Бұл тақырыптың қоғам арасында үлкен тартыс болып; ОВ» ты алып тастаған қазақ болып аталып, иманы күшейіп, арлы болады деген жолдаумен көптеген пенделердің, әсіресе жастардың бұл әрекетті қолдап, енді мұны ерлік санап, ал мұндай атаулармен аталғандарды сатқын атап, қарсылық ұйымдастырып жатқаны жасырын емес. Әрбір таңбаның тәңірлік киесі болып және адам атының тылсым ақиретпен үш түрлі ақпараттық жүйеге жалғанып яғни; жануарлық, құстық және адамдық жаннат егелеріне жалғанумен байланысты болатыны; дінде де ғылымда да белгілі кітаптық білімі жоқ екені сөзсіз.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Бас киімнің нығметтері; Жалпы ер әйелге ортақ рухани жағдай; Есте сақтау қабілеті артады және бір қалыпты болмақ. Ұйқы бездері қуаттанады. Бақ жанады. 11-санды нығмет келеді. (Бақ қарап, қыдыр дариды)
Жылқы малы; Қан тазарады, тектілік жалғанады. Жылқы малына «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген амал жүрмейді. Ештеме жұқпайтын мал жылқы.Сондықтан сүйекті бекітумен, сүйекті сындырудан сақтайды.
Мәуліт айы масһабшы дін ғалымдарының Хижралық ақиреттік жыл есебімен емес, күнтізбемен байланысты Григориандық ай есебімен қазақта Сәуір – Көкек деп атаған. Көкек жақсылықты шақыру болып пайғамбарымыздың туылған күні 11 сәуірдің 12 –не қараған түні болып есептеледі. Сонымен ата жолының талай жылдар бойы масһабтан өзгешелік құлшылық амалы осы айда әрбір бес уақыт намаз оқушы пенденің жеке–жеке мәулітті қарсы алуы болмақ.
Масһабтық біліммен, қазақ дін «ғұламаларының» заманға қарай берілетін құдайлық жол –жоба мен пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, біздің өмір сүрген заманға білім тұрғысында жеткен өсиеттерімен, дін ғалымдарының пәтуаларының тозғанын ауыстырып, жаңадан аяттар алып отыруды терістеуден және масһабты тура жол, яғни таза ақыл- Аланың өзі, құдайлық сипаты қылып алумен дін намаздарының ақылды өсіріп, жанды көбейтуге емес, керісінше ақылдың негізделіп, жан өрістік қуаттық жүйені шектеуге негізделіп алғаны да хақ деп біліңіз.
1. Қандай да бір өліктің күн аумай тұрып жаназа намазы оқылу керек. Жаназа намазы 3 рет фатиха сүресімен оқылу керек.
2. Өлікті жерлеуге жолға шыққанда қамат оқып, қатым құран оқылу керек. Қатым құран 3 рет ясин сүресі немесе бір ясин сүресі мен мүлік, тарық, філ, ықылас, фаләқ, фатиха сүресімен оқылады.
3. Қабірге жерлер алдында Аятул күрсі оқылып дұға іштей қайтарылады.
4. Қабірге көміп жатқан кезде және бұл жағдай аяқталғанша дүниелік сөздерден аулақ болып имамнан бастап, қолы босағандар бәрі таспих тартады.
Садақа туралы масһаб-шариғат білімінде кең көлемде қамтылған және оған тоқталмаса да болады. Тек құрбандық арқылы садақа беріп, жолда қалған міскіндерді құранмен азықтандыру ғана масһаб білімінде «серік қосу» аталып, шындығында осындай тәсілмен халықты кедейшілікпен қорқыту, садақаға тиым салумен қазақ дәстүріне және Аллаға да ортақ қосу екенін қанша аяттармен мысал бергенмен, оған тоқталатын ендігі діншіні табу қиын.
Жалпы жаратушы иеміз парыз қылған қандай да бір құлшылық істерінің адамға беретін пайдалы қуаттарды зейнеттеу (жүктеп алу) үшін керек екенін және оның да өлшемдерін білу ислам дінінің маңызын, әлім алдында құранның құдіретті қасиетін дәлелдеу үшін өте қажет. Бірақ бұл жағдайда дінші, масһабшы ағайындарымыз Алла пендесімен тілдесіп, мұндай мәлімет беруі мүмкін емес, оны оқитын Алла ісінің орындаушылары әулие-әмбилері «Алладан басқа» яни «шайтан» деп ұғындырғаннан кейін ата жолындағы мыңдаған ашық хикметтерінің халыққа таралуына ислам дінінің хақиқатын ашуға үлкен кедергі болғаны қазір байқалмағанмен, қазақ тарихындағы таңдақтар ғана емес жалпы ислам өркенитіне кедергі болған қазақ елінің ел басқарушы, дін басқарушылары мен зиялы білімді қауымы болғаны дәлелденетін күн де алыс емес. Сонымен осындай хикметті Ясауи ілімінен деректердің шамаласын оқырманға таныстыра кетейік;