XVIІ-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 73

Әрбір заманның тағдырлық өзгерісінде түрлі уақиғалардың, жер бетіне түсетін табиғаттағы ауа-райылық өзгерістер мен табиғи апаттар, ауру індетпен байланысты азаптыңда Алланың көркем есімдермен байланысты; «Біз» болып аталатынжарық жұлдыздардан және құс жолы болған жоғарғы орындарынан, жолынан яғни Алланың иелігі мүлкінен түсетінін де білген жөн. Аятта; «Ол азап биік дәрежелі (аспан мүліктері) Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер (адамзат жаны-періштелігі) және Жәбірейіл (адам баласыныңрұқы, кісілігі, жандық сапасы) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.» (70-4) Енді Раббымыз; «Алланың қасындағы бір күн сендердің жыл санауларың бойынша мың жыл» деп ескерткен. Олай болса, әрбір мың жыл сайын аспан денелерінің түрленуі болып; қуаттардың қосылуымен көктің кеңіп, уақыттың жылдамдығының артуымен, яғни аспан денелері, жаннат орындары адамзаттың жоғарғы дәрежелі періштелігі мен рұқтық тұрғыдағы кісілігімен толықтырылып, бір кезеңнен екінші ақпараттық жүйеге ауысуы болмақ.

Әлемдік қуаттардың мұндай жүйесінің күрделі қияметтік мезгіл өзгерісі болып табылатын; Құранның жер мен көктің арасына түсіріліп, исламдық дін бірлігінің басталуымен,Мұхаммед пайғамбарымыздың жоғарғы дәрежелі періштелігімен байланысты, және ислам бірлігінің толық ақпараттық тұрғыда жүйесі болып бекісе, ал енді діндер бірлігі болып қалыптасуының екінші мыңжылдықтың жемісі болып, қияметтік өзгерістің Ясауи бабамыздың әулиеліктің жоғарғы дәрежесінің құлшылығын қалыптастырумен байланысты болса, енді үшінші мыңжылдыққа көпірдің қазақ елінде ата жолының Ақ ұлдың Айша ананың ақ туын көтерумен жүрек құлағын ашып, Аққу, сұңқарлар мектебін ашумен басталғаны да хақ. Әлемді шындықтан жаратып, шындықтың үнемі адамзатқа уахи, аянмен таза ақыл болып оқылып тұруымен ғана адамзат ұрпағы заманға қарай мәдениеттің өркениетін қалыптастырып, ақыл қуатын жетілдіріп отыруға, жандық сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Адамзаттың сырттан, құдайлық нұрдан, ғылымынан үнемі қуат алмаған жағдайда, керісінше азғындықтың жолына түсіп, ібілістің ұрпағына айналып алады яғни жындылар қауымын көбейтеді.

Қазіргі қазақтың ел басқару саясаты мен рухани саласында, ақпараттық барлық жүйесінде жындылыққа негізделген, адамдық әулиелікке ашық қарсы бағдар ұстанатын, әлемнің барлық құзғындық салтын қолдайтын 70түрлі жындылық топтардың басқаруындағы қауымдардан тұратыны да хақ. Енді бұл қасіретімізді, қияметтік жағдайымызды дәлелдеу үшін дәстүр деген ұғымның шариғаттан, масһабтық білімнен әлде қайда жоғары тұрған, қазақтың ғана емес, әлемнің барлық дін білімдерімен философиялық құндылықтарының бірлігі болатын ата жолы жазбаларында қайта-қайта баяндалып жатқан, қазақ даналарының ғана бұл мирасы болған, ғылым деректерінен хабарды жүйелеп қайталап өтейік. Қайталау білім анасы дегенде ақылға лайық болар.

Біздер сырттан жаратушы иеміздің аспан мүліктерінен, жаннатынан төбемізбен бойлық сана өрісіміз арқылы да әлемдік бір сипатты қуаттар жүйесіне жалғану үшінде табанымызбен жер анамызға жалғана білуіміз керек. Себебі Алланың тәңірлік қуат, күші түгіл біздердің өмірімізге жер әлемінің тіршілігіне бейімдеп жаратқан жоғарғы дәрежелі қуаттарына да біз тікелей жалғанып несібе, ризық, өмірлік нәр түрінде қабылдай алуымыз мүмкін емес. Сондықтан да мұндай қуаттар жүйесіне жалғану үшінде;  біздер төменгі жиіліктегі жер ана рухымен жалғанып, сонан кейін ғана екі аралық орта деңгейдегі жаратылыс себепшілерінен ғана біздің өмірімізге бейімделген қуаттарды, құдайлық нұр, рахметіне жалғана аламыз. Олай болса, тура жолға яғни төбеміздегі жеті жолға (кемпірқосаққа) жалғануымыз үшінде бізге дін тұрғысында 3түрлі жиіліктегі қуаттардың жүйесіне жалғану құлшылығын меңгеруіміз шартты.

Сонымен алдыңғы тарауларды баяндалғандай бұл қуаттардың жүйесін- ғылым деп атап, негізінде үш түрден тұратынын да баяндадық. Қазақ дін дәстүрінде «Көк тәңіріне табыну» деген ұғым болғаны және біздің әдет-ғұрпымыздың сол замандардан бері сақталып келе жатқан ұлттық тұрғыдағы жоралғылардың сақталып келе жатқаны да мәлім. Абай атамыз да «Көкті бақтым..» деп адам баласының тағдыры жер анамызбен көктік сипаттағы Алланың ғылымымен жазылатынын насихаттап өткен. «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Өйткен адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға..» Ғылымның көк сипатын біздер жер анамыздың рұқына, яғни көгілдір қуаттық негізге, негізгі кітаптық сипатында; Тәурат өсиеттерімен Мұса пайғамбарымыздың  ғибаратты үлгілерін орындаумен жалғанамыз. Ал, пайғамбарларға түсірілген нұрландырушы жол басшылық тұрғысында Жүсіп, Сүлеймен пайғамбарларымыздың ғибаратты үлгілерімен байланысты болады.

Тәуратпен Зәбурдың түсуінен бұрын да көк тәңірісіне табынудың құлшылығы, үлгісі қазақтың ғұрпында болғанын; Тоны Көк Білекті Қаһан, Көк тонды, Көк күмбез,  Көктем..т.б. ұғымдармен жеті киенің; Көк аспан,күн, ай, жер, от, су, ит болып көкпен байланысты бір жүйені құрайтынын да білген.Көктік ғылым негізін меңгеру аспанға қарап емес, жер анамыздың емшегін еме білумен, ұлттық әдет-ғұрпымызбен байланысты болып; «Әр елді салты басқа, иттері қара қасқа» деген де мақал қалдырған. Көк нәсілді меңгеру әйелдерде кеудемен, еркектерде баспен, баста ақ сауыт дуылғалы; «бөрікті» аталумен, ақылмен, маңдай тағдырлық өрісімен байланысты болмақ. Көк түстің қазақтың сөз ғылымында  жаратылыста қуаттық тағдырлық бейнеленуінің де сипатын білдіреді: жасыл — көк шөп; ауқатты, бай —  көк етікті;  арық  —  көк ет;  ақылсыз, топас — көк ми; ұрысқақ, ашушаң — көк долы; мылжың — көк езу; қайсар, өжет — көк бөрі; кездейсоқ — көлденең көк атты; еріншек — көк жалқау;  піспеген — көк алма т.б.

Қазақтың ежелгі ұлттық нанымында аспан денелерінен туындайтын барлық жарықтың түр түстерінің жер бетіндегі жаратылыста бейнелеуін жаратушының ғылымынан, жолынан деп түсініп, бұл қуаттарды кие деп санап табына білген. Мәселен, халқымызда ақ қасиетті түс болып саналады, бар игілікті,  жақсылықты, қуанышты, тазалықты, пәктікті, әділетті білдірсе, қара керісінше,  жамандықты, қайғы-қасіретті, қарапайымдылықты, ниеті бұзықты, қатыгездікті, көңілсіздікті  білдіретін түс деп танығанды. Абай атамыздың өмірдің басы ақ, қара, қызылдың өзара әрекетінен басталатынын; «…Біреуі –көк, біреуі – жертағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға…» деп халқымыздың танымындағы  ақ, қара, қызыл  түстердің беретін  басты мағынасы  – өмірдің бастауы мен әдемілік, сұлулық, жастықты, қуат, қайратты бейнелейді деп түсіндірген.

   Мысалықазақ тілінде сұлу қыздың сипатын; «аласы аз қара көзі,  нұрлы үлкен көзі, қой көз, қарақат көз немесе  қарақаттай қап-қара көз,  көзі көмірдей қара, жібектей қара шаш, аққұба жүз, ажары ақшыл қызыл, ақ құбаша бет,  аппақ қардай бет, ақшыл сары нұрлы өң, қызылы қызыл, ағы ақ жүз, ақ тамақ,  қызыл ерін» деген секілді   тіркестерде  3 негізгі түс пайдаланылғанын көруге болады. Түр-түстердің символдық мәні туралы бүгінгі заман ғалымдары да: «Көк түс – көкке табынудың, аспанның символы, қызыл – оттың, күннің, ақ – шындықтың, қуаныштың, бақыттың, сары – ақыл-ойдың, қара – жердің, жасыл – көктемнің, жастықтың символы» деп түсіндіреді.  Көк немесе Аспан ұғымы жалпы әлемдік тұрғыда уақытты меңгерумен, аспан денелерін бақылау арқылы жер бетіндегі құбылыстарды, ауа-райлық қозғалыстарды басқара білумен, жыл мезгілдеріне қарай бейімделіп өмір сүре білумен де байланысты дін нанымы қалыптасып және сандық білімнің негізі де туындайды.

Қазақтың ежелгі әдет-ғұрпында ғылымның негізі жылдың басы наурызда көктем, көктен қуат болып басталып; «Қыстан қалған соғымды ұзын сарыға сақтау», «Ақ мол болсын» деп жеті түрлі азықтан ас пісірудің негізі де Алла тағала ғылым кереметінің туындысы адамзатқа жаратылысқа несібе, азық, өмір нәрі екенін ақылмен түсіне біліп наным-сенімде де Бір ғылымға, Алланың бірлік қуаттарының жүйесіне табынудың негізі жатыр. Көктік ғылымнан тіршіліктің, ақ, қараның, қызыл, сары, жасылдың да өзара алмасуымен мұның бәрі сумен, сөзбен байланысты деп түсінген де; «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген дәстүр негізі болып саналады. Және қара түстің өліммен, Әзірейлдік қуатпен байланысты екенін және; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Мың өліп, мың тірілу» ұғымының өзінде Алла тағаланың ақиреттік тұрғыдағы 8түрлі түстік қуаттардың жүйесіне өлілер ризашылығы арқылы жалғанудың, оның ішінде ең басты ғылым, кереметін меңгерудің тылсымдық ақпараттық қазынаның; 1001 есігінің барында ақылмен болжай білген.

Сондықтан; Қара жамылу, Қара айғырдың құйрық, жалын кесу, найзаға қара байлау, т.б. ғұрыптық жоралғылардың да болғанын, қайғыдан есі ауысқанда әйелдердің шашын жайып, өз бетін өзі тырнау, жан-ұясына келген қияметтің белгісі деп түсінген. Ал мұндай әдеттің бүгінгі таңда сәнге айналуынан да әлемдік түнектің күшінің басқаруына көшкен қазақ елінің рухани тұрғыда қияметте өмір сүріп жатқанына да белгі болады. Алла тағаланың сипатын хақ, хақиқат, ақиқаттың өзі, жар деп түсіндіріп, ақпен ату, ақ сөйле, ақтан аят, пайғамбардан шапағат бер деп дұға жасайтынымызда Алламызды танымдық дін дәстүріміздің ғылыммен ұштасып жатқанына куәлік береді. Ақ пен көктің бірлігін қалыптастырудың философиялық түсінігі көптеген орта Азиялық елдің діни нанымын да қалыптастырғаны сөзсіз. Себебі көкке табынудан, меңгеру ғұрпынан аспан мүлкі шырақтарынан сары мен қызылдың бірге жүретіні де белгілі жағдай. Ал бұл үш ғылым негіздерінен 5қуаттық белестен өтумен жасыл түрдің пайда болуын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан істердің, уақыттың басы көктен басталып, жасылмен аяқталуынан дін ғылымы, теологиясы туындайды.

Қытай философиясында жер бетіндегі барлық нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті деп түсінген. Алайда құранның арап халқына келгенге дейінде жер әлемінде әрбір негізгі ұлттың, ұлыстардың көк ғылымын меңгерудің философиялық даналықтың үлгісі болып, яғни шариғат негіздері болып, дін құлшылығының қалыптасқаны да, көк ғылымы арқылы қанның тазалығын сақтап, діл білімін жетілдіруде ақ білекті әйелдің сары түсті меңгеруін Мариям анамыздың тақуалығынан және бұл екі ғылым негізінен, тіл ғылымының, көркем сөз және екі аралық жаратылыстарды басқара білу арқылы дарындылықтарды меңгерудің, адам баласы болған аруақтық сипатты қызыл түсті бекіткен Алланың жалғасты сөзі, рұқы болған Ғиса пайғамбарымыздың үлгісі болғанын да мойындау керек.

   Сондықтан да християн діндегілердің; Әке-рұқ, құдайлық нұрға- ашық жасыл түске; балаға-аруаққа қызыл түстің періштелік сипаттарына; және киелі рұқ-көгілдір түске, аспандық денелерге шоқынудың үлгісінен; Құдай үш тәңірлік болмыстан тұрады деген ұғым қалыптасқан. Әлемге түсірген барлық дін топтарының негізінде 8 түрден туындайтын тәңірлік қуаттардың ақтың бастауларына жалғанумен байланысты болғанында естен шығармаған жөн. Олай болса, ислам діні масһабшы, дін ғалымдарының пәтуа, тәпсірлерінің үлгісіндегі өзінен бұрынғы діндердің ғылымын меңгеру құлшылық негіздерін терістеп, мүлде жалғанға шығарумен айналысу емес, керісінше бұл барлық тәңірлік бастауларды бір тәңірлік негізге жүйелеу құлшылығы болып, жаратылыстың барлық қуаттардың жүйесін меңгеру, оның жаратылыстық сипаттарының пайда зияндық әсерлерінде анықтап, құлшылығын тазартып, қалыптастыруды «Оған құлшылық қылыңдар» деген Алла тағала.

     Сонымен негізгі тәңірлік бастаулар, Жәбірейіл-жасыл; Мікәйіл-көк; Исрафил-сарғыш; Әзірейіл-қара болып, Алла тағаланың ғылымы мен кереметі бірлігін, қуаттық тұтастығын осындай жаратылыстың бейнелену сипатынан көреміз. Және негізгі 4 періштелік қуаттарды меңгерумен адам баласының орынбасарлық, жер бетінің халифалық басқарушы бейнесіне айналдыру, Алла тағаланың негізгі туындысы, қуаттардың бірлік жүйесінің қазына сарайы, тәні болып табылады. Сондықтан құранда Алланың сүйікті құлдары Аллаға тән деп атаған. Қандайда болсын жоғарғы дәрежелі қуаттарды Алла тағаланың жолдарын, уақыт, тағдырын меңгеру жолына түскендерді Ібілістің өзі тосып тұратынын да білген жөн. Ал ең төменгі жиіліктегі ібілістің ұрпағына айналу; қандағы шайтандық қуаттардың яғни қызыл-қоңыр түсті түйіршіктердің артуымен қаны бұзық, қаны әлсіз, екі жүзді, жан аяр, сезіммен ғана әрекет қылатын немесе шайтанның жамағаты деп аталады. Ал, ібілістің жаннатың жоғарғы дәрежелі жарықтық бейнесі; ақ сұр-білімнің негізі болып келеді.

    Әр нәрсенің жұбы, пары болуы заңдылық болып, адамзаттың меңгеруіне айналған жоғарғы періштелердің екі аралық ақиреттік өмірде; күлгін-көк, ақ-көгілдір, жасыл-сары, қызыл-қызғылт, қара-қоңыр болып түрлену жолы бар. Мұндай сан алуан сапалық жарықтық қуаттардың жүйесін меңгерудің ақпен, ақталумен, ағарумен нәтижеленетінін де естен шығармаңыз. Мәселен, халқымызда ақ қасиетті түс болып саналады, бар игілікті,  жақсылықты, қуанышты, тазалықты, пәктікті, әділетті білдірсе, қара, керісінше,  жамандықты, қайғы-қасіретті, қарапайымдылықты, ниеті бұзықты, қатыгездікті, көңілсіздікті  білдіретін түс болып дін нанымыз қалыптасқан. Алайда, ақтың өзінің 7 түстік туындысының да 4жұптық сипаты болып; оның 16түрге бөліну құлшылықтық деңгейі болады. Бұл негізгі жаратылысты басқаруға, 4періштелік және 16түрлік, малдық, ақша қуаттардың жүйесін меңгерумен байланысты деп түсінген жөн.

     Енді бұл тәңірлік бастаулардың меңгерушілері мирасқорлары болған; Алланың сүйікті құлдарымен орынбасарлық сипатта және 99көркем есімдердің елшілері болып; 1.Мұса пайғамбар –қоңыр; 2. Жүсіп пайғамбар – көгілдір; 3. Дәуіт пайғамбар – ақ; 4. Иса елші –күңгірт; 5. Ғиса пайғамбар – қызыл; 6. Сүлеймен пайғамбар – сары; 7. Мұхаммед пайғамбар – жасыл болып бейнеленеді. Біздердің көзіміз тек қана жеті түсті қабылдау мүмкіндігі бар. Алла тағаламыз Ақ түсті жеті қанатты періште болып, оның туындысы, қанатын яғни төбеміздегі жеті жолды біз кемпірқосақтың түсінен анықтай аламыз да, бірақ оның негізі ақты біз көре алмаймыз. Қазақ жаратушымызды тану құлшылық ұғымында адамзатқа берілген бұл жеті арыстық үлгінің сөз ғылымында, нақылында ғибараттары дәстүріміздің негізін қалайтыны да хақ.  

     Сонымен; Ақтың төрт дәрежелі 16деңгейлі құлшылығын меңгерудің сыры Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп Алла тағаладан алған бақара сүресінің соңғы екі аятымен тікелей қатысты.  Қазақта «Дәс»+«Түр» болып аталып, түрлік тұрғыдағы жарықтың бір тәңірлік қуаттар жүйесін меңгерудің құлшылығы болып және барлық әлемнің дін амалдарының бірлігін құрайтынын әрине ақылмен болмаса, білім тұрғысында жүрекке сіңіру мүмкін емес. Себебі біздің меңгерген біліміміздің көбі Алланың ғылымына да жаратылыстық себептік хикметіне, құдай жолына ашық қарсылыққа негізделіп алған.

Енді масһаб білімінде шариғатты жол және оны меңгеретін дәстүр деп атаудың да сыры осы ақты меңгерудің ерекешелігінен туындайды. Исламның әлемдік тұрғыда насихат және діндер бірлігі болып аталуының да маңыздылығы және соңғы нәтиженің Алла тағалаға ұқсаудың, уақытпен замандық жүйені басқаруға, жер бетінің халифасы болып саналатын Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметі болып, оның артынан елшілік ісінде шапағатшы және әскері сапқа тұруға арналғанды. Сондықтан ақтың 4дәрежесін меңгеруді 4масһабқа айналдырып, бірақ оның ішкі жеті жолдық түр-түстік қуаттардың жеті арыстың бірлігін меңгерумен, жалғанумен ғана мүмкін болатынын мүлде жоғалтып алғаннан деп түсінгенде дұрыс болар. Неге десеңіз; төрт ақтық сипаттың төрт мезгілмен де байланысты болып, арап елдерінде мұндай жаратылыстық қуаттарға жалғану мүмкін емес.

Сондықтан олар тек қана хижрамен аймен, дәуірлік қуаттардың жүйесімен жалғануды бөліп алып, ал көкке аспан мүлкіне жалғанатын григориандық күн жүйесіне қарсылық білдіріп, мүлде лағып кеткендерін білмейді. Көк-көктем яғни жасылмен, ал жасылдық сарымен, қызылмен байланысты ғана пайда болуын, екі аралық бес қуатты меңгеруді парыз деп түсінуден қалғанын ұмыт қалдырғандарын аңғара алмайды. Аятта; «Мұхаммед көрмедің бе? Алла тағала көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады…» (58-7) Алла тағаланың ОЛ сипаты дегеніміз жарықтық қуаттарының адам баласында кісілікпен,денемен, жұлдыз орындарымен бейнеленуімен болады. Жұлдызды, «жұлдыз» аталу 9түрлі кісілігінің жарыққа айналуымен мәлім болмақ.

Кісіліктің, адамзаттың жұлдыз жарығы салқын жарық күні болып, көкке аспан мүліктеріне байланысты, әлемдік қуаттардың да жүйесіне біздерге жалғанған, дінде озық болған арыстарға қарсы шығудан арап көктемі аталып, көктің лағнетіне ұшырауы да заңдылық болады. Олай болса жеке-жеке масһабтармен ақтық бір жүйесінде меңгеру мүмкін емес, тек қана айға байланысты ғана көктік тәңірлік қуаттарға жалғанумен нәтижелі болмақ.  Масһабта қазақтың үш ғылымды бірлейтін әдет-ғұрпын ырымға балап, екі аралық бес қуатты ғана меңгеруді жол атап, кісілігін (қожалық, төрелік) де терістеп мұны дәстүр деп атауға мәжбүрлеуді тажалдық дегеннен басқа атау жоқ.

Қазақ дәстүріндегі исламдық дін тұрғысында қалған 3-парын меңгерудің құлшылығын тарихат, мағрипат, ақиқат деп атайтынын, Ясауи бабамыздың ғылымның үш сапасын және ақтың төрт жұбын меңгерудің құлшылығын, исламның бірлігінің қазығын қаққанын; «Отыз үш мың шариғатта қайран болып,  Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа  қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.  Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім, Тарихатта «Ғайнул-иақын» (Дерек көздерін) сөйлеп кеттім, Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.» деп «жарға- жан анаға» жалғанумен, ақиқатты меңгеруді бөлек баяндап кеткен.

Әрине қазақ даналарының сандық тұрғыдағы қалдырған мұндай нұрландырушы кітаптарын, аманат, мирастарын меңгеру үшін саналы болу керек. Ал, ақылдың сөз ғылымын, дін насихатын, нақылдарының үгітін меңгере алатын; жетеден жоғары тұратын саналық қуатын меңгергендер әулие аталып, қазақ дәстүрін ар білімін мықты ұстанудың жолында болатыны да хақ. Мұндай жағдай жоғарғы ел басшымыздың өзінде дініміздің, дәстүріміздің аманатын түсінетін жетелігі толық болмаса, онда біздер одан асып қандай саналы тұлғалар басқарған ел бола аламыз? Діннің мақсаты да адам баласын жоғарғы дәрежелі саналық биікке, кісілікке, таза ақылға жалғанып, адамзатқа бақытты ғұмырдың үлгісімен жол көрсетуші, жамандықтан сақтандырушы, жақсылықпен сүйіншілеуші, түрлі жағдайда Алла тағаланың да мұғжизасын меңгере алған елшісі, яғни түрлі дәрежедегі пайғамбарлардың ізбасары болуы шарт. Қазақтың ел билеу жүйесінде мұндай адамдықты меңгеруге ашық заңмен тыйым салынып, орта топта ғана болуға бүкіл ақпараттық жүйе қызмет жасап және әлемдік тажалдық саясатты да қолдап, екі жүзділікте құдайдың азабына ғана лайық елге айналып алдық. Дінін меңгеріп, сырттан қуатты қажет етпейтін; «діннен бөлек» «жер тәңірісіне» айналған, мәңгілік өлмеуге бет қойған ел басшыларымыздың да шығарған заңдары осы пәтуамызды ашық дәлелдеп тұрғаны да хақ….(жалғасы бар. Қазан 2015 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *