Аталарымыз; «Адамның басы Алланың добы» деп басты ерекше күтумен, әрбір ауа-райына, мезгіліне және жас ерекшелігі мен дәрежесіне, руына қарай киінуді және  басты қадірлеу, ойды жетілдіру үшін сөз бағушы, тылсым үнін, жан-жануарлар әлемінің сырын түсінуші «ойдың — қойшысы» болу әрбір ер азаматтың кәсібі деп түсінген. Сондықтан; «Бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» деп ой бағудың ғылымын адам тәнінің артық маймен арамданбауын ескерткен. Қойшы (ойшы) адамның семіз болуы да мүмкін болмай, сондықтан «құйрық жеуші» деген сөздің астарында  үлкен жан сыры бар. Қазақтың әйел затында қазіргі таңдағыдай көшеде ар-ұяттан айырылған түрлі жалпақ, қайқы құйрық нәзік жандылар болмаған. Ислам дінінен бұрын да «91-ді жеуден тыйым, 85-ті теуден (терістеуден, тебуден) тыйым» деген құранның көптеген ғылыми сырын қамтыған тамақ жеудің шариғаты «халал» заңдылығы болған.  Ұлы сөзде ұят болмас деген аталарымыздың өсиетін ескеріп, осы уақытқа дейін жазылғанмен жариялауға тыйым болған кейбір жан сырларынан мағлұмат келтіре кетсем. Және бұл жан сырын мағлұматтарды Абай-Шәкәрім аталарымыз да астарлап жазып кетіпті. Шыңғысқан бабамыз қайқы құйрық әйел, еркек пендесін «Бұлардан тек құл-құтан туады» деп арнаулы таңба басып, құлдардың қатарына қосып, ұмыт болған құйрық жеу заңдылығын қайта қалпына келтірген екен. «Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын» деп аталарымыз осы заңдылықты ескерткен. Әйел затының шапшаң ойланып тез шешім қабылдап, болашаққа ұзақ мерзімге шешім қабылдауға әлсіз бірақ қылық-жыны, есте сақтау қабілеті, кекшілдігі және тіл қуаты ұзын екенін ескерткен. Сондықтан жаман  ақпаратты, күнәні әйел заты да, еркектер де құйрыққа маймен қоса жинайды. Оны ғылымда қоңыр яғни аю майы деп атайды. Құйрығы үлкейген сайын қара қуаты да өсіп керісінше тектілігі, ар—ұжданы, таза ойлау қабілеті кеми береді. Сондықтан сөзі қысқа, ана тілін толық меңгермеген және өзге қысқа тілді әдетке айналдырған қыздарымыздың күйеуге тимей-ақ тәнін май басып арамдану себебі осыдан. Бұл құбылыс аяғы қысқа, табаны жалпақтардың шалбар киіп, етегін жаппай және шашын қысқартып тастаса тез аяғының арамдануына, ана сүтінің бұзылып жоғалуына әкеліп соғады. Ал еркектер мінезінің құйрыққа қатыстылығының 6 сипатын Шәкәрім атамыз «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деген өлеңімен бүкіл жан сырының мінезде, яғни құйрық жаратылысында екенін тәптіштеп түсіндірген.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мінәжаты уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?..Мақтан қуған, мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап…Ынсап, ұят, ар намыс, сабыр талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап…Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты –көндім, Алды-бердім, Ендің өкіндім-өзіме аз.» деп Абай атамыздың ескерткен қазіргі таңдағы ой мен тілдің арасы екі өзеннің жағасына айналды. Ортасында ескексіз қайық мінген, біресе ойға, біресі тілдің қырына жүзген қазақ атты ел келеміз. Жоғарыда бұл мәселеге аз ғана мысал беріп кетсек енді мешіттің құтпа оқыған дін ғұламалары біздерге пайғамбарларымыз бен нәбилердің мұң-зарын қалай түсіндіріп жүр екен, әзірше аз ғана мысалдар бере кетейік.

Жоғарыда басылым басында ескерткендей бұл басылымның мақсаты да ниетіміз де қазақ арасында дау туғызу емес, керісінше бірлесудің және елімізге келген жаратқаннан діни сынақтардан шығынсыз аман-есен өтіп «жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын» деген дін қандастықтың бауырмалдық сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оған керекті басты шарт тек ғылым-білімнің жолы, діни сауаттылықпен халықтың көкірек көзін ашу. Ал, діни немесе басқалай философиялық, психологиялық, шығырмашылық, түрлі өнер ғалымдықтарының негізгі шарттарының бірі пайғамбар өсиеттерінің (хадистерінің) түсінігін осы заман білім ғылымының түсінігіне, шаруашылық әдістеріне пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтаумен адамзаттың парасатын жетілдіру, заман талабымен сәйкестендірумен анықталады. Ал біздің негізгі тәрбие бастауымыз дін ғылымымыздың пікірлері бойынша барлық мәдениет парасатымыздың өркендеуін 10 ғасырдан да бұрын ислам ғылымдары біздерге көрсетіп бергенге ұқсайды. Мысалдар мен дәлелдерге жүгінсек; «Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Біріншіден «фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадистермен де амал етеді.» ( Дін мен Діл;21-бет).

«Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады...». «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) «Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) … күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі — күнә, бірі — күпір.» (И. Ғ. 41-бет).