Сенімсіздік жайлаған,
Жүректен жалын, от қайтқан.
Елден кетіп береке,
Үміттің оты бықсыған.
Түтіні түзу ұшпаған,
От басы көп қиналған.
Тығырыққа түсіп жол таппай,
Тек азып жаны жоғалған.
Арада жоқ сын айтқан,
Әй дейтін әже бола алған.
Жанына қожа ер қайда?
Қой дейтін қожа аталған?
Серкесі елдің ән салған,
Еркесі ойын ойнаған.
Қу бастықты әдеб деп,
Дәстүрін қазақ аздырған.
Дүние байлық жинаған,
Кешкенге байлар мастанған.
Семіріп қатын ірі боп,
Би болып жүр тұлданған.
Қызың жүр шаш жайған,
Қара жесірлікке жалғанған.
Алақандай жерін қорғамай,
Жатырға жинап арамнан.
Қатыннан ері жала алған,
Қолы мен аяқ арадан.
Таза ақыл баста бос жатып,
Сары су жынға айналған.
Еркегі ұлттың ұсақтан,
Сұстылық төменге құлаған.
Бордай тозып жайдағы,
Қалтқысы болмай ұстанған.
Төменге тартып құлдырап,
Ылдиға басып дін ұстап.
Үгітіп тегін тозғындап,
Қазағым қалай ел болмақ?
Кететін күнің морт сынып,
Қиямет сағат тұр күтіп.
Іркілдеп кеткен рұқың бар,
Быт-шытың шығар үгіліп,
Тектіліктің ар білімін,
Жете сана екі күнінің,
Тартып алып ел билік,
Қадірі жоқ ана тіл, ділінің.
Бүгінгі жас ертең кәрінің,
Өнімі арам жастық нәрінің.
Қайта оралып қылығы,
Жендеті болар жанының!
Қайғысыз ақирет мастығың,
Алыстап кетсе де жастығың.
Жеткізердей бар сенім,
Арсыздық салтпен достығың.
Мәңгілік ел болмақ,
Ар-ұятсыз жынданбақ.
Алжыған қазақ билері,
Шайтанға болып жамағат!
Жынды өзің кімді боқтайсың?
Қу дүние боқты аңсайсың.
Жаралы жүрек, жаныңа,
Дауасын неге таппайсың?
(Қараша 2018 жыл)
**** ****