Мухаддистердің хадис риуаят алған адамдардың сенімділігіне көздері жетулері үшін аса сақтық көрсетіп, ақ пен қараның ара жігін ажыратулары(!) мына бір хикаяда баяндалады: Бірде мәшһүр бір мухаддис бір хадисшіден бір хадис алу үшін бірнеше күн жол жүріп барады. Алайда ол өзі алыстан арнайы іздеп келген хадисші кісінің қашқан атын қолына жем ұстаған боп алдап шақырған қылығын көріп, ләм-мим демей, дереу келген ізімен кері қайтады. Неге олай істедің деп сұрағандарға: «Жануарды алдаған адамның мені де алдамасына кім кепіл», – деп жауап қатады. Біз де бұл хикаяны оқып алып: “Пай-пай! Мухаддистер хадис риуаятында қаншалықты мұқият болған!” деп, олардың өтірікшілерден ешқандай риуаят алмағандықтарын, осылайша жеткізген барлық хадистерінің қаншалықты сенімді екендігін біздерден сенуімізді күтеді. Бұл жерге дейін хадистердің жалғанмен араласып кетуінің себептері мен нәтижелерін көрдік. Беріліп отырған қисын шүбә жоқ жарамсыз. Мухаддистер хадис риуаят алуда қаншама сақтық көрсетсе де, мухаддистер қаншама кемеңгер болса да жүз мыңдаған хадис ішінен тек сенімділерін сараптап алулары тіпті мүмкін емес, себебі хадис жинау жұмыстары басталғанда хадис риуаятының жынжырларындағы ең маңызды тұлғалар дүниеден өтіп кеткен-ді.Өмірде қалғандары болса Ислам жоғрафиясының төрт жағына тарап кеткен болатын. Бұлардың бәріне бару үшін сапар шегу әм олардың сенімді болғандарына көз жеткізу әсіресе сол дәуірдің саяхат жағдайларыны да ойға алсақ тіпті мүмкін емес. Оларға жету мүмкін болса да, бұл қысқа меймандықта олардың қайсысының сенімді қайсысының сенімсіз екендігін білу мүмкін емес. Әр мухаддистің алдына атыны алдаған хадис жеткізушісіні кездестіріп, бетіні ашатындай мүмкіншілік болмаған. Мысалы берілген Абу Хурайраға қайта оралатын болсақ; атын алдаған хадис жеткізушісін қабыл етпейміз деп маңызсынған мухаддистер, Омар мен Али сынды екі халифаның Абу Хурайраны суқиттікпен айыптаулары мен сабағандарына, Пайғамбардың әйелі Айшаның сол кісінің ұғынымдарыны жоққа шығарғанына қарамастан оны қалай қабылдайды екен? Әлде жануардың алданып қалуы Омар, Али және Айшаның бұл ұстанымдарынан маңыздырақ па?
Халифа Омар Абу Хурайраны тағайындаған әкімшіліктен ұрлықтары үшін кері алғандығы әңгімеленеді. Омар Абу Хурайраға: “Сені Бахрейнге әкім етіп тағайындағанымда аяғыңда тіпті аяқ киімің жоқ еді. Сосын сенің 1000-600 динарға арғымақтар сатып алғаныңды естідім. Сен не сонда Бахрейннің шалғайдағы түкпіріне адамдардың Алла және Мұсылмандар үшін берген салықтарын өзің үшін жинауға бардың ба?” дейді. .”(Зәһәби, Сияр) Абу Хурайраның өзі риуаят еткен хадисте Омар оған былай дейді: “ Әй Алланың әм Оның Кітабының жауы! Алланың мүлкін ұрладың ғой, иә?! Әйтпесе сенде онмың динар қайдан болсын?!” (Ибн Сағд, Табақат, 4.том бет 59) Иә, Абу Хурайраның өзі Халифа Омардың оны қалай айыптағаныны осылай әңгімелейді, алайда мухаддистер өкінішке орай Омардың айыптауларына қарамастан оны бірінші дәреже сенімді деп қабылдап, ең көп хадисті онан риуаят етеді.Сосын келіп алып өздерінше әль-джарх уәт-тағдиль ілімінің сараптауынан өтпей қалған кісілердің хадистеріні алмаймыз деп шіренеді. Халифа Омардың “Алланың әм Оның Кітабының жауы” деп жариялаған кісіні ең сенімді рауилер арасына кіргізген мухаддистердің, әль-джарх уәт-тағдиль ілімінде қаншалықты ұқыпты болғандықтарын көрсетеді.
ОМЕЙЯДТАРДЫҢ ДӘУІРІ АБУ ХУРАЙРА ҮШІН АЛТЫН ДӘУІР ЕДІ
Халифа Алидің өлтірілуінен кейін құрылған Омейядтар дәуірі Абу Хурайраның алтын дәуірі болып есептеледі. Омейядтар Абу Хурайраға әль-Ақиқ деген жерде үлкен бір жекежай салып беріп, жер телімін берген. Мағауияның бұл жомарт сыйлықтарына алғыс ретінде Ибн Касирдің әль-Бидәя уән-Ниһәя кітабында берілген мына хадистерді ойдан шығарған:
Абу Хурайра мынандай риуаят жасайды: “ Алланың елшісі Мағауияға бір жебе беріп, оған былай деді: Мына жебені ал және осы жебемен мені жәннатта қарсы ал!”
Абу Хурайра тағы мынандай хадис риуаят еткен: “ Алланың елшісі былай дегенін естідім: Алла уаһиіні үш адамға аманат етті, олар: Мен, Жәбрайл періште және Мағауия”
Бүткіл осы дәлелдерге қарамастан “Әр сахаба сенімді” деген жаңылыс наным мухаддистерді қандай жағдайға жеткізгендігі ортада. Абу Хурайра кім ол өзі соншама, Пайғамбардың ең жақын жолдастарының түгіл риуаят етпеген нәрселерді Пайғамбармен өте аз бірге бола тұра риуаят ететін. Әм оның риуаяттарын қисынсыз, ақылға симайтын фантастика түріне жатқызуға болады. Мысалы қазір берілетін хадис Абу Хурайраның риуаят еткен жүздеген ақылға симайтын хадистерінен біреуі ғана:
Абу Хурайра Пайғамбардың оған былай дегенін жеткізеді:“ Өлім періште- сі Мұсаға келіп: «Жаратқан Иеңе бағын!» деді. Сонсоң Мұса өлім періштесінің көзіне шапалақпен ұрып, оның көзін шығарып жіберді. Періште дереу Аллаға бұрылып: «Сен мені өлгісі келмейтін бір құлыңа жіберіпсің. Ол менің көзімді шығарды.» деді. Алла Мұсаның соқыр еткен періштеге көзін қайтарып, былай деді: «Оған барып, қолын бір өгіздің арқасына қойсын деп айт. Қолының тіген қылдың санындай оған өмір беріледі! » Періште: «Жақсы, Раббым. Содан кейін не болмақ?» Алла: «Содан кейін өлім» деп жауап берді.”
Абу Хурайраны жаман атақтан құтқаруға тырысқандар өкінішке орай осындай қисынсыздықтарды Исламға жапсырып дінге зиян келтіруде. Басқа жақтан Абу Хурайраны ренжітпеу үшін Мұсаны Алланың жазғанынан қашатын, періштенің бетіне ұрып соқыр еткен кісі ретінде көрсетеді. Негізінде көптеген сахаба Абу Хурайраға қарсы ұстанымда болған. Мысалы Абу Хурайраның “аңшы иттер мен малшы иттерден басқасын өлтіріңдер” деген хадиске егін иттерін де қосып жібергені үшін Ибн Омар, Абу Хурайраның егіндері болғасын осындай өтірікті шығарғанын айтқан. (Жәмәль Сағид, Хадистерді Сынға Алу)
Осы кітапты тек Абу Хурайраның риуаят еткен хадистерін сынауға арнасақ басқа нәрсе жазуға орын қалмайды. Абу Хурайраның дәстүрлі Исламдағы маңыздылығын, бұл құрылыстың ең жалынды жақтастарынан Хусайн Хильми, Сағадати Әбәдийя деп аталатын кітабында былай түсіндіреді: “ Абу Хурайраны жоққа шығарған шариғаттың жартысын жоққа шығарған болып табылады, себебі Исламның бүткіл үкімдерінің жартысын Абу Хурайра риуаят еткен.” Біз үшін мойындау болып саналатын бұл сөз, Хусайн Хильми үшін шариғатты қорғап қалу үшін айтылған сөздер. Сондықтан бір тақырыпшаны арнайы Абу Хурайраға айырдық. Құдайға шүкір дініміз бүтіндей жеткілікті түрде Құранның ішінде бар және Абу Хурайра және басқаларының хадистеріне мұқтаж емеспіз.
Батырбек Сұлтанов