Санасыз құдайға сене алмайды,

Аянды өзі көріп біле алмайды.

Иманы санасыздың өне алмай,

Білімді ақыл қылып  жобалайды.

«Ов пен Ова, Ева» болған,

Нәсілдерге жалғануға есік болған.

Орыстан қашқан өңшең надан,

Нәсілге жоңғарлық тегін қосқан.

Намазды парыз дейді мұсылманға,

Ол намаз иман деген оқыла ма?

Мұсылманға иманды парыз деген,

Имансыз құлшылығың емес таза.

Иманды адам мақтана ма?

Оқымай намазын жүре ала ма?

Мұсылмандық  дәстүрін сақтай білген,

Ақылы түзу болған есі барға.

Кейбіреулер кету үшін туылған,

Уақыты жоқ қызық дүние қуудан.

Кейбіреулер қайта тумақ жаралып,

Құдай сыйы кімге қалай бұйырған?

Он теңге әйел заты сый алған,

Тоғызы бар бір теңгесі жоғалған.

Бір теңгесін күнде іздеген әйел көп,

Онсыз қалған байлығынан айрылған.

Тәуелсіз егеменді ел аталып,

Желтоқсанда жеңіп алдық деп мақтандық.

Жастарды арандатып қырылуға,

Жындылықты құдай жолы деп атадық.

Ата-баба аманатын қан мен терін,

Талай ғасыр қияметтен өткендерін.

«Құдайсыз қурай да сынбайды» деп,

Теріске алдық даналар өсиеттерін.

Ат қояр қазақ,

Ырым ғып анық.

Тегінде иттік,

Бұруға салып.

Құтжол деп итті,

Қойғанмын атын

Жүруге танып

Үрмеді ит боп,

Құттығы қалып.

Жолбарыс атап,

Тектігін алып,

Өзгерттім атын

Тектігін мысық,

Ырылын алып.

Тегінде жоқты,

Кім бермек салып?

Ұқсасын онда,

Иттігін алып,

Пенділік атын

«Ов»-тарын алып,

Қоймасам болмас

Үлгісін алып.

Адам боп бірақ

Кетпесі анық.

Ырымым ұқсас

Болса да мейлі,

Дәстүрден алшақ.

Наданның сөзі

Болмаймын дейді

Адамның ұлы

«Ева»-ның қызы

Махаббат, иманға

Болмайтын құлы.

Ескілік текті,

Жынымен кекті

Меңгермек жүкті.

Итіме қойдым,

Болсын деп кекті.

Болған мен қырын,

Атасының ұлы

«Иттерден» жұрын!

(қараша 2014 жыл)

***  ***