әлсіреп, қазақтық нәсілден шығып бара жатқанын біле алады ма? Бұл сыр «реинкарнация» заңдылығы деген ғылымда. Ал аталарымыз; «Сен менің екі туып бір қалғанымсың ба?» деп адам баласының толық жарыққа айналуы үшін үш рет жаратылу сатысынан өтуге тиісті екенін білген де. Бұл тұрғыда нәсілдік қуаттың адамдық барлық ақпараттарды тасымалдаушы жыны болатынын да білген жөн.

Енді «шайтан қолының» нәсілдермен және адам жындық өнімімен араласу барысында заттануға, яғни түрлі физикалық, химиялық (бактерия) биологиялық сипаттағы жәндіктерге айналып, адам ағзасындағы барлық ауру, дерттердің себепшісі де болмақ. Бұл тұрғыда «шайтан қолының» қазіргі әлем және қазақ қоғамындағы негізгі аурулардың себептерін «Ауруыңа жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген тақырыппен бір жыл көлемінде қолымнан келгенше халық арасына таратып келемін. Бірақ бұндай әлемдік ғылымда маңызы бар «гипотезалық», шындық білімді ақпараттық жүйе басында отырғандар да, ғалымдар қоғамы да, ел билік те қабылдауға шарасыз болып шықты. Әлемдік ғылым саласында талай ірі жаңалықтарды ашуға себеп болатын қазақ ғылымын, дін білімін де жоғары деңгейге көтеруге болатынын, ата жолының аз ғана мағлұматының өзі өзге елдер тіліне аударылса үлкен рухани қозғалыстың ислам дініне – құранға, қазақ дәстүрлі дініне деген ерекше ықыластың пайда болуына бүгінгі қоғамдағы тажалға айналған билік, ақпарат өкілдері жол бере ме? Әрине жоқ. Себебі арлылық, философиялық ойдың қуаты жоғалған жерде сөздің де, діннің де, дәстүрдің де маңызы жоғалуы да хақ.

Қандайда бір көрініп тұрған жауыңның қадір-қасиетін, осал тұсын білмей онымен құр жалаң білімге сүйеніп соғысып жеңемін деген надандық. Ал өзіңді-жыныңды, шайтаныңды мазақтау арқылы олардың жұбы, пары көмес сипаттары мен білімді меңгерумен немесе тәпсір білімімен, намаз оқумен жеңбекші болған надандарға не сөз? Сондықтан аз ғана арамыздағы әлі тектілігін жоғалтпаған, жанында тағдырлық білімі, діни сауаты бар отандастарға ғана арнап аталарымыздың астыртын құпиялап ғасырлар бойы біздер үшін сақтаған жан ғылымынан құпия білімді әрі қарай жалғастыра бермекпіз.

 Құдай сіздердің имандарыңызға қуат беріп, дін білімімен қоса діни сауаттылық қуаттарыңыздың жетіле беруіне рахымын шаша берсін.

(жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен,  қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *