жалғасы басы 1-7 тарауларда
Жалпы дін, қоғамдық ұйымдар, философия, саясат, ел билеу істері т.б. бірлестіктердің мақсат-мүдделері де бір арнада тоғысуымен, қандайда бір адамзат қауымының жер бетіндегі аз ғана ғұмырында бақытты өмір сүруді қалыптастыру керек. Барлық ғылым да, өнер, шаруашылық даму істері өркениеттік мәдениетте адамзат қауымдарының жер бетінде өзін ерікті, тәуелсіз, еркін сезініп қалаған ісімен айналысып, артында ұрпақ қалдырып Адам деген ұлы есімге лайық болуымен ғана көрінісін табу керек. Сондықтан қандайда бір адамзаттың меңгерген салт, дәстүр, әдеп-ғұрып шығармашылықтары да төрт нәрсені, яғни адамзаттың жер бетіндегі қорқынышын туындататын қасіретті жеңіп, рухани тұрғыда меңгеруге негізделген. Олар; 1. Туылу; 2. Өлу; 3. Кәрілік; 4. Ауру;
Дін насихатына жүгінетін болсақ, жаратылыстық қозғалыс басы төрт түрлі періштеден; Жебірейіл – рух-туылу-өмір, Әзірейіл – өлім, ажал, Зулкафил – жер бетіндегі жаратылыс, қозғалыс негізі, табиғаттық, заттық, тәндік түрленуді; өсіп-өну, күш-қуаттар негізін құрайды. Исрафил – екі аралық қозғалыстың періштесі, желді басқарады және табиғи апаттармен, тылсымдық қозғалыспен, түрлену, ауру т.б. сынақтар болып бейнеленеді. Сонымен біздің тәндік негізіміз Зулкафилмен жер өнімдерімен, тіршілік егелерімен байланысты болса, ал қалғандары есті білімдіге түсінікті де жағдай. Осы төрт түрлі қозғалыс негізін меңгеруді барша жер бетіндегі өмір сүрген, сүретін де адамзаттың тағдыры десек те болады. Енді бұл қозғалыс негіздерін меңгерумен байланысты адамзаттың бақыттылығы да, қайғы-қасіреті де, яғни қарсылық жағдайы да пайда болады. Сондықтан біздер өлімді рухани тұрғыда Қорқыт бабамыздың өнер арқылы қарсы тұрған астарлы насихатынан үлгі алып, өлімді жеңіп онан да пайда табумен, ауырмайтын жол іздеп оған қарсы тұратын қуаттарды меңгерумен, кәрілікке қарсы тұрумен, яғни дұрыс қартая білумен тек құпия болған қайта туылу туралы да дін ілімін, жан ғылымын да меңгеруіміз керек. Сондықтан да мұндай міндетті болған тағдырдың есебін шығарудың рухани тұрғыда да айналып өте алмайтын мұндай қажетіліктерден құтылудың жолын іздеумен де түрлі діндердің, философиялық ойлардың да алуан түрлілігі де және оған түрлі амалдар ойлап тапқанмен де оның тұрақты сипатын рухани білімді, Ғиса пайғамбарымыздың мұғжизасын, інжілдік құндылықтарды меңгере білген халық қана бақытты саналмақ.