XVIІI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 100

Қазіргі замандағы барлық дін құлшылығы болсын, немесе адамзаттың өркениетілігінің, мәдениетілігінің қандайда бір үлгісі болсын, шындықтан ажырап, бүгінгі күнмен тек қана шын жүзіндегі күн көрістің, нәпсінің қажетін өтеу тұрғысында тұтынумен, дүние байлықтың жағдайымен ғана ақылдың шектелуімен, ал адамдық құндылықтың бағалануы мен, ақылдың өркениетін білім тұрғысында пайымдаумен, әлемнің жаппай қара түнек күштерінің ықпалына түсіп, түрлі жындылық топтардың саясатын жүргізумен, өз ара қым-қуыт, хайуандарша талас-тартыста жақсы тұрмыс сүру үшін ғана бәскеде өмір сүріп жатқаны хақ.

Мұндай жағдайда шынмен, яғни біліммен ғана өлшенген ақылдың сапасы жоғалып, шындықты, астарлы сөздерді зертеудің, ұғынып түсінудің құндылығының маңызды болмай, Алла туралы ұғымның да сөз жүзінде ертегідей сипатталып, растығын, барлығын білдіретін ғылымдық, тәңірлік түр сипаттарының бейнеленуі ілімнің (трансформациялану) шындығы жоғалады. Яғни жаратылыс туралы, ақиреттік өмір туралы өткенгі, бүгінгі шынға ғана жүгінген ақпараттың қарсылық білімнің пайда болуымен, яғни құдаймен арадағы байланыстың, саналық қуатының жоғалуын туындатады. Бұған негізгі себеп; шындықпен ғана келетін иман қуатын, жанның жарығын жоғалтумен, сөз ұғымдарыныңда өзгеруінен, жетелік ақыл қуатының замандық қозғалысқа, өзгерістері, үдерістерге бейімделуі мен қуатының жетімсіздігінен деп түсінген жөн.

Бұрынғы замандарда білімсіз пенденің қандай ақылды болса да жаратылыстың сырын, ішкі зайырын түсіне алмаудан, адасуға түсіп кетуі, ілімнің соңына түсіп, әулиелікті меңгеру жолында, ақылды сезімдік сапасын ғана тәрбилеп, ақылдық талабын қаситіліктерді жетілдіруді ұмытып, ібілістің ұрпағына айналып кетуімен, талай әулиелердің тура жолынан адасқандары сөзсіз. Ал, ендігі заман керісінше білімнің жетістігімен ғана пайымдау әдеті қалыптасып, ақылдың қаркеттік сипатын ғана меңгерумен, ал ілімнің, сезімдік ақылдың да  маңызы болмай, жалпы әлемнің азғындыққа түсіп алғаны да хақ. Адамзаттың рухани тұрғыда надандануынан білімнің күші, қадірі артып, ұлттық құндылықтан ажырап, рухани әлсірген, бір ақылдың, естіліктің басқарылуынан шыққан тобырға айналудан шыққан қауымды,  тек қана заңның күшімен басқарылуды қажет етеді.

Сондықтан заң шығарушы ел билеушілер, әлемдегі бүгінгі күнгі дүние тіршілігімен байланысты болып жатқан шынға ғана жүгініп, еліктеумен ібілістің, қара түнек күштерінің ықпалына түсіп алып, өздерін адамзатты құтқарушы қылып, ақиқатың заңдылығынан бас тартып; жамандықтың, жындылықтың дәнін себушілерге айналып алады. Қазақ билігі де осындай жолға түсіп алып, әлемнің барлық азғын салттарын дәріптеумен, заң жүзінде қолдаумен айналысып кетекені де хақ.

Енді мұндай жағдайда, адамдық ұятылықты ойлап, өздерін ақылды санайтын дінші қауымдастықтары, білімді жетік меңгеруден мүлде бас тартып, діндегі ескі тәпсір біліміне ғана жүгініп, діннің бекіген ісі; өткен заман шындарын, шариғат ісін, шексіздік жол санап, және шариғаттың жағдайындағы ғана меңгерген шындық ғылымның сипатымен, сезімдік ақыл тұрғысында ғана өздерін әулие санап, ақылдың қуаты жоғалып, жындылыққа негізділіп алғандықтан, әлемде шариғатшылардан, құраншылардан бүлік шығып жатқаны да жасыруға болмайды. Ал негізінде; Шариғат, масһаб ілімдері ғылымнан хабар беретін, ақылдың ірге тасы қалыптастыратын, адам баласының ұятылығын, қоршаған ортаға қатынасымен, тірі болу үшін дұрыс тамақтанумен және рухани тұрғыда жаратылыс әлемінен, ақиреттен, құдайлық нұрлардан, қуаттарға, шындыққа жалғануға және ақиқаттық жолға шығуға бағыт-бағдар беретін мектебі болуы керек. Шындық барлық жаратылыстың қуттарының жүйесін,  қозғалысын, тағдырын бейнелейтін бір жағдайдан келесі жағдайға тасымалдайтын Алла тағаланың ғылымы, өзі, құдіретті қолы сипаты болмақ.

Адамзатта шындықтан бастап жаратылып, ең соңында барлық тағдыры, іс әрекеттері кітапқа, яғни шындық қызыл қуатқа бейнеленуімен, келесі жағдайға өмірге тасымалданады және оны құранда; БІР қуат- аруақ деп атайды. Бүкіл құраның Фатиха-1 анасы болса, барлық қуаттардың жүйесі Бір-шындық айнасы болып табылады. Біртұтас адамдар болған аруақтық кітаптан ғана әр ұлттың, рудың пенделердің өздерінің қасиетілік тектіліктеріне қарай аруақтары, ғұмырлық кіттары болып жазылып, ізгі амалдармен жетіліп қалыптасады. Олай болса, біздер өз аруағымызды, меңгерген шындығымызды тану, оның бейнелерін көру арқылы ғана тылсымдық әлемнің жолдарына, бейнеленген ғылымына,  ақиқатына жалғана аламыз. Сондықтан да; адам баласы өз шамасына қарай, құдайлық шындықты толық меңгермей, онан жоғары тұрған өзгеріссіз ғылымдық шама болатын ақиқатты тану мүмкін емес. Және ақиқатты танымай, жоғарғы дәрежелі күрделі әлемнің жаратылысын, құпия құрлымын, рухани қуттардың меңгеру сырын, жанды жетілдіру әдістерін меңгере алуы да мүмін емес.

Мұхаммед пайғамбарымыз, «Барлық нәрсенің, құлшылықтың да ортасын ұстаныңдар» деп яғни жаратылыстың, қарам-қарсы бағыттағы әрекеттердің, қуттардың жүйесінің, түрлердің де ортасын, мағынасын тауып меңгере білумен, басқара алумен Адам болып таныламыз. Сондықтан пайғамбарамыздың арап еліне келіп, ислам дінінің ортасын белгілеп, қазығын қақаны және оны енді кеңіп өсіп, әлем өркениетімен бірге қалыптасып отыратын, шындықпен яғни құдай ісімен толықтырылып отыратын өркениетінен бас тартып, өзгеріссіз қалатын ақиқаттық шамаға айналдырып алудан, ислам әлемнің бүліншілікке ұшырауына соқтырғаны да хақ. Себебі шындық қозғалмайтын тұрақты шама емес, керсінше күнмен бірге шығып, бірге батып, қозғалысқа түрленген қуатқа мезгілге айналумен, нәтижесі шынға бейнеленіп, ал келесі күні шындықтың басқа шамасы пайда болып отыратыны уақытпен, заманмен бірге шындықтық да оған қарсы қара қуаттың, өмір мен өлімінің арпалысы, жаңадан сапалардың, жандардың өсуі үшін өмірге келумен, қайта кетудің ешқашан тоқтамайтыны, соған байланысты әлемнің күн, ай, жыл, дәуірлермен кеңіп жатқаны да хақ. Алла тағаланың несібе нұры- шындығы арқылы үнемі әрбір заманың өз ерекшелік уақиғасын, тағдырын жүргізіп тұрады деп түсінген жөн.

Сондықтан шариғат ақиқатқа айналған тұрақты өспейтін шама емес, үнемі заманың өзгерісімен білімнің жетістігіне байланысты ақылдың да сапасын артыру мақсатында діннің өркениетіне қарай бейімделіп отыруы да керек. Мұндай діннің тұрақты парыздарын сақтап және заман өзгерісіне қарай толықтырылып, жетілдіріп, ауыстырып, жаңартып отыратын тұрақты амалдармен бекіген сипатын дәстүр деп атаған жөн. Енді дәстүрде әрбір ұлттың, үмметің ерекшелігі мен меңгерген сөз ғылымына байланысты және табиғатқа өмір сүрген ауа-райы, ықылым ортасына байланысты намаздары, ғұрыптық амалдары  болуы шарт. Және дәстүрде ақиқатқа жету жолындағы тарихат, мағрипат жолдарын шариғатпен тұтастықта бөліп, бөлшектемей меңгеруді қамтамассыз етуі де шарт. Ал, ақиқат өзгермейтін шама болғанымен, әлемдегі білімнің өркениетіне, ілімнің жаңадан құпия аяттарының сыры мәлім болуына байланысты оған қарсы қарсылық күштерінің де білімі пайда болумен және үнемі өсіп жетіліп отыратыны да хақ.

Олай болса ақиқатқа жетудің жолыда ұзарып, өсіп отыруымен және оны меңгерудің құлшылығы мен заңдылық білімі де тұрақты шама болмай, әр заманға байланысты құдайдың өзінен хабар, уақи алумен пайғамбарымыздың елшілік істерін жалғастырумен, әулиелік сапаныңда талабының артуымен байланысты болуы сөзсіз.  Ал адам баласының әулиелігі ақылдың сезімдік аңғарымпаздық қасиетін жетілдірумен, дін істерін толық меңгерумен байланысты қай заманда да тұрақты болса, әмбилікті қоса меңгеру үшін білімнің қуатымен, ақылдың талабын меңгерумен, шынға айналған жаратылыс білімдерін шындықпен тазартып, ақ қарасын айыруға, өз бойындағы кейбір ерекешелік қасиеттерінің пайда болуына назар аударып, оны меңгеруге тырысумен нәтижелі болады. Қазіргі таңда әмбилік яғни төрелік, тұлғалық сипаттың тек қана біліммен пайымдалып, ел билеушілердің әулиелік қасиетті рухани тазалықты меңгеруден бас тартуымен, бір ақылдың құндылығы жоғалып, әмбиліктің  ібілістің ұрпағына айналып алғаны сөзсіз.

Әулиелік ақылдың аңғарымпазды мен замандық жетілген білім тұрғысындағы ақылдың талабын және төрт ақылды біртұтас  меңгеру арқылы ғана жетелі ақылға даналыққа жалғанып, ондай адам баласы кез келген жаратылыстағы Алла тағаланың белгілерін, хикметін, мұғжизаларын қуатын түсініп, онан өзіне дем, қуат ала біледі де саналық ақылын жетілдіре алады. Және мұндай саналық ақылды меңгерудің яғни әулиелік жолындағы адам баласына, кез келген жаратылыстағы жақсы жаман нәрселердің бәрі ғибрат үлгі болып, онан сабақ ала біледі, Алла тағаланың сипатын тануды үйренеді. Ақылдың талабын былай қойғанда тек қана қан тазалығын сақтап, ұлттық ділін, яғни ақылдың аңғарымпаздығын меңгерген адам баласына залым діншілер мен дін ғалымдарының ертегіге айналдырып алған «серік, шерік» деген немесе жиһад деген азғырулары мүлде күлкілі жағдайға айналады да. Енді шамалы шегініс жасап, ақылдың мұндай сапаларына дем беретін, адамзаттың жаратылыс себептеріне, бір қуаттық жүйені меңгеру ерекшелігіне тоқтала кетсек;

Әлемдегі жанды жаратылыс егелерін ғылымының бір сипаты; шындықтан жаратып, ал бүкіл әлемді жаратушымыз ғылыммен, кереметімен шындық, және ғылым нұрлары (ақ, сары, көк, қызыл, жасыл, қара..) арқылы түрлендіріп, өмірдің өркениетін, уақытын басқарып тұрады. Ғылымнан таза ақылдың уахи болып оқылуы және  ілімнің құдайлық ақпараттық жүйесінің, кітаптарының түсірілуі мен оған қарсылық дүниелік білімнің, қара түрдің әрекетімен оның туындыларының пайда болуын ібіліс басқарады. Сонымен от пен судың арасын ізгі амалдармен, көркем сөзді меңгерумен тектік ағашымызды суғарып, бір қуатқа  текке айналдыратын болсақ, ал іліммен білімнің арасын ақылмен қосып, жарықтың жаңадан сапасына айналдырып отырамыз. Жер әлемдік алты күндік, ақылдың даналығын меңгерудің, алты белгісі, рухани қуатарға жалғанатын алты ауызымыз болып табылады. Және ақылдың замандық қозғалыстарға шындықтың түсуіне байланысты, үнемі ілімен, білімнен қуаттануы арқылы жарықтық сапасы да артып, адамзатқа денесін сыртқы әлемнен шектеп, қорғап тұратын жарық сауытын, бой киімін, кебенегін, тек ағашын, ой бақшасын қалыптастыруы керек.

Сонымен алғашқы ақылдың бір ғылым негізін, жарық дененің, «мандық» тегінің пайда болуы яғни атау сөздердің ішкі құпия сырын меңгерумен, әлемнің барлық жаратылысына ат қоя білуден Адам атамыздан басталады. Ақылдың даналығынан, діл қуатынан Хау анамыз жаратылып, ақыл мен ойдың жарығынан киімдері болған еді. Алайда ібілістің іштен шайтан болып азғырумен, жындық қара қуат негізі болған, және мәңгілік өмір аталған  ағаштың жемісін, қуатын жүктелумен, ұяттың қуаттылығы, ақылдың жарығы, киімі жоғалып, жаннаттың барлық тұрғындары түгел жер бетіне қуылғанды. Сонан бері адамзатқа мәңгілік өмір сүру үшін жын қуатын да қоса меңгерумен және ібілістік қарсылық білімен шайтандық қуаттарды көбейтіп тазартумен ғана жаннатқа бір тұтастықта ену парыз болды. Шайтансыз жанымыз өсіп өніп көбейе алмаса, жынсыз ақыл, қайратымыз кісілігіміз, иманымыз да қалыптаспайтынын жадыңызға тоқып алыңыз.

Олай болса, ислам діншілері мен ғалымдарының қазіргі таңдағы өздерін жынсыз, шайтансыз жоғарғы әулиелік дәрежені намаз оқып, бес парызбен меңгеріп алдық дегендері жалған және тажалдық болып саналады. Себебі Адам ата, Хау анамыздан бері мәңгілік өмірді меңгеру үшін, адамзатқа өмірлік, тіршіліктік қуаттарды меңгеру үшін, жындық қара қуатпен жүктеліп отыру міндетті болды.  Жындылықты  білім және ақылдың талабы арқылы тәрбилеп меңгерумен бірге, ілімділікті ар, ұятылықты бірге ұстанып, сезімнің аңғарымпаздығы арқылы ғана жанды өсіре аламыз және бұндай сезімдік, қаракеттік төрт ақылды   ортасын тауып, яғни естілікті меңгерумен ақылдың өркениетін, жетелік ақылды, даналықты да жетілдіруіміз керек.

Және мұндай жағдайдағы жетелік ақылды жаратушы иемізден ғылымынан, таза ақылдан, парсатылық ойдан, аспан мүлкі біздерден қуат алып, жетілдіріп отырмасақ, онда біліммен ілімде де теңдікте сақталмайды. Демек саналық ақылды меңгерудің, құдайлық хабарға, шындығына жалғанудың қажетілігі туындайды. Егер адамзатта білімділік, ілімнен үстем басымдылықта болса, ұятсыздық, арсыздық салттарға еліктеп, түрлі жануарлық сипатқа еніп,  шайтаннан болған жындылықта   тіршілік етеміз.  Ал егер ілімнің соңына түсіп, білімді меңгермей құдайымызды тануды мақсат қойсақ, онда  ібілістің қақпанына түсіп, жындылықтың түрлі топтарына бөлініп, Алланың жібін тарих шежіресін кез келген жерінен үзіп алып, бір тұтас дінді, дәстүрді бөлшектеп, өз ара бітпейтін дауда өмір сүреміз. Сонымен жер әлемінде заман өткен сайын, ілімнің де білімнің де алуан түрлі сапасы артып, қара қуаттардың түнек күштерінің, ібілістің ұрпақтарының әрекетімен, қандай бір жоғарғы дәрежелі білімді, ілімді ел басқарушы, іс басындағылардың, әмбилік дәрежесіндегі ғалымдардың да ақылдық қуатының сапасы төмендеп, кез келген білімнің, ілімнің ықпалында өмір сүруді әдетке, салтқа айналдырып алып, заңға шоқынып, өздерін немесе бір өткен замандағы білімді, ілімді болған ғалым,  даналарын жалған тәңірге айналдырып алады.

Бұған себеп, сөз атауларының әрбір жүз жыл сайын өзгерісін, сандық қуаттылық шамаларының бір-бірімен қилысу-қилыспау өрістерінін зерттеп, жаңадан мағына аттарын берудің азаматтық ғылымын меңгермей, ұлттар арасында сөз атауларын алмасуды да терістеп, киелі кітаптарадағы, құранға немесе бағзы заман даналықтарындағы сөз атауларының замандық білімге, өзгерістерге, таңбалардың, үндердің артуымен өзгерістері байланысты бейімделген, ауыспалы мағынасын табудың орнына, керісінше бұрынғы мыңдаған жыл өткен ұғымдарға қайта оралудан, сезімдік ақылға байланып, қаракеттік ақылдыңда қысқаруына, қуаттық тұрғыда бой өрісінің әлсіреуімен, аңғарымпаздық ақыл қуатының жетелік, саналық өрістері жоғалуымен,бес күндік жалғандыққа ғана негізделген өркениетілік қана қалыптасып, шайтанмен қосылған жындылық топтарға бөлінуге апарып соқтырады. Мұндай зұлымдыққа ұшыраудың салдары арты әлемдік түнек күштерінің бір жүйелі заңмен басқарылуына көшумен, әлем түгел бүлікке, апаттараға, қирау мен соғыстарды бастан кешеуі де заңдылық.

Жоғарыда ескерткендей; Адамзаттың жаратылысына ақ пен қараның өз ара алмасып, қарама-қарсы бағыттағы әрекеттердің бәрі бір-бірімен араласып, өмір үшін, аман қалу үшін күресте, оның әрқайсысының өзіндік сипат қасиеттері айқындалмаса, онда өмірдің де мағыналық ірге тасы шайқалады. Мұндай жағдайға адамзаттың түгелдей түсіп кетпеуі үшінде, әрбір адам баласына тағдырында ақ пен қараның белгілі үлесі, шамасы алдына ала ақ түсті жанмен және қара қуат жындық сипат негізінде өлшеніп беріліп қойған. Ал құдайлық нұр; шындық- қызыл түс арқылы адамзаттың игілік немесе зұлымдығына және тағдырлық несібесіне, аманаты, уәдесінің орындалуына  байланысты беріліп отырады. Адамзат өмірілік бағытын жоғалтып ізгілікті, игілікті істерден мүлде қол үзіп, жануарланып кетпеуі үшінде, әрбір адам баласының ішінде құдайлық нұрдан жаны мен рұқы-мендік жарығы, әлемдік ақиқаттан үлесі сыйға беріледі.

Адам баласының жанының да, жыннының да орны тән болып табылады. Сондықтан; малдық, қандық сипаты, жындық қуттарды өсіруге бейім болса, ал ылғалдылық, сілекей, қышқылдық (сафра, лимфа, савда) ерекшеліктерді жындық қуттарының рухани мекені болып табылады. Жындық қуаттың ата жол жазбаларында баяндағандай 8-сипаты болып, тоғызыншы тұрғыда жүйеге айналумен ақылдың басқаруында болады. Сол сияқты бес қуатқа негізделген жанның да 9-сипаты болып; 1.Тірлік-тіршілік; 2. Жарық; 3. Қараңғылық; 4. Ой; 5. Ақыл; 6. Сана. 7.Жүрек; 8. Төбе; 9. Табанға байланысты орындарда өсіп, көбейіп өркендеумен бір тұтасқа айналуы керек. Ал енді жын мен жанның арасын біріктіріуге 18-ғаламдық қуаттардың жүйесіне айналдыруға арналған; аруақтық қуаты, яғни талаптылығы, тағдырлық көркем сөз ағашы, шындық кітабы арқылы жалғап, бір тұтас ақылмен басқарылуға мүмкіндікті қалыптастырады.

Құдайлық несібе нұрға, таза ақылға немесе қандайда бір жоғарғы дәрежелі қуаттық, ақпараттық жүйеге адам баласы тек қана аруақ арқылы жалғанып меңгере алады. Шындық; тізбекті үзіліссіз Алланың жібі болып, сондықтан біздерге тарихтың кез келген ортасына шындығына жалғана салу мүмкіндігі берілмеген. Аталық, аналық текке байланысты, өз жеті атамызды шежіре ағашымызды шындық аруақтарды меңгеріп барып, үш жүздік ағашқа арыстарға, сонан қалған 4-арыстық жүйеге жалғану арқылы әлемдік қуаттарға жалғана аламыз…(жалғасы бар Қарша 2015 жыл)   Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *