Еркектің табанының бүрі кеткен,
Басынан ар қуаттың сыры өшкен.
Етексіз, жаулығы жоқ жалаң білек,
Қатын, қыз жаны өлі көні кепкен.
Еркектің табанының бүрі кеткен,
Басынан ар қуаттың сыры өшкен.
Етексіз, жаулығы жоқ жалаң білек,
Қатын, қыз жаны өлі көні кепкен.
Қырық үйден тыймаған,
Бойға жарық жимаған,
Қыз етексіз, санасыз
Шашын жайып жынданған.
Мереке наурыз басы әйелдерде,
Ырымға айналған күн шет елдерде.
Көшеге шығып қатын, қыздар,
Жын-қуатпен біз де тең деп ерлерге.
Бір күнді ғана әйелдерге неге арнаған,
Бір күн сыйлап, артынан ұмыт болған.
Шариғат, дін ислам бұған қарсы,
Күні-түні, сый құрметті парыз қылған.
Бүгінде көп мақтаншақ,
Партия болып мастанбақ.
Ел түземек заңменен,
Атқа қонып ел бақпақ.
О заман-ай, заман-ай,
Қазақтың тегі азғаны-ай.
Ібілістің болып ұрпағы,
Аманат артта қалғаны-ай.
Армансыз пенде бар ма бұл жалғанда,
Армандатпай ақыл, нәпсің тұра ала ма?
Дәулет пен дүние байлық аңсамайтын,
Жының барда арман қылмас мұрша бар ма?
Бақытты болу арманың,
Ақталсаң текке жалғандың.
Әлдилеп бата беретін,
Дәстүрің тектік қазағым.
Біз бабадан Алаш туғанбыз,
Ізбөрі еді елдік жан анамыз.
Қазақ, Созақ , Зейнеп бір туған,
Қазақ боп текті алғанбыз.
Әлмисақтан серттесің,
Әкенің аты өшпесін!
Әке мен балаға серт деген,
Құраннан аят елге сын.
Болсамда кедей қандаймын,
Қадірін теңгем қорғаймын.
Құнсыз болсын жат елге,
Маған құнды нанбаймын.