XXIV-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және ұждандылық текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 120

             «Ұжданды мақтайды тамам адам, Мейлі ғалым болса да, мейлі надан. Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Бұрынғы замандарда қазақтың наданы да ұждандылықты арман қылған екен. Қазақтың тектілігіне тән ұлттық арман-ұждан болған. Ұждандылық мәңгілік өлмейтін жанның бейнесін қалыптастырумен байланысты және мәңгілік елдің ақ бастауы да болады.  Ал, енді ұждансыз болса да, бірақ дін шариғаттының шегін аттамай, өзін Алланың сүйікті құлы болдым деп, ұлттық дәстүрдің белгілі бір шамасына қарай жоралғы, әдептерін орындап жүргендерді; «ар, ынсаппен іс қылып», бірақ өлімнен кейін қайта тірілудің құлшылығын түсініп меңгере алмай, аманаттарын (карма) меңгермей, белгілі бір тағдырдың тауқыметін тартып, өмірден өтіп жатқандарымыз да баршылық.

Әсіресе бұл топқа қарапайым ауылда жүріп; шаруа баққан, бала шағасын өсіріп, адал еңбегімен күн көріп өмір сүргендер мен шығармашылық өкілдері, ел қамын ойлап, іс қылған ел басшылары да жатады. Және шариғатпен, масһаб білімімен, түрлі сопылық топтарға бөлініп алған діншілер де «реинкарнация» яғни жанның өзге тәнге қайта келуін терістеп, Алланың ақ жолында өлгенімен аруақтық, тағдырлық аманаттарын ақтай алмай, ұждандылықты меңгере алмай өтіп жатқандар, өмір сүріп жатқандары да көпшілігіміз болады. Қазақтың дін құлшылығының, ата дәстүрінің егер ұждандылықты меңгеру тұрғысында ғана пайымдаған естіге исламның барлық дін топтарынан да әлде қайда жоғары тұрғанын аңғарар да еді. Ұжданды болған ата-аналарымыз өлгеннен кейін ғана емес, тірі кезінде де жан қуатын, махаббатын, жылуын жүректен-жүрекке бере алған, ақиретпен, ұжмақпен (екі арлаық өмір) жалғану арқылы теріс жолдағы пендесін өзіне ұқсас жанға өзгерте алғанды.

Сонымен адамзаттың жанының жеті түрден тұратыны; сезім әрі саналық (ой қуаты, ақиреттік біліммен), қисындау (логикалық ойлау) қуаты болып, бір пенденің бойынан табылатын және оның бірі Мен сипатты болып, ал қалғаны бес сезім және рұқтың тәндегі ақыл үйлерінде, орындарда кездесіп, бірленіп отыратынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен Мен сипатты жандық қуаттың ойдың 7 үнімен жүректе, баста бірленетін (7+1) Фатиха сипаты болса, ал бес сезімнің 6 ақылмен бірленуі (5+6 =11; 5х6=30) кітап, пара (құран) болып табылады. Сонымен әлемнің барлық құпия сыры адамзаттың тәнінде 700 нейрондық (текше) ақпараттық кітап болып, онан бойында жарықтық денесін, 7 қабат зейнеттік кимін және алды артқы сипаттағы ой бақшаларын қалыптастыру керек.

Абай  атамыздың; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп рұқ қуатының бес түрлі сипатта адамзаттың ақылдың қаракеттік талабына, таланттылығына қызмет қылатынын ескертеді. Өтейбойдақ атамыз; «Бес қуат ақындар сияқты айтысып бір орында алмасып отырады» деп ақылды рұқпен қуаттандырудың сырын түсіндірген. Ал бес қуаттың тіршіліктік  біліммен (көк жер екі аралық) жүктеліп, бес жұлдызды таңба болып, оның бір орында (қағба, жер ана рұқымен жалғану ойпаты) жанға бірленгенде, алты бұрышты арап елдерінің туындағы таңбасы пайда болады. Сонымен, көңіл бақшасының пайда болуына келсек;  қалай адам баласының алты сезімдік қуатымен (шестое чувство) яғни бес қуаттың рұқпен бір орында кездесіп, рұқтық орындарының алмасып  отыруымен және мойыннан төмен орналасқан бес-үн-чакра, бой өрісімен жалғанумен көңіл қуаты пайда болады. Енді көңілмен маңдай тағдырлық 6-шы күнмен бой өрісімен бастың өрістік, ағзалық тазалығымен және сөйлеу өнермен байланысты, ақыл-ой бақшасынан ұжданның өсіп, жетіліп пайда болатынын естен шығармаңыз. Ұжданмен байланысты адам баласының саналығы да көбейіп жетіледі. Немесе бұл бақшаның теріс қуатқа айналуымен маңдай тағдырға кері әсері болып; «Басқа бәле тілден» деген.

Ұждан; жүрек көзінің ашылумен төбеден, аяқтан алған Алланың нұрының кісілік, нәсілдік қуаттардың жүрек арқылы сәуле болып сыртқа шығумен ғана сөз бақшасынан көңіл құсының пайда болып, яғни періштелік жанның, мәңгілік өлмейтін өмірдің сипаты пайда болады. Мұны бақыт құсы деп атаған да жөн. Бармақпен маңдай тағдырымен де жалғануын; «Бармақтай бақ бер, оны ұстап тұрар батпандай салмақ (аманат жүгін) бер» деген аталармыз.  Әрине бұл әрбір пенденің құдайдан аманат тұрғысында жеке-жеке жол-жобасын алуымен, оны ақтап шығуына байланысты; Алла тағаланың нұрынан үлес алып бейнеленумен пайда  болады. Ұждандылықтың сипатын жанның ақ түсімен байланысты Абай атамыз арлылық деп бағалап түрлі жағдайларда  сипаттаған; «Көзі барлар ойының Күлер көтін ашқанға, Қасиетін бойының Бекер төгіп шашқанға. Қуанарлық қыз емес Жылтырауық таққанға. Өзгелерді біз емес Түсірмекші қақпанға. Осы да есеп бола ма? Ар, абиыр тапқанға? Миың болса, жолама Бос желігіп шапқанға. Бір бес надан, оңбасың, Нансаң онын қосқанға. Жасық, жаман болмассың, Жамандықтан қашқанға…»

Дана бабамыз қазіргі замандағы ел билеуші, зиялы, дінші қауымдықтардың бес қуатқа ақылсыз бес сезімді қосып (шерік қосылу), онды меңгерумен кітабы (11-санды) ашылмай, ұжданның бақшасын өсірмей,  жүректерінің көзі ашылып әрбір істің болашағын болжап көре алмай, шайтандықпен көтін ашқанды «жұлдыз, дана» атап, елге ақыл айтқызып қойған жағдайын алдына-ала көріпкелдік, парасаттылықпен болжап суреттеп кетіпті.

Негізінде бұрынғы заманда «өз көтін ашу» деген дәстүрге қарсылық пен сөз астарын меңгермей, жындылық сөзді айтатындарды, яғни қазіргі ел билеушілердің «нұрлы жол, ұлт арманы, зияткерлік, нұр отан – халық бірлігін қалыптастырушы, масһаб – тура жол, құлдық-сана,стереотиптік сана, мемлекетік сана, орысқұл т.б.» ойы терістелген сөздермен өз абыройын төгіп, сөз бақшасын өртке орап, басына бәле тілеуді білдірген. Ал қазір таңда бұл әрекеттердің мүлде арсызданып, ашық ұятсыздық, тәндік сипатқа ауысып алғаны да сөзсіз.

Енді көңілдің өсіп-өніп қуаттануынан ұждандылықтың жетілуін; «Таба алмадық бір адам Біздің сөзге ергенді. Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шықтық міне белге енді. Енді аяңда, жығылма, Сыймас жерге тығылма, Қой бұрынғы желгенді! Қайғы шығып иыққа (аруақ періштелігіне), Қамалтпасын тұйыққа,…»  Көңілдің жастық пен жігіттік және ересек кезінде  ұйқы өліммен жағдайында; жан мінетін түрлі көлік тұлпар болып, жер бетін шарлап, дүние қызығын барлайтын болса,  өмірдің мұндай өрлерін меңгеріп, біліммен жетілген бес надан (нәпсілік) сезімді тәрбиелеп, алтыншы («шестое чувство», көріпкелдік) белеске шығуымен, алты жанның бір жүйеге бейнеленуін; «Сергі, көңілім, сергі енді! Балапан құстай оңалып, Қанатыңды қомданып, Жатпа ұяда қорғанып, Ұш көңілім көкке, кергі енді! Көңілде қайғы, қалың зар, Айтатұғын сөзім бар, Салсын құлақ ұққандар, Өрбі сөзім, өрбі енді!..Айтуға көңілім тербенді, Өзің жалғыз, надан көп, Ұқтырарсың сен не деп Әулекі, арсыз елге енді?..»

    Дін тұрғысында бағаласақ, пайғамбарымыздың ізбасарлары ұжданды болуы міндетті болып; имам, дін ғалымы, хазірет, сұлтан, бектік, төрелік, қожалық қасиеттің көңіл құсының еркектерде сұңқарлығымен, әйелдерде аққулығымен байланысты болуы шарт.  Және аққудың, сұңқардың да  6 түрі барын да біле жүру керек. Жалпы бұл жан ғылымы арап елдеріне берілмей, олардың сұңқар құсын ерекше қадірлеп ырым қылуында да осындай сыр болып және аққулардың ол жақта өмір сүрмейтінін де білген жөн. Жаратылыспен барлық райлық, жан-жануар өсімдіктік, тау-тастық қуаттардың барлық түрі қазақ жерінде барын да иманмен бағалау дұрыс болар. Олай болса, жандық тұрғыда 6 қуат, қозғалыс (6-күндік) жаратылыс негіздерімен толық жалғанудың сопылық тұрғыдағы құлшылығы, тек қана пайғамбарымыздың және бұрынғы замандарда кітап түсірілген, намазын орындаған пайғамбарлар мен елшілердің, сахабалардың аз ғана тобы меңгере алғаны да хақ.

Негізінде ежелден ғұрыптық дін салтында барлық діндердің намаздарының орындауы түркі елінің еншісінде болғандықтан да аятта; «Ол қауымды (ұлтты) іздеуден селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде (соғыс пен  азаптарға ұшырауда).  Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін (әулиеліктің жоғарғы дәрежесін, елшілік қасиеттерін, жаннаттық болуды) үміт етесіңдер. Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (4-104)  Мұхаммед пайғамбарымыздың арап жұртына орта топтық дін ісін, шариғат негізінде құлшылық ісін қалыптастырғанмен, өзіне ерген аз ғана сахабалармен тақуалық, сопылықтың жоғарғы дәрежесін меңгерумен парасаттылықтың құлшылығын да көпшіліктен жасырын орындағаны да хақ. Ал пайғамбарлықтың белгілі бір қасиеттерін ғана меңгерудің құлшылығы болып; құран арқылы бес сезімді тазартып, мұсылмандық қасиеттілікті ұстанудың ғана құлшылығы араптардың салтына айналғаны да сөзсіз.

Ал енді әлемдегі діндердің бәрін исламдық құлшылық амалдары арқылы бірлеудің намаздары бұрынғы өткендердің елшілік істерін жалғастыру болып; Нұх, Ыбырайым, Жүсіп, Ғиса пайғамбарлардың меңгерген діндерінің істеріне орта топтық намаз, құран, пайғамбарымыздың сүннеттері арқылы жалғану керек. Және олардың тылсымдық аруақтық, шежіре тағдырлық мирас кітаптарына да жалғанудың міндетті парыз болғанын иман (кітабына жалғану) келтіру деп атаған жөн. Енді жанның 9 сипатты рұқпен кісілікпен байланысты бейнеленгенмен, негізінде әр пенденің бойында жеті жанның болуымен және оған рұхтан Алланың нұрынан жеті арыстық кітаптың таза ой қуаты болып жалғанумен, қазақта жеті санына байланысты киелердің, қуаттық жүйелердің барлық өмір сүрудің, тіршіліктің ата дәстүрінің де негізгі болып, сегіз кезеңмен бекігені де хақ.

Сонымен, мұндай исламның діндер бірлігінің болашақта әлемге де үлгісін көрсетуші, түсіндіруші, бірлеуші, Алла тағаланың хикметті білімін меңгеруші топтың, елдің болатынын Раббымыздың хабарымен білген пайғамбарымыз Арыстан баба арқылы құрманы  Ясауи бабамызға, яғни үшінші Ахметтік дәрежені меңгеруші елшіге беріп жіберіп, пайғамбарымыздан  Укаша сахабаның тікелей дәріс алып, мөрін сүйіп, батасын алуымен қазақ елінің дін ісі, масхабсыз тікелей екі рет арада 4 жарым ғасыр салып та сахабалық жолға жалғануымен де ерекшеленеді. Мұндай елге; «Имансыздық намазда Қызылбастың салған жол» деп Абай атамыз бекер ескертпеген.

Ал енді құранның 6 күн рұх және оның жаны жеті үні туралы ғылым, білімді ашық түсіндіргенмен; жанның тағдыры, кітабы туралы білімнің жасырын лахфуз-махфузда Алланың қасындағы құпия білім екенін ескертеді және арап елдеріне жан ұғымдарының сыры аз берілген, сондықтан арап ислам елдерінің сөздік қорында нақылдарымен, мәтелдері мен  оның ғұрпы мен дәстүрі де болуы да мүмкін емес. Дәстүр сөзінің кез келген салттың ықпалында кетуіне, киесінің өзгеруіне, қазақ елінің тілші, ғалым, ақын, жазушы, ел билеуші, философ немесе әнші «жұлдыз» аталғандардың, ал негізінде ібіліс ұрпақтарының жалауы болып алғаны да жалған емес. Жан білімі  дәстүріміздің негізі, атау сөз ұғымдары сандық ғылыммен байланысты болуы да керек, сондықтан да алты жан негізінен бір тұтас болатын ұждан және бір «мен» жанның тәрбиесі туралы терең сырлы сопылық білімдердің сөз тұрғысында арап елдеріне болуы да мүмкін емес.

Олай болса,  Ар-Ұждан туралы ұғым сақталмаған, болмаған жерде дәстүрде болуы, сақталуы, қалыптасуы да мүмкін емес. Сөз ұғымдық тұрғыдағы мәлімет, деректерге жүгінсек,  аятта: «Мұхамед олар сенен жан туралы сұрайды: «Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге (араптарға) өте аз мәлімет берілді» де» (17-85) Ал Раббымыздың әмірі болып; елшілік істермен жанға уахи, аян болып берілетін, әрбір пендесіне жеке-жеке оқылатын жол-жоба аманатынан болмақ.

Демек аян түгіл, қарапайым ұйқының тазалығын, түс көрудің сырын да білмейтін, керісінше қарсылық сөздермен ақыл-ойдан  сөз бақшасын күйдіріп өсірмейтін масһаб білімімен жанның сырларын түсініп, мәңгілік жанды — ұжданды өсіре алуымыз да мүмкін емес. Олай болса, Раббымыздан тікелей хабар алуға, көктегі аспан денелеріне жалғану да мүмкін емес. Сондықтан масһабшы, ислам дін ғалымдары рұқ пен жанды бір атап, (бастапқы құдайлық Менге теңеп) көріпкелдік, көргенділік, ұждандылықты меңгеру арқылы ғана жоғарғы кісіліктің дәрежесін яғни алды-арты түгел қамтып ойланатын болжампаздық, парасаттылыққа жетуді, ақиқатты меңгеруді, исламның шартына қайшы деп, пайғамбарымызды екі арлық куәлікке тартып, ібілістің ықпалына түсіп алғандарын аңғармайды да.

Мұндай діншілердің өмір тіршілігіндегі ұяттылықты меңгеріп, ынсапты (көңіл қуаты) болғанымен, бірақ  ақиреттік білім мен құдайдан ұяла білуді меңгере алмағандықтан да; ұждансыз екендері де хақ. Ұждандық үлгі діншілердің өзінде болмағандықтан да қазақ елінің барлық білімді, зиялы, ел билеуші қауымы надандықты қолдап, ата жолын қудалап айыптауына, яғни ұждандылық пен ақылдың еркі парасаттылық атты (алдағы-арттағы екі күзетші жұлдыз жарығын) ұлттық екі күнді меңгерудің құлшылығын тартып алып, оны меңгеруге қарсы болушыларға атақ дәреже, лауазым беріп, жол ашып қойғанына да бірден бір себеп болғаны да хақ.

Алдыңғы тарауда ұждандылықты; 14; 28-сүрелермен байланысты деп ескерттік. Аятта; «Алла тағала сондай иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді, Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді.» (14-27) Мықты көркем сөзбен, нақылдармен бекітілген қазақ даналарының насихаты және ақиреттік тұрғыда да 7 арыстық кітапқа мирас болған ұжданды, парасатты әулие-әмбилеріміздің біздерге аян, уахи, батамен оқып жатқан сөздері де осы аяттың орындалуына да ашық дәлелге жатады. Ал енді пайғамбарымызға құран уахимен түсірілді де, бірақ сопылық тұрғыдағы меңгеретін кітаптарға (аспан мүлкі жұлдыздарға, жеті жолға)  жалғанумен яғни ұждандылықты меңгерумен, елшілік істермен байланысты болуы керек.

Аята; «Саған кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме! (86) Алланың аяттары (толық құран емес, кітаптардан аяндар) саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (жорып амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа (сары түсті ғылымды оттың негізін, жұлдыздарға жалғануды меңгеруге) шақыр да әсте серік қатушылдардан болма!» (28-87) Олай болса қазіргі таңдағы ислам ғалымдары, масһабшылар түгелдей жан жарығы болып кісілік денемен бейнеленген мирас кітаптарға, аян, уақи арқылы жалғанумен құдайдың әр пендесіне жеке беретін жол-жобасына,  түспен берілген хабарларды жорып, намазын орындап,  інжілдік тұрғыдағы ақталуға қарсылық жасап, серік қатумен ғана тұрмай, өздері Алланың үкіміне қарсы теріс пәтуа беруші яғни ортақ қосушылар болып саналады. Әрине бұл аятты оқып түсінетін қазақтың ел басшысынан бастап, барлық іс атқарушылары мен діншілер мен ғалымдардың да ұждансыз болуынан, әзірге санаулы ғана адамдарға жүрегіне енуі де хақ.

Сонымен Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілікті жалғастыруға қиямет-қайымға дейін жалғаса беретін жан ғылымының кітабын мұрагерлік тұрғысында алған Ясауи бабамыз болып, онан кейінгі барлық әулие-әмбилердің, даналардың да кітап иелері болып аталуы жөн. Бірақ осындай мықты  ұғымдары ұзын сөздермен бекіген қазақ елінің дәстүрлік дін жағдайын шектеумен айналысатын; түрлі дін топтарына бөлініп, білімді зиялы қауымның, ел биліктің діннен ашық бас тартып, ұжданды болуды «серік қосу» деп атап, өзара бүліншілікке түсіп алдық. Барлық әлемнің дін тағдыры құранмен басқарылатынына және жобасы да алдын-ала беріліп қойылғанына дәлел аятта; «Алла Нұхқа нұсқау берген нәрселерді (аяндарды) және саған уахи еткенімізді (сүннеттерді), сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғисаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды; Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер.  Сенің шақырған нәрсең (діннің бірлігі) мүшріктерге ауыр келді. Алла оған кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе тура жолға салады.» (42-13)

Ақыл тоқтатып пайымдаған кез келген пендеге исламның бірлігі, тура жол деген масһабпен бес парыздық діни жол болуы да құран тұрғысында мүлде мүмкін емес. Тек қана орта топтық үлгіні дін жолы қылу; мүшріктік болып, қазақ ата жолы  пайғамбарымыздың аманатын алған, құдайдың бейімдеуімен өмірге келген, түркі дәстүрінің негізін қалаған Ясауи бабамыздың түрлі мұғжиза мен ақ бақсылықпен, сопылықпен хикметті білімдерді меңгеріп, емшілік, елшілік істерді де атқаруымен қалдырған ғибратты жолы ендігі таңда біздерге қазақ ұлтына ғана мирас болғанын ашық түсінуге де болады.

Сондықтан қазіргі бұл жағдайымызды аятта; «Олар (түркілер, қазақтар) өздеріне білім келгеннен кейін араларындағы көралмастықтың салдарынан ғана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімге дейін (қияметтік сын сағатына) сөз бекіген болмаса (кітаптардың мөрі ашылуымен аққу, сұңқарлар арқылы көркем бекіген сөздерді меңгеруге, өліктерді сөйлестіру, періштелерді түсіру, елші жіберу) еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расында олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер де (қазіргі масһабшы, дін ғалымдары, ел билеушілері) әлбетте одан шәк ішінде күдіктенуші.» (42-14)

Әрине құраннан немесе басқа сөз ғылымынан нақылдармен қанша деректерді келтіргенмен, мұндай ұғымдарды еліміздегі  ең жоғарғы даналықтың жетістігіне жетті деген ел басшымыз да, оның ақпараттық қызметші уәзірлері де жүрегімен қабылдай алмайды да. Неге десеңіз алтауы араз, ұждансыз, демек ар-намыстылығы да жындылардан болып, бірақ адамдық ұяттылықты дүниелікпен меңгеріп жүргендер болғандықтан да; ынсапты (мұсылман жынды) болып саналып, ал егер дінші болса, онда мүшріктік топтардан деп білген жөн. Бұл тақырыптың негізі болған жындылық топтардың жөн жағдайы мен қуаттық сипаты туралы алдыңғы тарауларда баяндап кеттік, бірақ қайталау білім анасы болып, кейбір жындылықтың себебі мен ынсаптылардың рухани болмысына қайта тоқтала отырып, ұждансыздықты қалай анықтау тәсілдерін, жан сырын (психологиясын) ашып көрейік… (жалғасы бар Наурыз 2016 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *