Үй болу оңай емес

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 141

Үй болудан үйлену оңай деген қашаннан да,

Бой жетіп қыздың, ұл бойының «дағы» болса.

Теңін тапса қызыңды тегін бер дегенді,

Қыз — өрісің, ұлың отау құраған салтымызда.

Нәзіктер жаралған шайтан-сезім өсіруге,

Қанмен бірге көбейген «гормоны» есе.

Ер бала жын қуатын өсірмекші,

Мал деген қызмет қылмақ өнерліге.

Әйел жарты, ер жарты некесіз адам болған,

Некеленсе бүтін деп мұны атаған.

Некеден; «Ек»-жын, «Ен»-шайтан сезім болып,

Төртеудің бірлігінен түгел болған.

Үй деген тек пен геннің ағашынан құралған,

Үш ағаш тегің деген тапсын адам.

Үш ағашқа ат байлау ерге аманат,

Байтал деп бұл ағашты және атаған.

Үш ағаш адал бақан және киіз қазық,

Құдайым берген әуретке сызық салып.

Әйелге жасырып жүру, етекті — ары деген,

Екі аяқ арасынан өріс болған киіз қазық.

«Ек» деген ерге сыйы дәні рухтың,

Еркек  бұл дәнді жатыр-жерге еккен.

Ақылмен суын беріп, күтсе баптап,

Бидайдай өнім беріп, тек көбейген.

«Ен» деген ортасы, үйі бар қуаттың,

Суаты болған жан өсірер ақ бұлақтың.

Су ішкен құдығыңа түкірме деп,

Астарлы мақалы бар дәстүр-салттың.

Некемен мал көбейген қуат екен,

Ерден әйел, әйелден қанға енген.

Бір-біріңе беретін киім несібе бар,

Аяты құранның құпия сыры осы екен.

Нәзікте қанында шайтан қуаты мол,

Бұл қуат сезім болып, ішеді мал.

Жалқау болса ер малы тез семіреді,

Жаға алмай семіздікке ұшырар ол.

Қызуы әуреттерің шоғы өшсе,

Қыз, қатыннан қаны азып ұят кетсе.

Шайтаны тазара алмай майға айналып,

Батпан құйрық, айналғаны тексізге.

Ерлерде жын қуатты малдығы зор,

Қозғалыс, әрекет малдық қуат қой ол.

Жарына қайрат болар ер шауқаты,

Жанына киім болар, тазартар бой.

Атаның деген шауқатының көп мәні,

Шәкәрім әулиеден насихат, сөз астарлы.

Денесі адамзаттың ескі жаны,

Шауқатпен нәсілдік белгі қаланады.

Арлы, ұятты әйел сезер шауқат жайын,

Түрлендірген қуатқа, қалдырып таза майын.

Сезімін тазартып рухынан ер қуат алып,

Қанынан шарап шығып санаға шабыт дайын.

Сырттан бар және енер шерік деген,

Шашын жайып, арсызға бой күтпеген.

Қара қуат нәсілдер жын боп енген,

Қатындар көп су орнына уын береген.

Еркектер зина, түрлі араммен жүктеледі,

Ұрығынан қатынына түрлі жүк қоса егеді.

Не ексең соны орасың деген сөз бар,

Арсыз қызға, арсыз ерді қосатын үкім еді.

Төсекке дейін әйелге ер ғашық болған,

Нәпсі ісі мұндай әйелге құштар қылған.

Сыртына ғашық болып, шабыт таппай,

Өкінген, білмей сырын көп ұқпаған.

Әйелдер некеден кейін ғашық болар,

Жаны таза нәзіктер ғана мұны ұғар.

Сезімі өспей, жаны жарты қатындар көп,

Арсыздыққа құрбан және нәпсі құмар.

Некемен төртеуін түгелдей білген,

Жұбайлар шын бақыттың сыйын көрген.

Құдайым ұл-қыздан да кемдік қылмай,

Махаббатың бал дәмін сыйлайды екен.

(қаңтар 2014 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *