Гүл сыйлау қандай ырым?  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 58

Жанынан бақша қуат гүл өсірген,

Нәзіктерді гүл иісіне теңейді екен.

Басынан жаннаттан иісі шығып,

Ақ жаулықтың қуаты өмір берген.

Сөздерден барлық нәрсе жаралғанды,

Алладан  діні «Бол» деген үкім алды.

Ақтан аят кітаптармен бейнеленген

«Адам» деп жан мен денең аталғанды.

Ағаштан ата-анамыз дәмін татқан,

Қарадан қуат жыныс, нәпсі атын алған.

Боқтық пен ашу ыза сөздің тегі,

Жаратқан қарғап мұны теріс жақтан.

Өмірге нәпсі қуат тегің бастау алды,

Жыныстық ағаш болып аталғанды.

Ібіліс шайтан болған оттың үні,

Азғырылу ата-анамыздан бізге қалды.

Тілің бар от пен су екі жақтан,

Ортасын ағаш қылып тегің алған.

Үнінен тіл мен сөзден шөп жаратқан,

Гүлменен жақсы жаман ажыратқан.

Гүл деген атау сөз шөптің аты,

Әр сөздің жаннатта бар сыр сымбаты.

Еті гүл, қаны шарап қыз өсірген,

Бабалар гүл жұлуға тиым сапты.

Қыз гүлдей нұрлы ақыл сыр сымбатты,

Гүл қуат нәзік жанға тектік заты.

Көркем сөзбен бақшасын бой өсіруге,

Табаннан гүл бақшасын суғармақты.

Жаннаттың бағын бабаң гүл өсірген,

Құранның насихатын сөзбен өрген.

Ата-баба жан ғылымы, нақылы екен,

Бәйшешек бақшасы деп атын берген.

Жүректен адал ниет сөз арнаған,

Көркем сөз жаннан жылу гүл сыйлаған.

Ғашық болып махаббатты іздеп тауып,

Мәңгілік өмір бақшасына бірге барған.

Бүгінде салтың болды шөп сыйлаған,

Көзіңе шөп салам деп мойындаған.

Тамырсыз шөп, өлі гүл жаман ырым,

Мейірімсіз, адамзатты надан қылған.

Шөп салған зинақор ма ата-анаң,

Қабіріне шөп апарып малдай қылған.

Құранмен көркем сөзден артық па еді,

Жанды гүлді, өлтіріп, обал қылған?

Жарыма, әйелдерге гүл сыйламаймын,

Тамырсыз өлі гүлді қолға алмаймын.

Жүректің жылуымен жыр арнасам,

Өсірген гүлімді елім қабыл алғайсың!

(наурыз 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *