Жаз көңіл(159)

Бөлім: Зікір өлеңдер 43

Дүние ісі көңілге

Қаяу салмай тұрмайды.

Еліктіріп, елітіп,

Көңілдің жазын ұрлайды.

Аллаға сенім көңілде,

Жамандыққа бұрмайды.

Асыл мұрат, шын ниет,

Имандыққа жалғайды.

Тәуекелі артып пенденің,

Төрт құбылаға тең қарайды.

Іштарлық күйіп-піспектен,

Көңілге қысың орнайды.

Басыңды дауға қалдырар,

Менмендік жалын баурайды.

Бас қорғалмай шақшайып,

Жынды су басты жайлайды.

Көн теріге айналар,

Перінің түсіп шимайы.

Терістік еніп көңілге,

Ойларға теріс жалғайды.

Толқындай асау сандалтып,

Есіңді алып талайлы.

Дүние байлық, қызыққа,

Мас қылып ойды байлайды.

Айналып иман шатаққа,

Жынды сөзге тіл орайлы

Білімді ақыл деп біліп,

Теріс ой тәнді улайды.

Қиянат шығып дініңнен,

Жаз көңілің енді болмайды.

Арттағы майда көңіл жүр,

Өткенге ақылды байлайды.

Тариқта болған жақсыны,

Болашақ деп алар қолайлы.

Сенім, иман, рұқ пен жан,

Ажыратып алмайды.

Діннен шығып дүмшелік,

Орта топқа өзін арнайды.

Жаз көңілі ел, жұрттың,

Сағым боп, үміт жанбайды.

Жақсылықты іздеп дүниеден,

Ар, ұятта қадір қалмайды.

Күздігі кетіп үлкеннен,

Аталық тегін алмайды.

Үсік шалған бақшалар,

Жемісі жанының болмайды.

Көңілдің жазы кеткен соң,

Түтіндер түзу ұшпайды.

Оты жанбай бықсыған,

Жатыр жерін арамдап,

Етектіден сана болмайды.

Ақ жаулық қуат өндірмей,

Денсаулық байлық болмайды.

Жаннан қызу кеткен елде,

Берекеті дүниенің қалмайды.

Қысы келіп баршаға,

Қияметтің сыны орнайды.

(Қазан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *