(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Ата-бабаларымыздың адамзаттың құлшылығының негізі: үш байлықпен негізделуін және үшінші байлық «Он саулық» туралы көктен келетін нұр деп қана түсінеміз. Ал оның қандай жаратылыстық сипаттармен, рухани қуаттармен, ақылымыздың сипаттарымен байланысты болатын мән-мағынасына көңіл бөле бермейміз. 20-шы тарауда Абай атамыздың: мұны Алла тағаланың Рахмет сипаты деп барлық жарылқаушы, қорғаушы, мейірім, рахман, ара түсуші, несібе ризық беруші, пайда беруші, уәкіл басқарушы деген ұлық сипаттарымен көрсетіп берген. Енді бұл сипаттардың да адамдық рухани әрекетке бірленуі болып, оның қалай атқарылуын інжіл жазбаларында Ғиса пайғамбардың өсиетімен көрсеткен де, яғни рухтың, таза ақыл-ойдың Алла тағала тарапынан періште адам бейнесінде күйеу болып келуімен, жерде жүрген он қыздың бесеуінің шамында май болып, бесеуі май іздеп қала аралап кетіп, күйеу мен шамында майы бар бес қыздың үйге кіріп ал қалған бесеуінің сыртта қалып қойып, үйге кіре алмай сыртта қалуымен баяндайды. Бұл рухани сырды, жан ғылымын қазақта «Бес бересің алты аласың бар ма?» деген нақылмен ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қуаттық алмасуды бір ғана сөзбен сипаттаған. Жаратушымыздың үкімі бойынша барлық жаратылыс нәрселері жұп және пар болып, негізінде 3 түрлі белгіден тұратынын да естен шығармаған абзал. Сондықтан бұл он саулық нұрдың жер бетіндегі сипаттары; мал, ақша қуаттары болып табылады. Інжілдің және бір аяттарында үй жинаушы әйелдің 10 теңгесі болып, бір теңгесін жоғалтып алып, оны үйдің ішінен іздеп жүріп әрең дегенде тауып алуымен, оған қуанып той жасауымен де баяндалады. Бұл жын ғылымын қазақта; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожа қырқадан аспай тегің толмас!.» деп ескерткен. Үшінші сипаты қожайының 10 күміс теңгені үш жалшысына беріп сапарға кетіп, кейін ұзақ сапардан келгенде мұны қайта сұрап өндіріп алуына байланысты үш түрлі теңгенің көбейуімен байланысты хикаямен де баяндалады. Демек он саулық байлықтың біріншісі жанмен байланысты болып; рухани қуаттардың арасын жалғаушы он саулықтың әйелдерге тән қуаттың негізін, жыныстық қуаттан жарықтың пайда болуымен байланысты екені сөзсіз. Неге десеңіз рұх күйеу, көктен келетін нұр болса, оған енді жер ана рухынан әйел заттарының екі табаны мен аяғы арқылы жыныс жатырында пайда болатын 10 түрлі майдың жартысы сыртта, жартысы іште болатынын да білген жөн. Ал екінші жағдайда әйелзатының жанымен байланысты кәсіптік істермен, құлшылығымен жинайтын қуаты болмақ. Үшінші күміс ақшаның үш құлға берілуі ер азаматтардың көру, есту, ойлау қасиеттілігімен байланысты атқарған кәсіптік құлышылығы, амалдары, адамдық әрекет еңбегі арқылы жинайтын майлық жыныстық, ұрықтық қуаттары болып жан ғылымының рухни сырлары екені сөзсіз. Сондықтан да мұндай жан және рухани сырлардың исламдық өзге елдерде кездеспеуінде, құранның бұрынғы түсірілген кітаптардың ықшамдалған баяндауы болып, негізінен жан ғылымы түркілік елдердің сөз байлығына тән жағдай болып, мұндай күрделі ғылымның сыры қазақ ұлтының астарлы сөздері мен нақылдарында болып, інжілдің астарлы аяттарына негізделгенін біз аңғара қоймаймыз. Сонымен ғылымды болу, ғылым берілу дегеніміздің де үш байлықты толық меңгерумен байланысты деп түсінген жөн. Ал үшінші байлықты 10-шы пайғамбарлық қасиеттілік «Жерде жүздесу» деп аталып аятта; «Ол көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары. (9) Сендерден кім сөзді жасырса де жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей.» (13-10) Біздің сөзіміз, қылығымыз, әрекетіміздің бәрі он саулық нұр арқылы бейнеленіп, түрленіп, жаратушымызға періштелік қуаттарға айналумен әшкере жария болады екен. Мұндай жағдайда бұл нұрдың Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатшылығымен тікелей байланысты болғандықтан да аятта; «Әй мүміндер! Егер Алланың дініне жәрдем етсеңдер, Ол (Рахметі) сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді. (7) Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын (мінез болып, табанда) Алла олардың ғамалдарын зая қылды. (8) Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін (он саулық байлық, қасиет, киелерді) жек көрді. Сондықтан Алла олардың ғамалдарын жойды.(9) Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарынан қалай болғанын (нәсілдерін аямен) көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады.» (47-10)
Олай болса бұл 10-шы сандық мәндегі пайғамбарлық қасиетті «Жерде жүздесу» деп атап және бұл адамзаттың тілеуімен, құлшылығымен тікелей байланысты болып; «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғұн сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?..» Бұл жерде Абай атамыз әуелі өзіңнің мінезіңді түземей, жын- қайратыңды меңгермей, табаныңды тазартып май жинап, рухани тазалыққа жетпей бала туғызып, оны да өзіңдей кәпір ит мінезді қылуға құштар болма деп насихаттайды. «…Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ақирет үшін бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?…» Баланы туғызғанда да оны асырап өсіргенде де ақиретке арнап, яғни нәсілдік белгіңді, ұлттық аманатыңды жалғастыра білу керек. Және бұл белгінің бәрі ақиретпен, өлілермен байланысты болғандықтан; «Өлі разы болмай, тірі байымас» деп атаған. Бұған жалпы елдің салт-дәстүрінің де осындай ұрпақтарды тектілігін жетілдірумен, ұлтымыздың барлық байлығы баланың тәрбиесі арқылы танымал болатын және ата-ана, бала осы үшеуінің нәтижесінен ақирет үшін яғни он саулық байлықты меңгеруге лайықты сәйкес болуы да керек екен. «…Қартайғанда асырасын десең, о да-бір бос сөз. Әуелі-өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші-балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші-малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болмақ? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары-ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің көргеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Соңына балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта» деп, біреуді боқтатып, «кәпір»- қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болды деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» Сонымен кімде ақылы, байлығы, естілігі: «Денсаулығы» болса, ақ жаулықсыз тағы өмірге қаны таза болып келуі де мүмкін емес болып және мұндай он саулықтың жер бетінде ұрпақтан көрініс тауып жүздесуі үшін де бала тәрбиесінің маңыздылығын, үш байлықтың да көрінісі болатын баласын қалай тәрбилесе, онда өзінің де мінезінің ұлт байлығының көрінісі болатынын да ескертеді.
«..Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілемеймісің? Тілейсің. Құдай береді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсамаймысың. Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарп қыларлық ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?..Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесі, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі –біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің –сол…» Адам баласына тағдырымен бірге он саусағына берген қуаттың ақылмен де байланысты жетілуі болып, біздердің адал кәсіп қылмай, масыл болуға құштарлығымыздан ақылымызды арамдыққа, надандыққа жұмсап тауысып алып, малдық қуаттардың жұмсалып түрленіп көбеймейтінін және керісінше өрістің солға қарай айналумен қара қуаттарға жамандыққа түрленуін де ескертеді. Ғылым, білімді меңгеріп өнермен ұштастыра білмеуден де жанның да жоғалуы болмақ.
«…Бұл-құдайдан тілеген емес. Бұл-абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың, Байыдың. Сол малды сарп қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ақирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен таппаса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы-сол үшеуінен басқасы ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы да қайыршылыққа түседі.» (10-шы сөз) Сонымен он саулық байлықты меңгеру үшін ғылымды меңгермей, тәрбиесіз білімді аталдырып немесе дін білімін меңгертіп, балаларымызды дінші «намазхан» атандырып, өзіміз естілігімізді меңгере алмай жүріп қажы атанып немесе шет ел асырып әлемдегі ең жоғарғы оқу орнына оқытқанға, білім бергенге мәз болғанмен, ғылымды болмаса, яғни заманына қарай меңгерген білімінің пайда, зиянын ажырата алатын ақыл қуаттарын, ар білімін меңгере алмаса, яғни рухын тазартып жанын жетілдіре көбейте алмаса, онда бәрі бекер болмақ. Олай болса малды (руқтық қуаттарды жұмсау арқылы) сарып қылып ғылымды болуға қандай әрекеттер керек екен? Енді бұл өсиетті Шәкәрім атамыздың насихатынан толықтыра кетсек; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан Оған ем табылмапты тамам жұртан. Айтқаны қате кетпес бір балгері Әкепті естіген соң даңқын сырттан. Ол айтты:-Бұл жараның емі бөлек, Табылса, алғызыңыз құнын төлеп. Маңдайында қаз-қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өті керек…» Бұл жерде маңдайында 3 меңнің болуы тағдырындағы үш байлықтың белгісі және 15 санды жүректің тазалығы болатыны астарлы насихатталған. «…Дәт айтуға патсадан бала тілеп, Мына сөзді айтуға рұхсат алды: -Ата –анасы көтерер бала назын, Зорлық көрсем, құтқарар әділ қазым. Қайғымды шағатұғұн ханым даяр, Бір пәлеге кез келіп болсам жазым. Ардақтаған ата-анам малға сатты, Қазы бұзды ұялмай шариғатты. Хан мені өз жаны үшін құрбан қылды, Енді кімге айтайын мұң мен дәтті? Үшеуі де аямай оқпен атты, Маған да емес пе екен жаным тәтті? «Адамда әділет пен мейірім бар деп, Естілер мұны білмей неге шатты?..» Бұл насихаттың пәлсапалық ойына жүгінсек, қазіргі таңдағы қазақ ата-аналарының өздері де арсыз болып, қаны азып өмірге әкеліп жатқан ұрпақтардың тағдырын, болашағын осындай малға, дүненің қызығына, арзан ақшаға сатып жатқанмен бірдей. Онан кейін дін шариғатымыз да жастарды еңбексіз намаз оқытуға құштар қылып, білімсіз құранды босқа жаттатып, намазхан атандырып, ақылын қазыққа байлап, нәтижесінде жастардың ақылы сезімге байланумен өздерін-өздері азапқа салып, шет елге соғысқа қашуына да біздің дін масхабымыз осылай әділетсіз заңымыздың әрекеті екені де сөзсіз. Және ел билеушілердің өздерінің мақтанын, тағын, дәрежесін көтеру мақсатында түрлі ой жорумен 13 жасқа толмаған балаларға үш тілді үйретумен, жас қыздарымызды жыныс ауруынан ектірумен, қолдан баланы ұрықтандыруды мақтан қылған, ұрпақтарымыздың қалайда жанын жетілдірмеуге, ата салт-дәстүрімізге тыйым салып қыздарымызды етегін жауып, орамал тарттырып ақ жаулық қуатын яғни ұлтымыздың теменгі де жоғарғы да санасын жауып, 7-ші күнін жоғалтуға, ақылын аздыруға, қатындарымызды еркекпен тең деген көңілді «көтенмен» немесе еркектің құйрығы мен әйел құйрығы тең болу керек деген ғылымсыз ой жорумен, ұлттық текті, гендік сипатымызды әлсіретеуге бағытталған шешімдерін өз ұрпақтарымызды осындай үш оқпен атып, маңдайындағы 3 белгінің , ақылдың алтыншы күнінің жетілмеуіне жағдай жасап жатқанымыз да хақ. Негізінде ел билеушілердің сипатын; «Хан қайтты мұны естіп ескі беттен, Құшақтап сол баланы сүйді беттен: «Жазасыз қыршын жасты қинағаннан, Жөн еді біздей залым өліп кеткен». Мұнан қандай гүл тердік, оқығандар, Құр жазуға қарама, сырын аңғар. Бірі өлтір деп баласын малға сатып, Бірі өлімге шыдаған неткен жандар?» Ел билеуші, зиялы қауымға керекті естіліктің белгісі «ескі беттен» қайта білуді де меңгеру үшін бұл тақырыпқа қазақ дәстүріне тән, толымды ақылды қалыптастыру үшін жер бетінен 40 белгі әулиесіне жалғана алған мүмін болумен, қайсарлық, қажырлықты меңгерумен «Ғайып ерен қырық шілтенге» жалғануды талқылау арқылы оқырманға түсінікті болатыны да сөзсіз.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға….Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға. Біреуі –көк, біреуі жер-тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар — аппақ, бүркіт-қара, түлкі –қызыл, Ұқсайды хасса (кемел) сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүл етпей ме сипағанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шашы қызыл жүзді жасырғанда. Куйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар тар төсекте жолығысқанға…Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда. Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда. Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе, Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң. Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, Біле алмасаң, құс салып дәм татпасаң.» (10-шы өлең) Абай атамыз неке төсегінде жолығысу арқылы яғни ақ жаулық қуат пен денсаулық қуаттың кездесіп алмасуымен үшінші байлық он саулықтың белгілі бір қуаттарының зейнеттелетін аңшылықпен астарлап; «Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда..» деп махаббатың қуатының жарық ошағынан яғни екі жыныстың арасында үш түрлі қара, қызыл, ақтан пайда болатын қуат үні болып өнім беруін ескертеді.
«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де-бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа?..» Қайрат – тазарған жынымыз, кісілігіміз бен ақылымыздың әділетпен, шапағат, мейірім рахымдылықсыз екеуі де адасып және қазіргі таңдағы қазақ халқының рухани бейнесін де көрсетіп жындылығымыздың соңына түсіп ақылымызды жоғалтып, мүлде мастарға айналып алғанымызда сөзсіз. «..Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түспей бәйге алма. Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға.» (110-шы өлең) Мініңді әшкерлейтін майдан болып, құдайы ісі болған ата жолында аруақтан бата алумен, аян, уахи алумен нәтижеленетін Алла жолында мал, жаныңмен соғысу деп біліңіз. Өз мініңді ішкі сырыңды көңіліңнің айнасын құдайдан сұрап білмей, шариғат дін ісі арқылы анықтау мүмкін емес. Әрине мұндай жағдайда Алланың досын табу аруағына жалғанусыз да мүмкін емес екені де хақ.
«Буынсыз тілің, Буулы сөзің Әсерлі адам ұғылына. Кісінің сөзін Ұққыш-ақ өзің, Қисығын түзеп тұғырға. Сезімпаз көңіл Жылы жүрек Таппадым деп түңілмес. Бір тәуір дос Тым –ақ керек, Ойы мен тілі бөлінбес» (210-шы өлең) Абай атамыздың әрбір өлеңінің насихаттары құран аяттарының сандық мәндері мен олардың сырларын ашатынын да білдіре кетсек, аятта; «Олар, бұлттың көлеңкесінде Алла және періштелер келіп, істің бітіп кетуін ғана күте ме? Істер Аллаға қайтады.» (2-210) Біздердің барлық істеріміз, жақсы ғамалдарымыз Аллаға барып періштелерге айналуын, яғни құранның кітабы болып, Алла досы деген құранмен бейнеленген істерден кітап алғандар болып және масһабшылар айтқандай жын-шайтан болмайтынынын да; «Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші (Алла досы, періштесі) болған; (208) Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз (209)Бұл Құранды шайтандар түсірмеді.» (26-210) Олай болса Аланың нұры он саулық дегеніміздің өзі ақиретпен байланысты біздің ата-бабаларымыздың тағдырларында тектілік сипаттарымен рухани бейнеленген кітаптары біздерге қалдырған аманат, мирастары болып табылады. Сонымен мұндай кітаптарға жалғануға, пайғамбарлық қасиеттілікті меңгеруге, яғни «Жерде жүздесудің» балаңды ақиретке арнап өсірумен ақиреттен дос табуды; баланың маңдай тағдырын 3 байлық белгісін қалыптастыру, неке арқылы 3 қуатты меңгеру және ақыл, қайрат, өнер, сезімпаз жүрек, көңілді жетілдірумен 10 сипатын іс әрекеттермен, қозғалыстармен негізделген рухани кітаптарын баяндап өттік. Ал енді бұл кітаптарды, кісіліктерді жер ана рухымен байланыстыруды тәнімізге белгілерін алуды, естілікпен бекітіп толымды бір ақылға айналдыру үшін қазақтың дәстүрінде «Ғайып ерен қырық шілтенге» жалғануды, қырық әулиеден зияраттап өту арқылы жер бетіндегі 40 түрлі киелікті меңгеруді, «қызға қырық үйден тиым беруді» және мұндай пайғамбарлық қасиетті; «Мүмін болу,-елшіліктен хабаршы болу» деп атаймыз. (жалғасы бар)