Ақтық демің қалғанша арыңды ойла!
Бірде жас жігіт шейхқа келіп: «Мен әлі жаспын, сол себепті қыздарға қарамау деген мен үшін мүмкін емес. Мен не істесем болады?-деп шағымданыпты. Сонда шейх қолына сүт құйылған стақан ұсынып, базардағы бір адамға ешбір тамшысын төкпей апарып беруін сұрайды. Сонымен қатар, өзінің шәкірттерінің бірін шақыртып, егер жігіт сүттің бір тамшысын төгіп алатын болса, жұрттың көзінше қамшылауды бұйырды. Жас жігіт шейхтың бұйрығын орындап, сүттің бір тамшысын да төкпей апарып берді. Қайтып келгенінде шейх: «Жолда қанша қызды көрдің?» — деп сұрайды.Сонда жігіт: «Мен жолда ешкімді де көрмедім, себебі сүтті төгіп мені қамшылайды ма, — деп ойладым. «Жұрттың алдында масқарамды шығарады ма деп қорыққаным соншалықты, стақандағы сүттен басқа ештеңені байқауға мұршам болмады»-дейді. Сонда шейх: Міне діндар адамның күйі осындай. Ол Алладан және Алла Тағаланың айтанына құлақ аспай, ақірет күнінде масқара болудан қорқады,-деген екен.
Ертеректе ынтымағы мен көңілдері 60 жыл бойы жарасқан атамыз бен әжеміз өмір сүріпті. Бір-бірлерінен құпия-сырларын жасырмай тату-тәтті өмір кешсе де, әжеміз атамызға бір қобдишасының ішіндегісін көрсетпеймін деп, атамыз қарамаймын деп келісіп жүре берген екен.
Күндердің бір күнінде әжеміз қатты науқаска шалдығып, төсек тартып қалады. Шалы үй жинай жүріп әлгі құпия қобдиды тауып алады да, кемпіріне әкеліп беріп, ұзақ жылдар бойына корсетпей жүрген қобдиының сырын ашуын өтінеді. Дәм тұзының таусылуына санаулы күндер қалған кемпірі қорапты ашып, ішінен екі шілтерлі орамал мен сансыз көп ақша шығарады. Аң-таң болған атамызға қарап әжеміз сол кезде:
Баяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен:
— Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, — деген хабар жетедi. Келiншек:
-Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Алланың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, — деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң:
Бірде Бөлтірік шешенге сөзден сүріндірмекші болған төре:
-Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады? Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? Жарығы тұтас елге түскен қасиетті шырақ қандай болады? Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады?- деген сұрақтарды жаудырады. Сонда Бөлтірік:
— Дүниеде азбайтын байлық біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде тозбайтын байлық біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу,
Ол-ақыл,- деген екен…•
Ертеде бір шаhарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шахарға темекі алып келіпті. Шахар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырлап қоршап алады. Саудагерлер:
— Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады!Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! — деп жар салады.
… Сонау ерте кезеңде орта дәулетті бір ерлі-зайыпты жандардың жалғыз ұлы болыпты. Күндердің күнінде әлгі жігіт ер жетіп қалыңдық іздеуге ел шарлайды. Сөйтіп жер шалып ой-қырды кезіп жүргенде, бір шөлге кездеседі. Арып-ашып, ішуге су таппай, сая табалмай есеңгіреп тұрғанда, көзіне ақ шатырлы үй шалынады. Не керек бұл ару боп өзгере салатын перінің мекені екен.
Жақында министрлер бас қосуы болып, халық, ақпарат ұйымдары алдында есеп беріп, әсіресе денсаулық сақтау министрі қазақ елінде өлімінің пайыздық өсімі тежеліп, адам өсімінің халық денсаулығының артқанын және бұдан былай мұны да мүлде меңгеруге де, ауруларды жеңуге, халық жасын ауруынан емдеу арқылы ұзартуға болатынын мақтана жариялады. Қандай дерек көздеріне сүйеніп сандардың келтіргенін оқырмандар өздері тексере жатар,
Сайт бетінде пікірталас-сұхбаттарда көптеген оқырмандардың қазақтың дәстүріне және осы заманға байланысты ата-баба аруағынан, Алла достары әулие-әмбилерден келіп жатқан уахиларға сүйеніп көптеген мақалаларды жариялау барысында көпшілік тарапынан қарсылықтар мен мазақтаулардың болып және ондай пенделердің көп ұзамай-ақ сұхбатқа шықпай қалуы да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда көбіне мені айыптап; қарғады және құл темір компьютерді бұзып тастады деген, мені тәңірге айналдырған есуастық пәтуаларды да кездестіруге болады.
«Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет)
Қазіргі Масһаб білімінде қазақ дәстүрін және аруақтық білімді айқындайтын жүздеген пайғамбар өсиеттерін және құран аяттарын дін ғалымдары мүлде болмағандай айналып өтіп өздерінің ой жоруларын тықпалаудан халықтың ақылын қазыққа байлаумен ғана айналысады десек қате емес. Иман мен сенім ерекшелігін, өлшемін білетін бірде-бір масһаһшы имамды, дін ғалымын немесе осы тұрғыда жазылған еңбектер де жоқ. Ал пайғамбарлық пен елшіліктің сырын оны қандай жағдайда қандай амалдармен меңгеруге болады деген сұраққа да жауап жоқ. Сондықтан Пайғамбарлық 46-қасиет дегеніміз қандай сипатта деген сауалды Раббымызға қоюмен, әулие, даналар аруақтарынан келген жауапты көкірегі ояу азаматтарға таныстыра кетейік;
Тектілік
Табынушы
Естілік
Ілімдік
Ізгілік
Сабырлық
Тақуалық
Аян алу
Көктен көру
Жерде жүздесу
Болжау
Тәндік белгі
7 хикмет алу
7 саусақ өнері
7 бой белгі
7 жұлдызды белгі
7 із белгісін алу
Емшілік
Қаралық
Ақиретте болу
Бөз ілу (кию) Зейнет киімі
Ақ алғыс (Әулиелер батасы)
Уағыз (ілімділік)
Өсімдікпен үндесу (Шипагерлік)
Оң білек, сол білек теңесуі
Аласалық (асқақтық, тәккапарлықты жеңу) төмен бола білу
Бақсылық. (Ағаш отырғызу)
Аз жеу, оразамен жүру
Аз сөзділік (мейірімділік)
Белдікті, кебісті, тізелі болу
Құс қанатыменен жалғану (Мақам алу)
Мәңгілік жан
Сәжделі болу
Құштарлық (ғашықтық)
Жұмбақтылық (құпия сырлар)
Сүйіншілеу (ұжамақтық болу, жаннатпен сүйіншілену)
Ақ бастау (табысу)
Естуші (уахи алу)
7;9;13; сатыны меңгеру
Мүмін болу, елшілік (хабаршы болу)
Қайсарлық, қажырлық
Қыдырлы береке (өткен жер)
40 өнер иесі
Сапарлы (жер бетін кезу)
Қылышты (найзалы, алақан қуаты)
17-ші сатылық кезеңнен өту
Жын туралы оның ғылымдық сипаты ата жолы жазбаларында арнаулы №7–кітап түрінде баяндалды. Жалпы адамзаттың ақирет өмірімен түп негізге жалғануға деген әрбір ұлттың, үмметтің жібі бар. Бұл жіпті аталармыз; «Ала жіпті аттаған оңбас» деп атаған. Енді мұны қазіргі таңдағы білімге айналдыратын болсақ, біздердің жындық қуатымыз; Жын-анықтаушы, алушы, іс-амалға жаратушы болып, «Днк»-лық жағдайымызды білдіреді. Ал сезімдік, саналық қуатымыз; «Рнк»-лық (саналық, ділдік) сипатымызды білдіріп, осы екеуін қатар меңгеруді «Алланың жібі» деп атаймыз. Бұл ұғымдар енді көптеген білімді қоғамның өкілдеріне жүрегіне сіңіп түсінікті ұғым болуы да қиын шаруа.