Шындық пен шынның да бар айырмасы,

Түс көрмек адамзатқа бұл парасы.

Түстегі шындықты жору керек,

Ал шын түс бар, айқын болған оқиғасы.

Тарихта әпсана бар түс секілді,

Бірі аңыз бірі оқиға күн, түн секілді.

Көл анасы жер болар,

Ер анасы ел болар.

Әр елдің өз әулиесі,

Аруағына дем болар.

Түсінгенге сөз — дәулет,

Әншілерге үн — дәулет

Арсыз адам жын болар,

Іздесе мақтан сән дәулет.

Үміт  күтсең ұрпақтан,

Тый бойыңды жаманнан,

Сырттан келген жаман қасиет,
Ол ұрпаққа қәсірет,

Жамандық қаныңменен болады,
Зияны ұрпақ қуады,
Тағдырың содан байланып,
Жақсылықты, имандықты жояды,