Аққу, сұңқар және ата жолы… (6-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 217

Қияметпен өркендеу бірге жүрген,

Адамзаттың бұл сыны кезеңімен.

Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған,

Қазақтың еншісіне тиген кезең.

Еркек сұңқар жер ісін көктен көрген,

Аққу әйел діл көлінде жүзе білген.

Әр заманның сыны бар бұлақ тауып,

Ділдің көлін жалғауға өзеніменен.

Ақылдың бұл сипаты бейнеленген,

Саналықтың екі түрлі өркендеген.

Рұқ пен жанның қуаты хабаршысы,

Сұңқар көктен, аққу жер үнінен.

Жер бетін кезіңдер деп үкім берген,

Ойпат тауып ағаш өсір көркем сөзден.

Киелі орындарда ақ бұлақтың

Көзін аш, тазарта біл құранменен.

Пайғамбарға аяты құран үкім берген,

Жерден тесік, көкке саты ізде деген.

Мұғжизасын Алланың келтіре біл,

Надандықпен күресуге жәрдем келген.

Қарсылық әрбір іске бірге жүрген,

Қазақта масһаб дінші, ел билікпен.

Дүниенің қызығымен мас болғандар,

Көреалмастықпен ата жолын жек көргізген.

Жетесіз білімділер өзім білем,

Қазақтың бағына жала жаға білген.

Бағы қайсы, боғы қайсы аңғарта алмай,

Қазақты адастырған тәпсірмен қаңғып келген.

Ақылдың сырын білмек жан күйімен,

Психология пән болды тек білімменен.

Қазақтың ата дәстүр жан ғылымын

Қазақтың ғалым, дінші, билері меңгермеген.

Санасын біліп, елдің рұқын жаңғырумен,

Үш тілмен меңгерумен ғылым деген.

Латынның таңбасын алып білім біліп,

Жан күйін жетілдірмек тәңір ме екен?

Бұл жағдай ата жолына қарсы келген,

Жаны ғылымын, кереметін бүркелеген.

Ар, ұятты алдырмауға ой жорытып,

Ібілістің жобасы қарсылық білімменен.

Құдайдың ісін алып дін меңгерген,

Өліге иман тіріге бермек берекетін.

Алланың нұрын, рұқын өшіретін,

Атау сөздің ұрлап ойын аузыменен.

Ата жолында жанды жетілдірген,

Таза ақылдан нұр керек бойға берген.

Үлгісін аққу, сұңқар, сарбаз болып,

Көрсетуге үлгісін Құдай өзі үкім берген.

Пайғамбардың сүннетімен жүре білген,

Жетелік ақылға жалғануға жібі иірген.

Сананың сынағынан талай дана,

Сипаттың көпірінен құлайды екен.

Саналықты меңгере алмас білімменен,

Жетесін дін шариғатпен меңгермеген.

Масһабпен жетесіне дінші жалғанбаған,

Ата жолын тәпсірменен терістеген.

Дәлелім бұл сөзімен аян берген,

Құдайдың жобасы боп елшіліктен.

Аруағымен пайғамбардың жүздесуге,

Көтеріп көктің бірінде кездестірген.

Келді деп пайғамбарды шулап жүрген,

Артынан сапқа тұрған елді көргем.

Дауысы пайғамбар маған жетті,

«Малымды түгелде» қалған менен.

Қайдағы малы қалды, жауап бергем,

Кедейдің бірі емес пе өмір сүрген.

Тап-тап деп артымнан сыбырлайды,

Аруағы ата–баба соңыма ерген.

Таба алмай сауалына жауап бірден,

Артымнан үн келгенді сүннет деген.

«Сүннет» деп дауысым шықты қуанғанан,

Түгелде бұл жауабың дұрыс берген.

Сенуші едім білім іздеп дін меңгерген,

Масһабтың тәпсірлерін оқып білген.

Пайғамбар сөзінен соң күдіктендім,

Қателігі болғаны деп тәпсір білімінен.

Зерттедім талай жылдар құранменен,

Раббымынан ілім сұрап, ақыл берген.

Жерден есік көкке саты іздеп тауып,

Әулие-әмбилерге пірлікке қолды бергем.

Жүсіптің жолына жалғанып пірлігінен,

Түс жорудың жолдарынан білім келген.

Ілімді іздегеннің үстінде білімді бар,

Жұлдыздарға жалғанып құс ілімнен.

Ата жолы жазбасымен жазып жүрген,

Қатесін масһабшылардың сынап көргем.

Өзің білме, білгеннің тілін алма деген

Қарғысын алған дінші көп намаз білген.

Сөзімнің шындығын біл, аянменен

Тақуалықты меңгеріп жетелікпен.

Енді бір хикметінен баяндайын,

Құдайым өзі осылай дәріс берген.

Бір күні жыланмен болды күрестірген,

Жыққанмын арттан ерген күзетшімен.

Болашақта жылан анау күресетін,

Көрсетті абжыланды құйрығына көз жетпеген.

Қорқыныш кіріп, ояндым түстен көрген,

Ұмытылып бір шама  мезгіл өткен.

Ақ ұлдан сауал қойып қайдан қате,

Кетті деп мазаладым зияратпенен.

Сұрадым аққу, сұңқар шәкірт ерген,

Қалайша олар жалған дерек берген?

Бүгінде ата жолды бізден артық,

Меңгерген қазақ жоқ деп сөз естігем.

Жауабын бұл сұрақтың күтіп жүргем,

Раббымның кереметпен ісін білген.

Бір шама уақыт өтті мұнан кейін,

Сауалға жауап алдым мысалменен.

Біздің де бар соңымыздан шәкірт ерген,

Құранның үнімен жалғап дерек берген.

Африка елінен де пенделерге,

Қазақтың жерінде жүріп, жанын көрген.

Бекімек қасиет текке әулиелікпен,

Дәстүрімен ата-ананың мирас келген.

Тазалық тақуалықты арттырумен,

Адастырар мақтаған сөзге ерсең.

Қателік өз басымнан кеткен екен,

Кеш білдім сынаққа кейін түскендіктен.

Жұбайым, шәкірттерім адаспайды,

Деген ой мықтап бекіп түйсікпенен.

Ғылымы жетілмеген шәкірт ерген,

Үзбекке жеті үнінен қауіп келген.

Пайғамбар аруағымен кездестіріп,

Ібіліспен болды уақиға күрестірген.

Екінші кездесу бұл енді ібіліспен,

Алғашқыда қол беріп, жеңдің деген.

Білімін ата жолдың аруақ үнімен,

Раббымының бұл нығметі маған түскен.

Ендігі кездесу болды кісілікпен,

Шариғаттың амалы және ақ бақсылықпен.

Мойнымнан ұстап алып жеңбек болды,

Бұл да бір ата дәстүр діннің хикметінен.

Мойнымды зорға алып шеңгелінен,

Жорыдым ұстаймын дегені әйелдерден.

Абжыланмен күресу басталды деп,

Аңғарып көп істі қайта қарап тексерумен.

Жұбайыма болған еді сөзім ескертілген,

Тамақты бөлек ішіп, жүрсең деген.

Балам мен келінімнен айырма деп,

Сөзіме бұл айтылған қарсы келген.

Келін де білезіксіз, білегі ашық жүрген,

Баламның уын қосып тамақ берген.

Бес уақыт намазды да мезгілінде,

Оқымаудан бой өрісі кірлейді екен.

Ғылымнан суат жоқ деп өсиет еткен,

Шәкәрім сопы әулие кемпірімнен.

Құран мен ата жолы білімдерін,

Оқымаған еді  жұбайым да ерінгеннен.

Меңгермей  сүнеттерді дәстүрменен,

Ата жолда аққу көп бата, дерек берген.

Құранның үндерінен үзілгенмен,

Көріпкелдік қасиеті жалғанар перілікпен.

Дерегін жұбайымның алып берген,

Терістеп сандық үннен алшақ дегем.

«Жұрттың бәрі шалқасынан түсіп жатыр,

Саған ғана неге бұрыс келер»,- деген.

Бұл соғыс аяқталды жеңіліспен,

Көрсетіп шайтан түсті оған зинаменен.

Артымнан жала ертіп көрген түспен,

Құранның аятын, шариғатын терістеген.

Көріпкелдік ұстанбай дәстүрменен,

Қазаққа қасіреті бірге келген.

Орта топ діншілердің тәпсір біліп,

Терістейді жан ғылымын білмегеннен.

Бұл сөзді іліп алып өсек ерткен,

Куәліксіз шайтаннан түсті көріп білген.

Ата жолда «аққу, сұңқар» таратып жүр,

Бұл да қайыр аятпен маған қуан деген.

Ішпе деп тамағын енді берген,

«Телефоның» ұрланды деп аян келген.

Бар жақтан қысым келіп ой бұзылды,

Ата жолы жазбасына тоқтам берген.

Қол созбады еркектер шәкірт ерген,

Қатынбасты бүгінде көп сырт түзеген.

Ата дәстүр қағидасын кім ұстанған,

Бөріктінің бөрікті намысын қорғар деген.

Бас-басына би болып ел бүлдірген,

Ақу, сұңқар ата жолын бөлшектеген.

Мақтанады өңкей надан өзім білем,

Қарсы болып білімді жазған терістеген.

Тылсымнан үкіммен орынды өзгертумен,

Сарыарқаның төріне күзетші әскерлермен.

От басымнан үн-түнсіз кетіп қалдым,

Құранның үнін сақтап білімін жазуменен.

Дәуріштік қасиетті бұл меңгерумен,

Шәкәрім әулие де үйден жырақ, ой іздеген.

Мағанда бұл бір сынақ қала кезген,

Көшесін тылсымнан қала сыпырумен.

Ата жол қасиеті құран жеті үнімен,

Білімін жазуға аманаты маған түскен.

Батаның да қасиеті жазбалармен,

Жалғанар деп батадан үнді үзгенімен.

Сарыарқаның әулие-әмбилері қолдауымен,

Нәзік жандар болған ісі жәрдем берген.

Бағдат пен Айнұр атты екі аққуға,

Жалғануға құран үнін тәжірибе тәлімменен.

Ақ бақсылық ісі бар жетілдірген,

Түрлі қиын дерттерді өткізіп тәжірибеден.

Болашақ ұрпақ берер бағамызды,

Сынақтарын ата жолдың біздер өткен.

Шәкірттер ерді ата жолды тастап кеткен,

Жалғанған бар құранға кейі сүрінген.

Оңай болмады көпірді бұзып салған,

Талай айлар қарсылық ізденіспен.

Ата жол дәстүрін тектің жетілдірген,

Мақсаты номадтық нәсіл меңгерумен.

Әлемде тегі таза ұлттың қанын,

Көбейтуге бағы мен сынақ бірге келген.

Мысалы діншілердің үлгісі ескілерден,

Бүгінгі хикметі құдай ісін білдірмеген.

Әрбір пенде Құдайдан жол-жобасын,

Меңгеріп заманға лайық үлгі келген.

Баяндап  өз ісіммен жүріп өткен,

Ата жолда көп еркек жүріп жүрген.

Бір пендеге пайдам тисе ата жолдан,

Жамандап, айналасын сөкті демен….

Текеметтің, қан тектің оюы өшкен,

Қарғысымен тағдырға жүгі көшкен.

Жақсы мінез, жайлы жар болғанымен,

Ұрпақтардың ағашы таңда әлсіз өскен.

Бұл сөзімнің астарын баян етсем,

Түсінетін аз ғана қазақ тектен.

Өткендерден мысалды үлгі қылып,

Құпия сырын ұмытылған асыл тектен…

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *