Жаға болған» ағаны да көрмедім.

«Кең тынысты» ініден де сезбедім.

«Жалғыз»  қылып жартқанда құдайым,

Кім жасауды мына менен көздедің.

Жастайымнан жетімдіктің сүрлеуі,

Көпшіліке көпшілдігім үлгі еді.

Ауыртпалық қаршадайын тосқанда,

Кім болуды мына менен көздеді?

Жан айқайын жалғыздықтың сезгенде,

Сорлы жаның кейпіндемін шерменде.

Жақын жаннан опасыздық көргенде,

Аруаққа дау айтамын, өлгенге.

Ана қылдым құрбыны да аянмен,

Өлген анам тірілгендей қалған ем.

Ақ сүт аттап кеткен кезде ол пенде,

Аруақ та білмей ме деп қалам мен.

Ант суы, қана да қостық пендемен,

Куә тартар жандар да бар өлмеген.

«Жалғыздығым» сынақтарда танылып,

Ақиқатты алдау, сұрау жеңбеген.

Жақсы жандар айналамда көп менің,

Сенім күші шегінбегін, кетпгін.

Адалдықтың ақ жалауы желбіреп,

Көк шалғындай ақ ниетім көктегін.

Жетімдіктің сүрлеуінен өткізіп,

Бойымдағы қайсарлық та баб тапты.

«Жалғыз» ғылып жартқанда құдайым,

Арқа сүйер пенделіктен сақтапты.

Уақытша «жалғыздығым» сынақ бұл,

Мақсатымды қолдап шығар халық тұр.

Жүректегі жарлар да жазылар,

Жанышырлар, жан достарым табылар.

(31-қаңтар. 2002 жыл. (Тарыбаев Қыдырәлі)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *