Ұлт арманы дәстүрмен  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 151

Армандап өткен талайдың,

Құлшылығын арнайтын.

Үмметінен Мұхаммед,

Тура жолға жалғайтын.

 

Патшалығын Құдайдың,

Ақыл –ойы сарайдың,

Қайрымды қала тұрғызар,

Болатын ұлты құдайдың.

Өлісін түгел жинайтын,

Есебін болар сұрайтын.

Ақиреттен хабарды,

Ұрпағына арнайтын.

Меңгерген қасиет мирасын,

Ұлтына қайта сыйлайтын.

Жаннатық болған аруақтар,

Періштелік текке жалғайтын.

Аятпен болып үкімі,

Раббының түсті білімі

Ата жол болып қазақта,

Ашылды кітап ой үні.

Мұсаның ісін жалғайтын,

Дәуіттің рұқы қолдайтын.

Сүлейменге беріп үкімін,

Желімен бәрін қозғайтын.

Түсетін Ғиса көгінен,

Мәдісі шығып жерінен.

Ақиқаттың ақ туы,

Көтерілді қазақ елінен.

Мұхаммедтің үмметін,

Тура жолдың қызметін

Қалайтын діндер бірлігін,

Артырсын деп ислам құрметін.

Шығарып ұлттан елшісін,

Раббыдан беріп белгісін.

Аққу, сұңқар аталды,

Тылсымның біліп құс тілін.

Алланың нұры шашылды,

Сандығы құпия ашылды.

Тура жолға бастайтын,

Қазақтың болды бақыты.

Ібілістің болып ұрпағы,

Біліммен заман сынағы.

Әлемнің арсыз салтымен,

Мал, ақша артық болғаны.

Байлықпен жақсы бағалы,

Әлеуметін ұлттың алмады.

Отыз елдей байлықты,

Мақсат болды жимағы.

Ата жол болып ел бағы,

Оятып текті қандағы.

Дүние малдан арамын,

Тазартпақ елді болғаны.

Көреламастың қастығы,

Ел билікті азғырды.

Кітабын оқып ескінің,

Құдайдың деп соңғы ақылы.

Көрмейді халық Раббыны,

Түспейді шындық ақылы.

Мұхаммед соңғы елші деп,

Ізбасар болмас жақыны.

Білімді жұртты нандырды,

Масһаб деп ілім сандығы.

Жеті жол, жеті құпиясы,

Бес парыз деп кілті жарлығы.

Ата-ана жүрек жадысы,

Жазылған тарих тағдыры.

Махфуздық аруақ кітабын,

Шайтаннан жын деп азғырды.

Дін болды мешіт жалғызы,

Ханафи Ағзам Раббысы.

Тура жолға түгел жалғанған,

Біз деген ұлттың арлысы.

Ата жолдан бас тартқызды,

Ібіліске дінін қалдырды.

Зертелмей құпия ілімін,

Сандығын қайта жапқызды.

Мақтанға елді барғызды,

Ақылға қазық қағылды.

Ұждансыз ғалым, имам боп,

Ажыратып ұлттан тағдырды.

Шайтаннан жынды алғызды,

Жүректің көзі жабылды.

Мас қылып тәпсір білімге,

Бүлікке жасты барғызды.

Жоғалды ұлттың намысы,

Ұят пен ұждан ар ісі.

Мәңгілік елді болмаққа,

Көбейсе дүние табысы.

Биліктің көп жарғысы,

Мойынға салған қарғысы.

Заңменен жеңбек жындарды,

Құдайға жоқ ешбір нанғысы.

Жиналыс күнде талқысы,

Біліммен болып заң күші.

Ел билік артық ақылда,

Құдайға қарсы жарғысы.

Қияметтің белгі қамшысы,

Түскенмен азап қайғысы.

Ар, ұятпен ел түзеп,

Құтқаруға жоқ нанғысы.

Артырып дүние табысты,

Жоғалтып ұлттық намысты.

Кедейліктен құтылсақ,

Ел болмақ мәңгі нарықты.

Н-ауқаншыл Ә-нші Н-арықты,

Тозақтық қылмақ халықты.

Ұлт жобасы, арманы,

Ұрпағынан ібіліс анықты.

Тастарда бұрын жазыпты,

Белгісі тағдыр қалыпты.

Жасымен көздің, қайғымен,

Жазасың қазақ тарихты.

Аруағы қазақ жалықты,

Қауымнан білімді жазықты

Құдайдан сұрап лағнетін,

Салады қыспақ тарлықты.

Құтқар мұнан халықты,

Ақталып алар жарықты.

Зияртап әулиесін ой табар,

Дәстүрі ата қалыпты.

Жинайтын үш байлықты,

Ясауи баба ізін салыпты.

Абай –Шәкәрім даналар,

Ата жолынан ғибрат жазыпты.

Дәстүрімен ұлттың арманы,

Меңгерсең бағың жанғаны.

Мезгілде қиямет сый алар,

Тағдырыңды түзеп жазбағы.

Ояншы қазақ ұрпағы,

Күтуге уақыт қалмады.

Жеті атаң аруақ қолдаса,

Тегісің қазақ сен дағы.

Мәңгілік ел болмағы,

Құдайдан жоба алмағы.

Дүниемен байлық өлшенбес,

Өлмейтін ұждан жан бағы!

(Тамыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *