Тәуелсіз ба бүгін қазақ таңында,
Еге болып дүние байлық малыңа.
Ата-баба арманы деп шатасың,
Егелік жоқ қазақ тегі жаныңа!
Тәуелсіз ба бүгін қазақ таңында,
Еге болып дүние байлық малыңа.
Ата-баба арманы деп шатасың,
Егелік жоқ қазақ тегі жаныңа!
Дүние жаратылған қарсылықтан,
Ақ қара, ыстық суық, от пен судан.
Бастапқы төрт қозғалыс негізінен,
Сегіз түр адамзатқа сыны болған.
Махаббат өмірге ғашық қылған,
Ақылсыз мұны қалай пенде ұққан.
Бес сезіммен шын сүю қалай болмақ,
Өз жанын түсіне алмас шайтандықтан.
Кер замандық қазақтың талабы барды,
Адамдық қасиет жоғалды бәрі.
Жамандықтың салтына жалғанып алды.
Ақырзаман белгісін түгел алған,
Бабалары қазақтың болжамы барды.
Ұлт мінезі замана тағдырында,
Заманың меңгерумен сынағында.
Құдайшылдық қашанда алып шығар,
Көтертіп нардың жүгін ауырында.
Тағдырдан бар көп сынақ,
Талайлар жүр құлап.
Құдайын бар таныған,
Сүрінгеннен ес жинап.
Сыр сандықты ашатын,
Әулилер берген батасын.
Мазаққа алды діншілер,
Білімділер күйе жаққасын.
Бөліндік деп кеңестен,
Он бес елдік тіркестен.
Қазақстан аталып,
Мемлекетпіз елі бөлектен.
Нұрсұлтан орамалды ұнатпайды,
Ояздары орындаудан жалықпайды.
Ақ жаулықты анасынан садақасы,
Перғауындай болады жанға қайғы.
Балаңа ғылым үйрет жас күйінде,
Ғылымның үні тұр дәстүріңде.
Сүйеке сіңген сөзді ұмытпайды,
Ғылымның ақыл күші өз тіліңде.