Желпініп желіккен,
Мақтанып еріккен.
Дүниелік қызыққа,
Көңілі дүр кеткен.
Байыпқа бармайды,
Ғибрат сөз алмайды
Даңқ сүйер мінезбен
Өзді-өзін алдайды.
Әкелік парызды,
Балалық қарызды
Өтеген кісімсіп
Сырт көзге шалынды.
Алды-артын ойламай,
Алысты болжамай
Қандай іс атқарды.
Адамға жағынбай,
Жағымпаз керім көп
Өзіне көңіл тоқ.
Құдайға жағайын
Деген ой мүлде жоқ.
Дін білсе иманы,
Тәпсір білім жиғаны.
Ерігіп ел түземек,
Мастығын жоқ тиғаны.
Желіккен сопылар,
Ілім деп мақтанар.
Шипа мен рахметіне,
Ғылым жоқ жалғанар.
Желікті қыз, қатын,
Тәнімен мақтанар.
Әуретін ашқасын.
Сұқтарға жан сатар.
Нәзік жан арманы
Біліммен мақтаны,
Перілік жалғанар.
Көріпкел, болжағыш,
Түс көрсе аян деп
Шайтанға алдатар.
Жоқ салмақ сөзінде
Қаттылық ділінде,
Мас болған адамдар,
Жынды сөз айтқаны,
Теріске ой бұрғаны
Ел болмақ Құдайсыз
Кекшілдік ұраны.
Ар, ұят жоғалған,
Ұлтшылдық ұстаны
Ой жорып желіккен
Тәңірі заңдары,
Желігіп, еріккен,
Ел биледі мастары
Жаңаға құмары
Арсыздық салтымен
Мәңгі ел болмағы.
(Қазан 2018 жыл)
***** ***