Зікір-Зейнет киімі

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 1

Ындынсыз дене,

Зейнетсіз киім.

Болғанмен кебін.

Кебенек кимей,

Бекімес сенім.

Ойымен шолақ,

Өтірікпен жамап.

Жыртылған өріс,

Жаныңа қуат

Сауыты болмас.

Сөзбенен орам,

Жуылмай судан.

Отының жанған,

Жын болып тұрған

Талайдың бұл киесі,

Күйік боп тұрған.

Жарымай киім,

Асынбай тыйым

Келеді қайдан,

Нұрыңмен сыйың?!

Бетіңнің жүзін,

Төрт түлік жынның

Қорғамай басты,

Ақталмас өзің.

Ажарың болмай,

Сор болған тұзың!

Кебінсіз қалған,

Қыр асқан жыннан

Бой қылып алған.

Көңілді бұзып

Мұратың жолдан,

Адасты сонан.

Қадірін Құдай,

Жоғалтып жаннан!

Күнә жүк мініп,

Тәнің бар азған!

(Маусым 2018 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.