Қазақ неге қор болған,
Намысы неге жер болған,
Байлығымды-жем болған,
Дейді қазақ ез болған.
Қазақ неге қор болған,
Намысы неге жер болған,
Байлығымды-жем болған,
Дейді қазақ ез болған.
Қиямет мезгілінің тажалдары,
Отыз түрлі білім болар айлалары.
Отыз кітап тәңірлік қуат кітаптарды,
Пұт қылып елді азғырып қорқытады.
Құлшылығың адамзатқа шүкірлікті,
Бағала деп өзіңе сый тіршілікті.
Ата-анаңның қадірін білуменен,
Меңгересің махаббатпен естілікті.
Адамның тіршілікте көп қалауы,
Тәні өсіріп тірі болса көп арманы.
Ішпек, жемек, өмірден қызық көрмек
Жануарлық ақпаратқа бұл жалғауы.
Дін атын, шапанын жамылғандар
Исламды, бірлігін қорлағандар.
Адамзаттың бәрін сүй махаббатпен,
Өсиетін дана Абайын алмағандар.
Қияметтің соққан сағатында,
Тажалдар шығар ол расында.
Арттағы өткен тағдыр ісін,
Кінәсін құдайына жабатын да.
Шылымшы, зинашы, нашақорлық,
Үшеуі ағайынды қылған зорлық.
Рух тазарып жан өспей тек аздырған,
Айырмасы бірі үлкен, кіші арам болып.
Мәңгілік ел мекені,
Топырағы толған киелі.
Тұраның туы Түркістан,
Әулие-әмбилер мектебі.
Масһабшы дінші ғалымдар,
Сөз ұғымын аздырар.
Атаудан сөздер туатын,
Жұбы мен және пары бар.
Дүние байлық болмайды,
Иманы жоқ көмеске,
Байлығың ұзақ тұрмайды,
Қорқытпа босқа жемеске.
Адамның адамдығы тіліменен,
Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.
Ақылға ғылым билік жүргізуге,
Ой қуатын мінезбен меңгер деген.