XXXIX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 114

«Рас, бұрынығы ата-бабаларымыз бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржолата жоғалтып алдық…сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік…» (Абай 39-сөз). Қазіргі таңдағы қазақ ел билігінің қалайда мемлекетіміздің әлеуметін жақсартумен мәңгілік ел құрамыз деген саясатының орындалуына тек қана ұлттық, халықтың екі мінезін қайта қалыптастырумен ғана нәтижелі болатынын әулие даналарымыз болжап көрсетіп кетіпті.

Абай атамыз; бұл екі мінездің яғни ұлттық кісіліктің негізі де халықтың ар білімін ұғынумен байланысты екенін насихаттапты. Енді неге 39-сөзбен белгілеп баяндауының сырын зерттеп көрейік. Құранда; «39-Зүмәр-Ұқтұру, ұғыну» деп аталады. Аятта; «Алла (Т) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне, осы Раббыларың Алла (Т) Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайда бұрылып барасыңдар?» (39-6)(45) Енді кісіліктің қуаттық жүйесін; 1.Адам-рұқ; 2.Хау ана-жан; 3.Сегіз түр-8 жындық кісілік; 4. Үш қараңғылық-үш адамдық қасиет болып төрт жүйеден және ішкі сыры 13 (рұқ+жан+8 түр+3 бөлме) белгіден тұрады. Барлық қуаттық жүйенің рұқ пен жанға қызметімен; «екі жарты бір түтін болумен» толық адамдық кісіліктің Раббымыздың Патшылығы жер бетінің халифалығы болмақ.

Ал бұл аяттың сандық мәнінің ғылымдық сыры; алты жарықтық негізбен, алты ақылмен, рұқтық жүйемен байланысты деп біліңіз. Және сүренің (3+9)12сандық мәнімен жаратылыстың мезгілдік белгісімен бір тұтастықты меңзеп тұрғаны хақ. Сонымен (1;2;6;12;13;8;3) сандық белгілермен бір аяттың ғылымдық сырының өзі адамзаттың барлық құлшылығын, жер бетіндегі өмір сүруі барысында кісілігін меңгерумен және оның қасиеттерін меңгеруді ұғынумен ғана байланысты болып, екі мінездің бірін-бірі толықтырып тұрумен біртұтастығын сақтаумен байланысты екені де хақ. Адамдық ұғыну мен ұқтырудың қасиеттілігі қазақ дәстүрінде төрелік рұқтық, адамдық сипатта төрелік, намыстылық болып, ал қожалық қасиет халықтың арасынан шығып және арлылықпен аруақты болумен байланысты болмақ.

Кісілік дегеніміз; Адамдық сипаттағы рұқпен байланысты қуаттық жүйелердің бірлігінен пайда болады. Кісі-рұқ; алапат күш иесі болып, мінез-құлық, ықылас, жігер, ынта және 12 мүшеге енетін жан болады. Атадан қалған киелік, тағдырдың өңделуімен «8 ұрттың бір тілім» және ақ та емес қара да емес, бар да емес жоқ та емес, көрнеу де емес, көрінбейтін де емес, қалың да емес жұқа да емес, ерен де емес, түзен де емес сипаттағы екі аралық қуаттық жүйені айтады. Таңбамен байланысты; Басы А дан басталып, соңы Я-дан аяқталады. Қиянда тасада қалғандар қашады. Аятта; «Екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратқаным жоқ» деген жаратушымыз. Пайғамбарымыз; «Құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деген өсиетіне жүгінсек, барлық жаратылыстың кісілігін меңгерумен ғана Адамдық ұғымы қалыптасады деп түсіну керек. Бір деген ұғымға жаратылыстың Аллаға тән болатын барлық қуаттық жүйесінің белгісі, жиынтығы сыйып кететінін де жадыңызға тоқып алыңыз.

Жаратылыс баста Бір сөзден (Бол) басталып, ұғымдары қасиетке айналып, кісілік қуаттармен бейнеленіп, 13 белгіге тұрақтауын қазақтың даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп астарлаған. «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп, «Жетесізге жеті айтса да түсінбес» деп немесе жеті санмен әлемдік жеті жарықтың негізіне, жеті үнге жалғунмен жер бетінің жеті қазына байлығын, әулиелік кісілік жүйесін, елшілік істерін меңгеруді ұқтыратын ұғымдарды қалыптастыра білген. Құранның анасы жеті аяттан тұрып, азанның да жеті аяттан болуы және жетіні алты ақылмен, алты алаштық тектілік жүйесімен, жеті арыстық елшілік жүйесімен ғана иманның жеті шартын меңгеруді 13 санды сөз жүйесін ұғыммен меңгеруі қазақтың дәстүрінен ғана таба аласыз. Жаратылыстың негізі жеті жарықтан және оған басқарушы үш жарық күн, үш адамдық қасиет тәждің болатынын да естен шығармаңыз.

Енді ата жолының негізі Ясауи бабамыздың қалдырған ілімінен басталып, үш түрлі сәни дәптерінің барын және 13 сатыдан тұратынынан дерек келген. Жеті жарықты басқарушы үш тәждің сипатын қазақ дәстүрінен ғана табылады десек қате емес. Сонымен барлық құлшылықтардың сипатын 13 сандық кісілікті меңгерумен байланысты деп ұғыну да керек. Есептік жүйесін; 1. 13х5=65 «Талақ-жұбайлық туралы» яғни жаратылыстық жүйеге жұбайлық өмір арқылы жалғану. 2. 13х6=78 «Нәбә-ұшқырлық, қағып алу, өрім»; 3. 13х3=39 «Зүмәр-ұқтыру, ұғыну»; 4. 13х7=91 «Шәміс-күн мен түн хикмет»; 5. 13х8=104 «Һүмәзә-бақша, бұлбұл құс, жәннәт» болып бес қуаттық жүйенің сыры шығады.

Құранда 13-сүре «Рағыд-Құрметтеу» яғни Алланың Қадыр сипатын, хақиқатын түсіндіретінін де білген жөн. Ал енді исламдағы бес парыздың шығу тегі мен Абай атамыздың «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген насихаты осы құлшылықтың сырларын, қолға бес саусақ арқылы әруақтық бейнеленуін ескертіп тұрғаны хақ. Шариғаттың маңыздылығы да ар, ұятты сақтап, жұбайлық өмірмен, өсіп-өніп көбеюмен дүние тұрмысымен байланысты ақиретпен бірге өмір сүру, кісілікті жүктеп алу, тазарту, қасиеттілікті меңгеру, ақиретпен байланыста тұру туралы білім көп қамтылмағаны да сөзсіз. Ал қазақ дәстүрінің ата жолының маңыздылығы жоғарыдағы есептік жүйедегі шариғаттың 5 негізін (65;78;39;91;104) толық қамтумен тарихатқа әлемдік тұрғыда Адамдық кісілік жүйеге жалғануға есік ашпақ.

Енді мұндай толық кісілікті Адамдық мінезді меңгеру үшін де; жанмен байланысты діл білімі Хау аналық кемпірлік болса, рұқты меңгерумен байланысты Адам ата пірлігі болмақ. Қазақта; «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деп жанды меңгеруді айтатын болса; «Қой асығын қолыңа ал, қолыңа жақса сақа қой», «Бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деген. Сонымен «Басалқалық» бөрікті болумен, төрелік ел билеушілік пірлік яғни жол табарлық қасиет болмақ.

Бұл екі нақылдың сипатын; 1.Таразыға салу; 2. Мықтылығыңды дәлелдеу, 3. Данышпандық; 4. Сөз салмағын ұғыну; 5. Ұлттың кәдесіне жарау; 6. Дүниенің тәттісі мен ащысын біліп, ащысын таңдау; 7. Алыс берістің нәтижесін білу, Құдаймен саудада болу; 8. Хаққа жағушылық; 9.Әбестіктен Алла сақтасын құлшығын меңгеру; 10.Оң мен солының құпиясын меңгеру; 11. Қызғаныш пен қызығушылықтың айырмасын білу; 12.Ақ пен қараның әдісін ұғынушылық; 13. Сайып келгенде бұл ұғымдылықтың бәрін беске саятынын меңгеру. Қазақ даналығында; «Білім біліктілікке емес ақылға саяды» деген. Олай болса, ел билік және дін масһабтың саясатындағы біліммен ғана білікті, ақылды болмақ, ел басқармақ жаратылыстың сырын ұғыну жоғалып, сенімнің жүйесін жоғалтумен, халықпен ардағы байланыстың үзілуімен байланысты болмақ.

Сонымен алдыңғы тарауда баяндалған үш түрлі мінездің қасиетінен ұлттың екі түрлі мінезділік тегі, кісілігі пайда болуы керек, яғни беске саяды (бес қуатты, нәсілді меңгеру) дегеніміз шығады. Ал адамдық мінездің негізгі тәжі болған; ( есту,көру, ойлау) үш қасиетін: «хауас сәлим»-Құдаймен саудада болу есту қасиетімен үнділік болса; тән саулығы-денсаулық көру қасиетімен, тектік көргенділікпен байланысты. Ал енді үшінші тәжіміз ойшылдық ұғымдылығымыз ата-ана қоғамдағы алатын тәрбиеміз әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз болмақ. Ұлттық тектілігімізді, кісілікті меңгеруді; «Атаның баласы болма Адамның баласы бол, атаның баласы дұшпаның, Адамының баласы досың» деп ескерткен даналар. Абай атамыз; «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп, Кәнеки осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы-пейіл емес алдау, дұшпандығы-кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.» ( 39-сөз).

Қазіргі таңдағы ел билігіміздің жалпы халықтың да таңдаған саясатымыз дүниенің байлығы жақсы тұрмыста болумен, ел билеушілердің пірлігі мал табарлықпен ғана шектелгендіктен ата жолын қууды, рухани қазынамызды мүлде тастап қойдық. Және мал табарлық саясаттың жолына түсіп алып дау қуумен партияларға, жындық топтарға, дүние тұрмыстық әрекеттерге ғана байланған дін масһабымен топтарға бөлініп алып, өзара кейіс пен маған ерсең бақытты боласың деп бірі-бірімізді алдаумен, өзара күндестік, дұшпандықпен ғана айналысып кеттік. Ата заң дегеніміздің өзі ата дәстүрін арлылық, намыстылық, табандылықты (жер ана рұқымен жалғану) қалыптастыруға емес, ел биліктің мал табарлық саясатына қызмет қылатыны да жалған емес.

Ал ата жолынадағы аққу, сұңқарлардың осы ұлттық мінездің үлгісін қалыптастыруға арлы, намысты болуы үшін де алдымен табандылықты, яғни жол табарлық қасиетті меңгеру жолында ата дәстүрін түсіндіріп үлгісін көрсетуге қызмет қылуға емес, дүниенің жолын ашуға, мал табарлық қасиетті меңгеруге қызметке тұрып алумен, күндестік мен көреалмастардың дұшпандығын қоздырып сотталып, қудалауға да негіз болғаны хақиқат. Сонымен жол куудың рухани қазынамызды сақтап көбейту жолында болуға тиісті ел билеуші немесе бұқара халық өкілі болсын, бұл екі мінездің үш қасиеттілігімен; табанды, намысты және арлы болып саналамыз. Ал табандылықтың құлшылығын меңгеру үшін де алдыңғы жазбадағы 38-сөзбен, сүремен берілген қасиеттіліктерді, құдаймен сауда, сәлемде болу, тәннің, денсаулықтың саулығы және ұлттық тәрбиемізбен байланысты болуы да хақ.

Енді бүгінгі біздің өмір салтымыз, құдайшылдығымыз қандай болса Құдаймен саудамыз, аманатымыз да, тән саулығымыз және ден саулық ақылдың талабымен байланысты махаббатымыз, даналығымыз яғни бұқара халықтың ұғынуы мен ел билеуші, дінші, ғалымдардың ұқтыру қабілетіміз солай болуы керек. Олай болса табанды, намысты, арлы болуымызда; Мен жарығымыздың, махаббатымыздың қалыпты болуы да тәндік саулыққа, тәнге қызмет қылушы барлық қуаттардың жүйесінің БІР қалыпта (ұрық қабы, бой өрісі, аура) болуына тәуелді болмақ. Енді ел билеушілер, дінші ғалымдар, ата жолындағы аққу-сұңқарлар болсын даналықты меңгерудің, денсаулық пен ақ жаулық байлықтың меңгеру жолын білуі шарт.

Мұндай саулықтың үлгісін аятта; «Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік. (20) Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді.. (21) Олар Дәуітке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: «Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал» деді.(22) Рас мен мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда ол «Оны маған тапсыр деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді» (38-23) Інжіл жазбаларында да бұл рухани құпия сырды «Әкенің екі баласы болған еді, үлкен баласына енші беріп, ол малын шашып, ұзақ уақыт қаңғырыста жүрді..» деген астарлы әңгіме бар.

Ал қазақтың жандық ғылымында, шығармашылығында үш байлықтың негізі денсаулық пен ақ жаулық, он саулық деп түсіндірген. Сонымен үш байлықтың негізі де тән саулығынан яғни денсаулық аталып, табандылықтан пайда болатыны да хақиқат деп біліңіз. Жоғарыдағы аятта екі қуаттық жүйенің адам баласының Рұқ иесі әкеге төрелікке жүгінуін ескертеді. Бірінші даушы 99 саулықтың иесі, яғни адамзаттың тәніндегі 99 бұлшық еттерімен де байланысты болып; 1. Тіл; 2. Ніл (тазалық, ақ, айығу, көз жасының тереңдігі); 3. Жан жүйелерінің қуаттық бірлігін қалыптастырады. Мұнан 33 санды 99 таспихтың; «Сұбханалла»-Тілмен байланысты; 4-көздің түгелдігімен, маңдай көзімен; Асқақтық, үстемдік, сана сезімге ишара, шипа қуаты болмақ. Төрт көздің түгелдігі дегенміміз; Дүниенің төрт бұрышымен жалғану, хабар алумен, төрт жақсылық, жамандық, төрт шекті меңгеру деп түсіну керек.

Сонымен енді бір саулықтың сипаты; Ақжаулық байлығы болып; 1. Дұрыс ойлана білу, 2. Ақ пен қараның арасын ажыраты білу; 3. Ұғыну, ұқтыру; 4.Сенім мен сенімсіздік болып 99 саулықты, денсаулықты басқарушы байлық болу керек. Аятта; «Дәуіт; «Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарының үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай» деді. Дәуіт шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.» (38-24) Дін исламдағы сәжденің нәтижесі намаз оқып, таспих тартып дұға жасаумен ғана шектелмейді, керісінше адамзаттың екі кісілігін Адам –Әке-Мен арқылы ғылыммен басқарылып тұруын Зәбурлік Дәуіт пайғамбарымыздың таумен, құстар үнімен жалғану, қол шеберлігін меңгеру үлгісімен нәтижеленеді.

Сонымен 99 санды малдық қуатты меңгерудің намаз орындау жүйесін; 1. «Сұбаханалла»-33 белгісінің; Асқақ, үстем сана сезімге ишара, шипа 4-көзге (4-чакра) жалғанумен; 2. «Әлхамдулла»-33 белгінің; Жүректегі үнмен, жүйке жүйесіндегі сырымен байланысты болмақ. 3.«Аллахуақбар»-33 белгінің; Алла ұлық, ұлықтау,биіктеумен байланысты желке, төбе арқылы жүйеленеді. Сонымен бұл үш жүйеден 99 саулықтың негізі болып қалыптасады да, бірінші кісілік жаралыс болмақ. Екінші кісіліктің ақ жаулық қуаттық жүйесімен байланысты болмақ. 99 саулықтың жүйесі жер, көк ақирет несібесімен байланысты болып, қыр дауысын меңгеру, жер мен көк арасындағы жаратылыспен жалғану болмақ. Ал Ақ жаулықтық бір саулығымын тәндегі тұздардың шығуымен, жанып алмасумен, өмірге ұрпақтың келумен байланысты, шілде тері шығып, күнәадан тазарумен байланысты бекіп қонады. Бұл қуаттардың рұқтық, кісілік жүйесін; «Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар» деген. Жаға мойын қуаты болып, әйелзатымен, анамен байланысты еркектер үшін.

Мұндай құлшылықтың жүйесін; «Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Қызға қырық үйден тыйым», «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма», «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген қазақта. Олай болса ұлтымыздың елдігі тәннің, деннің саулығы, ұлттың тектілігі қанымыздың тазалығына, әйелзаттарының көріпкелдігі көңілінің ашықтығы, мейірімділігі, етек қуатының тазалығы, ақ жаулықтық қуатты меңгерумен байланысты болмақ. Ал ер азаматтарда бұл бір саулықты ана сүтінің құнарлығымен және сөз түсіну, ұғыну, ұқтыру қабілетімен байланысты еркектің жетесіне әсер етеді. Бір Алла ұғымының өзі барлық қуаттарды даралық бір жүйемен байланысты деп түсіну керек. Және мұндай Бір қуаттық жандық жүйеге жалғануды неке төсегі арқылы әйелзатынан үнемі қан шарабы, етектік төменгі сана болып толықтырып отыруы да керек.

Негізде бұл бір саулық, яғни ақ жаулықтық жүйеден еркек, әйелдің ойлану қабілеті, ақ пен қараны жаман мен жақсыны пайымдаумен, сенімділік немесе сенімсіздік қабілетін көрсетеді. Қазіргі таңдағы гендірлік теңдік аталған саясаттың ібілістік жүйеге жалғанып, адамзаттың өзін–өзі тануы, басқаруынан ақ жаулықтық жүйеден ажырап, тән саулығын аздырумен байланысты екені де хақ. Қазақ халқының ұғымы адамдықтың толықтығы үш байлықпен өлшенген. Бұл үш байлықтың негізі; Іңкәр жүректік, құдаймен саудада болу; Тән, денсаулығының дұрыстығы; Ата-ана, қоғамның ата салт-дәстүрін меңгерумен байланысты ақылдың талабы, махаббаттың төлеуі болуын Абай атамыз 38-сөз арқылы насихаттап көрсеткен.

Бұл құлшылықтың исламда толық сыры ашылмауының себебі христиандық, зәбурлік сәжделерімен байланысты қазақтың тегінде ғана бірлігі болып қалыптасқан еді. Інжілде; «Адамның екі баласы бар еді, бір баласына енші беріп, үлкені әкенің бар малын бағып қалған еді..» деген астарлы насихат бар. Және бір кісінің 100 саулығы бар еді, оның бірі жоғалып кетіп 99 қойын иіріп тастап, бір қойды іздеуге шықты. Сонан ол қойын тауып алып қатты қуанып оған той жасады дегенді. Енді інжіл мен құранның ғылымын шеше білген және оны салт-дәстүрге айналдырған қазақ әулиелері екенін білеміз бе? Бұл жерде көру, есту, ойлау яғни түсіну қасиетімен адамзаттың тәжімен байланысты қазақтың үш жүздік руға бөліну тектілік негізі де жатыр. Әлемдік жеті жарықтық жүйеге жалғанып қуат қосуды үш тәждік қасиетпен меңгеруді қазақтың үш жүзінің құрылымынан табуға болады.

Негізінде екі кісіліктік жүйені, яғни жүз саулығымызды, Аллалық бет жүзімізді меңгеру жер көк қуаттармен екі аралық адамзаттың сенімен, сенімсіздік, дұрыс ойлана білумен 3-тік жүйелік жер, көк, ақиреттік несібені меңгеру, қырық қожаны қырқа асыру, қыр дауысын меңгеру деген құлшылық ұғымдармен байланысты болмақ. Абай атамыз; «…Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерлі, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп өрістетрелік күн болар ма екен? Әй, не болсын!..Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-сөз)

Сонымен қазақ дәстүрінің негізі үш жүзге бөлініп жеті жарықты меңгерудің ғылымдық сырын білгіңіз келсе; Үш қасиеттің тозақтық тұрғыдағы хикметті сырын Мәсшүһр Жүсіп атамыз; «Соқыр, саңырау, жалаңаш» деген поэмасында баяндағанды. «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін!» деген даналарымыз. Енді ата жолының да негізгі талабы әулие-әмбилерден яғни алдымен бес аталық жүйеден сосын 41 әулиеден өтіп күнәдан ақталып осындай үш қасиеттен тұратын тағдырдық жүктерді меңгеріп тазартумен байланысты болмақ.

Ата жолы мен масһабтық салттың ерекшелігі де алдымен осы екі түрлі саулықтың намаз орындауын меңгеруді яғни Мен–Әке-Алланың жер бетіне түсірілген сөзі, рұқы арқылы басқарылуға яғни 100 қараны түгелдеумен намаз орындау болып саналады. Бұл құлшылықтың сәждесін меңгеріп игілік арқылы намаз оқуға жету қазақтың сопылық ұстанымынан болып саналады. Табандылықты меңгеру табанның ағаруымен, киелі ойпаттар арқылы жер ана рұқына жалғанумен болып саналатын ақылдың талабын меңгерудің сырын Шәкірім атамыз; «Талап деген жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді. Талап шапса ақылға мініп алып, Жақсы жаман бәріне бірдей салып. Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып…»

Адамзаттың бір қуаттылықты меңгеруі, тылсымнан ой көлігіне пырағына отырудың сипатын; «…Оймен, талаппен болды сегіз, Айтылмай енді қалды неменеміз? Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы Шығады осылардан түгел деңіз. Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан.» (Шәкәрім әулие). Қазақ билігі мен білімді қауымының, діншілердің мәңгілік жанды, ұжданды болып бақытты өмір сүру үшін де ғылымды болу, адамдық мінезбен ойшылдық саналықты меңгеру құпиясы да осы насихаттан ақылдың талабын меңгеру махаббатынан пайда болады.

Ал енді қазақ ата дәстүрімен тақуалығымен жүйеленген ұлтттық, тектік мінезімізбен ғылымды болуды терістеген бүгінгі таңда ақылдың талабын дінсіз меңгермектен әлемдік жындылық жүйенің қандайда бір тобына жалғану ғана болмақ. Мұндай жағдайда қандай істердің, әрекеттердің басында белгілі жындық топтардың әйтеуір сөздердің білімі тұруы керек. «Ашулы адамның сөзі аз болса – ыза, қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қан ағызса-домбыт мақтаншақ, я қорқақ.» (37-сөз) Демек біздің ел билеушілеріміз, діншілеріміз бәрі ашулы сондықтан өз халқымен қастықта. Сондықтан өздерін жартастың басында отырып алып өздерін елге ақылды санайды да елдің артынан ермегеніне ызаланып заң шығартып, тыйыммен, ашумен заңның күшіне ғана сүйенумен қияметтің сынағын азабын арттырумен ғана шұғылдануы да сөзсіз….(жалғасы бар. Қаңтар 2017 жыл)

Ата жолы блогы; http://btk.atazholy.local/аққу-сұңқарлар-және-ата-жолы/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *