Өмірдің мәні

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 182

Өмірдің мәні — Құдайды тану,
Міндіні міндеп, мінсізді табу.
Берілген сертке, айыққан дертке
Шыдамды болып, сөзінде тұру.

Алқызыл батқан күніне тағзым,
Сәулесін шашқан Айға да тағзым
Жұлдызы тараған Аспанға да тағзым,

Алланың мүлкі хикметті ісі,
Осының бәрін мінсізден, деп тану.

Жүйесін біліп уақытты бағала,
Таң менен кештің арасын жалға.
Құр босқа жүріп, ақылды үзіп
Ғибратын алмай адасып қалма.

Таң атты, күн батты
Өмірдің басы, жалғасы

Тұрағын тапты,
Онан тәмамға басты.

Сезініп бастан,

Түйсініп терең,

Қадымдап басқан
Құдайын танып жақындасқан.

Өтерін, кетерін,

Межеге түбі жетерін,
Осыған байланған өмірдің есебін
Шығарып  жазуын, тағдыр білмегің.

Алланы таныған сайын,

Қылмақсың ақиретпен уайым,

Дүниені тәрк етер өнерді меңгеріп,

Болуға жалғызы Бір Құдайдың.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

.Өмірдің мәні.•

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 181


Лидияның патшасы (595ж) Крезға, Гдециядан Салон қонаққа келіпті. Крез өзінің мол байлығымен таныстырып болсан соң, Салонға:
— Афинадан келген мәртебелі мейман, сіз дүниежүзін аралап, көпті көрген жансыз, даналығыңыз да бар. Айтыңызшы өмірдің мәні мен сәні неде?-депті. Сонда Салон:
— Өмірдің мәні мен сәні байлық пен мансапта емес, мынау Жаратқанның сынағы үшін берілген аз ғұмырды мағынасыз өткізуде де емес. Тағдырыңның басына қондырған бақытын бағалап, шүкірлік ету, әр күннің қадірін түсініп, барға- қанағат қылу. Әділ сөйлеп, адал жүру, Жаратқанның сынағына төзіп, сабырлы болу. Сөзің мен ісің сай келсе- ешқашан өкінбейсің. Жандүниең таза, жүзің жарқын, бақытты боласың. Өмірдің мәні осы,-деп жауап беріпті. -Өмірдің мәнін түсінген адам ешқашан жабырқамайды, айналасына күн нұрындай шуақ шашып, өзі көңілді жүреді, мейірімді болады. Міне, Өмірдің сәні осы,-депті.

****   ****

Зекеттің күші.
Аллаһ Тағала жерге тауды қазық қылып жаратыпты. Мұны естіген періштелер Аллаһтан сұрайды:
— Таудан мықты нәрсе бар ма?
— Бар. Ол — темір. Темір тауды бұзады.
— Темірден де мықты нәрсе бар ма?
— Бар. Ол — от. От темірді балқытады.
— Оттан мықты зат та бола ма?
— Су бар. Су өтті өшіреді.
— Судан күшті нәрсе бар ма?
— Жел. Ол суды сапырады. Құрғатады.
— Желден де мықты нәрсе бар шығар?
— Әрине. Ол — зекет.

***** ***

Дінді қабылдағын әже.
Мұхаммед (с.ғ.с.) бiрде көшеде белi бұралып, бiлегi үзiлiп кете жаздап, ауыр дорба арқалап бара жатқан егде әйел кiсiнiң қолынан жүгiн алып, барар жерiне жеткiзiп салған екен. Әлгi әйел жiгiттiң азаматтығына қатты сүйсiнiп:
— Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың, тәрбие көргендiгiң көрiнiп тұр.
Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң сен екi дүниеде де бақыт табасың, — дейдi.
— Айта қойыңыз.
— Айтсам сол — қазiр Мұхаммед деген бiреу шығып, өзiн пайғамбар деп жариялап, ата-баба дiнiн, жолын тәрк етiп, жаман ырым бастап жүр дейдi.
Сен соған iлесуден сақтан. Бiздiң заманымыздың ең қиын мәселесi осы болып тұр. Байқа, сақтан, — дейдi. Сол кезде Пайғамбарымыз:
— Шешей, сол айтқан Мұхаммедiңiз мен ғой, — дептi жымиып. Әйел аң-таң.
— Егер расында сол адам сен болсаң, онда мен саған сендiм. Сен насихаттаған дiнге ердiм, — деп Аллаһқа иман келтiрiптi.
Пайғамбарымыз әр мұсылманға өз дiнiн өзгелерге көркем мiнезi арқылы насихаттау­ын өсиет еткен.

****  ****

Жақсылық қылсаң өзiңе…
Киiмi өрiм-өрiм бiр қайыршы ауыл кезiп жүрiп үнемi «Жақсылық қылсаң өзiңе, жамандық қылсаң өзiңе» деген сөздi қайталай беретiн көрiнедi. Бiр ауылда көрiнгенмен ұрса кетуге дайын көкбет, долы қатын тұрады екен. Сол әйел қайыршыға таба нанға у қосып бередi де: «Жақсылық болса да, жамандық болса да көрiп алдым, мә, сөзiң де, өзiң де құры!» деп мысқылдайды. Қайыршы кетедi.
Ауылдан шыға бере қайыршы алыс жолдан арып-ашып келе жатқан керуенге кездесе кетедi.
Керуенге iлесiп азып-тозған егде кiсi мен жас жiгiт қайыршыдан нан сұрайды. Қайыршы көкбет қатын берген нанды ұстатып жөнiне кете барады.
Аздан соң нан жеген қос жолаушы уланып, жан тапсырады.
Керуендегi жұрт дүрлiгiп жиналып қалады да, бiреуден бiреу сұрап, бұл әлгi қайыршының iсi екенiн бiледi. Керуенбасы қайыршыны ұстатып:
— Сен неге бiздiң жолдастарымызды өлтiрдiң? — деп ақырады. Қайыршы бар жағдайды баяндап, бiр топ адам шауып барып, долы қатынды сүйрелеп әкеледi.
— Қара, не iстегенiңдi қара басқыр! — деп өлген жолаушыларды әйелге көрсеткенде әйел шашын жұлып, бетiн тырнап айғайға басып жылай бастайды. Сөйтсе, әлгi әкелi-балалы жолаушылар көп уақыт бұрын сапарға кеткен өзiнiң ерi мен ұлы екен. Ендi ғана елi-жерiне жете берем дегенде өздерiнiң ең жақын адамдарының қолынан ажал құшыпты.
Қайыршының айтқан сөзiнiң ақиқатына көзi жеткен көкбет қатын зар еңiреп қала берiптi.
Қарапайым сөздiң ақиқатына көз жеткiзу үшiн кейде қаншама қымбат құрбандық қажет болады десеңiзшi!…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *