XXXIV-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 53

Жаратушымыз құранмен ескерткендей адамзаттың азғындыққа, бұзықтыққа дінін тастап адасуға жаппай бой ұрған замандарда, қияметтік мезгілдің белгісі болып, Раббымыздан шындықтың аян, уахи болып оқылатын ескерткен. Мұндай жағдайда сол елдің ішінен ескертуші болып көместен хабар келтіретінде ескертеді. Аятта; «Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсірсе олардың байлары; «Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз» деді. (34) Сондй ақ олар; «Біздер, көп малдар, балаларға иеміз.Сондықтан да азапқа душар болмаймыз» деді» (34-35) Қандай замандарда болсын, білімде озық болғандардың ел басқарып дүние байлығында тұрмыста да артық болатыны тіршіліктің заңдылығы.

Енді қазіргі заманда да қазақ елінің байлары мен білімді қауымдарының және жақсы тұрмыс өмір сүретіндер, өсіп- өнгендер де білімді, ілімді діншілер қауымдары екені сөзсіз. Ал енді ата жолына шығып, Ақ ұлдың жүрек құлағын ашу мұғжизасы арқылы, тылсымның хабарын естіп, әулие-әмбилер баталарын, шындықты жеткізе білушілер көбіне төменгі бұқара халық арасынан шыққан, өмірдің сынағына, тауқыметіне түскендер және білімде де аса жетістікке жеткендірі де бола қойған жоқ. Сондықтанда әлеуметілігі жоғары топтардың; «Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз» деп, және «Бұлар халықты тонап, садақа жинап біздерден де асқан бай болуы мүмкін…» деген арам ой, көре алмастықпен соттатуға заңмен қудалап жойуға тырысқанымен, аз ғана топтың бәрібір бұл істі жалғастырып жатқаны да хақ.

Негізінде қиямет мезгілі шын мен шындықтықтың арасына түсетін хақиқатпен, яғни Раббымыздың сары нұры білімін меңгерумен байланысты болады. Өмірдегі болған уақиғалармен, нақты атқарылған істермен бейнеленген, және тарихи деректермен білімге айналған ақпараттармен құлшылық үлгілерін шын деп атаған дұрыс. Ал шындық көместік тұрғыда құдайлық білім болып; аян, уахимен, батамен бейнеленеді. Сонымен қазақ халқында шын мен шындыққа құштарлардың арасында ақпараттық тұрғыда соғыстың бүгінгі таңда да жалғасып жатқаны сөзсіз. Құлшылықтың негізі де осындай шынға, растыққа табынудан, шындықтың үлгісін танып сыйынудан пайда болады.

Бірақ шынмен шындықтың да қарсылығы болып, ібілістің әрекетімен білімін терістеу арқылы адастырып, қисық жолға бұрып отыруда өмірдің бұлжымас заңдылығы болмақ. Сондықтан білімде, құлшылық үлгілерінде шынға айнаған ал ілімде шындықтың меңгеру үлгісі болған қандайда бір намаз оқу, орындаулардың, амалдардыңда арасында жалғандықтың болуы да өмірдің заңы. Мұны бес күндік қуаттық жүйемен байланысты «жалған өмер» деп атап, алтыншы күнге даналыққа жалғану арқылы құдайлық шындықты меңгерумен ғана бес күнмізді шынмен бейнелейміз. Бұл мысалды Меккедегі қағбаның бес қабырғасы екі арлықпен алтыншы қабырғасы жермен жайланысты болып тұруына да ғибрат алуға болады. Адам жүрегінде де осындай бес қабырғалы 200 санды нейрондарға алтыншы қабырғасын қалаумен, жарыққа айналдырумен нәтижеленбек.

Мұндай жағдайда шындықтың адамзат өмірімен бейнеленіп, Алланың хақиқатымен растығына куәлік болып табылатын, ерекше хикметті білімін меңгерген, сүйген құлдарының жер бетіндегі шынға айналған ірі белгілері арқылы, олардың мәңгілік өмірге жалғанған аруақтары арқылы құдайлық шыннан таза ақылдан хабар алумен ғана тура жолға жалғануға мүмкіндік болмақ. Сондықтан адамзаттың тәндік, жерлік қуаттарымен байланысты уақытша өлімнен, тозақтан өтумен жоғалатын қуаттар болады. Бұл шынның бейнесі Әруақ деп аталуы керек. Ал енді жоғалмайтын, өзгермейтін тұрақты арлылық қуаттармен, мәңгілік өлмейтін ұжданмен байланысты, жұлдыздық жүйеге жалғанған шынның шындық бейнесін Аруақ деп атаймыз. Аруақтық қуаттардың әулие-әмбилерге, пайғамбарларға, елшілерге тән құдайлық шын қуаттық жүйеден болып саналды.

Қазақ әулие –әмбилерінің аруақтарынан құдайлық шын, ақ сөзі, бата болып насихталып, біраз уақыт халықтың рухани оянуына себепші болғанымен кейінен құдайдың нұрынан шындықтың өзіне жалғануға жете алмағаны да хақ. Себебі қара түнек күштеріне, жындарға жалғанып ұрлануымен, қазіргі таңда мұндай сөзбен бейнеленген шының да қуаты жоғалып діннің үгітіне, ойы терістелген қарсылық сөздерге, түйсіктік, сезімдік тұрғыда жалғандыққа бейнеленіп жатқаны да хақиқат. Негізінде шындықтың; Алланың өзі- Ол болып, яғни құдайлық жалғыздық сипатынан, біртұтас біздер тарапынан, аят болып оқылатын да жадыңызға тоқып алыңыз. Жалғыздық дегеніміз Алланың 99 көркем есемдері сипатымен байланысты, белгілі бір адамзаттың есімімен, қасиетімен бейнеленіп, Ол-дық сипатқа айналуын білдіреді. Мұхаммед пайғамбарымызды Ол Алла деп ескерткен аяттарда. Ол жанның жалғыздық ерекшелігі болғанымен, біртұтас жандардың жүйесін Алланың Өзі-Біз деп атайды.

Құранда; «Малдарың да балаларыңда сендерді жанымызға (біздерге) жақындастармайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарына неше есе сыйлық бар. Сондай –ақ олар аман-есен жоғарғы орындарда болады.» (34-37) Олай болса аспан көктегі жұлдыздар әулие-әмбилердің, Алланың сүйікті құлдарының жандары «БІЗДЕР» болып, жоғарыдағы жанаттық сарай, жұлдыздарға ұжданымызды өсіріп әулиелердің-біздірдің аруақтары арқылы жалғанумен, иман келтірген және оң істермен ғана сыйлық түрінде хабар келтіруші ескертуші дәрежесін меңгеру аққу, сұңқарлардың қасиетілігінен болуы керек еді. «Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырсқандарға келсек, міне солар азапқа душар боушылар.» (34-38) Әулие-әмилер арқылы көктен түсіріліп, жер ана рұқымен оқылатын көркем сөздерді, аян, уахиларды, ақ батаны; АЯТТАРЫМЫЗ деп атағанның өзінде құранның насихаты көмес кітабынан екенін білдіреді.

Сонымен қазақтың білімге бай қауымдықтардың, бұл Алланың түсірген нығметін меңгеріп, зерттеп бақылауда ұстап, имандылықты меңгеру тәрбиесін көрсетуден бас тартып; «Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз» дегендіктен, ата жолының аққу, сұңқар аталғандардың басым бөлігі жындардың қызметшісіне ібілістің ықпалын жүргізетін қаруына айналып алғаны да сөзсіз. Шындық пен арсыздық, күнәға соқтыратын әдет, қылықтардың бірге өмір сүрмейтіні хақ. Ал шынның жағдайындағы білімде, әдеттерде шындық та қарсылықта болуы қалыпты болмақ. Олай болса шын дегенміз тек, ағаш, қасиет болып, шындық пен қарсылықтардан бейнеленуі де керек. Яғни ақ пен қараның ортасында шыны, пердесі болуы керек. Шариғат бекіген дін ісі- шын болып, ал оның шындығы мен қарсылығын ажыратуға тарихтан тәлім, бұрынғы замандар шынынан ғибарат, үлгі алу керек. Ал оны тек білім тұрғысында ғана меңгерумен тарихатта болдық десек, онда тағы да Құдайдың шынынан таза ақылдан хабар алмай адасамыз.

Сонымен бұрынғы шынды тазартып шындығын ажыртып алу арқылы ертеңгі шынға сандық тұрғыдағы мағрипат біліміне жалғана аламыз. Даналардың біздерге қалдырған мирас еңбектерінен шындарынан ертеңгі күніміздің де шындығын табуымыз керек. Бірақ бұл білімді де замандық бүгінгі шынмен пайымдағанда тағы біздің адасумызға арасына жалған білімнің араласуымен байланысты, құдайлық шын таза ақылдан дерек алу да міндетті болмақ. Осындай жағдайда үш түрлі шынан, үш кезеңдік шындықты ғылымды меңгеру арқылы енді ақиқаттан хабар алуға Алланың хикметті білімнен кереметін көруге жете аламыз. Бұл мысалымыздың жағдайын 99 санды таспихтың үш белгімен және 33 санды таспихтың 11 санды 3 белгімен берілгенінен де ғибрат алуға болады. 33 белгіден тұраты Алла тағаланың үш сипатыт ғылымын, 11 санды үш кезеңдік шынмен меңгеру қазақ дін дәстүрі болуында да жан ғылым бар. Мұны ақиқаттың танымы сәждесі деп атайды.

Бұрынғы заманда білімнің қуатты қазіргі замандай өркендемеген кезеңде әулие бабаларымыз үш кезеңмен хақиқаттың танымына жеткен болса, ал біздер үшін мұндай қияметтік заманда олардың меңгерген хақиқат танмы арқылы ғана діннің тұтастығын бірлігін меңгеруге тура келеді. Сондықтан масһабшы, тарихатшы, сопылық ілімді меңгеруші, мағрипатшы немесе топ құрып алып, еркешеленіп ақиқат бізде демей- ақ құдайлық шынан хабар алу арқылы, қазақ дәстүрімен ақиқатты меңгеруді ата жолы болып қалыптасуы керек еді. Мұндай құлшылықтың сипатын біздің бабаларымыз әлде қашан меңгергені Шәкірім атамыздың; «Шыннан өзге құдай жоқ,Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың Бұзылмайтын шын керек! …Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпты тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын сенде шын!»

Ата жолында дәстүріміздің жалпы қағидасын сақтауға тырысқанмен ал тақуалық, тазалықты әрбір пенденің белгілі бір әулиелермен яғни 136 түрлі рухани жүйенің қасиетімен байланысты ғана өмірге келетімізді білмейміз. Ондай құдайлық болмысымыздың 1001 түрлі қараңғылықпен, күнәмен жүктеліп, 101 түрлі сыртқы әсерлермен жалғанып адамдықтан төмен тек дүниемен, ішіп жеммен ғана тіршілік ететін жындылық, сайтандық кейпімізді өзіміз ақылмен анықтап мұндай тозақтық жағдайдан босанып шығуымыз да мүмкін емес. Және бұл жүйені (136+64=200) екі жүз қарсылық кісілік қуаттық жүйені меңгеру үшін де, рухани ақталуды меңгеруді мүлде жоғалтып алғанымызда хақиқат еді.

Құдайлық шынды табу үшін бұрынғы заман шындарын меңгеріп, бүгінгі шынымыздың ақ –қарасын анықтау үшінде ертеңгі күніміздің де жағдайынан ақиреттік шыннан, тозақтардан да хабар алуды меңгеру керек. Ол үшінде 64 санды (Тағабун-Қоныстану, аудару туралы) жер мен көктердегі барлық жартастық нәрселерге қуатық жүйесіне жалғану, 18 мың ғаламды меңгеумен Ала жолында көркем қарыз беріп сауап жасаумен нәтижелеуі керек.Ал ертеңгі күніміздің масһабшы, ислам діншілерінің түсіндіргеніндей барлық адамзатқа бір қалыпты болуы да тек жананатпен ғана байланысты мүмкін емес. Намаз оқып бес парызды орындаумен түгелдей жаннатық тура жолда бола салу деген де ертегі ғана.

Әрбір пенденің ешкімге ұқсамайтын тағдыры ата-аналарынан келе жатқан ерекешелік қасиеті және оның орындалмаған аманаттары мен тозақтық тұрғыдағы қарғыстары да болуы, бүгінгі таңда қалыпты жағдай. Тозақтық ата-аналарымызды құтқарып, жанаттық қылмай, ол үшінде тозақтан хабар алып оларға қуат бермей, дүниелік тұрмысымыз да бір қалыпта болмайды. Ал енді жанаттың тұрғындарына Құдайлық шынды, және болашақтың шындығын, ғылымын тауып жалғану үшінде күнәдан тазарып ақталу жолының бұл жазбаның бас жағында баяндалғандай ата жолында 9 жылдық сатысын меңгеру арқылы ғана шындықты меңгере аламыз. Бірақ мұндай дүние тіршілгіміз, күнәміздің жағдайы туралы шынды да жеткізетін екі аралық дәнкерлікке тұрған құдайлық дарындылық қасиеттерді аманатқа алған аққу, сұңқар аталғандардың өздері құдайлық шынды меңгере алмаса, әулиелік қасиеттерді, тектік асықтығын сақтауын білмесе, онда соңынан ерткен топтардыңда мұны меңгере алуы мүмкін емес.

Қазақ еліне Алланың сый болып, мұндай қасиеттерді рухани тазалық дәрежесіне де қарамай еріксіз түрде тылсымның хабарын жеткізіуші жетекшілерді дайындау, Ақ ұлдың елшілік ісімен жүрек құлақтары ашылып, тылсымнан әрбір пенденің кешегісі мен бүгінгісі және ертеңінен жер ана рұқынан мағлұматтар беріле бастады. Бұл деректерді жекізушілердің өздеріне белгілі мерзімге шариғатын дұрыстап, тақуалықты меңгеруге жүрек көздерін ашып, көкке біздерге тікелей жалғануға жеңілдік берілген болатын. Бірақ бұл жеңілдікті керісінше түсініп, шараиғатын меңгеріп, тақуалыққа жалғанып жүректерін тазарта алмай, мұндай қасиет өзгермейтін ерекше артықшылық, деген сылтаумен берілген несібені, құранның үнін жоғалтып алғандар қазір ата жолында 90-99 пайызға жетті десек қате емес.

Сонымен ата жолында 10 шақты жылдай ғана шындықтың жетелік, саналық ақыл тұрғысында бейнеленіп оқылған аян, уахилардың тоқтауымен, шынды түсіндіретін баталардың да тылсымнан үні жабылды. Ал аққу, сұңқарлардың көпшілігі мүлде құраннан ажырап та қалды. Ал жалпы ата жолына келуші пенделердің діл қуатты жетілмеген, сөз ұғымын жетелік тұрғыдағы түсінуге де шамасы келмейтіндер болғандықтан да, олардың бүгінгі дүние тұрмыстық жағдайлық шынынан ғана хабар беретін, ал ертеңі мен өткен тағдырлық құпия шыны жалған болатын жындық жүйеге жалғанған түйсіктік, сезімдік немесе белгілі бір үгіттерге негізделген құрастырылған жалған батаның пайда болуына жол ашылғаны да хақ.

Сондықтан ендігі ата жолындағы баталардың әулие-әмилер аруағынан емес, кез келген ақылы жетілмеген пенделерді қылмыстарын, күәсін немесе жетістіктерін айтып таң қалдырып, шалқасына түсіруге деген, түйсіктік, сезімдік деректерді өз өрісіне алып жеткізе салатын, яғни қара бақсылықтың, жындардың яғни жаны толық жетілмеген тозақтық тұрғыдағы әруақтардың (аруақтар емес) ықпалындағы «аққу, сұңқар» аталғандардың есті пенделерді ата жолынан түңілдіріп, қашырумен айналысуға қызметке тұрып алғаны да жасырын емес. Ата жолының басында әркім өз тағдыр шынынан хабар алып, дүние тіршілігінде де жағдайлары түзелгенмен, кейінен тақуалықсыз, толық ақталаудың жолын, әулиелік қасиеттілік жүйесін меңгере алмай, тығырқа тіреліп, немесе бір бейтараптық күйге түскендер ата жолын тастап, өз бетімен бірі масһабшы, бірі өз бетінше дінші болып алғандары да жеткілікті. Ал мүлде қол сілтеп тастап кетіп, өзінің ескі жын, шайтандық қалпын тапқандар да басым бөлгі болмақ.

Негізінде; Аққу, сұңқаралық қасиеттің пайғамбарымызға берілген 17 санды кітап арқылы құранның уахи-бата болып оқылуының, енді кез келген қасиетті пенделердің тақуалығына қарай жаннаттық періштелерден насихат, тура жолдан шындығынан хабарлар келтіру болып оқылумен жалғану болған еді. Тылсымнан әулиелер; «Адамдықты өсірер қасиет, ал ұстана алмасаң қасірет» деп ескертеді. Адамдық періштелік қасиет. Абай атамыз; «…Кімде кім ақиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы-олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсе бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қайғысынан, ақирет қуанышынан артық болса-мұсылман емес…» (34- сөз)

Ата жолында жүргендердің қазіргі таңдағы басым бөлігінің ынтығы құмарлығы қалайда дүние қуанышына кенелу, жолы дүниенің байлығына ашық болса болды, ал ақиреттің қайғысын, қуанышын тағдырларын түзеу амалдарының мүлде ескерусіз қалдырғандары да хақ. Яғни мұсылмандықтың жоғалуына аққу, сұңқарлардың өздері мүдделі. Себебі тақуалыққа, рухани ақталуға мән беріп шариғатты толық меңгере бастаса, онда мұндай жалған қасиеттерінен, жындылықтаранан ажырауға тура келеді. Қазақта; «Жынынан айрылған бақсыдай» деген осындай қара түнек күштеріні жындардың ықпалындағы өмір сүрген, қара бақсылықпен айналысқандарға айтылғанды. Бұл топқа қазіргі кездегі көптеген сопылық тұрғыдағы тақуалықсыз, белгілі бір баға қойып емшілікпен, тазарумен айналысып жүргендердің бәрі де кіретінін жадыңыға тоқып алыңыз.

Мұндай емшілер ауырған жердегі жанды ұрлаумен, орнына жындық қуаттарды енгізіп, қаралықтарды көбейтумен ғана айналысады. Яғни рұқтық тұрғыда дәріні дем арқылы да егуге болатын ұмытпаңыз. Ал оның түбі тозақтық болып, артындағы ұрпақтарына да ол аурулардың жүктері ауысумен ғана қайғы-қасірттің, қарғыстың пайда болуын болжау мүмкін емес. Сондықтан масһаб діншілерінің байбаламының да кейбір жақтары дұрыс екені де сөзсіз. Мұндай жағдайда; «Молданың ақылмен, дәстүрмен лайық айтылған сөзін істе, ал өздерінің арап салтымен істегендерін мүлде істеме» дегенде де лайық болады.

Сондықтанда қазіргі таңдағы ата жолыда, немесе түрі құран арқылы емшілік әрекеттерімен айналысатын қазақ елінде жалған 132 жоғарғы дәрежелі жындардың пайда болатынын ескертеді әулие-әмилер аруақтары. Жалпы ата жолындамыз, деп халықты да шақырып жүргендердің тақуалық түгіл, әуреттерін толық жабу, намаз оқу деген сияқты шариғаттың бекіген ісін меңгермей –ақ, өздерін қасиетті аруақтың қолдауына жүргендер деген «жазийа-тәкпарлыққа» түсіп алғандар жеткілікті. Әрине «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» дегендей діннен, ата дәстүрінен хабары жоқ, рухани өлі, көңілі соқыр пенделердің тағдырларына қыспақ түскенде, осындай шайтанның жамағаттарынан ақыл сұрап, белгілі бір жындылық топты көбейтуге де тура келеді.

Қазақ елінде бүгінгі таңда қияметік жағдайдың мезгілілінің шешуші кезеңге аяқ басып, әрбір пенденің тағдыры таразыдан өтіп, осы желтоқсан айынан бастап нақты жауаптар беріліп, ендігі жыл көктем айы талайлардың басына қияметтің сынағын айқын сезнетін күн туады. Сонымен енді құдайлық шынның жолына түсуге кедергісін салған ібілістің де жобасы толық орындалған ел болып саналамыз. Себебі ата жолына қарай аяқ басқан пендесін жалған «аққу, сұңқарлардың», әйтеуір зияратың басына апарып дұға оқытса болды, деген ұстанымен, өздері жалғанып алған белгілі бір жындардың тобына жалған түйсік батамен ақылын қазыққа байлап қойумен немесе есі бар адам баласын мүлде түңілдірумен аяқталады.

Ал муфтият имамдарының үгітімен «намазхан» болып, бірақ мұнымен қияметтің сынағынан ізгіліксіз, игліксіз аратық хайыр жасамай 18 сың ғаламыдық қуаттық жүйге жалғанып меңгермей, бұл намаздардың жеткіліксіз болып, құтқара алмайтыны және дінші, ғалымдардың өздерінің де бастарына қиындық, қыспақ күн туып, жалпы исламман қашырудың да бұл ібілістік жобасын іске асырумен байланысты екені де хақ. Ал ел басшылардың европалық салты, гендірлік саясаты, мәңгілік ел жобасы, дүние байлықпен бақытты болу жолы да немесе білімді қаумның ниетің дұрыс болса, құдай амал жоқ өзі үшін кешіреді, деген салты енді бұндай азаптан, нәсілдік жоғалудан тұқымының тозуынан құтқаруы да мүмкін емес. Олардың өздері де жалған емшілерден, «аққу, сұңқар» аталғандардан жәрдем сұрап, жалған батаға сеніп, шала бүлінетінде күн туады.

Ата жолында мұндай жындық топтардан хабар алумен, немесе бес парызбен шектеліп, тарихатқа кіріп, пірге қолын (әруағын, періштесін) тапсырып, дегендей немесе исламның өткен күнімен өмір сүруді насихатайтын топтарға да кіріп алып, көп жағдайда дүние тіршілік оңалғанмен, жаныңды құтқарып көбейтіп, болашақта бақытты ғұмыр кешеуге, немесе өз ұрпақтарыңа тағдырлық қарғыстарды жеңілдетіп, тегіңіздің тамырын тереңге жібере аламын деген де жалғандық. Мұндай топтардың басшыларның өздері ауру, сырқау, тағдырларындағы жүктерін де дұрыс тазарта алмай жүргендері бүгінгі таңда мәлім жағдай. «Өзің бейшарасың, кімге пір боласың?» деген қазақта. Онда не істеу керек, кімнен ақыл сұрап, құдайлық шынды қалай табамыз, деген сауал әрбір есті пенденің жүрегін мазалап іздендіріп жүретіні де сөзсіз…. (жалғасы бар. Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *