Алдыңғы тарауларда шындық пен шын туралы және оның арасына құдайлық үкім, хикметтердің, мұғжизалардың түсіп хақиқат болып шынның ішіндегі шындықты анықтауға, меңгерген біліміміздегі ақпен қараны ажыратуға себеп болатынын түсіндірдік. Жалпы жараталыстағы мейлі метафизиалық тұрғыдағы мейлі біздің күнделікті пайдаланатын қуаттармыздың, ток күші мен жарықтардың екі қарама-қарсы бағыттағы өрістердің үшінші бір бейтарап нәрсеге  әсерінен үшінші жайдайдағы күштің пайда болып, осы үшіншіні біз түрлі әрекеттерге, өнімге айналдыратынымыз физиканың қарапайым қағидаларынан да белгілі.

   Жаратушымызды тану арқылы адамзаттың белгілі бір өмір сүруге, бір-бір біріне, жалпы жаратылыстағы жанды , жансыз нәрселерге қарым қатынасы пайда болады. Біз барлық әлемді жаратушыны толықтай танып алуға пенделік ақылымыз, біліміз ешқашанда жете алмайды. Алланы тану дегеніміз бүкіл жаратылысты, оның ішкі, сыртқы қуаттар жүйесін өз ара қатынасын, белгілі бір тіршіліктік жағдайдағы пайда зиянын анықтай алуымызбен байланысты болмақ. Және барлық адамзаттың бір текті болып, білім жүзінде, дін құлшылығы арқылы Алламызды толық танитын дәрежеге жетіп, барлығымыз әулие- тұлға, кісіліктің, хакімдіктің дәрежесін меңгере алуымыз мүмкін емес. Сол сияқты біздерден бұрынғы замандарда өмір сүрген даналардың, әулиелердің меңгерген және кітап жүзінде қалдырған білімдері арқылы да; әулиелікте жетілген, тұлға болып кете алмаймыз, ол да мүмкін емес.

   Жаратушымыз бүкіл әлемді 7-күнде жаратып, барлық жаратылысты; уақыт атты құдіретті қолына басқартып қойғанда, ал оны қазақ сөз ұғымында Құдай деп атаймызда; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген. Сонымен қатты, жұмсақ, көрнеу, көмес, ғайып (метафизикалық) жаратылыстық нәрселердің бәрі түбінде Алланың сөзімен бейнеленіп; (трансформация) уақытқа, тағдырға қайта табысып, жарыққа айналуы шартты жағдай. Сондықтан жаратылыстық нәрселердің белгілі бір шегі мезгілі болып, бір жағдайдан келесі жағдайға өту кезеңі яғни міндетті өлімі бар.

Қазіргі замандағы барлық дін құлшылығы болсын, немесе адамзаттың өркениетілігінің, мәдениетілігінің қандайда бір үлгісі болсын, шындықтан ажырап, бүгінгі күнмен тек қана шын жүзіндегі күн көрістің, нәпсінің қажетін өтеу тұрғысында тұтынумен, дүние байлықтың жағдайымен ғана ақылдың шектелуімен, ал адамдық құндылықтың бағалануы мен, ақылдың өркениетін білім тұрғысында пайымдаумен, әлемнің жаппай қара түнек күштерінің ықпалына түсіп, түрлі жындылық топтардың саясатын жүргізумен, өз ара қым-қуыт, хайуандарша талас-тартыста жақсы тұрмыс сүру үшін ғана бәскеде өмір сүріп жатқаны хақ.

Әрбір заманның тағдырлық өзгерісінде түрлі уақиғалардың, жер бетіне түсетін табиғаттағы ауа-райылық өзгерістер мен табиғи апаттар, ауру індетпен байланысты азаптыңда Алланың көркем есімдермен байланысты; «Біз» болып аталатынжарық жұлдыздардан және құс жолы болған жоғарғы орындарынан, жолынан яғни Алланың иелігі мүлкінен түсетінін де білген жөн. Аятта; «Ол азап биік дәрежелі (аспан мүліктері) Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер (адамзат жаны-періштелігі) және Жәбірейіл (адам баласыныңрұқы, кісілігі, жандық сапасы) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.» (70-4)

(жалғасы, басы 1-15 тарауларда)

Бүкіл әлемді жаратушыны тану үшін; оның жаратқан нәрселерінен, өзінің растығы белгілерінен, яғни хаят-өмір, тіршілікке берген нәрінен, ғылымынан және онымен бірге жүретін хикметтерін көріп, естіп, оның үнін, сырын меңгерген  ақыл, білім, іліммен пайымдау арқылы түсінеміз, немесе түрлі жағдайдағы түсірген азаппен, жазаларының құдіретті тәңірлік күштеріне қарсы тұра алмай шарасыздық көрсету арқылы ғана танып, тәубеге келіп, мойынсұну арқылы түсініп, құдайымызды тану адамзатқа да берілген сыны да болмақ.

(жалғасы, басы 1-14 тарауларда)

Дін насихатының қай кітабын алсаңызда; Адам ата, Хау анамыздың жаратылысынан бастап сол кітапты оқыған пайғамбарға дейінгі адамзаттың тарихы шежіресін, адамзат өміріндегі рухани қалыптасудың сырларын, оқиғаларын баяндайды. Ал, адамзаттың болашақ ғұмыр-тарихынан  аздаған ғана мағлұмат береді. Негізінде әрбір түскен кітап өзіне дейінгі уақиғалар мен адамзат тарихынан мағлұмат беріп отырады да, өткен қателіктерді қалай түзеудің құлшылық істерін баяндап, насихаттайды. Сол сияқты ең соңғы дін насихаты болған құранда өзіне дейінгі адамзат өмірін қамтиды да болашақ туралы тек қана ақиреттік жағдайды түсіндіреді. Ал енді әрбір кітаптардың арасындағы талай заман, ғасырлардың істерін жүргізуші, құдайдан хабар алып, заманға қарай құлшылық істерін жетілдіруші елшілер, әулие-әмбилердің үлгісінен ғибарат қалып отырғаны да сөзсіз.

(жалғасы, басы 1-13 тарауларда)

Қазіргі таңдағы әлемдегі барлық қияметтік оқиғалардың, жер бетіндегі азаптардың, індеттердің және экономикалық  дағдарыстардың барлық негізі, адамзатқа өмір сүруіне керекті жылу және пайдалы жарық қуаттарының жетпіспеушілігінен,  керісінше зиянды қара қуаттардың артуынан деп түсінген жөн. Мұның негізінде адамзаттың әлемдік қуаттардың жүйесіне пайдалы қуаттарды өндіріп қоса алмай, керісінше зиянды қуаттармен табиғатты, жаратылыстық әлемді бүлдірумен байланысты екені де хақ. Абай атамызда бұл туралы өз насихатында ескертіп өткенді. Адам баласының ақылы азып,  қара түнектердің азғыруына түсіп, тек қана дүниелік қызықтармен жақсы тұрмыс, байлықты құндылық деп алға қоюдан өз жаратылысының сырын түсінігін жоғалтудан пайда болғаны да сөзсіз.

(жалғасы, басы 1-12 тарауларда)

   Әр ұлттың ғылымқалды кітабы дін насихатының, сөз өнерінің, философиялық ойшылдықтың ұлттық үлгісі және жаратушымен арадағы ғылымхалына жалғайтын көпір, жоғарғы ақылдың дәрежелерін меңгеруге нұрландырушы кітабы болуы шарт. Мұндай кітаптың қоры, сөз байлығы қазақ халқында ғана өз дәрежесінде ғана тазалығын сақтай алған десек жалған емес. Бұл пәтуамызға дәлел болып; сандық тұрғыдағы әлемнің барлық ғылым дерегінен хабар беретін Ясауи бабамыздың сәни-ақыл дәптері негізінде қалыптасқан Абай-Шәкәрім, Жүсіп Баласұғұн, Мәшһүр Жүсіп сияқты даналарды, әулие-әмилер, би, абыздармен ақын-жыраулардың еңбектерін құран білімімен, пайғамбар сүнеттерімен ғана өлшемей, және інжіл, тәурат, пайғамбарлар жазбаларымен әлемдегі барлық ұлттардың философиялық құндылықтарыменде салыстыра отыра көз жеткізуге болады.

(жалғасы, басы 1-11 тарауларда)

Дін ғалымдарының қазіргі таңда әрбір ұлттың діл біліміне байланысты сөз ғылымының Алла тағала тарапынан тағайындалған; ана тіліне байланысты ұлттық ерекшелігі, атау сөз ұғымдарын қалыптастыруға міндеттелген пайғамбарлары, елшілері болғанын мүлде ұмытып, барлық атау сөздердің ұғымы тек қана соңғы дін кітабы исламмен, арап тілімен байланысты деген сенімді қалыптастырудан ақылдың қуаты, өрісі қысқарып, иманды сенім деп ұғынуға, елшілік пен пайғамбарлықты, рұқ пен жанды бір деп қарабайыр надандық замандарда арап еліне берілген үгіттерге, ақыл-ойды байлап қоюмен айналысып кеткендері де хақ. Ал енді құранның сөз ұғымдары мен арап елінің тұрмыстық тіршілікте, білімде сөз өнерінің арасы мүлде алшақ жатқанын,  сондықтан құранның талай жүздеген аяттарының осы таңға дейін құпия болып ашылмай жатқанында білген жөн.