Зікір-Қозғалысқа жалғану

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 45

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғалысқа керек қол қабыс.

Қолқабыс қуат қосатын,

Құлшылықпен бұл жарыс.

Қаракет қимыл әрекет,

Бұлшық еттен шығар керемет.

Жүз етін таза ұстамай,

Хайуандық қуат өндірмек.

Ғылымсыз хайуан адамзат,

Қылмаса адал көп еңбек.

Мал қуатты бағуға,

Ақылмен дінді меңгермек.

Жүз қойын баққан мүміндік,

Тән тазарса ой таза,

Ақталсаң бу өндірмек.

Бу қонып қайта бойыңа,

Иісін қайта сіңірмек.

Тән азығы өрістен,

Бақшасы ойдың өсірмек.

Өрістен қылығын тазартсаң,

Жаман ой қашып сенделмек.

Тән еңбегін меңгерген,

Аздырмас жанды көбейтпек.

Тазалықпен жанды суғарған,

Дәретін сақтап бу алған.

Қытымыр ойды жолатпай,

Ой қуатын зорайтқан.

Саналы болған мүміндік,

Жан өсіріп рұқ алған.

Рұқсыз жаның көбеймес,

Алладан нұрмен жалғанған.

Жан қозғалыс бастапқы,

Рұқың ой -сөзден нұр болған

Таза ақыл деп ат алған.

Ақылды дінсіз аздырған,

Ғылым-ойсыз көп адам.

Рұқпен жанға жын, шайтан

Шерік болып қосылған.

Алладан басқа деп атар,

Қарсылық қуат жүк болған!

Көлеңке және себепшің,

Екі қол ісің тағдырдан!

Қозғалыс қуат анадан,

Төртеу түгел қан болған.

Алты алаштық рұқ сипат,

Аталық текпен жалғантқан!

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *