(жалғасы, басы 1-10 тарауларда)

«Дін дегенміз насихат» деген пайғамбарымыз. Ал насихат – аят, аян, ақылға берілетін қуат құдайлық нұрға, таза ақыл-иман қуатына жалғануға дәнекер болуы керек. Ата жолының мақсатын, ата дәстүрінің қадір-қасиетін терең түсініп меңгеру үшін де бізге дейінгі барлық діндердің, дін топтарының білімдері мен үгіттерінің, құлшылық істерінің пайда-зиянын ажыратып керек емесін тастап пайдасын ала білу де маңызды болмақ. Сондықтан тек қана намаздарын оқып орындаумен шектелуден де адасушылықтың, тура жолдың қисығына түсіп кетудің қаупі де зор болмақ. Олай болса әр ұлттың өзіндік даму жолы, тарихы болып бұл ақпараттық жүйенің де белгілі бір тарихы, шежіресі қалыптасып мұны Алланың жібі деп атайды. Ұлттың тегінің, жанының нәсілінің даму заңдылығы үздіксіз болып оның арасын үзіп, алып тастап қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайда біздердің шежірелік ағашымызда үзіліп, Алланың жібінен ажырап адасуға жанның даму үдерісіде, қуаты да жоғалады. Әлемдік қуатқа жалғанудыңда мүмкіндігі жоғалады.

(жалғасы басы 1-9 тарауларда)

   Сонымен екі жылдай уақытты араға салып; 2015 жылы қыркүйек айында бұл тақырыпты қайта жалғап отырған жайымыз бар. Ата жол жазбаларының қазақ дәстүрінің ар білімінің сырының аруақтар аманатымен жазыла бастағанына да 13-15 жылдың мезгілі өтті де. Осы уақыттың ішінде алғашқы кезде оқырман табудың өзі қиын болып, ал уақыт өте оқырмандардың саны да мыңдап қосылып жатқаны да хақ. Сонда да болса, бұл білімді түсінуге білімді қауым мен ел билеушілердің бас тартуына не себеп болды деген сауалдардың талайлардың көкейін тесіп жүргені де хақ. Енді мұндай рухани ахуалдың сан алуан түрінің, бір ұлттың неге талай топтарға бөлініп алып өзара қырғиқабақ алауыздықта тұрып жатқанына не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрсек.

Қазақтың бүгінгі ақпараттық қоғамында дәстүр туралы, оны сақтап ұстану туралы айтылып, жазылып жатқан  насихаттардан кемдік жоқ. Тіптен көшеге шайтан дамбалмен, шайтан арбамен халық алдына шыққан әкімдердің ересектердің өзара жарысын немесе түрлі жат жұрттық арсыздық салты мен жастардың ойынын, жалаңаш халық алдында қыздарымыздың сәнге айналған билерінде біздің ата-аналарымsздан қалған салтымыз, яғни  дәстүрлі аманаты деп атайтын болдық та, сонымен дәстүрдің дінмен ғана жаратушы үкімдері мен мұсылмандық қарыздарды өтеумен және барлық әлемдерге түскен діндердің де белгілі бір уақыт пен заман тезінен өткен және үнемі құдай ісімен уахиымен, замандық білімімен еленіп тазарудан өтіп тұруын мүлде жадымыздан шығарып алдық.

жалғасы басы 1-7 тарауларда

Жалпы дін, қоғамдық ұйымдар, философия, саясат, ел билеу істері т.б.  бірлестіктердің мақсат-мүдделері де бір арнада тоғысуымен, қандайда  бір адамзат қауымының жер бетіндегі аз ғана ғұмырында бақытты өмір сүруді қалыптастыру керек. Барлық ғылым да, өнер, шаруашылық даму істері өркениеттік мәдениетте адамзат қауымдарының жер бетінде өзін ерікті, тәуелсіз, еркін сезініп қалаған ісімен айналысып, артында ұрпақ қалдырып Адам деген ұлы есімге лайық болуымен ғана көрінісін табу керек. Сондықтан қандайда бір адамзаттың меңгерген салт, дәстүр, әдеп-ғұрып шығармашылықтары да төрт нәрсені, яғни адамзаттың жер бетіндегі қорқынышын туындататын қасіретті жеңіп, рухани тұрғыда меңгеруге негізделген.  Олар; 1. Туылу; 2. Өлу; 3. Кәрілік; 4. Ауру;

Дін насихатына жүгінетін болсақ, жаратылыстық қозғалыс басы төрт түрлі періштеден; Жебірейіл – рух-туылу-өмір, Әзірейіл – өлім, ажал, Зулкафил – жер бетіндегі жаратылыс, қозғалыс негізі,  табиғаттық, заттық, тәндік түрленуді; өсіп-өну, күш-қуаттар негізін құрайды. Исрафил – екі аралық қозғалыстың періштесі, желді басқарады және табиғи апаттармен, тылсымдық қозғалыспен, түрлену, ауру т.б. сынақтар болып бейнеленеді. Сонымен біздің тәндік негізіміз Зулкафилмен жер өнімдерімен, тіршілік егелерімен байланысты болса, ал  қалғандары есті білімдіге түсінікті де жағдай. Осы төрт түрлі қозғалыс негізін меңгеруді барша жер бетіндегі өмір сүрген, сүретін де адамзаттың тағдыры десек те болады. Енді бұл қозғалыс негіздерін меңгерумен байланысты адамзаттың бақыттылығы да, қайғы-қасіреті де, яғни қарсылық жағдайы да пайда болады. Сондықтан біздер өлімді рухани тұрғыда Қорқыт бабамыздың өнер арқылы қарсы тұрған астарлы насихатынан үлгі алып, өлімді жеңіп онан да пайда табумен, ауырмайтын жол іздеп оған қарсы тұратын қуаттарды меңгерумен, кәрілікке қарсы тұрумен, яғни  дұрыс қартая білумен тек құпия болған қайта туылу туралы да дін ілімін, жан ғылымын да меңгеруіміз керек. Сондықтан да мұндай міндетті болған тағдырдың есебін шығарудың рухани тұрғыда да айналып өте алмайтын мұндай қажетіліктерден құтылудың жолын іздеумен де түрлі діндердің, философиялық ойлардың да алуан түрлілігі де және оған түрлі амалдар ойлап тапқанмен де оның тұрақты сипатын рухани білімді, Ғиса пайғамбарымыздың мұғжизасын, інжілдік құндылықтарды меңгере білген халық қана бақытты саналмақ.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

         (жалғасы басы 1-6 тарауларда)

   Қандайда бір дін, ғылым жетістіктері халықтың өркениеті де ақылдың жемісті өркендеуіне тәуелді болса, ал осыған қарама-қарсы зұлымдықтар мен соғыстардың түрлі апат, сынақтардың да осы жинаған аманатқа, біздерге қалдырған мирастық ақылдың қуатын аздырып, ойлау қабілетінің жабайылануынан пайда болады десек, көп оқырманға әрине жүрекпен қабылдап ақылмен болжауы қиындыққа түседі.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

  Бұл тақырыпты енді жалпы ата жолының және қазақ сөз ұғымдары мен ақыл-ойының тұрығысында бағалап, ата жолының нақты ғылым, білімі құранмен дәлелденіп құдайдың хикметімен көрсетіліп жатқанымен, әлі кезге дейін қазақтың руханиятының құдайдан ашық белгілермен, қияметтік жағдаймен сыналып жатқанымен, ел билікті былай қойғанда дін ғалымдарының, есті аталған зиялы қауымның бұндай себептерді түсінуге неге ақыл-ойлары, да білімдері де жетпей жатыр деген сауалдың бұқара халық арасынан жиі қойылып жатқандықтан енді осындай кемшіліктеріміздің негізгі себебіне тоқталып көрейік.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

(жалғасы, басы 1-4 тарауларда)

   Қазақ халқының руханиятындағы қарама-қайшылық жағдайдың туындауына ең бастысы ел билікке бұрынғы кеңес үкіметінің кезінде маркістік философиямен; «ақша-тауар-ақша» деген адамзаттың даму сатысын, хал-жағдайын, тұрмысын жақсарту арқылы ғана рухани құндылықтарды меңгеруге болады деген ұстаныммен тәрбиеленген қауымның келуімен және көптеген жылдар жоқшылық, таршылық дәуірлік уақиғаны бастан кешіріп жақсыны тек дүние жетістігімен, ақшаман бағалаудан барлық ғылым, білім, билік орындарының, атақ дәрежелердің ақшамен бағалануынан қоғамда басты байлық дүниенің шайтандық ілімнің орнауынан пайда болды. Осы тұрғыда да дінді бағалау көрінісінен енді қыза-қыза ел биліктің құдайдың жолына түскен халықтан да салық алу тәртібі де қалыптасып үлгірді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

          (жалғасы, басы 1;3 тарауларда)

  Қазіргі таңдағы қазақ елінде болып жатқан рухани жағдайға құдайдан түсіп жатқан қаншама ескерту апат, азап, аурулар мен кенеттен болып жатқан ажалдарға  бұл бізге жаратқанның ескертіп жатқаны болар және де біздің адамгершілік тұрғысынан теріс кеткен қылықтарға жауап болар деп ойланатын мен өз басым діншілерді былай қойғанда естіліктің үлгісі болған бірде-бір философ ғалымды, ел билеушілерін көре алмадым. Ондайлар мүлде жоқ деуден аулақпыз, бірақ ойланғанмен амалға айналдыруға ерік жігер, арлылығы жетпейтіні де хақ. Ал мұндай рухани жағдайға баға беріп, ел биліктің де дұрыс шешім қабылдауына, әділетті заңдар шығаруына жәрдем беруші дін істері мен муфтият және мыңдаған осындай зерттеу, сараптау жасаған, дін білімін, құран ілімін меңгерген пәтуа берушілер не бітіріп отыр?- деген сауалдың да еріксіз туындауы да сөзсіз.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

          (жалғасы, басы 1;2 тарауларда)

Ата жолының негізгі ұстанымы ата дәстүріміз болып; «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген негізгі үш қағидамен басталып, ал құлшылық негіздері; «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» деген бабалар аманаттарына негізделген. 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

II-Аққу-сұңқарлар және ата жолы.

Сонымен енді ата жолының рухани болмысын тағы да шегініс жасап шолып көрейік. Әрбір қоғамдағы қандайда бір болған қозғалыстың себептерін, пайда-зиянын толық ажырата білмей, ол туралы баға берудің өзі ақымақтық. Және қазақ елінде екі ғана қозғалыстық партияның ғана болып, бірі ел билікке келсе, келесісі «оппозицияға» айналып осы екі аралықта бітімге шақыратын халықтың екі жаққа да ықпалды күшті қалыптастыра алмағандықтан әлемдегі бар бүліктің негізі де осындай жағдайдан туындап жатқаны да хақ. Сондықтан тек ислам дін тұрғысынан ғана қарамай жалпы барлық дін тұрғысынан қазақ елі халықтарының ортақ рухани мүддесі тұрғысынан қарап көрсек.