«Мақсұтың болса орынсыз, Сілкініп жүріп сыға бер. Жолдасың болса тойымсыз, Көзіңе құмды тыға бер. Қызығып жүрген ісің кім, Ерте есептеп ұға бер. Сенісіп жүрген кісің кім, Жалмауыз болса жыға бер. Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің.» деген астарлы өлеңмен Шәкәрім атамыз адам баласының көңілге қуат беретін шерік періштелерінің де көзге айналып, бақылып жан-жағыңда жүретінін, сондықтан қайсысын таңдау өзіңнің көңіл қуатыңа байланысты деп түсіндіреді де; «Түбінде менде айла жоқ, Алалға дайын мінезім. Тойымсыз қудан пайда жоқ, Шын жақындық бұл сөзім. Алалға  айла қылушы ем, Жау жықпасын туды деп. Сескеніп, ерте-ақ білуші ем, Ішкізер қулар уды деп. Жазалы қылмас құдайым Айланы ақпен жуды деп. Деуші «едім үстіп шыдайын, Құртпас па екен қуды» — деп.»Және бұл қуаттардың да ішінде у-да, қуы-да, сұмы да болып оған қарсы қоятын «Ақ» — сабыр қуатының жәрдемі керек екенін ескертеді де мінездің құбылмалағы осы қуаттарды еріксіз алуға мәжбүр ететінін де насихаттайды.  «Мен көргенді көрмеді-ау, Қайратты өңкей батырым. Қайтейін тоқтау бермеді-ау, Қу залым деген кәпірің. Ұқпаған соң лажым не, Жан досым деген жақыным. Ұққаның болса қамың же, Оңдасын істің ақырын.» «Күйдірген соң шыдатпай, Көре тұра жайыңды. Кім айтады мен айтпай, Сендерге енді уайымды.»

      Алла жолында соғысу деген осындай нәпсіге әсер беріп, ал тазаланғаннан кейін күш, қайрат болып зейнеттелетін және иманға айналатын шеріктердің бар екенін және бұл шеріктерді меңгеру үшін иман жолдас жақыныңның, аруағыңның тазалығы, ұғымды білімділігі керек деп ескертеді. Және бұндай жағдай некелі жарыңның ар тазалығымен, дінді меңгеруімен, жүрек қуатымен байланысты болуын да білдіреді. Бұл жайында аятта: «Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыру үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі.» (48-4) Бұл аятпен барлық жер көктегі шеріктер де себептік қозғалыс егелері пері-жындар да Алланың хикметті істерді көрсетуіне арналған ләшкерлері болып саналады екен. Әуелі бұл аяттың толық сырын білу үшін 48 санына тоқталайық. Абай атамыз; «Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған-Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл» деген  «Сегіз аяқ» деген ат қойып бұл періштелік қуаттың негізі тілден алған үн қуатымен сөзбен бейнеленіп және құлақ, көңіл, ми, қайрат, ой көзі, жігер күші болып, қан қызуында қалыптастыратынын  ескертеді де; «Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан.» Бұл қуатты армен, ұятпен байланыстырып салт-дәстүр, ұлттық тәрбиемен жуып тазалап отырмаса онда «қалғып кетер артынан» деген арттағы ерген тазарушы періштемен қосылып мүлде қайғы-қасіретке ұшырайтынын насихаттайды. «Табытын қаққан-Аңдығаны баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ жауып қой.» Көрдегілерден күдер үзген, сондықтан ондай дінді жауып қой деп ескертеді. «Егіннің ебін, Сауданың тегін , ойлап, мал ізде. Адал бол — бай тап, Адам-мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді, қазақ бірің дос Көрмесең істің бәрі бос.»Әйел затына адалдықпен бай тауып, еркекке рухани күш, намыс; ақша-мал тауып, ортақ егініңді өсіріп жаратқанмен саудаласу үшін біріңді яғни жаратқанның басты себебі таза ақылды көріп жалғана алмасаң, бар ісің босқа өтер деп уахиды көңілге алуды насихаттайды. «Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын.» Мал қуатыңды періге, кәпір жынға беріп басыңдағы дене мүшелерді күтпей басың дауға қалып жүргенше аруақтан қолдау сұрап татуласып ар-ұятыңды ізде, тап деп ескертеді. «Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылға әдетің-Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды. Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім,. Келмейді әлім, Мақсұт-алыс, өмір-шақ. Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар, Не болды құр қожақ? Кеш қайтар жол емес, Жол азығым мол емес.» Жаман әдетпен барлық өнер қайратты жоғалтсаң, Құдайдың сегіз аяқ қуатынан, сегіз сипатынан бос қалып, алдағы алыс жол сапарың, өлімнен кейінгі ақирет өміріңе де «Шақ» түсіп, азап тартатыныңды және оның да белгісі, дүниелік өміріңде көрінетін, тәнің ауырмай-ақ, жаның ауырып, бастан миға, екі шекеге қысым, белгі болып келетінін  ескертеді. «Сөзуар білгіш, Зәкүншік, көргіш Атанбақ-мақсұт, мақтанбақ… Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қып еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қалама ар? Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай басың сандалар.» Өнерсіз сөз қуатын меңгермей құр мақтан, тақ, дәрежеңмен жаның ойнасшы қатындай нәпсінің құлдығына түскесін, көз көмекшісі алдыңдағы тыныс періште інің болмаса, мойыныңдағы періште ағаң болмаса бір өзің түк бітіре алмай басың дауға түсер дейді. Бұл жерде ел деп жанға байланысты болатын «Ру» періштелерін ескерте отыра және оның әйел затына тән нәпсілік қуат екенін де ескертеді. «Бауырыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық ұры-қар, Қапысын тауып, сені алар. Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап-Абиыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда?».

     Ондай жағдайда сені күзеткен, аянды көрсеткен күзетші бауырың «аруағың» сенен сырт айналса, сонан кейін артыңа жын-шайтанға айналған, үсті басы шаң, басы қан, «У»-ға айналған, «Ақ»-ғы жоқ шеріктің саған еріксіз еріп «шерік қосылып» сосын одан барлық ар, абиырдан айырылғанша енді соңыңнан қалмайтынын түсіндіреді. Және ондай шеріктің ит сияқты, хайуан кейпінде де болатынын да астарлап ескертеді де; «Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім-күн емес». Тағдыр кітабыңның яғни жолдың ашылуы қолдың тазарып, ағарып, түрлі зиянды әдеттерден босатумен  байланысты және іштегі «Мен» күнің, жүйке жүйесіндегі 6-«чакра»-шақырушының жағдайына тәуелді екенін білдіреді. «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың». Надан болып дін ғылымына мән бермей, дүниемен ақиретті бірдей ұстасаң өлім де жетер, азап, сынақ бұйрығы болып деп ескертеді. «Жаяуы қапты, Алтысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іштегі дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай». Өзіңнен шыққан сөзден, қылықтардан пайда болған шеріктердің түбі бейнеленіп келіп өзіңді табатынын, арты уайым-қайғыға айналумен, басыңның азапқа түсетінін жан қайғыруын ескертеді. «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек  көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым-тап шыным!».

      Атадан мұра, мирас болып келетін рухани негізді періштелер мен анадан жан болып келетін 4 негізді періштелік қуаттың көкпен дәрежеленіп және Абай атамыз жоғарыдағы 46-шы санды пайғамбарлық қасиетпен жалғанушы періштелердің санын толтырғаныммен мұңдасып сұхбат құрар, түсінетін «Сегіз аяғы» бар пенденің ол заманда болмағанын, табылмағанын айтады. Және бақсылықтың да осы сүрені меңгерумен нәтижеленетінін, бақсы моласының ол заманда бөлек қастерлеп жерлеу себебінің де осы періштелік қуаттардың жетілуімен астарлап ескерткен. Енді адам баласының дінін жетілдіру арқылы осындай адам өнімдері періштелердің басын біріктіріп және адам жаны арқылы басқарылатынын аятта: « Рас Дәуірт пен Сүлейменге ғылым бердік те олар: «Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық» деді (15) Сүлеймен, Дәуітке мұрагер болды да: «Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас бұл, әлбетте ашық бір артықшылық. (16) Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.» (27-17) Адам баласына осы 27 санды сүренің ғылымын меңгеру арқылы 15 санымен ғылым беріліп яғни иман болып зейнеттеліп аятта;«Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз» (68-16) деген аяттың керісінше уахиға, түс білімінен иман келтіріп және 16 санына байланысты мал қуаттарының жетілуімен, құс тілін меңгерумен мұрын үсті маңдай ортасындағы үшінші көздің ашылып, жұлдыз болып жануымен елшілік қасиет қонумен ерекшеленеді. Бұл жағдайдың ғылымының сыры  Қажы баба басынан табылған шырағданда 16 барыс болып бейнелеп көрсетілген белгіні меңгеру арқылы, құс тілі «сұңқарлық» қасиетті меңгеріп және сана қуатын жетілдіру құлшылық істері арқылы көзге көрінбейтін жын, адам, құстардан болған шеріктерді, қуат әскерлерін басқарумен, бақсылық істермен байланысты екенін білдіреді. Осындай құрандағы астарлы берілген «Аққу, Сұңқарлық» яғни пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру 2000 жылдай бұрын, Құран арап еліне оқылмастан бұрын да қазақ еліне келген үлкен сый, мұғжиза болып келгенін хақтығын растайды.  Бірақ еліміздің бұл мұғжизаның енді мыңдаған қарапайым қазақтың ұл-қыздарына мұра, мирас болып қайталануын және бұл жағдайды Құран аяттарының да растайтынын, ғылымын сандық, сызықтық білімін меңгермеген тура жолынан адасқан дін және ел басшыларының қарсылығы мен ұлттық намыссыздығы мен көре алмастықтан, құр ой жорумен айтылған «серік қосу» деген пікірлері мен және Құран түгіл Құдайдың өзін де мазақтаған пәтуалар мен шешімдер шығарып, халықтың тұтыну нәрселерін арамға «шерік қосуға» айналдырып оған білімсіз, арапшыл діншілеріміз бен жастарымыздың да санасын улап сендіріп те үлгірді. Сондықтан бұндай қарсылық істер Құран ғылымында кәпірлік болып саналады да, міндетті түрде жуық арада жазаланатынын, өмірлерінің соңы азаппен аяқталатынын да ескертеді.

      Ал бұндай уахидың жоғарғы дәрежесін меңгеруді Абай атамыз Сократ хакимнің насихатымен; «…-Жә пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?-деді. –Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет демек керек деймін,-деді…»  Олай болса хикмет екі түрлі сипатта болып, құпия сипатының пайдасын білу ақылдың, парасаттың шамасына қарай анықтай аламыз да ал, адам баласына қандай да бір пайда келтіретін айқын белгі, құбылыстарды, жаратылыстарды хикмет немесе хақ, ақиқат деп те атаймыз. Сондықтан ақиқаттың айқын болуы да хикмет яғни  мұғжиза болып жаратушы иеміздің өзінің бізге білдірген сипаты және Өзі деп атаймыз. Бұдан Раббымыздың;«Саған түсірілген Құранның өзі ең үлкен мұғжиза емес пе?» деген аяттың сырын ұғуға болады. Демек қандай да бізге пайдалы оқылатын Алланың хикметті белгілері, аяндары, түрлі бейнелермен көрінетін сөздері хикмет және кітап! Сондықтан адам баласының білім-ғылымы жетілген сайын Құран арқылы осы ескертілген адамзатқа әшкере пайда үшін жаратылған періштелердің көріну, түсірілу хикметтері де түрлі бізге беймәлім жағдайларда айқын, анық болып біліне бермек. Құран хикметінің ең маңызды көрінісінің өзі осындай астарлы аяттардың және сан ғылымының өзгермейтін насихат сырында болып, ал құранды зерттеуші, тәпсірші діншілердің басты надандығы да құранның 1000 жыл өткен насихат тәпсірін яғни сөз атаулары мен ұғымдарын сол қалпында пайдаланып, ескі ғалымдыққа күмәнсіз табынуынан пайда болады. «..-Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың?-деді. –Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан еге болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң еге болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне және қандай жарастықты зәконмен жаралып, оның ешбірінің бұзылмайтұғұндығын көресің…осылардың бәрі кез келгендіктен бір нәрседен жаратылған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ақыл ма?..»

      Осындай себептік ақылдардың жиынтықтарынан өз ақылыңа қосып алумен өлшеусіз ақылға бірді тануға жетесің деп және әрбір ақылдың денесі болатынын ескертеді. Әрбір парасатты, саналы аталатын адам баласы өзінің жинаған, білген, меңгерген естілік, білімінің яғни өлшеусіз таза ақылдың бір бөлшегі болып, енді өзінің ақылының сол өлшемге яғни «Бірге» ізгілікті істермен, қасиеттермен, көркем сөзбен бейнленген «Ман» қуатына айналуы үшін құлшылық істерін де меңгеруді мақсат деп түсінуі шарт. Бүкіл жанды нәрселердің құранда; «Аллаға тән» деп аталуының өзі, бейнеленген қасиеттік шартты денесі бар деген ұғымды береді. Демек барлық ақылы бар қарекеттік періштелердің негізінен 3 топқа жіктеліп; жын, адам, құстар да Сүлеймен пайғамбарымызға басқарылуға берілгендігінің дәлелі бола алады. « …Шын бұл айтқандарыңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Ол құдайдың ұлықтығына қарсылығым жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?-деді. –Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе?-деді.-Аристодим айтты: -Ол менің қамымды жейтұғұнын қайдан білем?-деді. –Жә, олай болса барлық мақұлыққа қара да, өзіңе де қара, жанды бәрімізге жіберіпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін-үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара…Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даналық, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік, керекті көркемдік ол деген лайықты келмейді… адам баласын мұнша парасат егесі қылғандығы хикметпен өзге хайуандарға сұлтан қылғаны дәлел емес пе?…Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма?-депті.» (27-сөз)

     Енді иман келтіру дегеніміз сол танылуға, сенуге тиісті жаратылыс нәрселерінің ішіндегі ақылын, хикметін алу болып, оның әр қайсысының денесі яғни өлшемі болса, адаммен жаратқан иеміздің арасындағы себептердің де рухының, ақылдың шамасына қарай кеңістіктегі бос (теріс-атмо) орындарын иеленген денесі болып, егер бұл біздердің біліміміз бен жеткен ақылымыз олардан төмен тұрса онда қалай оларды жаратушы шексіз ақыл иеміздің бүкіл әлем нәрселерін баураушы денесін яғни 8 қасиетті  сипатын, адамзатқа тиісті 300-дік нұрын танып, т.б. шексіз жаратылыс өлшемдерін түсініп иман келтіре аламыз? Сондықтан жоғарғы ақылды тану үшін ол екі аралықтағы себептің бізге көрсетілетін хикметті істерін орындаушы, білдіруші, бейнеленуші себепшілері арқылы ғана пайымдап өзіміздің жанымызға сыйдыра алатын ақылдың нұр қуатын ала аламыз. Яғни ақылымыз бірлену үшін де «Бір»-мен аралық себепшіге бірігу яғни өзіндік бірімізді қалыптастыру керек болады. Міне осындай себептерді түсініп және олардың әрекеттерін шатастырып алмас үшін де Құран аяттары арқылы санмен белгіленіп, кімге қалай қосылып, «Шерік-шірік-арам» иіс, тас, темір, жез т.б. болып қосылмас үшін және қалай алуға болатынын, қай нәрсе арқылы дәрежеленіп, қандай жағдайда жүрекке, қанға, тәнге бейнеленген, тәртіпке келген сәулелер мен малдық қуат болып, ал жанға жұпар иісті жарық киімі болып зейнеттелетінін түсіндірген Құран насихатынан артық қандай ақыл кітап керек? Енді осындай қосылатын, дәрежеленетін, түрленетін періштелердің үш түрлі дәрежелері де болып, ал оларды басқаратын тұрақты ақыл-нұр, «Ақ» періштелерін шапағатшыларды «кісі» деп құран аяттарында кісілік барлық періштелік, күш, қуаттар бірлігін қамтитын 7 санымен ғана қалыптасып, ал ішкі сырының дәрежелену шартын, түрін 9 санымен тағдыр жазуының толық мәні, тәубемен байланысты, адам баласының қайрат, жігер күшінің яғни ерік періштелерінің қалыптасуымен  түсіндіреді. Бұл бастапқы «Ақ» жарығын қанмен, біліммен, қарекеттермен қызылға бояп шарап жасап, одан қайта нәр алуды жоғарыда Адам атамызды бастапқы жаратқанда адамзат тағдыры болып үкім, аманат болып жазылған еді. Маңдайдағы жазу деген осы негізгі Абай атамыздың «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан..» деген негізгі 11 санды екі бірліктің, маңдай жұлдызының негізінің 11+4=15 ана құрсағындағы рухтан үрленген 4 тағдыр белгісімен нәтижеленіп, Шәкәрім атамыздың «маңдайында меңі бар 15 жасар бала» ханның дертіне шипа беруге құрбандыққа шалуға әкелінгені туралы астарлы үгітін де көрсетіп тұр.  Сондықтан жаратушымыз «Бір жазықсыз кісіні өлтірген адам бүкіл адамзатты өлтіргенмен, ал оны тірілткен барлық адамзатты тірілткенмен бірдей.» деген бүкіл араптанушы дін ғалымдарымыз бен ислам әлемі де шеше алмаған, адасқан тәпсірлерін қазақ аталарымыз баяғыда насихатқа, өлеңге айналдырғанын өзіміздегі, қанымыздағы, діл біліміміздегі, аталар аманатындағы, дәстүрлі дініміздегі «Бірліктерді» түсінбей және оны түсінгісі келгендерді мазақтап, заңмен қудалап; «шерік қосушы» деп Аллаға жала жапсырумен айналысамыз. Және сөздің бәрін құранның арап тілінен, болмаса қызылбастардан алу керек деген тіл ғалымдарымыздың надандықтарын да әшкере қылып тұр.

    Енді осындай аманат, уәдеден келе жатқан тағдырмен берілген  9 санды ішкі қайрат-еріктің, маңдай жұлдызын «Насыр» періштесін, іштегі аруақтың 11белгісін, кісілігін тірілтудің де 129 сипаты, жоғары періштелік дәреженің 11 түрлі, дәрежелі қозғалыстық қуаттар шамасы бар. Бұл адамзатқа  ақыл, иман жолдас періштелер адамға қызметке берілген аманат болып, өз орнына мақсатқа пайдаланғаннан кейін, негізгі ақ бастауына қайтып беруді құлшылықтың шүкіршілігі деп атаймыз да, аятта; «Негізінен Алла (Т) сендерге аманттарды (періштелерді) өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы.» (4-58) (5+8; 13+4;17) Адам өз еркімен ақылды, парасатты, бекзат, дана болып жетілмейді де негізінде бастапқы қозғалыс басы 3 санды күштердің түрленуінің 5 түрлі қуаттармен, 8 құдайлық несібе, нығметін құлшылық арқылы әрекеттесу барысында 2;3;4;6;10 санды мәндермен дәрежеленіп, өзімізге, жанымызға ана құрсағында тағдырмен жазылған төртеуді; «тағдыр сөзін» түгелдейді екенбіз де соңғы және бастапқы жаратылыс басы қарекеттік негіз екі жарық негізі  Тәңір оғы екі сөз «Ман»-ды «Ес» қылып қалыптастырамыз. Және бұл ақылды орнымен пайдалану үшін сөз даналығын, әділдік пен сәугейлік қасиетті өз мақсатыңа құдайдың еркін жеткізуге жұмсаңдар деп ескертеді. «Әй мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне (әулие-әмбилерге) бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға (аян, уахи арқылы шешемін сұрап) ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға ақирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы.» (4-59) (5+9=14+4=18) Бұл аяттағы бой ұсынудың мағынасы, адам баласының жан мен рухын ұйқы өлімі арқылы 18 мың ғаламға,  ақирет өміріне сапар шегіп көрсеткен, білдірген уахи, аяндарды тыңдауға жаттықтырып және оны амалға айналдыра білумен бой ұсыну деп аталады. Материалдық тәніміз өз ақылымыздың еркіне берсек, нәпсісіз бейнелеген сыртқы түрлі өрістік бойымызды ақирет өміріне тәрбиелеп, Алланың, шапағат иесі пайғамбарларының, өз арамыздан шыққан әмір иелерінің әулие-әмбилер кісілігі арқылы бейнеленіп, көрсеткен уахи, батаны мүлтіксіз орындаумен іске асырылады. Бұл аяттағы 59-санымен «Хашыр» деген атаумен, Алланың сүйген құлдарының көркем аттармен хайыр жасап, Алла жолында соғысумен, зейнеттеліп алатын қайрат, ерік күшімен және қол-екі (2) істерден пайда болатын, дін сынақтары мен өлімнің де дәрежесін, оңнан солға қарай оқысақ; 95 санды сүрені ескертіп тұр. Негізінен адам баласында 77 санды буындар (7 хат көк,7 хат жер, хикмет «позвон-очник»-тірілген нәсіл) мен осыған сәйкес құлшылық амалдары болып 95-77 санын алсақ, онда 18 саны оң қолдағы 18 ғаламмен байланысты бүкіл жер бетінің тіршілігіне, несібе нығметіне байланысты Ғиса пайғамбар арқылы келетін рухани істерді көрсетіп тұр. Сондықтан адам баласының рухани өлімі де, жетілуі де дінінің негізі де 95-ші сүремен тұжырымдалады. Аятта; «Бұдан кейін саған дінді өтіріксіген не?(7) Алла, үкім етушілердің ең жақсысы емес пе?» (95-8) (103-кітап) Дін хақиқаты 7 санымен 59;95 санды ақиреттік адам жандарының, рухының нәтижесі арқылы бейнеленетінін ашықтап көрсетіп тұр да, ал 8 санды аятпен бүкіл үкімдердің нәтижесі, хикметі  көрінетінін әшкере жариялап, белгісін білдіріп, және 95+8=103-ші әлемдерге ортақ заңына қарай түсетін нұсқаулар кітабын, уахи ғылымын ескертіп тұр. Енді бұл аяттардың сырын сандық мәнімен, басқа сүрелермен себептік байланыстарын толық зерттей білген дін ғалымынан қазақтың «аруақ» заңдылығының бүкіл кітаптарды әлем діндерін басын біріктіріп орындайтын толық дін және тура жол екенін түсінер еді. Ал енді пенде болғасын дінде аян, уахиларды жорумен келіспеушіліктердің де қайшылықтардың да болуы сөзсіз. Ондай жағдайда жоғарыдағы 59-шы аятта«егерде… ақирет күніне иман келтірген болсаңдар» яғни пайғамбарлар Алланың ең жақын достары болып, мәңгі тірі деп жаннат тұрғындары деп сенім келтіріп; «пайғамбарға ұсыныңдар!», яғни құлшылық намаздары арқылы сұрап уахи, аян алсаңдар, Алладан сұрап білгендерің болып саналады деп ескертеді Раббымыз. Сондықтан енді барлық жағдай төртеумен ғана түгелденіп, бесінші осы төрттің тиянағы, тірегі бейнеленген орны болып, бұл хикметтің мысалын төрт қабырғалы мұнара тұрғызып, оны тағы төртеумен түгелдеп, бесінші арыстанға күзеттіріп қойған Египет мұнарасы осы тылсым сырынан хабар береді. Ал текше үстіне мұнара тұрғызып, оның сыртқы бейнесін құлыптың кілт салатын ұясы қылып бейнеленген сәулет өнері, құранның бейнелеген белгісі Қорқыт ата басындағы «Тілеухана» орнынан көруге болады. Осы құрылыстан адам баласының ішкі 8 қырлы рухани бейнесі мен көктің киелерінен 7-ге қалай жалғануға болатын көздің, ашылатын есіктің сырын баяндап тұрғанын көруге болады. Олай болса әуелі бесіншінің сипаттарын түсіндіріп көрейік. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)            

              Дін исламдағы негізгі серік қосу, шерік қосу және ортақ қосу ұғымдары осы адам арқылы түрленетін, қайта жаратылатын,  тұтастыққа бірленетін, ақыл-ойға сана күші арқылы дәрежеленетін құпия жаратылыс періштелерінің сипатын, маңызын және себептік қызметтерін білімін теріске шығарудан пайда болады. Оған нақты мысал келтіре кетсек;

     «Рух дегенді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді» деп Шәкәрім атамыздың ескерткеніндей әлем діндерінің басты қателігі;  жан, тән, рух заңдылықтарының, себептерінің білімін жоғалтып алып, дінді ертегіге айналдырып бөлшектенуден дін ғалымдарымыз әлемдегі апат, азғындықтардың, сынақтардың, рухани надандықтардың себепшісіне, жәрдемшісіне айналғанын және де ел билігінің ұстанған саясаты да барлық халықты тек дүние байлығын жинатып «Өмір бойы қуанбақ жынды ісі ғой» дегендей ойын-сауық, той тойлаудан басқаны білмейтін елге айналып алғанымызды ақылы сау, есті адамның өзі де аңғарып, білуден қалды. Енді дін сынағы әлемдер тарихынан қандай да жер әлемдегі халықтың тыс қалуы да мүмкін емес екенін, әлем тағдырының рухани тұтастығын қалыптастыратын ислам дінінің пайғамбарымыз көрсеткен бірлену саясатын теріске алғандарды алысқа бармай-ақ, қазақ масһаб дін ғалымдарының шығарған кітаптарында Інжіл, Тәурат кітаптарын адасқан, өзгертілген деп түсіндіріп, сан ғылымына мән бермей қарапайым оқу тәсілін де меңгермегендеріне өздері куәлік береді. Сондықтан рух, рухани сынақтар адамзаттың жындарын меңгере алмаудан пайда болатыны туралы да мүлде сауатсыз екендіктеріне дәлел болатын: «Алайда тарихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға жоқ. Жеткізуі мүмкін емес. Өйткені тәнімізді басқарып тұрған жанымыз Ұлы Жаратушының әмірімен тәннен шыққаннан кейін оны қайта әкеліп қосуға ғылымның да, басқаның да ( яғни жаратқанның Құдайдың да?!) шамасы жетпек емес. Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық Десек те, жан  жоқ (рухты енді жан деп сипаттап отыр) дегендерге әрбір адамнан табылып жататын мынандай жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік..»  (Имани гүл 147-бет) Бұл пәтуасымен дін ғалымымыз;  Шәкәрім атамыздың сөзін; «Мұны үйреткен- білімсіз шала молда, Қу қазыққа байлаған табандатып..»  шынға шығарумен бірге, оған енді Абай атамызды куәлікке тұрғызып, сөзін мазаққа айналдырған да: «Ол денеден айрылғаннан кейін өзінің мәңгілік мекеніне, дененің отанына сапар шегеді» деп «тарихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген тұлға жоқ» деген тұжырымымен, Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраждық оқиғасын яғни тірідей кездескен және мәңгі тірі тұлғалармен, пайғамбарлармен сөйлесіп, сұхбат құрғанын да өтірікке алумен және бүкіл әулиелер өсиетін, еңбегін жоққа шығарумен бірге, Інжіл құндылығы мен Ғиса пайғамбардың мұғжизасын, рухтың жаннан бөлек болып денеге айналып, қайта адамға айналу діннің басты ғылымын мүлде терістеп, Раббымызды да жалғанға айналдырыпты.

      Бұл масһаб ислам ғалымдарының мемлекетіміздің қолдап, атақ-шен беріп, ел алдында арқаларынан қағып, өз халқына, асыл дініне айдап салып отырған, ібілістің қолшоқпарына айналған, қазақтың дініне қастандық жасап отырған кімдер екендігі болашақта әлемге де әшкере болатындығына уәде беріп, алдыңғы басылымдарда құран арқылы ғылымын көрсетіп, дәлелденетін Алланың хақиқаты деп біліңіз. Сондықтан құранда; сауап, артық хайыр жасап, Алла жолында соғысып, тағдырларыңды түзеу үшін ақиретпен Раббыларыңмен  саудаласыңдар деген үкімін теріске шығарып, пайғамбарымыздың өсиетін бұрмалап, жалғаншы етіп көрсете білген: «Пайғамбарымыз тағдырға байланысты қажетсіз сөз таластыруды тиюының хикметін былай түсіндіруге болады. 1- Адамның өз қалауының тысында болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтері бізге беймәлім(??)…ақылымыз қалауымыздан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтерін және сырын толық шеше алмайды… Өйткені тағдыр кітабы-өте қиын әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға байланысты мәселерді дін мамандарынан сұрап, осы тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл жеткізе алмаған мәселелерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсырып, адамдармен бос дау-дамайға кірмеген жөн. Алла ең дұрысын біледі.» (И.г. 195-бет) Пайғамбарымыз тағдыр туралы және тағдырдың да екі түрлі болуымен бірге тағдырларыңды көріп түзетуге де болатынын: «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің (тағдырларың) туралы ескертеді» (994-өсиет) деген ескертумен, ата-аналарыңның аянмен көрсеткен ақылын алыңдар, ол үшін мал жұмсаңдар деген ескертуі «серік қосу» деген бар дін ғалымдары да, ел басшылары да надандығын былай қойғанда, пайғамбарымызды мазақтағаны үшін де тозақтық және қабірдегілерден безген  кәпірлер екенін (60-13) аяттың үкімімен де Раббымыз ескертіп кеткен. Ал, Шәкәрім атамыз бұндай пікірлерді қарапайымдап қалай түсіндірген?; «Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы Болыпты не біреуден, не өзімнен…Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе, Сұм жалғанның қылған бұл дей берсе, Әлбетте, бұл-тағдырға қарсылық ондайға ерсе» Адам қалауынан тыс болатын себептің болмайтынын, не келсе де біреуден болғаны немесе өзіңнен ізде деп ескерткен. Ал «біреу» дегеніміз адамның сыңары болған жын періштесі екенін кім мойындап түсінеді? Сонымен дін ғалымымыз бұл пікірмен Алламен адамзаттың тілдесу ғылымын, құлшылықтардың басты мақсатын және жан, рух ғылымдарын жоққа, жалғанға шығарумен бірге, Құрандағы сендерге шындық арқылы аяттарын оқиды, көрсетеді деген мыңдаған аяттарды терістеп, ислам дінін мазаққа айналдырған. Бір ғана мысал келтірсек: «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) Құранда 43 санымен адам баласына уахи оқушы періштелік дәрежені көрсетеді. Ал енді Мұхаммед пайғамбарымыздан да бұрын келген, мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген кітап иелерінен қалай сұрау керек? Бұл аяттың үгітін мешіт имамдары «білмесеңдер дін ғалымдарынан сұраңдар» деп түсіндірумен Құдайдың хикметті қолын, аруақтарының орнына өздерін қойып, құдайға айналып, яғни (16-43) (59)  аятты ашық бұрмалап, өздерін 59- «Хашыр» періштелер дәрежесіне көтеріп алған, Масһаб ғалымдарының пәтуасына жүгініп қана құлшылық қылмасаңдар, адасасыңдар деп түсіндіреді.

    Енді осы мәселерге нақты дәлелдермен аз ғана түсініктеме жасап, осындай дінсіздіктен пайда болған негізгі масһабшылардың, нұр мүббәрәк дін ошағының ғалымдарының елімізге халқымыздың рухани қазынасына, қандай қастандықты, ел басшыларымыздың, жазушы, тілші, мәдениет, ақпарат таратушы қызметшілерінің қолымен жасап жатқан зұлымдықтарынан хабар беріп көрейік. Пайғамбарымызға құран, пайғамбарлық және бұрынғы пайғамбарлар істерін меңгеруші елшілік келіп, құран түспестен бұрын да құлшылық істері мен намаздарды жасырын, Құрайыш тайпасының дін ұстанымынан бөлек орындағаны да шежіреде баяндалады. Намаз оқудың да тәсілдері исламға  дейін болғанын растайды. Және оны сауаты жоқ адам баласы қалай, қай құлшылық амалдың дұрыс, бұрысын анықтай алды? Бұл жағдай сол кездегі Тәурат, Інжіл құлшылық амалдарының бұзылмаған, таза құлшылық істерінің жоғала қоймағанын да білдіреді. Сондықтан пайғамбарымыз; ата-бабаларыңның әдет-ғұрпын орындаңдар деп қатаң ескерткен. Егер тәурат, інжілді меңгеріп, Мұса, Ғиса пайғамбарлардан хабар алмаса, тәңірден уахи болып бата оқылмаса, қалай құран және шариғат нұсқалары оқылады? Ал үнемі Жәбірейіл періште өзі ғана оқыды деген құранға қарсы жала. Жәбірейіл періштемен пайғамбарымыз 3-4 рет кездескені құранда баяндалған. Енді Жәбірейіл періште Алланың құдірет қолының бір мүшесі болып, бүкіл жер көк әлемін қамтитын болса, онда адам баласынан қалай және кімдер арқылы бейнеленіп көріну керек? Сондықтан да Жәбірейіл періште құранды және негізгі үкімдерді жер мен көктің арасына алып түсірді де, оны бөліп оқушылар, баяндаушылар сол уақиғаларды, аяттарды меңгерген пайғамбарлар, елшілер рухтары (43-сандылар; Зұқрұф періштелік дәреже) болып есептеледі. Ал, негізінен біртұтас рух сипатты Жәбірейіл періште бұрын болмаған, енді болуға тиісті аяттарды ғана түсіріп, ал үш аятты пайғамбарымыздың өзі миғражға көтеріліп алып келсе, онда құранның қалғаны қалай оқылғанын, сондай пайғамбардың келетінін алдын ала ескерткенін, інжіл жазбаларынан мысалдардан көреміз. Және әрбір жаратылысты жұп қылып жаратқанын назардан шығармай, негізінен Ахмет екеу болып, аяқты сүннеттейтін, жынды мінезді, көркем мінезге айналдыру үлгісін көрсеткен Мәсіх, тазартушы- Мұхаммед пайғамбарымыз болып табылады. Ал Ғиса пайғамбарымыз күнәні яғни шайтанды өлтіріп, рух пен шайтан арасын ажыратып, рухани тазарып сүннеттелуін, дарындылықты, ақыл-ойды меңгеру үлгісін көрсеткен; «ОҢ»- Мәсіх тазартушы, көктен келетін су ананың рухына байланысты, бірінші рухани өлімнің шапағатшысы болып табылады. Бұдан кейін келетін рух пен жанның арасын ажыратумен бірге, сүннеттелу бірлігін қамтамасыз етіп, толық кемел адамды қалыптастыру үшін тәнді де сүннеттеп, жер ананың рухына байланысты екінші рухани өлімнен тірілудің рухты, жанды екі «жұлдызға» айналдыру үлгісін көрсететін Мұхаммед пайғамбарымыз туралы Құдайдың екінші және бәрін біріктіретін соңғы рухани ұлын, барлық киелі кітаптарда «СОЛ» деп ескертеді. Сол — Масіх негізінен жанмен, жер анамен байланысты және шайтанды толық басқару, ал Оң — көк рухымен байланысты, жынды толық меңгеру, басқарумен ерекшеленеді. Сондықтан Құран түскенге дейін де шомылу, ғұсыл, дәрет алу рәсімдері болып, аяқ жуу рәсімін (тазарту мәсіхті) Ғиса пайғамбарымыз елшілеріне көрсетіп, оның сырын «болашақта түсінесіңдер» деп астарлап ескерткен. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған сүннеттелу, шомылу, тазару негізі дәретпен, аяқпен аяқталып, аяқты қорғап, мәсіх тарту дінге келген жаңалық болды. Ал құдайдан уахи хабар келу Мұхаммед пайғамбарымызға дейін де болып, одан кейін енді хабар; уахи, аян, түспен түсірілу, аяттардың насихаты оқылуды тоқтады деп ашық жазып, айту түгіл іштей ойлаудың өзі күпірлік! Інжілден: «Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын (адаммен бейнеленетін рух арқылы) жіберіп жеткізеді. Сол (Мұхаммед пайғамбар рухы) арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді. Құдай адам баласына бәрін де бағындырып берген кезде оған бағындырмаған еш нәрсені қалдырған жоқ. Алайда біз бәрінің де адам баласына бағындырғанын қазір көре алмаймыз. (Болашақта болатын исламдық хикметтер). Тәңір көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп, құрметке бөледі, ал құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелдікке жеткізді. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді. Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар (құранды меңгеретіндер) да (Мұхаммед пайғамбар және ислам әулиелері) Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырластарым деп атаудан ұялмайды. Сондықтан Ол (Ғиса) барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады. Бауырластарым, сақ болыңдар: ешқайсысың жүректеріңді қасарыстырып сенбей, мәңгі тірі Құдайдан безіп кетіп жүрмеңдер! Қайта, бірде-біреуің күнәнің кесіріне бола алданып, қасарысып кетпеу үшін әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара дем берісіп отырыңдар! (Бір-біріңді тазалаңдар!) Шындықтың қайнар көзін (аян көру) аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз. Киелі жазбада осы туралы мынаған ұқсас жазылған ғой: «Ал бүгін Тәңірдің даусын естісеңдер, Бас көтергенде істегендерің іспетті Қасарыстырмаңдар жүректеріңді!» Ата-бабаларымыз сияқты біз де Құдайдың сыйлайтын тыныштығы туралы уәдесін (батасын) естідік. Олар бұл хабарды сеніммен қабылдамай, тек естіп қана қоя салғандықтан, оның пайдасын көрмеді. Ал сенімімізді Мәсіхке артқан біздер уәде етілген тыныштықты иемденеміз. Сондықтан ешқайсымыз ата-бабаларымыз сияқты бағынбаушылыққа бола сол тыныштықтан құр қалмау үшін оны иемденуге жан сала ұмтылайық! Себебі Құдай сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір, бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткендей, ішкі дүниеміздегі ой-ниетімізді әшкерелеп бағалайды. Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ. Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Оның алдында есеп беруге тиіспіз. Сонымен көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз-Құдайдың рухани ұлы Иса бар. Бас діни қызметкер болу құрметін ешкім өз бетімен иемденбейді. Құдайдың Өзі Мәліксадықты (сақтың ұрпағы: Һұт елші-Мәді, Мағди) тағайындағандай, Мәсіхті де Бас діни қызметкері болуға белгіледі. Сол Мәліксадық Салим (Бұхара жері) қаласының патшасы, Алла Тағаланың діни қызметкері болатын. Ыбырайым әлденеше патшаларды жеңіп, ұрыстан оралып келе жатқанда Мәліксадық оған жолығып батасын берді. Сонда Ыбырайым қолындағы бар мал-мүліктің оннан бірін бөлігін құдайы садақа етіп оған тастап кетті. Мәліксадық есімінің мәнісі «әділдік патшасы» болса, «Салимның патшасы»-«Тыныштық пен амандық патшасы» дегенді білдіреді. Мәліксадықтың әке-шешесі, шыққан тегі және өмір сүрген уақытының бас-аяғы туралы ешбір мәлімет берілмеген.  (Құранда шежіресі бар) Сол жағынан (Мұхаммед) ол мәңгі-бақи діни қызметкер болып қалатын Құдайдың рухани ұлына ұқсайды. Мәліксадықтың мәртебесінің қандай жоғары екенін ойлап көріңдер, тіптен түп атамыз Ыбырайым түскен олжасының оннан бір бөлігін оған берді. Мәліксадық Құдайдың уәдесін алған Ыбырайымның түсімінің оннан бір бөлігін иемденіп, оған батасын берді. Бата алғаннан бата бергеннің дәрежесі, сөзсіз, жоғары. Мәліксадықтың мәңгі тірі екендігі жайлы мәлімет берілген. Ыбырайымның Мәліксадыққа қолындағысының оннан бірін беруі арқылы кейінірек халықтан түсімінің оннан бірін жинайтын Леулі руы туралы да оған құдайы садақа берді деп айтуға болады. Ол-адам ретінде Тәурат заңында жазылған шығу тегіне қатысты ережеге сай болғандықтан емес, бойында сарқылмас құдіретті өмір болғандықтан діни қызметкер. Бізге де дәл сондай: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз, күнәлардан аластатылып, аспаннан да жоғары, Құдайдың қасына көтерілген Бас діни қызметкер қажет! Айтып жатқандарымыздың ең бастысы мынау: көкте біздің Бас діни қызметкеріміз бар; Ол тағына жайғасқан Ұлылық Иесінің оң жағындағы құрметті орында отыр. (Ал сол жағына кім бару тиіс еді!) Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының (топыраққа айналуын!) астына түсуін күтіп отыр. Киелі Рух та бізге осыны растайды. «Жаратқан Ие мынаны айтады: Бұл Менің кейінірек (Құран арқылы) олармен жасайтын келісімім— Мен тағлымымды жүректеріне құямын, (Ақ ұлға түскен жүрек ашу хикметі) Ой-саналарына жазып та қоямын». «Келуге тиісті Ол (Мұхаммед) сәлден кейін келіп, еш кешікпейді. Әділ адамым (Мұхаммед) Маған сеніп шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып бағытынан (Исламнан) кері қайтса, Ризашылығымды бермеймін сондайға». Ал егер шынайы хабарды естіп-білгеннен кейін де әдейі күнә жасай берсек, онда бізді күнәмыздан арылта алатын ешқандай құрбандық жоқ.  Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы тамырды қазып алып тастамаса оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдардың жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиянын тигізетін болады. Ешқайсыларың да опасыз болып, азғын өмір сүрмеңдер! Яки Есау сияқты қасиетті атаулыға (елшілерге, әулие-әмбилерге, аруақтық тіл біліміне) немқұрайлы қарамаңдар! Ол бір ішер тамаққа бола өзінің тұңғыштық жолын сата салды. Кейінірек әкесінің ерекше батасын алғысы келгенімен өтініші қабылданбады. Есау жылап тұрып жалбарынса да, өзінің істеп қойғанын өзгерте алмады. Сендер ата-бабаларымыз сияқты көріп-естуге болатын мынандай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып, кернейдің қатты дауысы шығып, сөздер айтылды. Соны естіген халық мұндай сөздерді енді қайтып естімесек екен деп жалбарынды. Олар Тәңірдің «Тауға аяқ-қолдарың тигізген әркімді, тіпті мал тұяғы тисе де, оны таспен атқылап өлтіру керек» деген бұйрығынан қорықты. Осы көріністің әсерінің үрей туғызатындай болғаны сонша, Мұса пайғамбардың өзі: «Мен қорыққаннан қалтырап тұрмын»,-деді. Абай болыңдар, енді өздеріңе сөйлеп тұрған Тәңірді тыңдаңдар! Оның тапсырмасымен жер бетінде сөйлеген Мұса пайғамбарды тыңдамай қойған Исраил халқы жазадан құтылмады. Ендеше бізге көктен сөйлеп тұрған Құдайдың Өзінен бас тартсақ, онда алатын жазамыздан одан бетер құтыла алмаймыз! Сол кезде Тәңірдің даусы жерді шайқалтты, ал қазіргі заман туралы Ол пайғамбар арқылы: «Мен тағы да жер түгіл аспанды да шайқалтамын» деп уәде берді. «Тағы да» сөздер мынаны білдіреді: Құдай Өзі жаратқанның барлығын шайқалтып, орнынан алып тастамақ. Сонда тек шайқалтуға болмайтындар ғана қалады. Сонымен, өзіміз шаңырағы ешқашан шайқалмайтын Патшалықтан үлес (бата, уәде) алғандықтан, сол үшін Құдайға шын жүректен шүкіршілік айтып, Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсыз істеуден шошынатын болайық! «Біздің сиынатын Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті!» (Інжілден; Елшілер істерінен).

     Ал енді от мәселесіне келетін болсақ, жылына бір рет Иерусалим қаласындағы шіркеуден шырақ жанып және бұл хикметті Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатының көрінуі екенін әлем түгіл ислам ғалымдары да мойындамайды. Бұл құдайлық сыйды меңгеруді, от арқылы күнәден тазарудың белгілері исламда тек қазақ елінде ғана сақталған. Келін түсіргенде отқа май құйып аласталу және діншілердің «ырым, шерік қосу» деп қарсы болған, ата жолында шырақ жағып, аруақтардан бата алу дәстүріміз сонау Інжіл нұсқауларынан бері қазақ халқының салт-дәстүрі болғанын көрсетеді. Енді бұл ата жолында тұрақты намаз амалына айналған хикметтер туралы құран арқылы расталып, аятта; «Алла жаққа, Оның нұсқауымен (аяттармен, аяндарымен) шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Шырақ белгісі Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғануға арналған намаздың бір амалы болып және; «…Сондай аяттарымызға иман келтіріп, өздері мұсылман болған кісілерге (аруақтарына) ғана естірте аласың» (27-81) (109) . Егер саналы болған әрбір құранды зерттеуші адам баласы бұл сандардың сыры арқылы қазақтың салт-дәстүрі және ата жолындағы аруақтардан бата алу үшін зияраттау намаз орындауларының хақиқатын (11-109) аяттары арқылы білінетіні де даусыз.

Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Иманның хақиқаты-ғылым келу және білім берілу-шындық түсірілу!       

      «Ғылым Алланың бір сипаты, ол-хақиқат, оған ғашықтық та (құмарлық) хақылық (міндеттілік) һәм адамдық дүр (қасиет). Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нәрселердің (дүниелік) махаббатымен ғылым білімнің хақиқаты табылмайды…Көңіліңде өзге махаббат тұрғанда, хақылықты (құдайлық махаббатты) таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. Ол аланың ғылымы емес, һәмманы (барлығын тегіс) білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді.» (38-сөз) Абай атамыз Алланың ғылымын, яғни құранды меңгеру үшін аяттар насихатына, Алланың біліміне, сөзіне ғашық болып, махаббатың оянып, сөз астарына терең үңілмей, тек арапша оқысаң болды, рахметіне бөленесің деген діншілер пайымдауын жалғанға шығарып, әрбір Алланың түсірген аятының хикметіне яғни түбіне жету үшін, соған деген құмарлық талабы болу керек екен. «Әуелі дін исламның жолындағы пенделер, иманның хақиқаты не сөз екенін білсін. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне, уә құранның оның сөзі екендігіне, уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның оның тарапынан елші екендігіне иландың. Жә, не бітті! Сен Алла тағала үшін иман келтіресің я өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә иландың..»

     Сонымен иман келтіру дегеніміз құр сеніп қоя салу емес, сенің құр иман келтірдім деп сенгеніңнен, иланғаныңнан келер, кетер пайда жоқ екенін ескертеді. Сондықтан құранды арапша Алла тағаланың солай түсіргені еді деп сеніп, иланып, бірақ иман білімін ұғынып, түсінбей түгел жаттап алсақ, онда Алла тағала үшін иман келтіргеніміз болады да, ал тек арап тілінде ғана түсінігін, үгітін білуге иман білімін меңгерсек, онда арап халқы үшін иман келтіреді екенбіз де иланғандық болып, Алланың сөзіне деген шала махаббатты ғана қалыптастырады екен. Сонымен иман, нанымымыз жер бетіне түсіп, білім, құран, кітап болып келмей тұрып, Раббымызға алдын ала барлық білдірген біліміңді, хикметтеріңді меңгереміз деп берген уәдеміз және аталарымыздың осындай хикметті білімдерді меңгергеннен қалыптасқан діл-біліміміз және оны біздерге өткізген аталарымыздың аманаты (рухымыз) нәсілдік белгімізді, жүктерімізді меңгеруіміз қайда қалады? Олай болса, құранды қазақша аудармасын оқып, аяттардың құпия сырын, насихатын  түсінуге талаптанудан және парыз, сүннет етіп түсірілген құлшылық істерін үзбей орындап, хикметін біліп, шешімін табуға тырысқан жағдайда ғана, кітаптарына иман келтірген болып есептеледі. «Егер де сен өзің иман келтіруден пайда алмадың, пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.» Құр сеніп, насихатын оқып түсініп, амалға айналдырып пайдасын көрмесең және ол пайданы қалай алуды білімесең, иман келмейді деп ескертеді атамыз. Ал, егер бұл үгітке мойынсұнсақ, амалға алсақ, онда  масһаб діншілер пікірімен тағы қайшы келеміз. Сонымен егер масхаб пәтуасымен менің тұтқан оразам, берген зекетім, оқыған, орындаған намаздарымнан қалай пайдасын көремін деп сұрамасам, онда олар  пайданы тек белгісіз жағдаймен немесе өлгеннен кейін ақиретте ғана көресің деп түсіндіреді. Және бұл саладағы діншілер пәтуасы бойынша; Бұл дүниедегі тіршілік өміріңде қалай жалбарынып сұрасаң да, Алла тағала пендесімен тілдеспейді деген пәтуаларының астарында құдай берген ризығын, нығметін, рахметін, жақсылығын алдын-ала да көрсетпейді деген ұғым шығады. Яғни егер бір жақсылыққа кенеліп жатсаң, онда қалай берді не үшін берді, не мақсатта берді, әлде тағы да бере ме бермей ме, қандай аманат беріп сынады,  оны білуге тырысып, шаруаң да болмау керек. Тек кешірім сұрап, намаз оқып, құлшылық жасай беруің керек. Ал негізінен мұсылмандықтың барлық шарттарын, шектерін мойындап, ислам дінінің құндылықтарына, барлығына дерлік жаппай бой ұсынуға адам баласының туғаннан ақылы жете бермейді және көп жағдайда мұндай құлшылықтарға дүние ісімен, кейбіреулерімізге ерекше берген нығмет артықшылықтарымен алданып, сондықтан міндетті парыз қылған  намаздарын орындауға қажеттілік те туындамайтынын да хақ. Сонымен, өмірдің сан алуан қызықтарын тамашалап, кейбір сәттерде қиындықтарын, сынақтарынан өту барысында немесе кейде жол таба алмай тығырыққа тірелгенде ескі күнәлі болмысыңның, рухыңның өліп, рухани қажеттіліктің жаңадан бастауын іздегенде ғана, парыздық құлшылықтарға қажеттіліктің пайда болатыны заңды құбылыс. Бірақ Абай атамыз ескерткендей дүние махаббаты басым тұрғанда, бұндай рухани қажеттілік және күнәлі болмысқа қарсы талаптың, қайшылық пайда болуы мүмкін емес. Ол үшін де міндетті түрде құдайдан түсетін қайғы, сынақ, азап ауру болу керек. Ал тәрбиесі дұрыс, есі бар адам баласы рухани ізгілікке өзі алдын ала талаптанса, онда бұндай жамандықсыз-ақ қалыпты жағдайда өтуге болады. Ол үшін сонда жас кезден бастап шариғат білімін оқыту керек пе, әлде ұлттық негізде қалыптасқан әр пенденің қоғамдағы орны, жасы, қызмет, кәсіп ерекшелігі сияқты қимыл, іс-әрекеттеріне қарай тұрмыстық ұстазы, білімі қалыптасау керек пе? Ал, мұндай жағдайда, жеке–жеке әрбір пендесіне тұрмыстық рухани қажеттілікті кімдер, қалай өлшеп беріп үйрете алады? Және пенде өз рухын ұстазсыз, жол көрсетушісіз, өз кемшіліктерін байқап, кемісін толтырып, артығын тежеп, қалай өзін-өзі, рухын, жанын тәрбиелеп жолға сала алады? Енді шариғат, масһаб білімін жаттап алғанмен, қалай ондай білім бейнеленіп, амалға, кісілікке айналып, өздігімен маған жәрдем беріп, күнәммен соғыса алады? Сонымен бірге жаратушымыздың; «..Әрбір пенде өз қауымын өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деген уәдесін қайда қоямыз?

     Енді бұндай адам ішкі дүниесіндегі рухани өміріндегі пайда болатын  сансыз сауалдарға жауап іздеп, Мұндай жағдайларда адамзатқа ортақ рухани құбылыстың бағдары болған інжілден мысал келтіре кетейік; «Тәурат (Құран) шариғат заңының Құдай рухынан шыққанын біліміз, ал мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін; қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Тәурат (Құран) заңының игі екенін іштей мойындаймын. Онда, жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәкәр құмарлық. Менің бойымда, яғни күнәкәр болмысымда жақсылық жоқ екенін білемін, сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күш жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын. Ал енді өзім қаламайтын жамандықты жасағанымда бұны істеген мен емес, бойымдығы күнәкар құмарлық. Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымдағы басқа бір заңдылықтың бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәкар құмарлыққа кіріптар етеді. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады?  Сонымен, жағдайым мынандай: ақыл-ойыммен Құдайдың заңын орындағым келеді, ал ескі күнәкәр болмысымның кесірінен күнәлі құмарлыққа кіріптармын.» (Римдіктерге; 7-тарау) Енді, мұндай жағдайда қанша білімді болсаң да,  дүние ісіндегі жақсы–жаманды ажырата білсең де, осындай рухани сипаттағы қараңғылықтан, күнәлі болмыстың құлдығынан, рухани дағдарыстан шығу жолдарының мен білетін үш түрі бар. Бірінші жағдайда; көбіне шаруа, еңбек етіп өмір базарын қыздырып жүрген қарапайым адамзаттың ақылының толуымен болатын құбылыс және бұндай жағдайда исламның масһаб ұсынатын біреуі жалған болса да, бес парызы арқылы ескі болмыстың рухани өліп, әрі қарай тек шариғат үкімдермен «намазхан» аталып, шаруасын дөңгелентіп, қатардан қалмай тіршілік етіп, жаратқанның жаратылыстан ата-анасы арқылы жазылған тағдырының, берген несібесін көріп, өмірден өтіп жатқандар да жетерлік. Ал, екінші бір жағдай; шығармашыл, өнер және білімді, шаруашылықтың түрлі қызметтерін адал атқарып жүрген адам баласының бойында болатын рухани дағдарыс. Бұндай жағдайда масһаб ұсынған ислам құндылықтары рухани жетілуге, рухани дарындылықтарды меңгеруге жетімсіз болатынын іштей сезіп, тағы да арпалыс ізденістермен, түрлі діни ағымдарға түсіп, іздегенім осы, енді таптым дегенде, сынақтармен түрлі кедергілер, немесе сопы болдың тақуа болдың, құдайдың ерекше кереметіне, хикметіне әне жетесің, міне аласың деген пірлердің айтқанымен жүріп, айдауына көніп, бұрынғы жеткен рухани белесінен, философиялық білімінен, логикалық, ділдік бағытынан да  айырылып қалып, немесе мүлде дүние істеріне, тіршілік амалдарына қолын сілтеп тәрк етумен, болмаса теріс әрекеттердің құрығына түсіп кететіндер де жеткілікті. Үшінші  жағдайда; жасынан ұлттық тәрбиесі дұрыс болған және түрлі кәсіп, шаруа, ғылым, білімді де өз шамасына қарай меңгеріп, негізгі адамгершілік құндылықтардан аттамайтын, сауапшыл, қайырымды, ізгілікті болғанымен, дін рәсімдеріне, шариғат ұстанымдарына кейбіреулеріне сеніп, кейбіреулеріне күдікпен қарап, діншілер айтқан ақирет, өлім, қайта тірілу дегендерге ертегідей көріп сенбейтін, бірақ ата-салт дәстүрлерді жұрттан, көпшіліктен қалмай орындап, ішкі сырына көп мән бермейтін «материалист», «оптимист» деп аталған адамдардың тобы негізінен қазақта басым көпшілікті құрайды. Бұндай адамдар тобынан имамның уағызы да, түрлі жағдайдағы сынақтар да әсер етіп, намазға жығып дегендей құлшылықтарға әкелу мүмкін емес. Сондықтан бұндай топтағылар тікелей Құдайдан келетін хикметке,  мұғжизаға, тікелей хабар мен әсерлерге ғана мойынсұнып иманға келуі де хақ.

     Құранда; «Үш кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла..» деген аяттың насихаты барлық қозғалыс, құбылыс, жаратылыс, оқиғалар, тағдыр жазулары да осы 3 түрлі ішкі қозғалыс егесінің, періштенің, нәрсенің және кісінің бір-бірімен ара қатынасынан басталып, 4-ші Алла ғылымына, негізгі сипатына, өзіне кездесумен, түрленуімен, сол сияқты сыртқы әсерлік, тәңірлік 5 түрлі қуаттың 6 орында түйісуінен, құдайлық негіздің сипаттың пайда болатынын ескерткен. Әрбір нәрсенің өз өлшемі және таңбасы болып,; «Періште»-7+1=8 сандық мәнімен, «Бір» Аллаға құлшылық ету дегеніміз осы 8 қырды және бір сырды, «Тоғыздық» кісіліктерді меңгерумен ғана нәтижелетінін де жадыңызға тоқып алыңыз.  Сондықтан да қазақ еліндегі рухани қозғалысқа қозғау салуға, алға қарай дамуға жаратқаннан «Тоғыздан», яғни  тоғыз жолдың торабынан хабарлар мен уахи келіп, оны қабылдап, осы үш түрлі топтағы адамдар арасына таратып түсіндіруге ата жолының қозғалысы басталып, кенеттен аққу, сұңқар аталған жастардың пайда болып, халықты жаппай зираттатумен ерекшелене бастады. Әрине бұған біреулеріміз таңсық көріп, екінші біреулеріміз мұқтаждықтан амалсыз жүгініп, енді үшінші біреулер ішкі дүниесінің, жүректерінің қалауымен, әйтеуір қазақ халқының басым бөлігі арауақтан бата алып, Алла жолында мал жұмсап, күнәлі рухтарының өліп, өмірге жаңаша көзқарастармен, қайта туылғандай тіршіліктерін түзеп, өмірдің базарын жүргізуге, кейбіреулері дін жолындағы ізденістерге түсіп, қым-қиғаш тірліктердің басталуымен қазақ тарихында өз орнын алғаны да даусыз. Бірақ бұл 4-ші қозғалыстың өзі іштей үш түрлі топтарға жіктелумен ерекшеленді. Кейбір 4-уін түгелдегендер; «сен тимесең мен тимен» деген пиғылмен өз басының қамын ойлаған  ниеттермен, бес уақыт намазын оқып, өзіне тән ғана шаруасын білетіндер, ғылым, білім саласындағылар, жазушы, ақындар, заң орындағылар мен ел басқарушылар және түрлі кәсіппен дүние табушылар қатарларын толықтырып, кейбіреулері мүлде ата жолының қағидаларынан бас тартқандары, тек жеңіл амалдарын ғана орындап, «ауырдың астымен жеңілдің үстімен» дегендей сипатқа түскендеріміз басым көпшілігі десе де болғандай. Ал енді екінші топтағылар бұлар бірде анаған, бірде мынаған қосылып, кейбірлері сопылық жолды іздеп намаз оқуды жетілдірумен ғана шұғылданып, енді кейбіреулеріміз емшіліктің жолын дүние табу мақсатына айырбастап, түрлі құжаттар алып, кейбіреулері «намазхан» аталып, ал кейбіреулері ата жолына қарсы тұрған топтарға қосылып, жынды сөздер айтып кеткендері де басым көпшілігі болды. Ал негізінен інжілде көрсеткендей, қарапайым халықтан шыққан жаман, әлсіз, сауатсыз дегендерден шыққан шаруа, базар, сауда, қызметшілер тобын құрайтын үлкені бар, жасы бар, бұқара халықтың арасынан шыққандар, ата жолының негізгі тұрақты үгіт, насхатшылары болып, әлі өздерінің бағыттарынан таймай, енді араларынан үздіктері де шығып және оған жоғарғы екі топтағылардан білімді, сауатты аталғандар ішінен де  ата салт-дәстүрлі дінінің сенімінің батырлары да шығып, ата жолының рухани жетілуіне, халық арасына таратуға жәрдем беріп жатқандары да бар. Яғни, енді ата жолы тағы екі топқа бөлініп, тағы ашықтай өзара қайшылықтардың болуымен, жалпы алғанда қазақ елінде рухани естіліктің де 5 тобы пайда болды. Бұлардың арасында енді ашықтай барлық топты да қолдамайтын немесе біреуін дұрыстап, келесісін бұрысқа балап, бір-біріне және дүниемен ғана пайымдайтын, жүрегі жабылып құлақтары созылған европашыл, арапшыл топтарды айдап салумен, өздерінің «бөліп ал да билей бер» саясатын жүргізуге бағытталған партияшыл, саясатшыл, ел басқарушы әкімдер мен заң, баспасөз, жазушы, философ, дін ғалымдары, теолог деген заманға сай білімді, керемет ақылды, бірақ ессіз қауым бар. Бұлар шайтанның тұрақты қызметкерлері болып, барлық топтың да ішіне еніп алып немесе сырттан бақылап, әйтеуір халықтың рухани санасының өсуін тоқтатуға, ділін тазартып өсірмеуге, тек өздеріне ғана бағынышты не айтса да басын шұлғып орындай беретін, ұлтсыз, рухсыз, жансыз шеріктік қауымды қалыптастыруға жан-беріп жан алысып жатқан жайлары бар. Бұған елдегі болып жатқан дін адамдарын қудалап, соттау және баспасөз, көгілдір арна беттерінен ұйымдастырып жатқан түрлі қитұрқы әрекеттері мен  насихаттар, арнаулы ақылшы «жұлдыздарды» дайындап, қатындардың «гендерлік» теңдігін дәріптеп және дінде де ақыл еркіндігін, өзгеше ойлау қабілетін ақпараттық жағдайда шектеп тыйым салумен, тек намаз оқып масһаб ұстану керек деп бір қазыққа арқандап, елдің сана–сезімінің дамуын тежеу әрекеттерімен көрінісін беріп, елдегі қайғылы оқиғалар мен сынақтарға, жастардың жындануы мен мәңгүрттенуіне себеп болып, біртұтас адамдардың «рұхтардың» лағнетін шақырып, құдаймен соғыс ашқандар екені де даусыз.

     Ата жолының Ясауи ілімінің 9 жолдық хикметіне қарсы тұрған қара түнек кісінің 9 түрлі бұзықтық амалдардың қызметшісі болған, осы жолдарда мықты қорған салып, өз ағайынымыз, ел билеушілері сипатында болып отырып алған ібіліс әскерлерінің лаңының көрінісі болып табылады. Енді осындай жағдайдан кейін, алғашқы майданда киелі рухтардың жеңіске ұшырап, бірақ елімізге қайтадан келген тағдыр сынағының рухани сүннеттелудің екінші кезеңі де ата жолы арқылы  қайтадан уахилардың, үкімдердің, аяттардың оқылуы басталып, жаңа білімді, рухани сынақтардан құлап қалмай, адасып кетпей өткен сенімнің батырларының бір топқа бірігумен болатын және қалған 5 топтың да басын бір орында кездестіріп, «Төртеуін түгелдеп»,  тағдырын түзеп жатқан төменгі жас буындарға рухани бастаудың жаңадан үлгісін, ғылымын, кітабының оқылуын көрсететін топ болып қаланып, барлығы қосылып 46-ға немесе 64-ке айналып тура жолдың әлемге үлгісін көрсету Алланың қазақ халқына түсірген негізгі хикмет, ғылымы еді. Енді ел билеушілері мен масһаб дін ғалымдарының исламда ең саны көп болған «Ханафи» масһабы арқылы ғана тура жолдамыз деген пәтуаларын жалғанға шығарып, керісінше 81 саны шырақ жағу арқылы пайда болатын аз топ туралы аятта; «Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы атқаратын бір топ бар.» (7-181) (екілік жүйеде, қимасы; 11)  Яғни сандар есептік жүйесімен тағы да «11-109» аятқа, қазақ халқының ежелден келе жатқан аруақтық біліміне келіп тірелетіні де хақ. Сонымен, шырақ жағып, зияраттау арқылы жер, көк есіктеріне жалғанумен атқарылатын бұл хикметтердің басқарушысы, кітабы;  «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) (73) деген санды құранның аяты еді. Енді 42-ші сүре, оңнан солға 24-ші сүре нұр болып, осы екі сүре тіл білімінің негізін Алланың нұрын, рухын баяндаушы болып саналады. Сондықтан бұл аяттың оңдық жұбы да; «Шын мәнінде мүміндер, араларынан үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік, бой ұсындық» деу болады. Міне бұлар құтылушылар.» (24-51) (73)  Мұхаммед пайғамбарымыздың алдын ала, тек 73-ші топ қана тура жолын табушылар болады деген осындай мұғжизаның болып, оған бой ұсынып, аруақтардан келген батаны тыңдаушылар ғана құтылушы, күнәларынан ақталушы болатынын ескерткен. Ал 51 санды аяттың мәнін орап белгілеу арқылы немесе аталарымыз меңгерген санды қайыру тәсілімен керісінше оқысақ; (15) санымен, сүремен періштелердерден келетін хабарлармен, 5 қуаттың бір ақылға, тәңір сөзіне, батаға бағынумен жаратқанмен тілдесудің адамзатқа берілген пайғамбарлық  намаздарды орындаудың заңдылығын меңгеру, пайғамбарлық қасиет, Ғиса, Мұхаммед пайғамбарлар арқылы берілетін негізгі 24 пайғамбар шапағаты тіл білімі  болып есептеледі. Енді бұндай хикметті жүрек ашу, тылсыммен тілдесудің мұғжизасы неге бес уақыт намазын үзбейтін және бала-шағасына дейін оқитын, шариғат заңын ата заңы қылып өмір сүрген дін ғалымдарымыздан бастап әлем дін ұстанымына, арап ислам мемлекеттеріне келмей, неге қазақ еліне және аз ғана топқа келді?- деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Бұл сырлардың хикметтеріне алдағы басылымда нақты дәлелдермен тоқталамыз.

      Негізінен бұл жағдайға құранның 7 үнде (мақам) оқылуымен және насихат 10 кітабы да (Арыстан баба, Ясауи баба мөрлері) қазақ елінде ашылып, оны оқыған әулие пайғамбар, сахабалар да қазақ елінде жатуы да дәлел бола алады. Барлық адам баласына түсірілген оқылған кітаптар, әуелі рух арқылы ерлердің қанына жазылып, ұрығын қалыптастырып, сонан неке арқылы әйел затының қанына өтіп ділге айналады. Ал өлімнен кейіннен, бүкіл сол жердің тұрғындарының жаратылыс әлеміне өтіп, азық түрінде, қуат, жел, жаңбыр, таулардан аққан өзен сулары арқылы қайта еніп, рухтың көмегімен білім болып, бейнеленіп ұрпақтарына қайта оқылады. Сондықтан түс көру білімі және тағдыр кітабы болып, сол арқылы тәнін, рухын, жанын тазартқан жағдайда ғана жаратқанның негізгі 3 түрлі кітабы және 103-ші рухани бастау кітабы оқылып, сол арқылы ғылым, білімнің өркендеуі болады. Біздің елге келген осындай рухани нұрдың, негізгі кітабын оқушылар, білімділер, ғалымдар, философ, ақын, жазушылар болуы керек еді. Бұған кедергі болған біріншіден; жалпы халықтың сөз түсіну қабілеті төмен, дайын болмай, екіншіден; сөзді меңгердім деген ел, сөз басшыларының, ғалымдардың жүректері ашылмай, ұлттық рухымызда бар, кітаптық білімге айналған құндылықтардың өзін де толық түсінбей, сондықтан да ділдерін де тазарта да алмай, құр ой жорудың соңына түсіп, жалғандыққа түскен ойшылдық, ғалымдық, шығармашылықтар түрінде елдің, халықтың санасының жетілдірмеуіне ғана себепші болды. Оған дәлел сондай философ, теолог, хазірет сияқты хакімдік, сопылық дәрежедегі ағайындардың өзі қарапайым діннің «ақтөбе» яғни 50-ді меңгермей жалаң бас, тек көркем көп сөзді білгенімен, оны қалай орнына қойып сөйлеуді меңгермей, аузына келгенін, жұрттың түсінбейтін сөзін, сөздер ұғымын өздерінің мүддесіне бұрмалап, айтып жазғанына ғалым аталғанымен ғана мәз болғандар десек жалған емес. Пайғамбарымыз философия сөз өнеріне өте ұқыптылықпен қарауды ескертіп: «Сендердің біреулерің міндетті түрде көркем оймен өлсін. Аллаға байланысты көркем ой: Ортақ қосудан басқа бүкіл күнәларды кешіретініне нақ сену және Алланың рахметінен үміт ету.» (Ибн Мажадан) Көркем ойды қалыптастыру үшін, әуелі ана тілінің үндік көркемдігін, сосын жалпы сөз ғылымын меңгеріп, атауларды өз мағынасымен пайдаланып, таза сөйлей білгенде ғана ой көркемделіп, соған машықталып, қан да таза болуы сөзсіз. Енді ортақ қосу болып; негізінен ата-анаға яғни ізгілікпен аманат етілген әдет-ғұрыптарды орындауға қарсылық жасап, Алланың түсірген рахметіне иман келтірмеу, яғни хикметті білімін меңгеруден бас тарту болып табылады. Ал, құран сүрелерінің Алланың рахметінің қалай оқылып, адамдар арасына түсірілуі, үгіт, насихаты; 12-сүре және 21-сүре мен және осы санды аяттармен  ескертіледі. Енді екі жүзді тілімен Алланың түсірген барлық хикметтеріне, мұғжизаларына сенуші болған, бірақ іс жүзінде ондай хикметтерге мойынсұнбайтын топтықтардың «намазхандардың» пайда болуын аятта; «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен ант қылды. Мұхаммед мұғжизалар Алланың қасында (Қас болып түсіңдер!-Сақтарда) де». Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме? (109) Олардың көңілдерін, көздерін теріс (басқа елдің әдетіне құмар қылып) айналдырамыз. Алғаш рет (Нұх қауымына дін түспен, уахимен көрсетілгенде) сенбегендігі сияқты оларды сергелдеңге салып қоямыз. Олар қаңғырып (топтарға бөлініп, өзге елдің дәстүрін дәріптеп) жүреді.» (6-110) Бұл аяттармен 109 санды топтықтардың, мысалға аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабалрының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109)  Бұл аяттың Һұд бабамыздан тарған біздердің, түркілердің сиыну тәсілдерінің дұрыстығын және жаратқанның ерекше берілетін хикметті, мұғжиза сыбағалар яғни тура жолдың белгісін алатынымызды ескертіп, бірақ осындай тәубенің 10-шы сатысын меңгеретін елдерге келетін сынақтарды, берілген мұғжизаны мойындамай, өз елінің арасынан шығатын азғырушы, дінді теріске алушылардың болатындығын және өзге елдің дәстүрлі дінін таратушылардың, масхабшылардың діни секта екендігін және Аллаға, аяттарына ортақ қосушылар екендігін білдіреді. Халықтың мыңдаған жылдан бері бекіген, Алланың рахметіне бөленіп, игілігін де көрген дінін және жаратылыс кітабын-жерін, отанын да теріске алып, қарсы шығушыларды Аллаға тіл тигізушілер деп ескертеді. Енді бұл аяттарды парымен жүйелесек; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйллессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Өліктердің, жынның шайтандары арқылы емес, керісінше аруақтық тазарған жан періштелері арқылы сөйлесуін және бұл мұғжизаның Алланың қалауы болып, иманның хақиқаты екенін, және осы сандар жүйесінде бүкіл рухани  кітаптардың оқылуын түсіну үшін жүректеріне бұрынғы қарсы болған үмметтердің тәпсір үгіттері «бұзау» болып кіріп алғандар, бәрібір Алланың қалауынсыз мойындамайтыны хақ. Халық дегеніміз рухани тұтастықта тарихи оқиғалар арқылы біртұтастыққа ділдік білім, тіл ерекшелігімен бейнеленудің, яғни Алланың бір сипаты екенін ескерген жөн. Сонымен осындай жағдайға халыққа қарсы тұрған аз ғана топ ел билеушілері мен діншілердің,  рухтан хабар бата алып, сөз астарын түсінген жастардың  күлкіге айналдырған,  мазақтарына айналып жатқанын имандары көрсетіп, ар-ұяттылықтары оянып, әзірге мойындай қоюлары да екі талай. Мысалға, мешітке барған бір жастардың; «Аға біздің заң шығарушы басшыларымыз ислам дінінен толық хабары жоқ орыстың қатынынан неге сабақ алып жүр?».  Немесе бір шәкіртімнің осы басылымдарды таныстыруға, философия білімін оқытатын оқу орындарына барғанда: «Ағай мұндай жазбаны біздің философ мұғалімдерімізге бермей-ақ қойыңыз олар, «Маркс» ілімімен әбден жүректері тас болып қалған, ата-баба салт дәстүрін және ислам дінін бәрібір түсінбейді, онан біздерге таратыңыз, өзіміз оңаша жиналып талқылайық.» деген сияқты жастардың және халық арасындағы әңгімелердің шығуы да, жастардың біздің үкіметіміздің, ел ағаларының білімділігімен, біліктілігіне берген бағасы деп және ондай халыққа қарсы шыққан үлкендердің де болашақта құдайдың қаһарына түсіп, жан ұяларына да түрлі азап түсіп, ұрпақтарының рухани азғындауы мен өмірлерінде ақ өлімнің болмайтынына іштей қайғырып, жаратқаннан оларға жабылып, тіл білімін, ақирет білімін, яғни иман сұрайық ағайын, мүмкін түсетін азаптарынан бұрын райларынан қайтар деген үміт те бар.

Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

        Шындықтың келуі; «Түс түзелмей іс түзелмес!».

     «Сөз түзелмей ел түзелмес» деп аталарымыз ескерткендей, сөзімізді қалай түзейміз, елімізді  ұлттық сана-сезімізді (ділімізді) қалай түзеуге болады? Бұрынғы замандарда дініміздің өркендеп, қазақ халқының өркендеп, ең үлкен рухани байлығы болған және тура жолдың да негізгі қағидасы; «Сахабаларыма еріп тура жолда болыңыздар, оларға жақсылық жасаңыздар, олардың әдеттерінің жолын ұстаныңыздар. Болмаса өтірік айтушылар көбейеді. Сұрамасаң да ант ішушілер көбейеді. Куәлік сұрамастан, куәлік беретіндер табылады. Еркек пен әйел бір жерде болмасын, болатын болса (гендерлік саясат) досы шайтан болады. Көпшіліктен (өліктерден) ажырама, жалғыздың (аруақсыз, күзетшісіз, имансыздың) жолдасы шайтан болады. Екі кісіден (иманы жолдас болған, аруағы күзеткен) шайтан қашар, пейішті тілеушілер көпшілікпен болады. Жақсылыққа қуанып, жамандыққа ренжушілер момын болып есептеледі.» (290-өсиет)  Пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін сахабалардың әдетін, жолын әрі қарай жалғастырып, кейіннен тура жолды жетілдіруге себеп болған жағдайға қазақ елінде нақты дәлел бар. Бірінші ислам дінінің құран арқылы, пайғамбарымыз арқылы көрсетілген құндылықтарын жалғастырған, тікелей исламның арап түбегінде қалыптасуына, өз әскерімен барып, жәрдем беріп, пайғамбарымыздан сабақ, дін үлгісін алып батасын да алған Укаша сахабаға ерген көптеген қыпшақтан шыққан аталарымыз болды. Және бұл сахабалардың елімізде діннің таза сахабалық үлгісін қалыптастырып, өздері өмірден өткеннен кейін қайта түрленуге, араптануға айналған исламдық дінімізді; 450 жыл өткеннен кейін де сахабалық әдеттерді, пайғамбарымыздың орындаған намаздары мен астарлы беріліп, өзі тікелей түсіндерген сүннеттерін де сол қалпында сақтауға және заман біліміне сай дін ғылымын жетілдіріп, пайғамбарымыздың барлық өсиеттерін де сол қалпында қайтадан елімізге әкеліп аманаттаған Арыстан бабамызды жалғанға шығаратын қазақ дінші ғалымдары болмаса, түркі әлемі де, араптар да, сырттай болмаса да, іштей мойындап, тек қана өзіміздің арамыздан шыққан шайтаннан болған ағайындарымыздай қарсылық білдірмейді. Бұл туралы құранда нақты сүренің және жүздеген аяттардың бар екендігіне және құран ғылымының кітабының ашылғанын растайтын нақты ғылыми еңбектердің бар екендігін әлем алдында мақтан етіп көрсетуге болатынын философ, теолог атты ғалымдарымыз да біле бермейді. Қазақ елінде қазіргі таңда ғалымдар арасына таяқ лақтырсаңыз, әуелі Абай танушының, сосын Шәкәрім, Ясауи танушының басына тиері сөзсіз. Бірақ сол ғалымдарымыз құранның қазақшасын оқып түсіне білмегендіктен, осындай әлемге танытатын құранның жалғасы яғни 5-ші кітабы және 6-шыдан Халифа Алтай аудармасы, 7-шіден ата жолында батамен, түс, уахимен оқылып жатқан кітаптардың халыққа жария болып ашылмауына қандай кедергі болды?-деген сауалдың жауабын қолымыздан келгенше түсіндірмек болып; Ата жолымыздың дін-дәстүрі осы уақыттардың өзінде 7 кітапша бойынша жазылып, сонымен бірге Ясауи бабамыздың 3 дәптерінің насихатын, Халифа Алтай аудармасымен түсіндіріп көруге тылсымнан аманат алғандардың бірімін. Барлық жаратылыс нәрселері де, себептік сипаттары да парымен, жұбымен болуға тиісті жаратқаның үкімін назарға алсақ, мүмкін менен де басқа аманатталып, өздерінен берілген тиісті тағдыр кітаптарын оқумен қосымша кітаптар алып,  жазылап жатқан, бірақ еліміздегі сөз бойынша жындылар мүддесін қорғайтын ата заңымызбен, ел басшыларының тыйым салғанына қарамастан жазылып, бірақ халыққа таныстыруға мүмкіндіктері шектеулі болып, оқырмандар назарына жетпей жатқан дәптерлер де бар болар деген үміт те жоқ емес. «Жалғыздың, серіксіз, аруақсыздың жолдасы шайтан болар» деп ескертіпті пайғамбарымыз. Бірақ жалғыз емеспін, сол дәптерлерді оқитын, бақылап тұрған 103 әулиенің және 33 сахабаның бар екенін де білемін. Маған ғана емес, көптеген көкжиекті көріп өскен білімді азаматтардың да тылсымнан аян, уахилар, өзіне тиісті дәптер-кітабын оқып, ізденіп жатқаны да сөзсіз. Тек басымыз қосылып, бір сөзді болып; 6-шы орында кездесуге алауыздықтың егінін егіп, жемісіне, және өздерінің жеңісіне мәз болған дінші, ғалым, ел басшыларының көздеріндегі бөренелерді алып тастауға жаратқаннан жалықпай жәрдем тілей беруді ұмытпаңыздар.

     Енді осындай тылсымнан аян арқылы шындық жүзінде берілетін дәптерлердің оқылу хикметтерінен мысалдар келтіре кетейік. Менің өз басыма келсек; жоғарыда баяндалғандай, інжіл жазбасындағы елшіге келген рухани дағдарыстың себебін іздеп, түрлі қасиет егелерімен, емшілермен, діни ұстаздармен, имандармен сұхбаттас болғанмен, айтқан, жазған насихат, үгіттерінің ішінен әйтеуір бір көңілге қонбайтын қазақ дәстүріне келмейтін қателіктерді тауып, дінде, құран заңдарында ізгіліктің бар екенін мойындағанмен, бірақ, көңілде жүрген түрлі; «неге, қалай және тылсым құпиясының жазылған білімі, кітабы неліктен қазақта жоқ?» деген күмәнді сұрақтарға жауап таба алмай жүрген ізденіс кезінде, жұмысқа орналасқан бір жігіттің; «Біздер шырақ жағып, аруақтан бата аламыз» дегенге, мен де соңынан қалмай жүріп, әйтеуір барып аруақтар батасын тыңдап көрдім. Бірақ сөйлем құрау, сөз мәнері дегендей, ділмарлықтың реттілігі сақталмаған сөздермен, жүйесіз шыққан аққудың батасына илануға себептің негізі де; сыр бойында жастық шағым өтіп, жастай түрлі жыр, ертегі дастандарды оқумен, жүйелі сөзден қуат алып, сондай орнымен айтылған әзілдің өзінен көңіл сергіп, сөз қадірін біліп өскен әдеттің де көп көмегі тигені де даусыз. Кейіннен Алматыға келіп, қалалықтарға айналып және жергілікті тұрғындардың қысқа нұсқа ғана сөздермен, сөздің төркінін түсініп, тереңіне бойлай алмай, астарлы әзілдің өзін түсінбей, ашуға басатын қылықтарына іштей күлгенмен де өзімнің сөйлеу мәнерім де солай қалыптасып, яғни ет өліп, қысқа нұсқа мағынасы жеңіл келетін қарапайым сөздермен пікірлесу, сұхбаттасу әдетімен өзің де солардың қылығына, әдетіне қалай түскеніңді байқамай жүргенде, осындай ежелгі көне сөздердің, екі сөздің басын әзер құрап сөйлейтін, тіпті кейбірінің қазақшасы да жоқ жастардан  жүйесіз, түсініксіз берілген батаның арасынан терең ұғымды сөздердің шығуы мен үшін үлкен бір оқиға, хикмет болғаны хақ. Сонымен, осындай аруақтан келетін батаның хикметіне қызығып, соңына түсіп зерттеумен, қандай жағдайда ойдан, қандай жағдайда түйсік араласып, немесе сезімнен пайда болатынын, ал көңілі таза, рухани сүннеттелген мінезі сабырлы аққу, сұңқарлардың ғана тылсымнан толық ақпарат алуға шамасы келетінін түсінетін халге де жеттім. Ендігі бір бата берудегі міндетті ескерілетін шарттардың бірі де, аруақтан бата алған әрбір пендесіне міндетті түрде берілетін, тылсымнан нақты келген уахидың; түс және аян алу ерекшеліктерімен де тікелей байланысты болып, әр адамның мүмкіндігіне қарай өлшеп берілетін ақталу және ақиретпен саудаласу кітабы болып, ашылуымен де байланысты болмақ. Және де аруақтан бата алу кезінде құран аяттарынының құпия сырларының, түсінігінің сандық мәндермен оқылумен де ерекшеленеді. Сондықтанда қандай да бір құран зерттеушісі, мейлі қари болсын, мұндай пенденің күнәсіне және қасиеттік белгісіне қарай батамен мезгілі ескертіліп, міндетті түрде аянмен құран білімінің көрсетілуі де, адам баласының ақыл шеңберінен жоғары тұрғандықтан, ата жолының жүрек ашу сырының хикметінің ақиқаттығын растайды. Тылсымнан келген бата қазақтың ғана емес, жалпы әлем халқына келгенін және діннің бірлеуші негізі болып табылатынан, ата жолына әлем халқының көптеген елінен келген түрлі ұлт өкілдері мен қазақ еліндегі христиан және басқа діндегілердің де қазақтың салт-дәстүріне мойынсұнып, ислам дінін қабылдаған мыңдаған азаматтармен және сондай ұлт өкілдерінің арасынан ашылған аққу, сұңқарлармен нақты дәлелдер келтіруге болады. Әрине бұндай тосын әдеттерді меңгеру үшін де шариғат ұстанымдарын, масхаб білімін жете меңгеру шарт екенін, дәрет, киім, дұрыс сөйлеу, арамнан ауызды тыю сияқты ереже шарттар ата жолының негізгі ірге тасы болып есептеледі және тылсымнан қатаң түрде батамен да, аянмен де ескертіледі. Ал, мұндай жаратқанның хикметін естіп, көріп, біліп сонымен бірге өзін, нәпсісін тәрбиелеп, күнәсынан толық ақталып дұрыс меңгере білу де барлық аққу, сұңқарлар аталғандардың жүзден біріне ғана ерекше сый болып зейнеттелетіні де даусыз. Ол үшін де масһаб білімімен қоса пайғамбарымыз орындаған және әулие бабаларымыз заманға қарай кеңітіп, жетілдіріп толықтырған барлық намаздар түрін де меңгеру керек екені сөзсіз. Және қазіргі масһаб дін ғалымдары ұсынған бес парыздық тура жол қағидасы ата жолы намаздарының тек ортасы ғана болып қалатыны да хақ. Енді «секта» деген тұтастыққа ма, әлде бөлшекке ме тағылған айдар екенін өздері білмейтіні, және біздің дін хазірттеріміз, имамдарымыз біздер сияқты ата жолдық орта топтағылардың намаздар амалының тек 3/1-ғана орындайтынын сөзсіз. Сондықтан да масхабтық білімді де жетілдіріп орындай алмаған жағдайда, заман біліміне, қозғалыс себебіне қарай, тән ғана емес рух, жан тазалығын қалыптастыру арқылы ғана зейнеттелетінін,  бұл хикметтерді дұрыс меңгеріп орындай алмаған аққу, сұңқарға қарап немесе арамыздағы ескі күнәлік болмысынан толық арылып, азғындық әдетін тастай алмаған басқаларға қарап құдайдың құдіретіне күмән келтіріп жазғыру, ақымақ ессіздер мен шайтан адамдарының әрекеттерінен ғана туындайтыны даусыз. Мысалға; Бір ғана киіміне қарап; «мына әйел хижап киіп жүріп, жаман сөз немесе жаман әдеті бар екен, ислам дінің осындай болса?»,- деген жын-шайтаннан болған пенделердің тамшыға қарап теңізді бағалаған, пенделердің ессіздігіне қарап Құдайлық ілім исламды терістеген есалаңдығы сияқты көптеген сауатты дінші, тілші қауым өкілдері де  ата жолының ішінен бір жамандарын тауып алып, соны халыққа мазақ қылып көрсетіп, Алла достарын зираттап, Алладан «басқаға» яғни шайтандарға табынып, ақылынан адасқандар деген пәтуамен бүкіл елді өздеріне нандырғаны да хақ. Енді біздер де осындай құдайсыз, дінсіз, Алланың достарын, рухын, сөзінің игілік іс-әрекет, махаббат болып бейнелеген кісілерін яғни «Өзін», «Алладан басқа» «Бірлер», тылсымдық қырық шілтен, «Пірлер» емес, өздерімізге ұқсайтын  «шайтандар» деген, ал шындығында өздері  шайтандардың жамағатына айналғандардың құдайдың ашық белгісін, хикметін, құдіретті атқарушы қолын, ашық мазаққа айналдырғандарына қарап, ел басқарушы әкімдер мен мәдениет, дін басшыларының бәрі де түгелдей шайтанға айналды деген пәтуа жасасақ не болады?

    Бір ғана мысалға «КТК» теле арнасынан «Ясауи» тобын жамандау үшін ата жолының әлі тылсымға әзер нанып, қасиетін жетілдіру жолында, әйтеуір жақсылық амалын үзбей жүрген, және жаманнан жирен дегендей, шариғатқа шақырып, бата-уағыз беріп тұрған аққудың бейне көрінісін түсіріп алып және қалған теле арналар, егер бір діни топты халыққа жек көрінішті қылып көрсету керек болған жағдайда, осы бейне жазбаны бір-бірінен қалап алып және оған талай уақыттар, жылдар өтіп, Қарасу ауылының мешітінде түсірілген бейне жазбаға қосып,  көзі шарасынан шыққан, сөз ырғағында екпіні бар кәпір жынды жүктелген жас баланың айтқан сөзін және оны аянышты қылып көрсетуден не түсінер едіңіз? Бұл топтың өз көзімен көріп, араларына кіріп, зерттеп білгенім бойынша, көптеген ата-аналар осындай рухани дерттенген ұрпақтарын өздері жолға салып тәрбиелей алмағанда ғана осындай топтарға соңынан қалмай жүріп, жалынып өткізетіні де хақ. Ешқандай адам баласы мектепте жақсы оқып, тәрбиесі дұрыс және өз басын алып жүре білетін, шаруасын қалай атқаруды білетін туыстарын немесе пенделерді қалайда енді дінді үйрет деп, осындай орындарға апаруы немесе жолымды аштырам деп, өз еркімен ата жолына да келуі  мүмкін бе? Дін дегеніміз әрбір адам баласының тағдырына байланысты жақсылықтар мен сынақтардан тұратын және бекітілген шектерінен өтіп, қағида ережелерін бұзған жағдайда пайда болатын; тығырықтардан, қыспақтардан, сынақтардан өту жолдарын, тәжірибесін үйрену мен ұлттық негіздегі тәрбие емес пе? Осындай жағдаймен ойланып көрген әрбір ақылы сау пендеге ата жолының ішкі сырын көзімен көріп, құлағымен естіп, аруақ ескертулерін алып, әрбір тәжірибеден өткен адам баласына мұндай қазақ елінде ел билігі тарапынан болып жатқан ашық жала, өтіріктің, сәжделік парыздарға ғана негізделген Масһабтық бағытты дәріптеп, дәрежелеу үшін қолдан жасап жатқан, әрбір осындай баспасөз, көгілдір терезе бетіндегі көріністерді де шайтан жамағаттарының ұйымдастырумен болып жатқан кезекті шайтандық қойылымы екенін әрине біледі. Біздің де арамызда да әлі жынын тазартып, бойын меңгеріп, дұрыс тәрбиелей алмай жүргендер жеткілікті және «Бұндайларды ел басы, болмаса қаланың әкімі Е… мырзалардың әдейі ұйымдастырумен болып отыр, және қалай ондай ел басқарушылар қарапайым нәрсеге ақылдары неге жетпей қалды?» дегендей сауалдар да туып, сонда біз оларды сабырға шақырып, биліктегілерге лағнет айтуға болмайды деп, оларға араша түсіп ақтамасақ, қандай дін адамы және ата жолы салт-дәстүрін ұстанған болып болып аталамыз? Бұндай көп надандарға қарап білімділікті, ал жын-шайтанға айналған пенделер ақылымен қарап, діннің түсінетін хикметін, майдың сасығанын байқамай ішіне түскен құмалақтан көрмей, ыдыс қарыннан көрген сияқты өлшеммен өлшейтін болсақ, онда ел басымыз да биліктегілер де партия қуып, ел бірлігін аздырған, масһабқа, топтарға бөлініп жынданғандар қатарына кіруге тиісті боламақ! Бұндай ел басқару ісінде де, мәдениет саласында, баспасөз, жазушы қоғамдарында, діншілер арасындағы ақылы сау, естілігі тұрақты азаматтардың болуының, тағдыр кітаптарын оқи біліп, ел шаруасы тізгінін аздырушылардың қолына түрлі қарсы қулықтармен ұстатпай, шайтандардың әрекеттеріне азғыруына, солардың тарапынан қарама-қайшылықтардың туындауының арқасында ғана әзірге халқымыз тегіс жынданбай, европалық немесе арап еліндегідей бірін-бірі аяусыз қырған мастар еліне айналмай жер бетінен Құдайдың қарғысына қалып, апаттарға ұшырап, мүлде жоғалмай тұрғанымызға да тәубе келтіргеніміз де ақылға лайық болар.

      Әрбір рухани ізденіске түскен адам баласына ақ пен қараны ажырату үшін, қоғамда осындай қарама-қарсылықтардан пайда болған білімдердің тозғанын жаңалап, жоғалтқанын түгелдеп, ақыл жұмсап, ілім мен білім арасындағы шындықты, ғылымды, жаратылыс замандық себептердің тіл білімін іздеу де міндетті сынақтардың бірі. Сондықтан, белгілі шектерде әртүрлі қарсылықтардың, дін топтарының да пікірталасы, сұхбаттары да міндетті түрде болуы керек. Осындай ерекшелектерді салыстырумен ғана шындықты ерінбей іздеп, сол жолда талмай еңбек ете білгенде ғана жаратқанды тануға деген махаббат пайда болады.  Өз басым да алғашқы осындай рухани ізденудің барысында; дін, шариғат үлгілерін және  дін имамдарының айтқандарын бұлжытпай орындау арқылы және намаз оқу үлгісін де масһабпен ғана орындап жүрумен бірге, құранда осылай деп жазылған деп айтқандарын, білімін, пәтуаларын тексеріп, Халифа Алтай аудармасымен салыстырып оқып көрсем, менің түсінігіммен мүлде сәйкес келмеді. Және де осы аударма арқылы ғана менің мазалап жүрген сұрақтарыма да жауап табыла бастады. Құран аудармаларында болсын, немесе пайғамбарларымыздың өсиеттерінде болсын, болашақта намаз оқып, масһабқа бөлініп, тура жолын табатындар болады деген бірде бір аят, хадис жоқ екеніне де көзім жетті. Және пайғамбарымыздың; «Сахабалар жолын ұстаныңдар» деген өсиетімен, бірақ тек араптардан шыққан немесе арап нәсілді сахабалар ізіне ғана еріңдер деген де ескерту де жоқ. Және де шариғат ісі болып қалыптасқан, дін ісі болып бекіген араптық қана дін үлгісімен қиямет-қайымға дейін, оларға берілген дін білімін ғана пайдаланыңдар деген де аят, өсиет те мүлде жоқ. Осындай неге жоқ деген, жоғымды іздеген, сансыз сауалдарыма жауап беретін; «құс ілімі» яғни пайғамбарымыз ескерткен діл білімнің сыңары болған «тіл білімі», аруақтық білім,- деген ата-бабадан қалған аманатымыз, іліміміз енді білім болып, шым-шытырық түстерді үнемі терістеп, жақсылыққа жори бергеннен, қанымда жүрген шайтан да әбден шаршап, әлде мүлде жеңіліп, түсім енді анық аяндармен, сандармен білімге айнала бастады. Сонан Абай атамыз ескерткендей, «оймен тілдің арасын бөлме!» деген шартын меңгеру арқылы ғана құранды түсініп оқуға деген махаббат ашылып, шабыт болып тұрақты әдетке айналып, оның да оқу жүйесі қанша рет қайталап оқу керек екендігін де батамен үнемі ескертіп, аруақтар жетекке ала бастады. Қаншама әулиелермен жүздес болғанымды, ақыл тыңдағанымды кітаптарынан аят-аянын алғанымды; сансыз бірліктердің, біртұтас періштелердің өзі болған, Бір Аллаға аян, бірақ көптеген пайғамбарлармен кездесіп, тіптен Ғиса пайғамбарымыздың да мендей қарапайым қазақтың қара баласына рухани жетекші болғанын, он жыл өткеннен кейін жатқан, жерленген жерін, өзін көрсеткенде бір-ақ білдім. Аталарымыз: «Алланың бергенімен мақтанба, көрсеткенімен яғни хикметімен мақтан» деп ескертіпті. Сондай мақтанға тұрарлық жағдайдың негізі ата жолына аяқ басқаннан кейін бірталай жылдардан  соң, Мұхаммед пайғамбарымызбен де кездесіп, артынан үш түрлі шапағатынан аян және аманат алдым. Әрине бұл жағдай  ата жолы тек зираттаумен, мал жұмсап, жол ашылып, тұрмыстық жағдай мен денсаулықты жақсартумен ғана шектеледі деп түсінбей, дін парыздарын толық орындап, тылсымнан келетін нұсқауларға ерекше мән беріп, аяқ асты қылмай, намаздарды толық орындап, құранның үгітін қазақ тілінде өзіңше ізденіп, насихатын білген, үйренген ғылым-біліміңмен салыстырып, есептеп, миыңды ашытып, ойға салмақ салғанда ғана Құдайдың әрбір Мұхаммедтің үмметімін деген пендесіне ашық көрсететін ортақ шапағаты, жәрдемі, білімі де оқылуға ұлықсат беретін; шапағаты-«нұр-шырақ» екенін де білген жөн.

      Енді алдағы бұл химетті жағдайларды да басылымдарда тақырыпқа қарай баяндап, мысалдар келтіре жатармыз. Енді осы басылымға байланысты намаз оқу және сәжде туралы мынандай аян-уақи көрдім: Түсімде көктің бір орнына апарып (мизан орны болар деп түсіндім) аруақтар жиналып; Мұхаммед пайғамбарымызды қарсы алуға күтіп тұр екен. Сонан бір кездерде; «Пайғамбар аруағы келді»деген дауыс шығып, маған дауыспен; «Менің дүниемді түгелде!» деген бұйрық келді. Мен; Пайғамбарымызда қандай дүние болушы еді, өмірден озғанда артында түйесі мен шамалы заттардан басқа ештеңе қалған жоқ,-деп жауап бердім. Менің қасымдағы кісі; «Тез, тез ойлан, басқаша болу керек, тап!»-деп асықтырып жатты. Мен қанша ойлансам да, ойыма ештеме кірер де емес. Бір кездерде жанымда тұрған бір кісі жәрдемге келіп, маған санама «Сүннет!» деп салып жіберді де мен «Ол пайғамбарымыздың сүннеті» деп қуана жауап қайтардым. «Ендеше түзе!» деген бұйрықпен мені оятып жіберді. Осы жағдайдан кейін масһабшыл ғалымдарымыздың жазған еңбектерін, қолға түскен сопылық басылымдарын да Ясауи бабамыздың еңбегімен салыстырып зерттеп көрдім, алғашқы жылдары құраннан алшақ қателіктері болмаса, намаздарынан тағы басқалай істерінен қателіктер де таба алмадым. Оған себеп уағыздары да, жазбалары да бір қарағанға барлығы керемет, әулиелік пәтуалармен, майда сөздермен, мен танымайтын, өздері ғана білетін арғы беттік тақуалардан алынған өнегелерден тұратын тұнып тұрған кісілік! Және арапша сен түсінбейтін сөздермен арбап алады да, сахабалармен бірге жүргендерді, көргендерді, көрген адамдардың айтқандарын марапаттап шебер жеткізіп, ондай жерлерде, мешіттерде, қазақтың әулиелерінен бірде-бір еңбектерін көруің де естудің де  мүмкін емес. Жазатайым, егерде ұлттық намысың оянып, аталар еңбегіне біліміне сүйеніп қарсы пікір білдірсең, онда балаңмен жасты балалар; «арап тілін білмейсің, сауатсызсың, адасып жүрсің» дегендей айыптаулармен бетіңнен алып, жабылып кетпей тұрғанда ол жерден аман кеткеніңе қуана бер. Ал, пайғамбарымыздан аманат келіп еді деп, имам түгіл дін ғалымы,  жоғары дәрежелі хазіретіне де түсіндіру мүмкін емес, керісінше «жынданған, қуып жүр» дегендей атаққа ілініп кетуің де ғажап емес. Сонан әйтеуір,  Раббыма тәуекел қылып, тылсымнан жетеленіп, әрбір амалдың қалай орындалуын көрсетумен және енді «құран арқылы сұра!- жауап береміз!» деген үкімнің түсуімен және әйтеуір кітап болмаса да үн парақтармен, ғаламтор бетінде халыққа аз болса да таныстырумен, пайғамбарымыздан алған аманатқа қиянат жасап алмаудан құтылуға амал қылып жатқан жағдайым бар. Ендігісі жүрегінде қышадай сенімі бар дін қандастарыма осындай жазбалармен дәлелдеп, жүректеріне иманның жетуіне себепші ғана бола алсам алсам, аманаттың ақталғаны деп түсінемін. Дін адамдарындағы да және ата жолдың сарбаздарының, аққу, сұңқарлардың да  ең үлкен қателігі де, тән тазалығы мен оған басты себепші діл бақшасының күтушісі болған әйелмен байланысты ғана кітаптың оқылуы, оның сақталуы қамтамасыз етілгенде ғана мүмкіндік болатынын, пайғамбарымызға неге көп әйел алуға мүмкіндік беріліп, және Алла тағаладан нұсқаулармен мәжбүрленгенін  және ондай аналарымыздың ерекше қабілетті, қасиетті, тақуалар болғанын және некенің құпия жан сыры ғылымын да әзірге білмейді де екенбіз. Мұндай жағдайды дін ғалымдарының басқа айтар уәжі, діл білімінен хабары болмағандықтан, тек ұят тұрғысынан ғана түсіндірулерінен, масхаб білімінде жан сырынан, білімінен хабары жоқтықты, білімсіздіктерін жасыру үшін айтылған әшейін сылтау екенін білгеніңіз де жөн. Бұл туралы Шәкәрім атамыз нақты дәлелдеп, Абай атамыз астарлап ескертіпті.

     Сонымен құран арқылы Раббымыздан тікелей сұрап, жауап алу, тек қана Аққулардың тақуалықты меңгерумен ашылып, осы басылымдардағы ақпараттар мен алдағы ислам әлеміндегі, дін ғалымдарының әлі түсіне де кірмеген, қазақ аталарымыз меңгерген кітап болып жазылған, болашақта түсінігі де баяндалатын жан ғылымының сырлары және заман біліміне байланысты құран ғылымының құпиялары да беріліп, көрсетіліп жатқаны да хақ. Бірақ бұл жағдай бұрынғы замандағы түрлі арам нәрселердің тәнге сіңіп, яғни шаруасы дамыған елдерден келген азғындық әдет, қылықтардың және жалаңаш жүріп, тәні түрлі сұқ көздермен сұқталып және жындарына шеріктер қосылып, түсінде қара түнек өкілдерімен зина, түрлі әрекеттерге барып, жанындағы  рухани дәптері жазылып жаны кірлеген әйел, еркектермен бұрынғы тақуалықты меңгерген аталарымыз, аналарымыз ұстанған ережелермен салыстыруға мүлде келмейді. Сондықтан да, бұрынғы қазақтың әулие-әмбилері меңгерген тіл білімінің хикметі және діл білімінің де екінші жұбы болған, өзара қосылған «жын-шайтанның» негізгі жауы да, тазарудың ең төте оңай әдісі қамшының хикметтері туралы мысалдар келтіре кетейін. Алғашқы ата жолының халық арасына жаппай тарауына да діншілер, масһабшылар мен шайтаннан, жыннан болған пенделердің, алғашқы кезеңдегі мән бермеген бейтараптығы біздердің істерімізге үлкен септігін тигізгені де растық. Сонымен Аққу, сұңқарларға тылсымнан қамшымен тазарту жолдарын көрсеткен және емшілік істерін меңгерудің нұсқаулары батамен де, аянмен де көрсетіліп, көпшілік ата жол сарбаздары қамшымен тазарту істерін меңгере бастады. Сондай кездерде ордаға келген бір кемпірдің тілінің қыршаңқылығына іштей менің де әлі толық тазармаған жыным да жетіп келіп, ерегісіп, қамшымен қаттырақ соғып тазалап жібердім. Ертеңіне әлгі кемпірім, тағы сондай өзімен 2-3 кемпірді ертіп келіп, және де өзінің қамшыдан кейін сондай жақсарып қалғанын, ұйқысы түзеліп, бойы жеңілдегенін достарына да хабарлап жайып, кейіннен тіптен кезекке тұрып, кешке дейін зорға қамшымен тазалап үлгіретін жағдайға жеттік. Бұндай жағдай неге кемпірлер, үлкендер арасында жақсы қабылданды десеңіз, оның да бала кезден дұрыс тәрбиеленіп, қазіргі жаңа заман пенделеріндей қандарының азбағанын, кәпір жындармен, шайтандармен жүктелемегенін, сондықтан да рухани тазаруды, жақсылықты жүректің және жын қуаттарының да періштелігі болып, ақылмен тез қабылдауынан деп біліңіз. Және алдағы басылымдарда хабар беретін жан сырының негізгі құпиясын да аталарымыз; «Кемпір-қос-ақ» деп жаңбырдан кейінгі жер ананың рухы- нұрдың бейнесіне ат қоя білуінде де үлкен жан ғылымының сыры да жатыр. Сонымен, кейіннен мұндай қамшымен тазартуды да жастар жағына да, әрине еріксіз мәжбүрлей бастадық. Кейбір еркек, әйелзаты кемпірлерден әлде қайда қуатты, ақылды саналса да, қамшыны естігенде кәпір жындары дес бермей, мал сияқты қаралай қалшылдап қорқып, кейінннен мүлде қамшымен тазаруға жоламай қоятындар да көп кездесті. Оны кейіннен білгенім бойынша; жындардың, қуаттардың, қылықтың өзгеруімен, пенденің қылығы да малдық мінезге айналып, рухында қандай мал, хайуан бейнеленсе сондай жануар, жаратылыс егелерінің қылығына ұқсап, керісінше қандай нәрсені жақсы көрсе, сондай қылықты пенде баласы да қайталайтыны даусыз. Яғни тірілей адамзаттың өзін-өзі тозаққа салуы және мұндай жағдайда бейнеленген малдарының сипаттағы ауру, азаптарына ұшыраумен де көрінісін табады екен. Сонымен бірге ішкен-жеген тамаққа, азыққа да тәуелді тәбет, иіс, дәм сезімдері де солай қалыптаса бастайды. Иттің етін жегендер ит мінезді және ит сияқты төзімділік те, арсыздық та қалыптасады. Ең жаманы шошқа, маймыл сияқты хайуандық қуаттың рухани өнім беруінен пенде бойында; ұят, жиіркеніш сезімдері де мүлде жоғалады екен. Сол сияқты әйел заты, көбіне мысық тектес, тазалыққа жуынуға құмар, хайуандық қуатты бейнелеуші болса, еркектер ит тұқымдас, кез келген жерге жата салатын, тамақ талғамайтын хайуан қуаттарын жиі тұтынушы болып табылады. Алайда негізінен ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрін және кәсіптік, жыныстық ерекшелігін сақтаған жағдайда ғана әрбір адам баласы қоғамда, айналасында тұрақты салтқа,  ұятсыздық, арсыздық болып саналмайтын мұндай мінездердің ерекшелігін байқай алатыны да хақ. Ал, егер өзі де мұндай ұлттық әдебімізге жат қылықтарды әдепсіздік санамай, сондай әрекеттермен тіршілік етсе, онда өзі сияқты көп жындының арасында және жалпы қоғамымыздағы біртұтас  қалыптасқан ессіздік, мастардың ішінде онша байқалмайды және қалыпты адамдық мінез деп қабылдауы да даусыз. Ал керісінше «гендерлік», ділсіздік ауруға ұшырағандардың ішінде, қазіргі таңдағы әйезаттары ит мінезді, еркектердің мысық мінезді қылықтары жиі кездеседі де, тіптен індет сияқты маймыл, доңыз, қоңыз, есек қылықты т.б. түрлі хайуанаттар әлемінің шеріктерін жүктеп алған пенделер де жеткілікті арамызда. Тіптен жоғарғы дәрежелі халыққа ақыл беруші қызметтерде де, балаларға білім-тәрбие беруші мекемелерде де арсыздық, ұятсыздықты к…н, төсін  көрсетіп, әурет жерлерін ашып тастап, халыққа қамқор болушылар болған әйел затының мұндай дінсіздіктердің тұрақты кәсібіне айналғаны да сөзсіз. Абай атамыз мұндай жағдайды жындылықтан да төмен «жын-шайтандық» яғни мастық атап; « …көтін көрсеткенен жол сұрама!» деп ескертіпті.  Және мұндай қылықтарымызды ашық дәріптейтін европадан алған жалаңаш, арсыз, ұятсыз «жұлдыздық» өнерлі аталғандарымызбен бірге, біртұтас халықтың хайуандар биін тойлайтын жаңа жыл деген мейрамымыздың бар екенін де ұмытпаңыз. Сонымен бірге қиямет мезгілінде біртұтас адамзаттың масқа айналып, қазіргі таңдағы елімізде кең өріс алып, мәдениеттілік, өркениеттілік болып теле арналарда ашық дәріптелетін мастар биін билейтінін де ескерткен екен даналарымыз. Бұндай мастардың яғни жын-шайтанға айналған пенделердің сипатына көзіңіз жеткіңіз келсе, үйіңіздегі сиқырлы сандықтан жарыса мақтанып, өнер көрсетіп жатқан бес бұрышты, алтысы кем «жұлдыздар» мен жалаңбас, қасқа бас, таз бас саясатшы, философ, теолог-сопысымақтар және әуреттерінің, жан үйлерінің бәрін толық жалаңаш ұстайтын және көкірегіндегі жанның негізгі үйін, артындағы нәжіс орнымен «к…енмен» бейнелеген, жын-шайтанға, малға айналған ақылшы қатындардан, жасы келген ер азаматтардың да үстерінен иіс суы бұрқырап, сыртын жылтыратып, рухани дүниесі тек дүниемен, ақшамен ғана өлшенетін  қатын басты болып алғанынан жындары мен жалаңаш, ұятсыз екі қолы мен аяғының арасынан байына «жала» жабушы қатындарынан алған шайтандарының шерікке айналып, жыныстық қуатына қосылумен, барлық «жын-шайтандық» яғни малдық, хайуандық, жәндіктік арсыздық қылықтарды көруге болады. Мұндайлардың кейде сырты бүтін болғанымен, бірақ жындылық сөздерімен, арсыздық қылықтармен, ұлттық салтымызға қайшы әрекеттерден айқын көрініп, ал кейбіреулері ондай істерден аулақ болып, бірақ қылығы тұрақсыз болатындар да болады. Мұндай аяқ астынан өзгеріп шығатын рухани дерттілердің көзі шарасынан шығып, дөңгелене бастап және дауыс ырғағынан, сөз екпінінен, жыныстық сипатына қарай, жіңішке жуан үндерінен айқын байқалып тұрады. Қандайда болсын кәпірге айналған, тазармаған жындармен, шеріктік-шайтандармен жүктелгендердің тәні истенуі де қалыпты жағдай. Және ондай пенделердің иісі де бөлек, кейде ық жағында тұру да мүмкін емес.

     Қазіргі таңда иіссудың жеткілікті және әркімнің қолы жеткендіктен, ұзақ уақыт тәжірибе жинамаған адам баласына ондай рухани дерттілерді өзге сау пенделерден ажыратып, анықтап алуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан да аталарымыз: «Мал-жаның аман ба?» деп, рухани денсаулығының жағдайын сұрап, амандасуды салтқа айналдырған. Қазір бұндай сөздің құны кетіп, керісінше ондай пенделерге де әрі қарай малыңды хайуанға айналдыра бер деген тілектестікпен; «Ассалаумағалейкум» (Алланың нұры жаусын!) осыныңды әрі қарай жалғастыра бер деген тілектестігімізді масқа да, жын-шайтанды кәпірге де қолданатынымызды, жамандығын да жақтап сөйлейтінімізді білмейміз. Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; Осындай қамшымен тазартуға деген құштарлықтың артуына да жас кезімде анамнан естіген бір мысал да себеп болды. Бірде шешем жас кезінде дүкенге жақындап қалғанда, артынан атпен келген бір кісі қамшымен жауырыннан тартып жіберіп еді, төбем мұздап не болғанын білмей қалдым да, артынан бойым жеңілдеп сала берді дейді. Бұрын көрмесем де естуім бар еді Беркімбай кәлпе деген бақсы бар еді, сол кісі көшедегі кездескен әйелдерді де қамшымен емдеп кете береді дегенді, сол кісі екенін түсініп, сәлем бердім,-деді. Сонан ол кісі күлімсіреп; кешке үйге соғам, сандықтағы сақтағаныңды асып қой, және бір зат жатыр, соны да шығарып дайындап қой деп садақа беруді де ескертіпті. Сонымен сол оқиғадан кейін бойымды басқан ауырлық та кетіп, аяғымның ұшымен жүргендей жеңілдік келді деп айтқанын талай естігенмін. Енді бұл мысалда «неге үйдегі сандықтағы сақтап жүргеніңді аламын» деп әулие кісінің өзі сұрап алуында да астарлы сыр бар. Бұл біздердің ақиретпен сауданы терең білген және қандай да бір түс жорытқанның өзінде айтқаны қабыл болу үшін де садақа беріп амал қылатын дәстүрімізден еді. Ол кісі мұқтаждықтан сұратқан жоқ, керісінше бәле-жаланы сонымен бірге алып, анамның жүгін жеңілдетті. Сондықтан аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) деген қазақтың ғұрпына айналған амалымызды ел билеушілері мен дін басшылары «маркетинг» атап, халықты тонап жатыр деген байбаламмен, арнаулы заңмен тыйым салғанымен, керісінше табиғи апаттармен жүздеген есе артығымен мал дүниеміз де, халықтың ортақ қазынасы да шығынға батып жатқанын әзірше біле бермейміз. Ал, садақасын арнап, арнаулы ақсақалдың, үлкеннің батасымен осындай сынақтардан жеңілмен өтуге болатын асыл дәстүріміз де ұмытылғалы қашшан. Ауылда жас кезімізде осындай ақсақалдардың өнеге үлгісін көп көріп өскендіктен де болар, бізге де үлкендік келіп, өмірдің түрлі ащы-тұщы қызығын көріп жүрген кездердің бірінде ашуланып, сөзі сыймай отырған бір әйелдің арқасынан байқатпай алақанмен жауырынан қағып қалып, артынан әлгі әйелдің көзінен жасы ытқып жығып, ашуы басына шауып, шамалы уақыт өте бірден қайта көңілденіп, не айтайын деп отырғанын ұмытып қалып, баяғы жайдары қалпына түскенін көріп, бұл тәсілді үнемі әзіл қылып орындап жүруім де, осындай тылсым сырына жете мән беруге себеп болды. Сонан, бірде ордаға келген  мінезі байсалды қызмет те істейтін келіншекті қамшымен тазартып тұрып, қамшының байқамай аузына тигенін көріп кешірім сұрадым. Ертеңіне тағы әлгі келіншекті қамшыны  бетіне жақындатпай, абайлап қамшылап тұрсам, иығына бағытталған қамшының ұшы оралып аузына барып, қайта-қайта тигеніне таң қалып, бұны мен емес құдайдың ісі, мүмкін жаман сөз айтып қойған боларсыз деп ескерткенде; Әлгі келіншек; «Қызметте де, кейде күйеуге ашуланғанда да боқтық шығып кететін еді» деп мойындады. Енді қамшымен тазартудың да осындай қамшыны басқаратын кісінің көмегіне хикметіне жеткенше, яғни қамшының өзі шайтан ошақтарын, үйлерін іздеп тұратын жағдайға жеткенше ізденуді тоқтатпай, сонымен қоса өзіңнің де үнемі тазарып, дәретсіз бір қадам да жер баспай, тақуалық киіммен тәнді толық жауып жүруді, намаз оқу және намаз орындау істерін қатаң сақтауды қажет етеді. Бұл мысалмен тура жолға түсірілу үшін, шариғат білімін меңгеріп, тек намаз, ораза сияқты ұстанымдармен ғана шектелмей және  міндетті түрде құранды жаттап емес, үгіт насихатын меңгеру жолында үнемі қамшы, су арқылы шомылу рәсімдерін қайталап, тазарып отырумен жын мен жанның тәндегі қатынас жіптерін көңіл, ынсап, ақылдың билігіне және жүректің қалауына мән беріп, ол үшін берілген түс білімін, жоруын меңгерумен, аяндардың кітап болып оқылуы үшін, көрсетілген нұсқауларды міндетті түрде амалға айналдырумен,  әрбір момын болып есептелетін мұсылман, пайғамбарымыздың ақ батасын алуға дейін жету тура жолдың негізгі шарты екен. Сонда ғана тылсымнан әулие-әмбилер аруағы арқылы, рухтың тазарып, жандағы тағдырға айналған зиянды, теріс ақпараттарды тазартып, жаңалау үшін де пайғамбар шапағатын жеткізуші болып, екі аралықта кезекке тұрып, аян болып берілген кітаптардың оқылып және оның құпия белгілері тәнге түсетін ерекше таңбалары да бар. Және енді бұл хикметті істердің құранды бойға, рухыңызға сіңіру үшін де зікір ғылымын меңгерудің де әр адам баласына жеке берілетін құпия зікір шарттары да бар. Ал мұндай арнаулы аманаттарды намаз қылып, тұрақты амалға айналдырмай, құран аяттарынан ем-шипа рахмет берілмейді де, рухыңыз да, жаныңыз да толық тазарып сүннеттелмейді. (Келесі басылымда мысалдар келтіріп, баядай жатармыз.) Сондықтан осындай сатылардан өтіп барып, құранның құпия сырлары, ғылым-білімі оқылып, ондай дәрежеге жеткен әрбір құранды зерттеуші, теолог, ғалым-сопы, хазіреттерден қандай таңбаңыз бар және пайғамбардан аманат-бата, яғни пайғамбар денесінің ерекше бір мүшесін, белгісін есіңізге жазып алдыңыз ба?- деп сұрауға мұсылман ретінде қақыңыз да бар. Және де қандай да бір «намазхан» аталған, мейлі имамдар болсын, сопылық жолдағылардың арқа тұсы, жауырындары үнемі тұтасып тұруы да сөзсіз. Бұл намаз, құран оқу арқылы алдындағы жазылған сөздердің солға қарай айналумен, арқа тұсында «Тіл-көз» болып, өрістік сипатқа айналумен, көпшілік жағдайда мұндай пенделер өздерін, бір-бірлерін құран аятымен немесе арнаулы дұғалармен тазартумен айналысады. Бірақ, мұндай тәсілмен өрісін аластағанымен, өрістегі бейнеленген таңбалар мен қаралықтардың тәнге еніп, ет пен тері арасындағы бос кеңістікте кенелерге айналып бейнеленіп кеткендерін, және қан арқылы пайда болған шайтан ошақтарын қамшысыз жағу мүлде мүмкін емес. Ата жолында мұндай қайта-қайта дұғалар, зікірлер оқып және де ұзақ уақытқа созылатын өрістік тазалауды шырақ, от, майдың иісі арқылы да алып тастауға болатынын да біле бермейміз.

      Сонымен енді,  сізге пір, ұстаздық етуші; хазірет немесе имамдар, дін ұстаздары, діни топ басшылары немесе ата жолындағы жоғарғы топтағы аққу, сұңқарлар болсын, Мұхаммед пайғамбарымызбен кездесіп, ақ батасын алмаған болса, онда әлі өздері де тура жолын таппаған және жазған кітаптары да, берген пәтуаларында әйтеуір бір көмес жалғандық бар екені хақ. Бұндай ата жолындағы негізгі хикметтер иманның хақиқаттығының дәлелдері болып саналады. 2006-шы жылы «Ақиқат бастауы» атты 2-ші кітапта; мүфтият және қазақ діншілерінің негізгі жіберіп жатқан қателіктерін, және ата жолының ғылыми маңызын, болашағын баяндап  көрсеткен, қазіргі таңдағы болып жатқан дін зұлымдықтарын философ, дін ғалымдарына таныстырып, елдегі дін сынақтарының туындау себептері мен апаттарды алдын-ала ескертіп таратқанмен ел билігі тарапынан да жауапсыз қалғаны хақ. Бірақ мұндай жазбаларды халық арасына еркін көп тираждармен басылып таралуына, муфтият ғалымдар пәтуасы болмай, тыйым салынғандар қатарынан болып табылған «Ақиқат бастауы» атты кітаптан  бір мысалдардан үзінді келтіре кетейік. «Сол жылдары «орталық мешітке барып жұмаға қатыс» деген уахи-бата алып, жұманы көпшілікпен және қазақтың ең басты дін ғалымдарының, хазіретінің қатысумен жұманы оқып, енді таспих тартуға дайындалып отырсам, олармен амандасуға «намазхандарым» орындарынан тұрып кетіп бара жатыр. Сол кездерде қазақ діншілерінің масһабының көрсетуі бойынша, жұмадан кейін Алланы еске алуға тыйым салуымен бірге, Раббының көркем есімге айналған аттарын еске алып, пайғамбарларға, әулие аруақтарына да құран да бағышталмайды екен. Олай болса, зікірдің ең басты негізі бұзылып, екі-үш жылдың көлемінде ғана осы қателіктер толық болмаса да түзетіле бастады. Сондықтан зікір туралы сол кездерде басылымдарда надандық пікірлер; «Зікір-гипноз» дегендей дін пәтуалары жарияланып, «Ясауи зікіршілері» тобының да сұхбат пікірталастармен  зерттелмей, ғалымдар кеңесінің де маңызы болмағандықтан, дін топтары өз бағыттарынан қайтпай, кемшіліктерін қателіктерін түзетпегендіктен де, біржақты болып, арты қайғылы көріністермен аяқталуына; біріншіден дін ғалымдарының, имамдардың нандықтары, өздерінің де құран аятынан, пайғамбарымыздың сүннетін орындауларынан бас тартулары басты себеп болды.» Өкінішке орай, қазіргі таңда да масхаб біліміндегі намаз оқудағы ғана қателіктер шала түзетілгенмен, сол жартылай орындалатын намаз қағидаларының өзі жалпы қазақ елі бойынша көптеген мешіттерде жұма зікірі әлі де сақталмайды деген хабарлар бар. Сол сияқты тарауих намазын әдепкі жылдарда халықпен бірге оқып, артынан зікір деген мадақ арапша өлең айтып, мәз болып қайтып жүрдік. Кейіннен тарауих сәждесінің артынан зікірдің орнына жастар арап тіліндегі дұғаны өлеңдетіп айта бастағанда; арқам мұздап, мазасыздық пайда болып, тылсымнан белгілер келіп, қорған түсе бастағандықтан, өз ақылым бұл жағдайды шешуге қауқарсыз болып, амал жоқ, Раббымнан құран арқылы себебін сұрадым. Және жалпы тарауих намазы қалай оқылады деген де сұрақ қойдым. Негізінен жаратушымыз; «Мұсаның сұрағанындай сұрамаңдар» деген ескертуінің сыры; Раббыңды яғни Алла  өзіңді көрсет деп сұрмасаңдар болды, қалғанын сұраңдар деген ұлықсаты да бар құранда. Сонымен Раббымыздың ескертуінен кейін білгеніміз; масхаб білімдегілер Ясауи тобының жария зікірін айыптап соттаған «Фиқһ» ғалымдарымыздың өздері бір ай бойы бүкіл қазақ елінің бар намаз оқушыларын мешітке шақырып алып, кәпір жынды шақырумен айналысады екен. Тек «Ясауи» тобындағылырдың кейде жеке пенделерде сирек кездесетін естен тану, түрлі жағдайларға түсу сияқты көріністің болмауы; ораза кезінде нұрдың түсуімен, шайтандардың өрістік жағдайда қозғалысы да шектеліп, яғни байлаулы тұруынан ғана аман қалып жатқан жайымыз бар екен. Сонда Қазақ еліндегі 4000-дай мешіттегі адамдар санын орта есеппен жүзге көбейтсеңіз бір күнде 4-млн дай адам баласы ораза айында жүрегіне кір жинап, және қосымша шерік қуаттарын алады екен. Бұл тек сүйегі қатып, 40-тан асып, ақылы толған мұсылманға көп залалы болмай, ал зираттаудан қашатындарға керісінше тіптен пайдалы, қосымша өзгелердің артынан еріп жүрген, тазармаған жынымен жүктеледі. Ал сүйегі былқылдап тұрған «көк қамыс» жастарға Абай-Шәкәрім аталарымыздың ескерткен: «Сарынға жастар салмасын, кәпір жын келіп қалмасын..» «Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой, Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (жынды) қылып, Тыныш өлсеңші тегінде.» деген ескертуі әулиелігі осындай жағдайды алдын-ала болжаған екен. Және Раббымыздың; «Тарауих намазы; 20-ракатпен, құнт дұғасымен оқылады» деген жауабын және осы шарттарды және бір ай жеке оңаша пайғамбарызға мәуліт оқылғаннан кейін, міндетті түрде ораза айында немесе кейін пайғамбардан хабар келетінін, шапағатына жолығуға болатынын білдім.

     Енді сонда масһаб осындай намаз оқу арқылы берілетін игіліктерден неге хабар беріп жол көрсетпейді?-деген сұрағымыз орынды болар. Осындай намаздардың оқылуының өзінен және нәпіл намаздардан аталарымыз оқыған намазбен масһаб ұсынған ережелерде неге қайшылықтар бар? Және тура жолдың намазы 8-ден тұратынын хазіреттер мен сопылар да неге мүлде білмейді? Құранда нақты парамен белгілеп көрсеткен намаз орындау, оқу шарттарын неге тақуалық діни топтарда бұзып оқиды?,- дегендей сансыз сауалдардың жауабын ата жолында нақты көрсетіп, үйретіп, шәкірттер дайындалып, ізгілікке, мархаметке бөленіп жатса да, неге білімді аталған ел басшы, дін басшыларымыз, ғалымдарымыз ата-бабаларының өсиетіне қарсы болып, халықты зұлымдыққа итермелеп жатыр?-деген сауалды міндетті түрде қойып көріңіз. Енді адамзаттың осындай рухани кірлеп, аян, түстерге мән бермей және кейбір іс басындағылардың мүлде жүрек көздері жабылып, бірақ Раббымыздан белгі дәлелдерді көрсетуін тоқтатпайтынын жүздеген аяттарда ашық ескертеді. Сонымен мұндай белгілерді қалай ажырату керек?,- деген сауалға мысалдар бере кетейік. Осы жылғы ораза алдында жұма намазын оқитын мешіттің бас имамы мен жоғарыдағыдай муфтият ғалымдарының берген пәтуаларымен келіспей сөзін бөлгенімде; «Сіз үнемі менің сөзімді бөліп, осымен 4 рет қарсы болдыңыз. Егер керек болса біз масхаб білімділері, имамдары, сіздердің ордаларыңызды да тексеруге хақымыз бар!» деп күш көрсетіп, оған мешітке келген көптеген жастар менің жасымның үлкендігіне де қарамай қарсы сөздерге келіп және өздері осындай пікірлерімен құран аяттарына да байқамай ортақ қосып, ислам дінінің бірлігіне де қарсы сөздер айта бастағаннан кейін, мүлде құран аяттарын теріс түсіндіріп жатса да, имам сөзін бөліп, басқалай да қарсы пікір айтқанды да доғарып, барлық шешімін беруді құдайға тапсырған едім. Сонымен менің ескертіп;  «құранды басынан аяғына дейін жаттап алып және қатым қылып оқуға да болмайды» деген пікіріме де қарсы және жалпы жаратқанның үкімінен де қарсы, биылғы жылғы ораза айында бас имамымыз өзі ынталандырып, құранды жатқа білетін қариларды алдырып, қатым құранды таруих намазымен бірге оқытты. Сонан оларды  намаздан кейін үйіне алып бара жатқан көлік жол апатына ұшырап, қариларымыз бір жеті ауруханада жатып шығып, кейіннен құранды басынан аяғына дейін өлеңдетіп оқуды қайта жалғастырғаны бар. Бірақ тағы да екінші рет осындай жағдаймен жол апатына ұшырап, енді бұл жолы жүргізушінің қайтып келе жатып, жолды мас күйінде кесіп өткен пендені қағып кетіп, арты өліммен аяқталып, құдайдың қарасуымен және  жамағаттың жабылып жәрдем берумен соталудан аман қалды. Сонымен енді бас имамымыз жұмадағы сұхбатында «…Осындай жағдайдан кейін қатым оқуды доғарсақ па деп ойладық, бірақ Алланың сынағы ғой ..» деген пәтуасына мен қарсы болғым келді, неге екенін қайдам үндей алмадым. Сонымен қош, қатым шығарылды, ораза аяқталды, бірақ белгісіз себептермен имамның үйі құрбан мейрамында өртеніп, төбесі ортасына түсіп, бала-шағасы, жан ұясы аман қалды әйтеуір. Сонымен не ұқтыңыз оқушым? Бұл құрбан айында мұсылман пендесіне сынақтың түсуі және отпен ескерту де бүкіл масхаб имамдарына және маған да жазып түсіндір дегендей ірі белгі болып саналады. Сондықтан да тарауих намазының да дұрыс оқылмағанын және құранды жаттап, қатым шығаруға да болмайтынын да білдірген Раббымыздың үнсіз, харіпсіз қозғалыс себептермен көрсетілген аяты, бейнелі белгісі болғаны хақ. Бірақ оны жүрегімен қабылдап, ділімен түсінетін, Алладан, азабынан қорқып дұрыс шешім шығарған имамдар тарапынан әрекетті бұл жағдайдан кейін көре алған емеспін. Онда енді бүкіл масһаб білімді мен имамдарына, дін ғалымдарына да жеке-жеке сынақтардың басталатынын да білдіреді. Енді мұндай өрескел бұрмалаушылықтарды алдағы басылымдарда дәлелдермен көрсете жатармыз, әзірге хижра уақытымен заман, дәуірлік, айлық оқиғалар уақытымен күндік намаз бен пайғамбарымыздың туған күнін, айын, мәулітін бұзып орындау сияқты жүздеген құран аяттарына қайшы, ғылымында қате намаздарымыз да жеткілікті. Бірақ бұндай ескертулер түгіл жазған еңбектері мен кітаптарынан жүздеген қатені көрсеткенмен қазіргі таңда арланып, ұялатын дін, ел, сөз басшыларын кездестіре алмайсың.  Баяғы жартас, бір жартас, сол әңгіме, сол пәтуа, сол дұға арнаулы дін ісі мекемесі құрылса да  ешқандай рухани өзгеріс қазақ елінде болған жоқ.

     Бірақ, мен өз басым мұндай дін қандас бауырларымыздың да, бұдан да әрі қарай «Жұт жеті ағайынды» болғандықтан да, енді жан құрбандығымен жан ұясымен де есептесіп азапталғандарын да қаламаймын. Мүмкін осындай жағдайлармен адасқан діндес бауырларымыз тәубеге келер деген оймен осы ашық белгіні жария қылып отырған жайым бар. Сондықтан да ата жолына келіп, беріліп, көрсетіліп жатқан түрлі жағдайдағы  хикметтерге көзін жеткізгісі келген оқырманға; атажолы салт-дәстүрлі дінін орындап, бірге сырын зерттеп, шындығына үңіліп, Раббымыздың көрсетіп жатқан хикметтеріне көңілдің сәулесімен, жүректің көзімен бірге қарап көрейік, алдағы басылымдардан аз болса да рухыңызға, жаныңызға жарық нұр, иман болып келсе демекпін. Ал иман жарығының негізігі белгісі де, сөздің астарын түсініп, өзің істемей-ақ өзгенің істеген, айтқан теріс сөздерінен, жындылық қылықтарынан  ұялып, іштей бұл қалай деген сұрақтың пайда болуымен белгісін беріп, осындай ар қуатының пайда болуынан кейін ғана түсіңіз де түзеліп, тылсымнан ерекше белгілер келе бастауы шарт. Иман мен ұят егіз ұғым болып, сөзден ұяла білуді меңгеру де иманға қарай басталатын саты болмақ. Ал, Раббымыздың берген белгісінен, аяндарынан, түстерінен, көрсеткен уахиларынан намазға, амалға алып ұялмақ түгіл, тітіркеніп қорқа білуді де меңгеру иманның өзі болып табылады. Сондықтан да бұл ақпараттар; Раббымыздан келген белгілермен көрсетілген шындық бойынша ғана жазылғанын, бұл жазбалардың менің ойымнан пайда болмағанына, қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан барлығымызға ортақ, біздерге сақталған мұрасы, аманаты екендігіне иман келтірейік те, яғни білімін, сырын ақылмен түсініп, ал енді құранның ғылымдық насихатына дін ғалымдарымыз түгіл, бүкіл ислам араптардың өзі де мешіттерде серік қосып, аяттарға ортақ қосатынына көзіңізді жеткізгіңіз келсе, құранның Халифа Алтай аудармасын үнемі қайталап оқып, Алланың түсірген хикметтеріне жете мән беріп, рухани денеңізді, мал және жан амандығын қалыптастыру үшін дін ісі  мен құдай ісінің ерекшелігін ажырата білу керектігін ескеріңіз! Егер құраннан ана тілінде үгіт, насихат білімі болмаса, сандар тағлымын да меңгермесеңіз, онда құран, хадистерді басынан аяғына дейін жатқа білсеңіз де құран аяттарына байқамай, күдіксіз серік қосып, Аллаға да ортақ қосумен айналысуға, шайтанның азғыруына түсуіңіз де хақ екенін жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн.

Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

        Намаз оқу дін құлшылығының ортасы болып және жалбарыну, тәубеге келу арқылы; сенімді жетілдіруге негізделген сәжде рәсіміне жатқанымен де негізінен құлшылық жасаудың ірге тасы болып табылады. Ал иманды алыстан келтіру үшін және шүкірлік құлшылық амалдарын жасау үшін ғибадат, тәлім, үлгі, өнеге алу арқылы орындалатын, адамзатқа қызмет қылу намаздары ұлттық салт-дәстүрі, ислам құндылығының ірге тасы болып және үмметтік ерекшелік әдет-ғұрыптық тарихи дәуірлік оқиғаларға байланысты намаздарды орындау амалдары арқылы ғана атқарылатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұл амалдар әрбір құлшылық қылушы пендеге жол-жоба болып беріліп, шежіре тарихқа, иман негіздеріне жалғануға, жаратқанның хикметті істерінен хабар алумен атқарылады.

    Құран үгітін меңгерудің нәтижесі; жалпы жаратылыс сипаттары мен бүкіл әлемнің тұтастығын танып,  әлемді жаратқанның жалғыздығына және адамзаттың негізі бір ата-анадан тарап, адам балаларының өзара түсіністігін қалыптастырып, бейбіт өмір мен ұрпақ сабақтастығын, ұлттық ерекшелігі мен діл білімін қалыптастырып және әр халықтың, ұлттың, рудың өз ерекшеліктерін сақтай отыра, бір-бірімен ара қатынастық шараларды меңгерумен ерекшеленеді. Бірақ осы қарапайым қағидалардың өзін жаңылыстырып, адам баласының есту, көру, ойлау қабілеті және ерік естілігін  өзгертіп, бір-біріне дұшпандық түрлі әрекеттерді, қулықтарды, соғыстар арқылы бірін-бірі қанап, құлдап, өз өмірлерін де тозаққа, азапқа айналдырып, адамдық қабілет, қасиеттерін шыңдап, заманына сай жетілдіріп отыру үшін де түрлі сынақтармен қарсылық күштерін жаратқан. Осындай қарсылық күштерді жеңіп, өзіне бағындырып және қасиеттерін көбейтіп, меңгеру барысында; күн астына, жан шуағына таласқан өсімдік көбірек азық жинауға жанталасқан жәндіктер мен өз үстемдігімен жайлы орынды жерді көбірек иемденіп, ұрпақтарының қауіпсіздігін, өсіп-өнуін қалыптастыратын хайуандар сияқты, адамзат та осы қарсылық күштерді жеңу үшін де түрлі қулықтарды, ақыл-ойды жетілдіру амалдарын меңгеріп, ол үшін білімді  заманына қарай үнемі жетілдіру арқылы, ілімімізді тазартып отырумен ғана өсіп өнеміз де, аспан астындағы, жер бетіндегі өз еркіндігімізді қалыптастырамыз. Сондықтан Адам ата, Хау анамен бірге бүкіл жаратылыс періштелерімен қоса жер бетіне түсіргенде; «… Оларға: «Бір-біріңе қас болып түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.» (2-36) Бұл аяттағы 36 санды белгіні, осы мәндегі Ясин сүресін құранның жүрегі деп атаудың да құпия сыры да, жалпы құран аяттарының  көлденеңінен осындай сандық мәндерге де байланысты болмақ. Әрбір жаратылыс егелерінен 36 санымен шегін мезгілін белгілеп, 38 сандық мәндегі белгіде, тура жолда кездесіп, бірленіп, жаннатқа кіруге ұлықсат етілген де; «Сақ болыңдар!» яғни «Абай» болыңдар, сөздің астарын зерттеп, құран құпиясын, сөз хикметін меңгеріңдер! деп ескерткен. Сондықтан адамзатқа берілетін несібені алу үшін осындай бір-біріне қастардың бірлігін қалыптастырып, татуласып, «Бір» деген бастапқы негізге, таза ақылға, Раббыларына келуімен ғана жүзеге асады.

      Алланың адамзатқа түсіріп қойған тіршіліктік  несібелерінің өзі осындай сипаттардан жарыққа айналған; «Алланың қасында» яғни біздің көзіміз көріп анықтай алмайтын, көмес өмірде, ақиретте яғни өлілер сипатында болып, оны қайта тірілтіп азыққа, қуатқа айналдыру үшін де пайда-зиянын, артық-кемін белгілеп, ақыл кітаптарын меңгеруді тек адам баласына ғана ерікті түрде беріп қойған. Сондықтан адамзат баласы жер бетінің халифасы, меңгерушісі болып есептеледі. Осы қабілеттерді меңгеру барысында Алла жолында күресіп, Алланың сүйікті құлы, досы болған, жер жүзінің бізге көрінбейтін, жер әлемінің ризығын реттеп тұрушы Алланың орынбасарлары, біртұтас адамдардан болған, періштелер әлемінің ісін жүргізуші және құдайдың патшалығының әскерлері, жаннаттық құлдары болып есептеледі. Сондықтан жер бетінде түнектің, қараңғылықтың, ібіліс әскерлері мен құдай патшалығының әскерлері үнемі өзара қырқыс соғыста болып, қарсылық заңымен бүкіл қозғалысты, заман, табиғат өзгерістері мен жаратылыс түрленуін, адамзаттың несібелік ризығын қалыптастырады. Негізінен барлық несібе адам жанының өнімі арқылы болғандықтан, күнәлік болмыс та адам жаны арқылы өсіп-өніп, жақсылық нұр да адам жаны арқылы көбейіп өнімін береді. Бірақ көп жағдайда адам баласының басым бөлігі күнәні өсірумен; ойын-күлкі, түрлі арсыздық істер мен дайын өнімдерді пайдаланумен ғана айналысып, екінші аз ғана бөлігі осы қателіктерді түзеумен, ал енді бір ортасы екі жаққа да жәрдем берумен негізінен үш топқа бөлініп алып өзара үнемі қызу тартыста, дүние тіршілігін өмір базарын жүргіземіз. Егер де берілген, көрсетілген ғибадаттардан, кітаптардың өсиеттерінен, ата-баба өмір тәжірибесінен қалған аманаттардан орындаудан сәл босап, тек енді жеңіс біздікі, осылай рахат өмірде тек ішіп-жеп, ойнап күлумен ғана айналысып, тіршіліктің қызықтарын, жаратқанның жақсылық нығметтерін дүние қызығына пайдалану мақсатын ұстана бастасақ, дереу зұлымдық күштер өсіп-өніп, бойларын тіктеп, қайта адам баласын құлданып, түрлі бәле, өлімдерге ұшыратып, арты тағы соғыс, қирау, ұлттардың, халықтардың жер бетінен бірін-бірі жойып жіберуімен аяқталып отырады. Ал зұлымдық күштері өздігінен қозғалып, ойланып істер жасауға, көбеюге де қауқарсыз. Зұлымдық та, әділетті, ізгілікті істер де адам баласының иман жолдасы, кісілігі және кісілікке жетпеген жындардың, шайтандардың, шеріктердің көмегімен атқарылады. Барлық жаратылыс қозғалыс негізі періштелер негізінде ібілістен басқасы, Адам атаға сәжде, қызмет жасаған періштелер болып, кейіннен «қастар»-зейнет болған түп негізден басталып, олардың адам арқылы және табиғат басқа жаратылыс егелері арқылы пайда болған және міндетті түрде көктік үш, жерлік  бес топқа бөлінетін, барлығы 8 қуаттық шамамен белгіленген түрлері бар. Ал 9-шы қуат; көркем сөз және иман негізі болып, тек адам баласына ғана берілген ерекше ризық болып есептеледі. Құрандағы Тәубе сүресінің Алланың атымен басталмай барлық сүрелерге қосылуға, жалғануға, түрленуге негіз болып және әрбір 9 санымен аяқталатын, нәтижеленетін аяттардың өзіндік сыры да тек адам жанымен, рухымен байланысты болады. Негізгі қуатты меңгеруші жын және шайтан, адам баласы (иман жолдасы, періштесі) осы үш бұтақтан тағдыр ағашы пайда болады. Сондықтан бастапқы жаратылыс негіздерінен үнемі қуаттанып отыратын, осы негізгі үш сападан барлық жаратылыс иелері пайда болып, адамның дүние тіршілік өнімдеріне жатады. Енді оны қарапайымдап түсіндірсек, тек-ұрық, ген-қан (діл) және жан болып үш түрлі сапаға бөлінеді. Діншілердің басты қателігі де осындай адамзаттың жаратылыс негіздерінің сипат ерекшеліктерінің ара-жігін айырмай; жындарды, шайтандарды адам тағдырынан, жанынан, рухынан бөлек жаратылыс негізінде қарастырады. Шындығында бастапқы жаратылыс негізінде олар жеке сипаттағы  періштелер болғанымен, бәрі адамзатқа біртұтасқа ғана айналумен сәжде, қызмет жасауға бұйырылғандықтан азықтық, несібелік нәрселердің бәрі ортақ болып, адамзатпен бірге ішіп-жеп, өсіп-өнуді, көбеюді қалыптастырып, өлім арқылы ғана ақ-қара және түрлі түстерге  ажыратылып, тозақ сатыларынан, тазарудан өтіп барып, қайта бірігу, дәрежелену арқылы жаннатқа «Бір» және «Тұтас» періште болып және құдайлық негіз, нұр жанмен, Раббымыздың білім болған иманмен бірігу арқылы бір тұтастықта кіруіміз керек. Сондықтан жын да адам бейнесінде, шайтан да адам бейнесінде, пері де адам бейнесінде, ібіліс те адам арқылы бейнеленіп, тәрбиеден, білімнен, ақылдан жеңіліп, керісінше адамға қызметке тұрып, қасиетке айналып, бірігіп, бастапқы жаратылыс негізіне жанға, жарыққа, жарға қайта оралу діннің негізгі шарты.

     Дәрігерлік ғылымдағы адам баласының «імүнін» (иммун) (момындық) ауруға, түрлі сыртқы әсерлерге, қоздырғыштарға қарсылық күшін қалыптастыру, яғни ақ уызын, «белокты» жетілдіру мақсатында тұмау т.б. жұқпалы дерттерге қарсы,  сол ауру қоздырғыштарын аз мөлшерде егу арқылы ғана тәннің қарсылығын қалыптастырса, ал енді рухқа және жанға байланысты «імүнді» (момындықты) қалыптастыру үшін, тек дін қағидаларын, намаздарын орындау арқылы ғана құдайдан келетін  несібе, зейнет болып нәтижесін бермек. Олай болса, рухани және жандық сипаттағы «үмінді» (момындықты) қалыптастырудың екінші, үшінші сипаты көмес, ғайып түрде жан қарсылығын, сезімдердің қуаттылығын қалыптастыру үшін дін ережелерін міндетті түрде меңгеру керек. Тек бұл жағдайда да кімдерден, қалай және қандай үлгіні алу керек деген мақсатта түрлі пәтуалар мен қарсылықтар да туындауы сөзсіз. Ата дәстүріміздегі осындай рухты тазарту мен жанның қуатын өсіріп қалыптастыру мақсатындағы сопылық мақамдағы «шарап» ішу, «У» ішу, мас қылмайтын «арақ» ішу, «май» ішу деген түрлі астарлы сөздердің астында ақпараттық, рухани азықтық көмес бейнелермен қатысты деп түсінген абзал. Қазіргі таңда осындай тән, жан, рухтың сүнеттеліп, жетілу шарттарының, үш түрлі дін ережесінің біреуін ғана ғылым-білім қылып, тәнді емдеп шынықтыруды білгенімізбен, рухтың яғни ақыл-ойдың емін және сана-сезімге жататын жанның емін мүлде теріске шығарудан әлем халқы азып-тозып, құрдымға құлаудың алдында ғана тұрмыз. Ал ислам дінінің құндылықтары әулиелермен бірге көміліп, содан тек шариғат білімін, дін рәсімдерін ғана ұстанудан әлемде таза дін ұстанушы ел қалған жоқ десек өтірік емес. Енді  бұл пәтуамызға дәлел болған, әлемдегі бар мемелекетті қамтып жатқан, жаратушыдан түскен қамшы сынақтардың белгісі де хақиқаттың бейнелену екені сөзсіз. Әзірше, жан сырының ғылымын қарапайымдап түсіндіретін болсақ:  ібіліс тобының  әскерлері өзінше тіршілік иесі болып, сыртта көмес, ғайыпта жер жүзінде азықтық қуат бейнесінде,  жансыз шеріктер түрінде  және жын да шайтан да, адам баласы аталған жандық, қуаттық денелер де, барлық жанды жаратылыс нәрселерінің бейнесінде болса, оған қарсы ақылмен толық басқарылатын жарық-нұр, кісілік сипаттары да бар болып, адам рухының нәтижесі, түрлі қасиеттер бейнесіндегі періштелер де жер бетіндегі тәндік сипаттағы адамзатқа, яғни адам жанына қызмет етеді және өздерінің дәрежелеріне қарай топтарға бөлініп, ақирет тіршілігінің саудасын да жүргізеді. Бұл жаратылыс нәрселерінің бәрі де дүние тіршілігіндегі  адамзаттың тәнінде, жанында, рухани сарайында өсіп-өнетін орындары бар, және адам баласының бұларсыз тәндік, қуаттық өсіп-өнім беруі де мүмкін емес. Ал олардың жетіліп, адам баласына қызмет етуіне, біртұтас жарыққа, қозғалысқа, адамның кісісі болып қалыптасуына да басты себепші жаннаттық  жан періштелері ғана барлығын өз мақсатына қарай бағыттап, жұмсап, тазарған жоғарғы  ақыл-ой арқылы басқарылып, шектеп отыру шарт.

     Енді шайтан негізгі қызметі; етті ағзаны өсіруші болса, ал  жын болса қозғалыс себепшісінің, адам баласының ұрпақтық көбеюінің де негізі болып, адам қуатын белгілі бағытта дамытуға, өсіруге негізделген. Ібіліс-пері болып кеңістіктегі, сырттағы енуші қуат негізінде бейнеледі де, жын негізінен адам баласының өнімі болып, іштегі, сырттағы және бастапқы және 5 қуат негізі болып сырттан қосылып отыратын түрлі сипаттағы жын қуаттарымен, бейнеленген жүректермен де, адам баласының жарықтық сипаттағы ақыл-ой, сөзі арқылы дәрежеленеді, тазарады. Бұлардың барлығына да ортақ қызметші шайтан, көздерге айналған аралық тілмаш болса, ал бұлардың барлығын басқарушы, атқарушы адам жаны болмақ. Адам жаны сандармен, иманмен яғни сана қуатымен тікелей байланысты көбейіп, өсіп, өнімін бермек. Бірақ адам өз ақылымен ондай көрінбейтін, білінбейтін, ұстатпайтын нәрселерді қалай басқарады? Әрине Алладан сыйға берілген бастапқы негізгі жан және үнемі толықтырылып, жетілдіріп отыратын сөздің қуаты, ақыл-ой жарығы, нұры, рухы арқылы басқарылады. Сондықтан адамзаттың бойында өлмейтін екі «Мен» бар. Енді осы адамзатты «Мен»- сөз, нұры-май арқылы басқару және басқарылу заңдылығын, бастапқы сөздің нұры, жарығы болған; құдай патшалығы деп атаймыз. Құдайды қалай танимыз десеңіз, ол тек күнә арқылы ғана өзін көрсетеді. Неге?- деген заңды сұрақ туындайды. Қараңғылық тұрақты емес, сондықтан да негізінен жоқ, себебі уақытша қараңғылық, жарықтың аздығының немесе болмауының ғана өлшемі. Егер жарық бар болса онда қараңғылық өліп, жоғалады. Керісінше қараңғылық келгенімен жарықтың жоғалуы мүмкін емес. Сол сияқты суықтық та жылудың белгілі мөлшерінің жетіспеушілігін білдіреді. Сонымен адамзат өміріндегі; түнек, күнә салыстырмалы ұғым, бұлар Құдайды мойындамаудан ғана пайда болады. Сондықтан әрбір адам баласына берілген, өзінде тұрған жарық негізіндегі құдайлық бастауларды меңгеріп мойынсұнбаудан,  құдайлық несібе нұр жарықты алудан бас тартудан, оларды түнек қараңғылық басады да шамадан тыс болып, адам өміріне қауіп төне бастағанда, дереу құдайдан нұрдың белгілі бөлшегі бастапқы нұрға қосылады да, күнәнің кім, қандай екені жарықта әшкере болып жанып өледі, басқа жаратылысқа айналып түрленеді. Адам баласында бұндай тосынан қуаттардың енуімен кенеттен шабыт, ақыл пайда болып, жан-жағына, өз қылығына, өмір, тіршілік салтына, жаратылысқа басқаша баға бере бастайды. Немесе құдайлық ережелерді, шектеулерді  мойындамаған, берілген намаз қағидаларын бұзған жағдайда; қыспақтарға, ауруға, апаттарға, азаптарға ұшыраудан амал жоқ, іштей Құдайдан жәрдем сұраумен; бұл азаптан, аурудан, күнәдан жарықтың, нұрдың-кісінің келуімен қайтадан құтқарылады да, сонымен кейбіріміз жалғастырып, ізденіп иманға келумен, ал кейбіріміз ұмытқаннан кейін бастапқы күнәлі, күнәкәр киімімізді қайта киеміз. Бұл жаратылыста түстердің, реңнің жарық түрлерінің қайта түрленіп, қуаттанып жаңа сапамен қайта жаратылуы деп атаймыз.  Жаратушымыз, негізінен бастапқыда сөзді әшкере ортақ қуат тәңір қылып жаратты. Ал оның ішінде көркем сөз негізінен жарық, май, шырақ еді. Сол көркем сөзден нұрды жаратты да қараңғылықты бөліп шығарды. Сонан нұр — басқаша сипаттағы жарық болды. Сол нұрдың түрлі-түсті сипаттарынан періштелерді жаратты да оларға рухын үрлеп, қозғалыстық қабілет ақыл берген еді. Ол үшін екі түрлі рухты (сөзді) жаратып, бір-бірімен айтыста әлемнің ішкі қозғалысы пайда болды. Сондықтан қозғалыс негізі ақыл періштесі, яғни жел сипатына енді. Енді барлық нәрселерге жұптық сипат және қарама-қарсылық сипат та осы рухтан бастау алады.  Сондықтан адам баласы мен жынды өзіме құлшылық үшін жараттым деп ескертудің шарты; адам баласы мен жын қосылып бір-бірінен көбею арқылы, таза ақылды яғни сөзді алып, қарама-қарсы күштерді «шеріктік әскерлерді» өзіне шамасына қарай құбандық жандары мен Құдай нұры, құран сөзімен араластырып қосып алып, жаратқанға құлшылық арқылы жағып, өртеп, нұрлану жүктелді. Осындай қарсы, теріс бейнелі рухтан пайда болған, толық жетілмеген адам өнімдерін жын-шайтандар және жеке-жеке белгілі толық жетілмеген белгілі бір қозғалыстық сипаттағы, бірақ жансыз, жан білімінсіз жаратылыс иелері  «шеріктер» деп аталады да, алдағы басылымдарда өлшемдер мен сипаттарын айырып түсіндіріп көреміз. Ал осы заңдылықтарды меңгеру үшін құдай патшалығының 3 ортаға, үш жүзге негізделген жаратылыс заңдылығына құлшылық, қызмет етудің, діннің басты қағидаларын, адам баласының ойлау, түсіну қабілетінің жетілуіне байланысты дін саясатын жетілдіруші пайғамбарлар мен жер бетіне адамзатқа  түсірілген дін істерін жалғастырушы, орындаушы елшілерді де өз араларымыздан тағайындап, соларға кітаптарды үйретіп, одан қалған адамзат баласы бір-бірімізді үйретіп жетілдіруді бұйырған еді. Ондай тылсымдық, түрлі дәржеде қуаттарға айналған, бейнеленген кітаптарды санамызға, қанымызға, сүйегімізге сіңіріп, әр елдің өзінің тұрмыстық, тілдік, жерлік, шаруашылық, салт-дәстүрлік ерекшеліктерін және діл білімін де қалыптастыру үшін қалыптасқан әдетті үнемі бақылап тұрсын дегендей; Әдет-ғұрып деп бірге атайтын нұсқау берген.

     Тәураттың жалғасы Забурдің екінші сипатын дәлелдеген Інжілді осы қалған үш кітаптың құдай патшалығының негізгі көрсеткіші деп мысалдар келтіре кетейік. « Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері-Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Бидайық қайдан шықты?-деп сұрайды. Ол: -Мұны істеген дұшпан кісі,-деп түсіндіреді. – Ендеше біздің сонда барып отап тастауымызды қалайсыз ба? –Жоқ, деп жауап береді қожайын,-сендер бидайықты отаймыз деп бидайды бірге жұлып тастайсыңдар. Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап қамбама құйыңдар!-деп бұйырамын».(Матай 13-тарау) Егіндігіміз, осы дүниеміздің тіршілігінің қызметшісі, малдық қуаттарымыз, рухымыз болса, ал жақсы тұқым қасиетті адамдар – Құдай Патшалығына қызметке тұрған әулиелер ұрпақтары, тұқымды яғни иман негізін себуші көктен келген Билеуші. Ал арам шөп бидайық- әзәзілдің, азғындардың рухани жетілмеген жыны мен шайтаны қосылған рухани зұлымдықтың ұрықтары болып табылады. Оны ұрланып келіп себуші-шайтан. Орақ кезі болса, қиямет мезгілінде көктен түскен періштелер; әзәзілдің ұрпақтарын орып алып және түгелдей тозақтағы отқа жағады. Рухани дәрежеде жетілмеген, азғындыққа түскен пенделерге ерекше сынақтар, азаптар түсіп, өмір жастары қысқарып және ұрпақтары үзіліп, тозақтық сипаттарға еніп тұқымы құруы тиіс. Демек Құдай патшалығын жердің бетінде, өзіміздің дүние тіршілігімізден, адамдар арасынан және туған жеріміз аяғымыздың астынан, ойдың буы шығатын көмулі жатқан ақыл қазынасы ойпаттар мен оған көктің жібі-нұры түсетін есіктерінен іздеу керек. Сондықтан; «Құдай Патшалығын егіндік жерге көмілген (жерленген) қазынаға ұқсатуға болады. Соны тауып алған адам қазынаны қайтадан көміп тастап, қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады. Құдай Патшалығы мынаған ұқсайды: бір саудагер асыл інжу-маржан іздеп жүріп, аса құнды біреуін тауып алады. Сонда өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады.» (Матай, 13-тарау).  Демек құдай патшалығы жерге көмілген, елін жерін қорғауда қанын төккен, елдің елдігін сақтауда қызмет еткен, жерге көміліп уақыттар өтіп  ұмыт қалған, кейіннен белгісін беріп, нұрын шашып жатқан әулие, батыр ата-бабаларымызда және тау тастың арасынан тесіп шығып жатқан жарықтық сипаттағы бұлақтарымызда екен. Оған ақтық байлап, «құран оқып, маталыңдар, бауралыңдар!» деп ескерткен қазақтық  ғұрпымыз, дәстүріміз өзгемен де қуанышын бөлісу тарихи, шежірелік әдетіміздің болғаны да хақ. Ал  Мұхаммед пайғамбарымызға құран келгеннен кейін, ата-бабаларымызға табынып, сыйыну ғұрпымызға, құранды арапша оқып, жалбарыну намазын қосып, ендігі әдет-ғұрпымыз намаздарды орындау болып саналады да, оны Алла жолында мал-жаныңмен соғысып, жер бетін кезу, дін сөзімен Алла жолында жорық, жорту деп атайды. Бірақ бұл амалдардың өзін әрбір пендесіне берілген ауру, азап, сынақтармен, түрлі дарындылық қабілеттерімен, қосымша несібе, нығмет іздеумен байланысты болғандықтан, адам баласы қандай амалдарды алдымен орындап, қаншалықты жүктелу керек екенін меңгеруге, өздігімен жол тауып шығуы мүмкін емес. Бұл жолдарды білетін жетекшілердің ізіне ерумен бірге, өз жобасын үнемі тылсымнан белгілермен көрсетіп отыратын, рухани әке болып жетекке алатын әулие-пірін табу керек. «…қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады»  деген Інжіл насихатын аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла тағала оны толық біледі» (3-92) Ата жолының осы рухани егіндікті құран аяттарымен суарып және әрбір пенде өзінің «інісі мен ағасын» іздеп, ел кезіп «аса құнды біреуін тауып алады» өзінің жанының негізін, пірін тауып және асыл, інжуін болашақ өмірге келетін ұрпағын іздеудегі басталған керуен жолын «жын-шайтаннан» және «маркетинг» халықты тонап жатыр деген пәтуаларының артында не тұр дейсіз. Яғни Құдай халықтың зияратқа, Алланың жолына нәпсімен соғысқа шығып, мал, ақша жұмсағанын білмейді, тек мешіттерге ғана берілу керек, Құдайдың нұры тек мешітте болады деген азғындық саясатпен, төмендегі аятқа және тұтас сүреге де ортақ қосып, халықты қабірдегілерден жиіркендіріп, түңілдіріп; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Бұл аяттың үкімі де қазақ елінде орындалып, Абай атамыздың; «Қызылбастан келген намаз, имансыздыққа бастар жол» деген әулиелігі толық көрінісін бергенінен еліміздегі қазіргі таңдағы ел билігінің заңмен қалыптастырған дін ахуалы толық дәлел бола алады. Бұндай ізгіліктерді тек құдай патшалығына енумен ғана нәтижесін беріп, жаратқанның хикметті белгілерін алып, дәлелдеріне түсірген аян-аяттарына иман келтіру арқылы орындалатынын да жадыңызға тоқып алғаныңыз абзал болар еді.

 

Ғибратты әңгіме хикметтің көрінуі туралы.

      Сократ Аристодим шәкіртіне; -Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?-деді. Аристодим; -Толып жатыр, хазірет. Сократ;-Бірінің атын аташы,-дейді. Ол;-Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік, Зевсиске суретшілігі себепті таңырқаймын,-деп соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері  әшкере болған жандарды айтты. Сократ; -Олай болса, кім артықша ғажайыптануға, таңқалуға (табынуға) лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды (өнер адамдарын) жаратушы ма?-дейді. Аристодим; —Соңғысы лайықты,-дейді,-бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей (оқып, біліп, біреулерден үйренбей) басынан біліп (қасиет, қабілет беріліп) істеген хикметімен болса,-дейді. Сократ;-Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, біреуінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?-деді. Ол;-Әрине әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,-дейді. Осыдан кейін Сократ ғұлама шәкіртіне адам денесіндегі мүшелердің қалай орналасып, бәрі бір өзіндік құпия пайда келтіріп тұрғанын және адам баласын жаратқанда құмнан, судан жаратып, сол көрінбейтін пайдадан жаратылған адамның қандай ғажаптарға ие болатынын дәлелдеп, хикмет деген құпия көрінбейтін, жасырын пайда келтіретін көркем заңдылыққа бағындырып жаратқан пайдаларды адам ақылымен білу екенін түсіндіреді. Аристодим; — Рас, сендім, бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екені мәлім, түсінікті болды. Ол құдайдың ұлықтығына қарсылығым, таласым жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?-дейді. Сократ; -Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек емес пе?-деді. Аристодим айтты; -Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білемін?-деді. Сократ хазірет әрі қарай жалғастырып, оның адам баласы жан –жағындағы жанды хайуанаттармен, жаратылыс иелерімен салыстырып, ақылмен өлшеп білуге, адам баласының өзін қалай артық жаратқан хикметін сезіп, сонан кейін адам баласын бастан құлшылық қылу үшін жаратқанын білу керектігін түсіндіреді. Бірақ жаратушы иеміз адам баласының білімі жетіліп, толған сайын, жаратылыстың құпия сырын меңгеріп, табиғи жаратылыс күштерін өзіне білім арқылы бағындырумен, жаратылыс әлем күштерін бағындырып, үстемдік алған сайын тәкаппарланып, өзін бәрінің егесі ретінде сезініп, наданданып зұлымдыққа ұшырайтынын ескерген. Сондықтан да біліміміз артқан сайын  кітаптарын бірінен-бірін артық қылып түсіріп және ардақты достары арқылы сол хикметін қалай көріп білуге арналған намаздарын үйретіп отыруын Раббымыздың құдіретті қолы-аруақтар болып көрінісін береді. Және жаратушымыздың хикметін, біздерге қандай қамқор екенін үнемі біліп, көріп, қандай құлшылық істерді ұмыт қалдырғанын үнемі ескертіп  отыру үшін, сонымен бірге ілімде құпия болған білімді жетілдіріп отыру үшін бес уақыт намаз оқуды, барлық намаздарға апаратын есігін парыз қылып бұйырыпты. Бірақ осы істерді орындауда жаңылысып адаспау үшін, өз арамыздан даналар, ғұламалар, әулие-әмбилерді жаратып, өзінің халифалық сипатын, осындай құлдары, достарымен көрсетіп, соларды ұстаз тұтуға бұйырғанын жалпы адамзатқа жұмбақ екені де даусыз. Мұсылманның намаз оқуы дегеніміздің өзі, нәтижесінде Алла тағаламен тілдесіп, яғни достары болған әулиелер арқылы хабар алу арқылы, яғни жаратушымыздың хикметін, ұлықтығын көріп білуге, көрсеткен тылсым сырының хикметтерін ажыратып оқуға арналған, және үлкендікті, естілікті меңгеруге ақылы толған пенделеріне ғана арналған сабақ деп түсінгеніміз абзал. Сократ хаким жаратқаның хикметіне табынып және оған қалай құлшылық жасап, рахметіңді білдіру үшін әрбір пендесіне оны көрсетіп, білдіріп тұратын ұстаз керек екенін де ескертеді. Ал енді біздің масһабтық дін ғалымдарымыз: «Адам-әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті сол санадан (иманнан, құдай патшалығының елшісінен, аруақтан?) көреді. Өйткені, санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере алмайтын Әлемдегі әркімнің өз қызметі, мақсаты бар. Бәрінің мақсаты адамға қызмет ету…Ол саналы бола тұрып, жақсы мен жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман. Жанның ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра қауқарсыз, әлжуаздығы… Адам баласының хал-күйі осындай…Адам баласы қашанда дінге зәру. Осы иләһи хабардан қалып қойған әрбір адам жаратылыстағы осы бір қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтырады…» (Ислам Ғалымхалы 12-бет).

      Масһаб дін ғалымдары да діннің негізі құдайлық хабарлардың көрініп білінумен басталып, сол хабарды жеткізуші Ұлы жаратушының өзі, ал «өзін», сөзін яғни рухтар арқылы танымай, құр біліммен (фиқһпен) дінді іздеген адам баласы түрлі топтарға түсіп адасып кететінін ескертеді. Сондықтан бұл дін ғалымдарына «иләһи»-шындықтың, хикметті хабардың, аруақ арқылы болуын мойындағандықтан осы пәтуасын, діни философиясының, барлық киелі кітаптар ұстанымын және інжіл құндылықтарын растап, пәтуа бергеніне тек рахмет деуге тұрарлық. Бірақ ғалымдыққа, ақыл-ойдың жетістігіне де лайық емес, құр түйсікке жынның салғанына мойынсұнып, адам баласының санасының қайда тұрып, қандай болмыста болып, адам баласына қандай жағдайда сұрақ қойып мазалайтынын және ол Жаратқаннан «басқа» ма әлде «Өзі» яғни бейнеленген «Сөзі» ме,  қандай жағдайда «илаһи»-шын болатыны да түсініксіз және әрі қарай осындай дұрыс пәтуа арқылы адам ақыл-ойын дайындап алумен, енді өздерінің қалыптасқан әдеттері бойынша «фиқһ» білімдерінің тұзағына түсіруге ақылыңды айдай бастайды. «Адам баласы Ұлы Жаратушыға бас игенде ғана пұт атаулыдан ада болып азаттыққа жетеді. Иман еткен(?) адам бодандықтан құтылып, бостандыққа жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені Аллаһ (?-шүкір) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу). Рухы сонда ғана жай тауып, арнасымен ағады. (Су сияқты) Иман-Аллаһ (?) Тағалаға ғибадат. Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы. Адам өмірі күрес… Құранда былай дейді: «Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30)  деген аятты мысалға алып, «Иманды етуге» яғни әйтеуір бір қимылдармен қолдан жасауға болатынын және рухтың, яғни Алланың әлі бейнеленбеген сөзінің қандай сипаты, біздердің амалымыз яғни ғибадатқа кіріптар болатынын толық түсіндірмепті. Демек кіріптар болу дегеніміз бала әке-шешесіне қандай жағдайда да кіріптар, өйткені Раббымыз баладан әке-шешені емес, керісінше, олардың жинаған иман жолдасынан, кітаптарынан, аруақтарынан ғана баланы жаратады. Ал атақты масһабтық дін ғалымымыз ғибадаттан (амалдан) рухтың (сөздің) жаралатынын ескертеді.  Негізінде біздің өмірге де келмей тұрғанда жаратылған, пайда болған және зұлымдыққа түскен, қара күшке бейнелеген рухтар сенің ешқандай ғибадатыңды да, оқыған намазыңа да қарамайтынын, тек Раббымыздың алды-артымыздан қойған күзетшілердің жағдайына ғана тәуелді түрде ғана пенденің сәл қателігін аңдып кіруге тырысатынын масһаб ғалымдарымыз інжілді білмейтінін былай қойғанда, аяттарының астарлы ғылым, білімін құраннан оқымағаны көрініп тұр. Керісінше, адам баласы рухтан келетін қуаттарды өлшеп, тазартып алуға кіріптар болып, ғибадатымыз да сол мақсатта болуын інжіл өсиеттері ескертеді. Сонымен, осындай «быды-быды» теңеулермен  әрі қарай табиғиндардан тәлім алған Имам Ағзам әбу Ханифа дінді меңгеруінен көптеген мысалдармен, дәлелдермен, масһабтың білімі ғана жетілген, ислам дінінің тура жолы деп көрсетіп, ендігі ислам әлемінің пайғамбары және Алланың барлық достарының орнына тек Имам Ағзамды ғана ұстаз етіп алуды және табынуды астарлап ұсына отыра: «..Бұл дүние мен ақырет үшін жұмсап, келер ұрпаққа өшпес жол қалдырды. Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдыршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!» дегені де осындай дара тұлғалар болғандығы сөзсіз.» (И.Ғ. 23-бет) деп әулие атамызды өз өтіріктеріне куәлікке тартады. Демек Абай атамыз да Ханафи масһабын мойындаған, табынып ұстанған және Ясауи бабамызды пір тұтпаған, керісінше Имам Ағзам әулиені ұстаз деп пәтуа берген деген пікірді тықпалайды. Абай атамыздың еңбегін толық оқымай, немесе оқыса да гүл тере алмағаны айқын көрініп тұрғаны хақ. «Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Диуани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.»

      Міне Абай атамыз кімнен үйреніп, кімге табынып, жетілгенін ашық көрсетіп және бұл білімнің де жасқа, кемелдікке келуге тәуелді екенін қатаң ескертеді. Және діни ғалымдарымыздың тек Әбу Ханифа әулие ғана «өшпес жол қалдырды..» деген пікіріне Абай атамыз; «Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, мінәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерін өлең қыпты жоқтан қармап..»  деп сөз қадірін дінші түгіл ақын, билердің өзі жоғалтып алғанын, тек сыртын түзеп кеткенін ескерте отырып;  «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап», «Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі.. Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. ..Бірінен-бірі бөлек пе Иемнің әділ пендесі?» барлық әулиелерді бір-бірінен ерекшелемей, әділдігінен артына қалдырған еңбегі мен сөзіне қарап бағалауды ескертеді. Сондықтан исламдық жолдың негізін қалаушы емес, барлық діндерді  және жаратылыс басынан бері бар мұсылмандық жолдарды жалғап, исламдық дінге бірлеуші Мұхаммед пайғамбарымыз болып, қалған әулиелер сол жолды жалғастырушы болып, тек қалдырған ілім-ғылым құндылықтарымен ғана өз орнымын бағалану да дін шартынан лайық болар.  Ал сөз, тәпсір туралы атамыз; «өзге елдің сөзін тасығанша мына менен жүрегіңді тазартып барып сөз үйрен» деп те ескерткен. Және ғасырлар бұрын, болашақта  өзге сөзіне табынып, намаздарын алып, бөтен елдің рухының көшін қамдап кететін діншілерімізге алдын-ала жауап беріп; «Сәулең (жүрек көзің) болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел….Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол, Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?.. Берекесі кеткен ел-Суы ашыған батпақ көл… Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақжем болма, жаным, кел!».  Атамыз діннің нәтижесі де елдің тыныштығымен өлшеніп, сондықтан елді тыныштыққа шақыратын рас сөз, шындық, уахи, бата қайда, әуелі соны ізде, және тарихыңда діннің, еліңнің амандағы, жеріңнің де берекесі қай уақытта орнаған шежіреңді зертте деп: «..Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Диуани, солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.» Әуелі жастық, мастықтың қызығынан өтіп, сөз түсінетіндей кемелден, көкірегіңе иман зейнетін, сәулесін алып барып, рас сөзді танисың. Ал менің дінді, сөзді қайдан алғанымды білгің келсе Ясауи бабамыздың хикметтерін оқы! Әулиелігіне, жұрттың мақтағанына, кісілігіне қарап сөзін алма, сөзіне қарап кісілігін, әулиелігін танып табын деп ұстазды қайдан іздеуді ескерткенде; «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?» деген өсиетін осылай түсіндірген. Ал Ясауи бабамыздың өсиетін алған, сөзін түсінген қазақ баласына; Мұхаммед пайғамбарымызбен бірге көптеген пайғамбарларды пір тұтып, сөзін ал деп ескерткенін білер еді. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың өздері тура аударып, мысалға келтірген (Рұм;30-30) аяттың жағдайына келсек, яғни Халифа Алтай аудармасының сөзімен салыстырсақ: «Мұхаммед бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп –тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.» (30-30) Ал енді атақты ислам білімімен кемелденген, ел басшыларының да мойындаған дін ғалымдарымыздың;  «Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?)», «Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы», ««Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30) Сонымен аударма ғылымының өзі қандай адасушылыққа апарып соқтыратынын, тіл білімін, сөз астарын жасынан жетік меңгерген қазақ баласы ғана бұл бір ғана аяттың аудармасын өзара салыстыру арқылы ғана қазақ еліне келген қасіреттің, дін надандығының себебін айқын түсінері хақ. Ал енді ғалымдық ақыл-ойдың, тәпсірлік діл білімінің нәтижесін;  «иманды адам өзіне келтіру үшін ғибадат жасамайды, керісінше рухты яғни жаратқанның Жәбірейіл періштесін ашықтырмау үшін ғибадат жасап және иманды жаратушыға ету-егу керек екен. Жаратушымыз олай болса біздерден «етілетін» иманға зәру болып шығады.» Дін ғалымымыздың бұл берген пәтуасынан не түсініп, қандай логикалық, (сәуегейлік) ділдік даналық гүл тердіңіз?  Ал мен үшін; Астапыралла, құдай өзің сақта, осындай ақылыңды аздыратын сөздерден! дегеннен басқа амалым да жоқ. Енді, діннің мақсаты да адамдар ойын бір ұғымға, бір ақылға, сөзге келтіру болса, ал муфтияттық ғалымдарымыз жаратылыстан бастап Ханафи Ағзам діні бар деп түсіндіреді. Олай болса көк тәңіріне табыну да, тәурат, інжіл, зәбур де тек Ханафи масһабынан тарайтын болып шығады. Өйткені; «Алланың жаратуында ешқандай өзгеріс болмайды.» Ал, енді сан ғылымына құранның негізгі насихатына жүгінсек, 30 санымен берілген аяттар мен бұл санды сүре иман келтірудің негізі, насихаты және ғылымы болып табылады. Пайғамбарымыздың: Иман негізінен 60 бұтақ (аят), немесе 70 бұтақтан  (70-аят-сан) тұрады және ұят иманның жартысы дегенді ескерсек, Рұм сүресі 60 аяттан тұратын құран ішінде бұл сан, енді қайталанбайтын болғандықтан, бірінші дәрежелі 60 бұтақты иманның ағашының көрсеткіші осы деп түсінгеніміз абзал. Ал бұл, отызыншы аяттың жаратылыстан тура дін болып, жүзді ислам дініне жөнелтуді Абай атамыз 30-шы қара сөзінде «ҰЯТ» деп атапты. «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын «қырт» мақтан деген бір мақтан бар, сол не керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ…Ай Құдай–ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайд-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтін жомарттығы-әр түрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы.» Және атамыз; 13 түрлі адамдық қасиеттерден тұратын белгіні, санап тұрып көрсетіп, иман келтіру, ислам дініне жүзіңді жөнелту дегеніміз осылардан тұрады деп, «Ұлыңды ұрымға (рұм сүресін меңгеруге), қызыңды «Қыр артылмайтын қырт мақтаннан сақтап» «Қырық үйден тыйым салып» қырымға қондыр (40-шы сүре «ғыфыр») деген аталарымыздың мақалы осыны ескертеді. Онда иманның (30+40) 70 бұтағына тек әйел затының тақуалығы арқылы бірге жетесің дегенді білдіреді. Сондықтан да осы сүрелер ішіндегі аяттардың жиынтығы да 60+85=145 санымен Абай атамыздың 45-сөзін және өлеңдер жинағынан, 145 өсиеттен; «-Сырмақ қып астынан Байының тоқымын, Отының басына Төрінің қоқымын Бүксітіп, Бықсытып Қоқсытып кетірді…Келді, ойбай, Салды айғай, Түк қоймай боқтады..» деген 145 санды жұбайлық өмірдің екінші жағы да бар екенін астарлап түсіндіріп өтіпті.  Сонымен сандар тағлымынан (теологиясына) жүгінетін болсақ; Жалпы құран сүресі тек араптардың басына келген, бұрынғы адамзат басына келген оқиғалардың қайталануын ғана баяндап қоймайды да, бұл оқиғалардың бәрі адамзатқа қиямет-қайымға дейін жалғасып, дәуірлердің қайталанатынын ескерткен «.. сынақтарды, уақиғаларды араларыңда жаңбыр сияқты айналдырамын» деп ескерткен аяттарда. Ал, Рұм сүресінің сызықтық белгісі де жоғары қараған сызықтық бұрышты көрсетіп, оның мәні адам баласының рухының бір жағдайдан екінші жағдайға өтуімен, және бұл жағдайдың сегіз бөліктен тұратынын Астана қаласындағы дін муфтияттарының ғалымдарының қарсы болып үкіметке хат жолдап; «Еврейлер белгісі астанада неге тұр» деген дау көтерген «Звезда Давида» деген Құл Тегін бабамыздан қалған, рухани кемелденудің, ғаршылық қуаттың белгісінен оқуға болады. Рұм сүресінің түсуінен кейін кәпір аталса да, мүшкірік діншінің Әбубәкір сахабамызбен шартқа отырып, 9 жылда ислам дінінің жеңіске жетуін ескерткен пайғамбарымыздың көріпкелдік қасиетімен және 100 түйені, егер өзі соғыста өлсе, баласына мұсылмандар жеңіске жеткен жағдайда беруді аманаттаған уәдеде тұру мәрттік, жомарттық адамдық парыздармен, қиямет-қайымға дейінгі иман келтіруге негізделген сынақтар мен дін қағидасын насихаттайды. Ата жолының 9 жылдық сынағы да осы сүренің ғылымына рухани сүннеттелуге негізделген.

      Алдағы басылымдарда нақты хикметті істер арқылы мысалдар келтіреміз. «Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген.» деген Абай атамыздың 30 санымен белгілеген қысқа ғана өлеңнің астары «қоян жүрек» деген астарлы ұғыммен сананың сезімге тәуелді болып, естілікті қалыптастыру дұрыс сөзді, көркем мінезді меңгеру арқылы ғана иман жүрекке «көжек сезім» болып енеді деп ескертеді.  Және де атамыз 60-шы өлеңмен иманның алғашқы шартын түсіндіріп, сынақтарды жеңіп, жардың ісіне мойын ұсыну деп түсіндірсе, ал 70 бұтақты иман қуатының; «…Мен бұрылып түзеле алман, Қайтсін дедің сорлыңды.. Атам, анам-қара жер, Сен аша бер қойныңды. Сенен басқа еш жерден таба алмадым орнымды..» деген астарлы өсиетпен ата-баба және жер ананың рухынан жалғанумен ғана нәтижесін беретінін ескерткен. Ал, Шәкәрім атамыз бұл тақырыпты жан сыры ғылымын жетілдіріп, тереңнен талдап көрсеткен: «Анамнан алғаш туғанда, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кетім алыстап… Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда?… Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын… Жылылық жарық нұрын беріп, Сездірген ағам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер…Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды. Көрсетер мұқтаж, азап саған. Тартқызар өмір жазаңды… Еңбекке шыда ебін тап та, «Сабырдың түбі-сары алтын», Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы Бір күні ол дәурен солмай ма?». Бұл имандылық шартынан келтірген үзіндіден, иманға тек себептік қозғалыстардың өз иелері яғни әулиелер аруағы ғана қожа болып, әрбір пенде өз қожасын, Алланың досын, атын, көркем есімін танып білу шарт. Бірақ бұл қожалық та екі сипатта болып, зұлымдық пен ізгіліктен тұрып қайсысы таңдауда адамзатты ерікті қылып жаратқанын да ұмытпаған жөн. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың; «. Өйткені Аллаһ (?) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу).» деген пәтуасын, Аланың өзі яғни адам баласымен достығының белгісін, хикметін; Аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл аятпен барлық масһаб діншілерінің халықты азғырып «жын-шайтан» немесе Алладан басқа деп, ата жолының өз қауымын түзетуге, күзетшілерімен, аруақтарымен жалғануға арналған намаз орындауларын теріске алған дін ғалымдарының Аллаға ортақ қосып, кәпірге айналғанын да ескертеді. Және Абай атамыздың да ескерткен 13 себебімен және Алланың өзі дегеніміз өзі әмірі, себебі екенін де білдіреді де; «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді.» деген үкіммен Алланың «ӨЗІ» дегеніміз 11;13 немесе 23 сандық мәндерден тұратын қауымдық жаратылыс себебін, адам жанының негіздерін ескертеді. Шәкәрім атамыздың осы қауымның тазалығына байланысты да;  Және бұндай адам баласына тағайындалған, Алланың өзінен болған, серіктері  иман жолдасының қалай жойылатынын; «Біреу сені мақтаса, қуанасың, Жамандаса, жабырқап, суаласың. Мақтаған кім, сөккен кім-онда ісің жоқ. Бәрібір сенде елірме дуанасың…Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Дұспан мақтар елірте бермек үшін. Есептемей есірік елін мақтар, Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін. Бұл үш мақтау берер ме саған пайда, Мақтаулыны білерлік адам қайда? Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік Жол тап-тағы ақылды солай айда… Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы, Мін болмайды наданның қорламағы. Білімділер сөгерлік ісің болса, Жоғалта бер айласын, ойла-дағы. Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау. Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау. Көп наданның сөзімен құйқылжытсаң, Сен де жынды боласың есі жоқтау.».

       Қазіргі иманды атанған қазақтың зиялы қауымы мен дін ғалымдарының көбінің үш түрлі мақтанға негізделген шығармашылықтары мен дінді теріске алған ессіз жындылықтарын Шәкәрім атамыз дәл көрсетіп және жолын да көрсетіп; «Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма?» деген ескертуі де осы аяттың тәпсірі болып табылады. Сондықтан әулие бабаларымыз Өзіңнен ілгерілерден, әулие-әмбилерден үлгі алып, шәкірті болып жобаңды тапсаң ғана естілердің қатарына қосылып, иман келтіре аласың деп ескертеді.

Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

          Дін мен Діл атты кітабында муфтият ғалымы «Ақидаң дұрыс па?» деген тақырыппен сөздер ұғымының  «хабари сипаттары» деген мағынада «сәләфиттер» т.б. діни топтардың құранды түсіндіру пікірі, тәпсірі, білімділігі деген мағынада түсіндіріп, «масһаб» ғалымдарының артықшылығын, тура сөзділігін, ғылымдағы жетістіктерінің артықшылығын дәлелдеген екен. Ілім мен білімнің ортасын тауып кемелденуді дін ғалымдарымыз; «ақида» деген ат қойыпты да, ал «ақидасынан» басқалай пәтуаларды жалғандық деп дәлелдейді. Мысалға; «…қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «биғатшыл» (құранмен пәтуа беруші) топтар бар. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипаттарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтурули секілді әһлі сүннеттік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәләфтардың жолын ұстанатындарды да адасушылардың қатарына қосады.» (152-бет) Қайрат мырза тағы да сәләфтар деген діннің жолы бар екенін «ақидалап» (қайтсін енді, қазақта атау ұғымын ашатын сөз таба алмағасын!), Құранға ашықтай қарсылық білдіргенімен қоймай; «…Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәләф деген атауға анық лайық Әбу Ханифа «истауаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар «истиуаны» истикрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда қандай сәләфи ақидасы?» (156-бет) Енді бұдан ақылы сау, талағында биті бар қазақ оқырманы ештеңе де ұғып түсінбейтіні анық. Негізінен діншілердің осындай өздерінің арам ниеттерін жасырып білдірмеу үшін, араптың күрделі сөздерін сол қалпында жалауға айналдырып, арап тілін бүлдірумен ғана емес, құран аяттарын да оп-оңай ертегіге айналдыра біледі де, арзан ақшаға яғни ұғымын жоғалтумен өз пайдасына қарай шешеді. Әбу Ханифа масһабы дегеніміз діннің тура жолы яғни сәләфтық жол екен.

      «Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру  екені де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан Ханафи масхабын меңгеріп «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшелікке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген өсиетінен сәжденің яғни Аллаға міндетті болған құлшылықтың 7 сипаты болып, ал бұл амалдарды орындау арқылы ғана «мүмін» болып аталатынын білген жөн. Енді шариғат, яғни дін ісі, намаз да 4-еу; ораза, намаз оқу, зекет беру, хаж болып, ал бесіншісі ұлттық негіздегі мұсылмандық қарыздар болып; Абай атамыздың өсиетімен; имани гүл, үш сүю болып табылады.

         Бабалар өткен сара жол Ата жолы — «Алла жолы»!

               Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

      Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін, дәстүрін сатқан, жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиетті қастерлі  білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!

Мұсылманның негізгі шарты және намаз орындауы.

    Пайғамбарымыздан: «Барлығың бақташысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандарыңнан (қол астыңғыларыңнан) жауапкерсіңдер, бастық бақташы ғой, сондықтан қол астыңғылардан жауапкер еркек үй бағушысы және  ол баққандарынан жауапкер. Әйел ерінің үй ішінің күзетшісі, қожайынның «малының күзетшісі. Сондықтан ол өз қол астындағылардан жауапкер.» (22-өсиет) Бұл өсиетпен пайғамбарымыз мұсылмандық және Аллаға құлшылық жасау дегеніміз бақташы болу екенін ескертеді. Сондықтан әрбір пенде өмірде өз орнын біліп; жақындық, туысқандық, бауырмалдық  қатынастарды меңгеру үшін  өзінен төмен тұрған әрбір жақынына қамқоршы болып, жөн сілтеуші, яғни бақташы болуды меңгеру керек. Сондықтан бұндай қасиет, қабілеттерді құлшылық намаздарын меңгеруді; «Жақындарыңа жақсы қарым-қатынас жасауды үлкендеріңнен үйреніңдер. Өйткені, ағайындармен жақсы болу, ағайындар арасындағы сүйіспеншілік, малда көбею және өмірде береке болып табылады.». (Термизиден. 5-өсиет) деген өсиетпен әрбір ұлттың өзіне тән салттық, дәстүрлік, әдет-ғұрып ұстанымдарын сақтауды қатаң тапсырған екен. Бұл қағиданы мұсылмандық қарыздар деп атауымызға да болады. Абай атамыз; «Махабатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті…Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Жақсы оймен иманды білді ойлаған, Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған…Мүмін болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мұнафық намаз қылмап па, мағлұм ғой ол..» деп мұсылмандықтың  негізгі шартын түсіндіріп, әуелі иманды болып, яғни иман тазалығын, жан білімін меңгеріп, рухыңды және ішкі жан дүниеңді тазарту арқылы ғана қандай ғибадат жасауың, намаз оқуың яғни сыртыңды, бойыңды тазалауыңа болады деп түсіндіреді. Олай болса мүмін болу махаббатпен іс қылудан пайда болады екен. Енді жаратушымыз жалпы махаббатты қалай жаратты? Ал, махаббат деген қандай ұғым? Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет).

     Олай болса, біздің құдайсыз ойшылдарымыздың «жаратылысты табиғат өзі жаратты» деген түсініктерінің өзі әлемді, адамзатты «махаббаттан- туысқандық, бауырмалдық, сүйіспеншілік» деген себептік байланыс, әрбір жанды жаратылыс егесін бір-біріне жақсылық жасау арқылы жақындасудан жаратты деген ұғым пайда болады. Сондықтан «Жақындық»-Махаббат деген себептің өзі болып, сезімнің бар жерінде ғашықтық та, асықтық та, құштарлық та, жаратылуға құмарлық та пайда болып, бірақ оның мақсат, мүддесін, хақтың жолын анық біліп, мүмін болу үшін ғибадат жасап; әуелі ішкі жан-дүниеңді тазалауды меңгеру, яғни бақташылық қабілетті үлкендерден, ағайындардан, ата-анаңнан, шежіре-тарихтан үйрену шарт. Және махаббатпен адамзат бір-біріне жақсылық жасауда өзара жарысу үшін ұлттарға, руларға бөліп, түр-түстік ерекшеліктермен бейнелеп және бұл хақ жолда әрбір ұлттың өз ұстазы да бар. Және заман өзгерісіне қарай ұстаздардың, елшілердің де міндеттері де әр түрлі болып, ал жалпы ұлттың ортақ тарихи шежіресі, ғұрыпнама нұрландырушы ғылым кітабы болу керек. Міржақып Дулатов атамыз: «Тарих дейтін-бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді (жолды) үйретуші деп айтады. Тарих-халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жол басшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих не айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтын не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы...».

    Қазақтың ел ағаларының «ұлттық сананы, қазақтың рухын көтеру» деп ұрандатып жүргеніміз осы тарихи  иманымызды қалыптастыру болып табылады. Олай болса әуелі иманды болу дегеніміз Алланың өзін тану жолындағы білімді меңгеру, яғни тарихи шежірені құраныңды меңгеріп, тағдырыңды түсіну. Тағдыр-тарих-шежіре-құран-Алланың Өзінен келген сөзі, адамзатқа ортақ түсірген рухы. Ал, онда Алланың «ӨЗІ» дегеніміз — жаралыс басы қозғалыс бірлігі; уақыт, табиғат және жақындық – махаббат қағидасы, Алланың растығы, барлығы — Бір Құдай болып шығады.  Енді бұл жаралыс басы қозғалыс, махаббат негізі болып, сол махаббаттан нәр алып, жақындасу арқылы әлемнің алуан түрлігін қалыптастыратын қозғалыс болып, адамзаттың жанын жаратқан. Бірақ адамзатқа тиісті берілген қолғабыс; махаббаттың, жақындықтың ішінде пайда да зияны да бар. Сондықтан махаббатың қолғабыстық себептерін замандық қозғалысқа, өзіңнің шамаңа, болмысыңа, қабілетіңе қарай өлшеп алуды намаз деп атайды. Пайғамбарымыз; «Алла махаббаттың 100 сипатын жаратып оның біреуін ғана адамдарға көрсетіп қойған..» деп ескертіп, осы қалған 99 сипатын таспихпен белгіліп қойғанын білген жөн. Дін имамдарының Алла тағаланың 99 есімі және адамзат ақылынан, жанынан тыс қарастырылып, қателесуді адасуды туындатқан хақтың жолы, жақындық-махаббаттың үлгісі екені де хақ. Раббымыздың өзара жақсылықпен жақындасудың,  адамзаттың ортақ мәмілге келуге жаратқан қолғабыс хикмет білімін, яғни таспихпен  белгілеп берген намаздың шарттарын кімнен, қалай үйренеміз деген сұрақ қана дау тудырып, халықтардың адасуымен, бөлшектеніп түрлі ағымдарға, ұстанымдырға бөлініп, өзара қырқысуға, зұлымдықтарға түсуге себеп болып жатқаны мәлім. Және де жаратқанның біздерге түсірген жол көрсетуші кітабы құранды түсініп меңгеруіміз керек екенін мойындамайтын мұсылман жоқ деп айтсақ жаңылыспаймыз.  Бірақ ол үшін де әуелі бабаларымыз тарихта қалай меңгергенін, қандай жағдайда өзара жақындап жақсылыққа жетіп, қандай жағдайда зиянға ұшыраған, біздерге берген аманаттарын, насихаттарын біліп, оқып тәжірибе намаз-амалдарын меңгермей-ақ, қайтадан негізгі бастаудан үйренуіміз керек деген пәтуа айтсақ, онда бұрынғы аталарымыздың да тарихтағы оқиғалар қателігін ғана қайталауды туындатады. Бұдан орыс халқының; «Ақымақ қана өз қателігінен үйренеді» деген мақалы да пайда болады.

     Міржақып атамыз иман келтіруді; «тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады»  деп тарихты әр халық қанындағы иман өлшемі, гендік белгісі болған діл білімін меңгеруден ғана заманға сай жаңадан иманның белгілі дәрежесі, шамасы пайда болатынын ескертіпті. Бұндай қағиданы құран сүресінде «Мүминұн» деп атап және 23-ші санмен белгілеп және әрбір ұлтқа үмметтік ерекшелікті; 68 санымен, ал құлшылығы оңнан солға 86 санды сүременен және жер бетінде дүниеде кезекті алмасып, тіршілік етуші осынша негізгі үмметтік, нәсілдік белгі болатынын ескерте отыра, әрбіріңнің үстеріңде бақылаушы «Тарық» жұлдыздарың бар «Төртеулеріңді (діл мен тілдік білімдеріңді) түгендеп, бесіншіңді тарықтан іздеңдер» деп ескертіп; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69)  деген аятпен 69 санды құпиядан, кітаптан өз пайғамбарларыңа сөздеріңді, нахылдарыңды зерттеу арқылы иман жолын іздеңдер деп бұйырыпты. Ал, исламда мұндай мүміндік сипатқа жетуді тарихат деп атаған да, бірақ кейінгі дін топтары тарихты меңгеру білімін тастап, тек сәжделік тәжірибесін ғана алып, одан әрі намаз оқуды жетілдірумен ғана айналысып кеткендері да хақ. Осы 69 санды кітапты алғашқы болып құпия сырын ашып берген Ясауи бабамыздан қалған ілім жолын, иман жолын, заман біліміне қарай қарапайымдап өлеңмен өрнектеп, ішкі сырларын, аяттарын тәпсірлеген Абай-Шәкәрім аталарымыздың насихатынан негізгі дін иманымызды, масхабымызды, тарихатымызды, мағрипатымыздың да қағидасын түсініп білуге жаратушымыз біздерге құранның рахметін шашып қойыпты. Абай атамыз да қалай мүмін аталуды, яғни тарихи иман біліміміздің пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып алуды 23, 123, 223, 212 т.б көптеген сандардың ішіне жасырып, өлеңмен өрнектеп, негізінен рух сырын насихаттап кетіпті. Ал Шәкәрім атамыз ішкі жан сырының білімін, насихатын түсіну үшін, әуелі рухани аталарың Абайды танып, сосын ішкі сырын менен ізде дегендей құпиялап кеткен. Абай атамыз мүміндіктің негізгі шартын 23-ші қара сөзінде; «Қазақта бір қуаныш, бір жұбаныш» бар деп ескертіп; «..Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма?… Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілің сол сөзді разы қылуға жетіп пе? Ендеше көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе!?» деп сасық сөзді дін ғалымдарының пайда болатынын, олар елге бақташы болып, көптің соңынан ертіп, елді аздыратынынан аулақ болыңдар деп, «Ғиса пайғамбар-рух, сөзі — күйеу, жан-қалыңдық» деген інжілдің құпиясын астарлы сөздермен тәпсірлеп кетіпті. Сондықтан інжілді түсінбеген аузы сасық, рухты түсіндіруші дін-күйеулерден абай болыңдар, дінді хикметтен, ғылымнан, бірден, кемелдерден, Алла достарынан үйреніңдер деп; «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат…Жолдастық, сұхбаттастық — бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артынан бір ауыз сөз айтып күлмес..»(23-өлең) деп әуелі өмірлік сырласыңды, жақсы сұқбаттасыңды, Алланың жақынын, сүйікті ерін, досын тауып үлгісін, сөзін, үйреткен білімін ал, сонан кейін өзіңе лайық жар таңдап отау құрып, жақындықты махаббатты қалыптастыр деп; «Ары бар ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор.» деп аруақтық білімді, дәстүрімізді ескертеді де; «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес… Мені (рухымды) қайда екенін біле алмасың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық, мәшхарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.»(123-өлең) Өлгенмен де адамдығы, әулиелігі өлмейтіндерден, ата-баба рухынан күдер үзіп, жақындықпен жалғанбай, құр сәжде ғибадат пен жақсылық жамандықты дүниемен ғана бағалап, ақиреттің сырына, тылсым үніне үңілмей, рухыңды түгелдеуге, «мәшхарға»-ақирет өміріне, өлілерді риза қылу үшін Алла жолына мал жұмсамай иманды түгел дегендердің бекер екенін ескертеді.

    «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек,(жын, мал қуатын меңгеру) ер жігітке ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.»(223-өлең) Ел кезіп, киелі жерлерді аралап, қауымыңның тарихын, қателігін, қасиеттілігін Раббыңнан аянмен көріп, амал қылып, өз жобаңды, ақталу қағидаңды іздеп, әулиелерден батаңды ал, жамандықтан аулақ болып, сөзіңді бағып, өнер ғылым тап, сонда ниетің де болар аппақ деп түсіндіреді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз (бейнеленген кітаптар) ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби (ескертуші, елші) келді. Қағида шариғаты өзгерсе де. Тағриф (аян, уахи-кітап) алла еш жерде өзгермеді… Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» Атамыз мүміндік намаз 7 парыздан тұрып, алғашқы үшеуін; махаббат-жақсылық, ізгілік деп; әуелі Алланы, жаратушыңды жаныңнан артық сүй; екінші адамзаттың бәрін алаламай бауыр тұт, мейірімділікті меңгер; үшіншіден түсірген әділетті жолын сүй!-деп осы үш намазды меңгермей, қалған соңғы 4-еуін орындағанмен мүмін бола алмайсың деп ескертеді.  Ол үшін де әуелі тарих шежіреңді меңгеріп, біліміңді жетілдіріп, жаратылыстың құпия сырына терең сүңги білмесең, қалай Алланы танып махаббатын, жақсылық-жақындығын түсіне аласың?,- деп насихаттайды. Және қауымдық, аруақтық тағдыр кітабың болған рухани кітабыңды оқып, адамгершілік қарыздарыңды орындамай, қалған ғибадаттың бәрі шала, мүміндік емес, тек мұсылмандық қана деп ескертеді. Мұсылмандық пен мүміндіктің ерекшелігін пайғамбарымыз; «.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бірде-бір мүмін болмайды. «.Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды». «.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді.» деген қазіргі таңдағы ислам елдерінде орнаған қияметтік ауыр жағдайдың болашақта келетінін алдын-ала болжап кетіпті. Енді алғашқы үш сүюдің қағидасын «Тағриф алла» яғни Алладан түсірілген жоба, тағылымды аталарымыз; «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп рухани егінді егуді, жан ғылымын ескертіп кетіпті.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)                                                                                                           

                                                         

      Дін мен Діл және иман гүлі-мағрипат жемісі.

     Жалпы ислам әлемі дін білімінде негізінен; 3 топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар Алламен арадағы қатынасты қалыптастырушылармыз деп есептеп, масһаб біліміне жүгініп, намаз оқып, масһаб ұстанушылар, мешітте отырушылар болып есептеледі де және осындай сипаттағы төрт түрлі масхабтық білім бар екені де белгілі. Ал, енді екінші топтағыларға; мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты қалыптастырушылар болып; өздерін «фиқһ» ғылымының ұстанымшылары болып, түрлі діни топтармен халифаттар, табиғли жамағаттар т.б. мемлекеттің заңы, тек құран аяттары мен шариғат қағидалары арқылы басқару керек дегендер немесе құранға ғана жүгінеміз деген түрлі ағымдағы топтардың мүшелері болып табылады. Үшінші топтың мүшелері өздерін тарихат және сопылық ағымдарды ұстанушылармыз деп есептейтін, яғни «тассаввуф» ұстанымына жүгінетін, адам баласының моральдық құндылықтарын жетілдіріп, көркем мінез, нәпсіні меңгеріп, рухани кемел адамды қалыптастырушылармыз деген топтарды айтамыз. Қазақ елінде осы топтардың үш сипаты да өз ұстанымдарын насихаттаумен және осындай түрлі ағымдардағы топтардың арамызда бар екені де сөзсіз. Енді осы топтардың  бірінші түрі болған муфтиятық ұстанымызбен жалпы үкіметтің де қолдауына еге болғандарды жатқызып, қалған топ мүшелері де өз ұстанымдарын жүргізіп, бірақ барлығы негізінен ата жолы деп аталған әзірге қағидасы халықтың санасында, жадында, ділінде болғанымен, заман талабына ғылым, білім жетістігіне қарай дін бейнесі, ережесі қалыптасып, үлгісі қандай болу керек екені толық дәлелденбеген ұлттық дәстүрлі дініміз, яғни Ясауи баба көрсеткен, пайғамбарымыз негізін қалаған, тура жолды ұстанушылар төртінші топтағылар да бар екені даусыз. Ал шындығында Ясауи бабамыздың көрсеткен жолы, ілімі болған, пайғамбарымыздың бүкіл діндерді жинақтап және өзіне дейінгі барлық пайғамбарларға түскен нұсқаулардың құлшылық, намаз, ғибадат ерекшеліктерін 4 кітапқа біріктіріп және барлығын құран аяттары арқылы кітап қылып бекітіп, ғылымын негіздеп  кеткен тура жолының жалғасы яғни заман біліміне қарай құран сырларының қосымша ашылып, дін білімінің дәрежеленуі ғана болып есептеледі. Және ата жолының басқа дін топтарының қарсылығын туындатуына бірден-бір себептің негізі болған; Ол әрбір пенденің әуелі тарихын, шежіресін және ата-баба аруағын меңгерумен бір-біріне бауырластықты, жақындастықты, өлілер, ақирет өмірі арқылы қалыптастыру сияқты Абай атамыз ескерткен алғашқы үш сүюді меңгеруден, құлшылық істерін қалыптастырумен ерекшеленеді. Олай болса Міржақып атамыз ескерткендей; «…Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады…» әрбір өзін қазақ ұлтымын деген пенде баласы өз тарихын сүю арқылы Аллаға жақындау амалын, махаббатын қалыптастыра алады. Бірақ, бұған муфтият, масхаб дін имамдары қарсы болып, әуелі соңғы төртеуді орындау керек деген пәтуамен сондықтан ата жолы дін емес, секта деп айдар тағылды. Бірақ та алдыңғы үш сүюді қалыптастыру үшін  намаз орындау  амалы және шежіреге, жер ана рухына жалғанудың негізі хаж екенін дәлелдеу осы басылымның мақсаты болмақ. Сонымен тура жолдың негізі үш қағидадан, намаз амалдарынан тұрады. Оны аталарымыз; «Ілім мен білім ортасын ұстанбасаң, бүлін!» деп ескерткен.

     Негізінен барлық ғылым болсын, тіршілік, заманға сай нұсқаулар болсын, әуелі ілімінің адамзатқа меңгеріп, білімге айналдыруға арналған кітаптық құпия сыры, хикметі көк пен жер арасына сүйікті таңдаған құлдарына ғана түсіріліп, оқылып, сонан кейін ғана жалпы халыққа, әулие –әмбилердің көрсетуімен ғана білімін аян, түс, уахи-батамен оқып біліп, оймен іздеп, ақылмен өлшеп, белгілі бір ішкі сырларын анықтап, қажетімізге, қабілетімізге қарай пайда, зиянын ажыратып тұрмысымызға, тіршілігімізге, шаруамызға жақсылыққа қызметке қоямыз. Сондықтан да тарих, аруақ атты тұрмыс ұстазын білу осы ілімнің басты шарты болып есептеледі. Енді әрбір хикметке жалғанған адам баласы бұндай ілімнің нұсқауларын, намазын күмән келтірмей орындап, ішкі сыры құпия білімді ақылмен өлшеп қана қажеттісін алу шарт. Ал, Ясауи бабамыздың көрсеткен ілімі төрт негізден тұрып; шариғат, тарихат, мағрипат, ақиқат деп аталады. Шариғат негізінен кітаптар болып бекіген, тарихта қалыптасып, амалдармен көрсетіліп, ұлттық, рулық ерекшеліктерімен қалыптасқан дін ісі болып есептеледі. Исламда шариғаттың ортақ  білімін масхаб деп атап, яғни дінде бағыт немесе жолға қажетті керегіңді алатын білім базары деп түсінген жөн. Ал, шариғат неге жол бола алмайды?-деп сұраңыз.  Жол дегеніміз қиямет-қайымға яғни адамзаттың тіршілік соңына дейін берілген тағдыры, яғни құпия ілім болып саналады. Сондықтан енді шариғаттың заманға қарай жетілдіру ілімін тарихаттан, ал тарихаттың ілімі мағрипатта болып, ақиқатта барлығы нәтижелену керек.  Енді ілім мен білімнің ерекшелігі неде?- деген сауалдың пайда болатыны да сөзсіз. Ілім құпия, хикметтермен заман білімін жетілдіру, тазарту, тозғанын жаңалау үшін тек жекелеген Раббымыздың сүйген ер құлдарына ғана оқылып, сондықтан оларды кезінде пірлер, ұстаздар яғни ілімділер деп атаған. Енді осындай заманына қарай көрсетіліп, оқылып отыратын ілім сырының амалдарға, намазға айналуынан «заманаға» (дәуірлік сипат) қарай білімге айналып және болашақ ұрпақтарға орындайтын шариғаты, дін ісі болып бекіп, дін білімін масхабын да жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан да тарихатты меңгеру яғни тарихты меңгеру Абай атамыздың ескерткен үш сүюдің негізін қалайды. Онда шариғатты қайда қоямыз деген сауал да пайда болады.

      Шариғат негізінен бекіген дін ісі болғандықтан және мыңдаған жыл ата-баба, аналарымыз амалға айналдыруымен осы тарихи шежіре біліміміздің өзі болып және оны әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптастырып үлгіргендіктен, оны білмеу жалпы дінге қарсылық болып саналу керек. Олай болса, күнделікті және ежелден қалыптасқан тұрмыстық салт-дәстүріміздің өзі біздер үшін шариғатымыз, масхабымыз болу керек. Тек қана мұндай ұлттық сипаттағы шариғатымызды имамдардың, масхаб білімділері еңбегімен салыстырып, кітаптарын оқып қателігімізді түзеп, кемісін толтырып, бейімделіп отыру әрбір пенденің жеке ісі болу керек. Ал, тұрақты істерді белгілейтін діни білім болғандықтан шариғат жол емес, діндегі әрбір пенденің міндетті түрде меңгеруге тиісті парыздық, сүннеттік бағыты ғана. Сондықтан масһаб, шариғат білімін ешқандай да дін тобы немесе ислам елдері де жоққа шығара алмайды, шығаруға да болмайды. Ендігі білуге міндетті болған шариғат не берді, тарихат не берді, сол сияқты мағрипат, ақиқаттан адамзатқа, жеке адам баласына қандай рухани пайда бар? Қазақтың шариғаты да тарихат, мағрипаты да әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің ішінен білімін ажыратып табуға болатынын аңғару әрине қиын. Ол үшін де масһаб білімін терең зерттеп меңгеру де қажеттілік. Ал, адамзатқа жалпы шариғатты меңгеруден, арамнан сақтанып, абыройын зинадан қорғаудан, құдайға құлшылық жасап, намаздарын оқып орындаудан тек қана жақсылық яғни  пайғамбарымыз ескерткендей махаббаттың, жаратушыға жақындықтың бір сипатына бөленуміз де хақ. Мысалға, шариғатын бұзбай, тәнін зинадан қорғаған әйелдің ділі, дені сау, ұрпағы текті, қасиетті болып және өзінің өмір жасы да ұзақ болып, сонымен бірге еріне беретін құпия імүндік қан қуаты да шариғаттық амалы жоқ, жалаңаш әйелден әлде қайда жоғары және қайғы-қасіретке аз ұшырайтынын және ондайлардың кейінгі жер бетіндегі қалған ұрпақтарынан; 100 жылдан кейін де өз көрінісін беретініне әзірге мүлде ақылымыз жете де алмайды. Бірақ осындай исламның  негізгі шариғат құндылық, парыздық ұстанымдары қазіргі таңдағы әлемдік ойлау жүйесіндегі қалыптасқан гендерлік, партиялық жолмен адамдар арасындағы қандық теңдікті қалыптастыруға, моральдық тұрғыдан қайшы болып, адамға пайда бермейтін,  теңдіктерді терістейтіні үшін де білімді қоғамда алауыздық пен ислам дінін жек көрушілікті қалыптастырады. Яғни адамзаттың тек білімнің ғана соңына түсуден, шариғат білімі жетілмегендіктен, және замана білімі болған тіл білімнің арасында қайшылықтардың болуы да басты себеп болды. Бұл жағдайдың басты себепшісі де заманға қарай берілетін ілімнің тоқтап, әулиелердің, қасиеттілердің арты үзіліп, шариғат, масһаб білімін жол, яғни құпия сырлы ілім деп қабылдаған дін ғалымдарының надандықтарынан осындай ислам дінінің құлдырауына соқтырды десек қателеспейміз. Аталарымыз ескерткен; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген теңдіктің жоғалуынан және таразының екі басын теңестіретін ортасының қандай білім болатын өлшем бірлігін меңгере алмаудан пайда болды. Сонымен үшінші анық және хақтық білім қазақ түгіл, жалпы дін әлемінде жоғалғаны да сөзсіз. Ал, шындығында үшінші хақиқат білімнің жемісі болған және әрбір ұлттың  әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бойынша ғана, яғни тарихи шежіремен жинаған абырой бойынша және әрбір қоғам мүшесінің өз әрекеті, істері саласында және қоғамға, өз ортасына, дін ұстанымына сіңірген еңбегіне қарай, ұлтына сай теңдікті қалыптастырған жағдайда ғана қоғамның ар-ұяттылығын, адамдардың ақыл-ой еркіндігі қалыптасып, рухани жетістіктерге, бақытты қоғам құруға болатынын ақылымыз жетіңкіремейді. Сондықтан ондай ақылды тек нақты өмірлік тәжірибелерімізді, тарихымызды, шежіремізді, әдет-ғұрпымызды меңгеріп зерделеу  арқылы, тарихымызда болған сынақтар мен қателіктерді көру арқылы ғана анықтық біліммен салыстырып, естілік, парасаттылық, ішкі құпия зайырлық қуатын жетілдіру арқылы ғана өлшеп біле аламыз. Әрбір заман өткен тарихтың көлеңкесі және сол оқиғалардың, адамзат мінез-қылықтарының түрленіп қайталануынан пайда болады. Тарихымызда өткен әрбір рухани дамудың, жетістіктердің адамзаттың сол заманға сай ақыл-ой, білім жетістіктеріне қарай күмәнді, күнәлі жақтарының да болып, соларды жеңу барысында теңдіктің сақталғанын ескерсек, адамзаттың білім-ғылымы өркендеген сайын, күнәлар мен күмәнді әрекеттердің, қылықтардың да жетіліп, бұрынғы адам баласына пайда келтірген білім жетістігі, енді мүлде кері әсерін тигізетінін ақыл-ой біліммен анықтау мүмкін емес. Әрбір ұлттың бір тұтас ислам діні шариғаты ортақ болғанымен, масһабтық білімі тарихпен сабақтасып қана жетістіке жетуге болатынын Міржақып атамыз; «…. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.» Бұл жағдайды да Раббымыз; «Сендерді ұлттарға, руларға бөлдім, бір-біріңмен қарама-қайшылық жағдайда өз ара жақсылыққа жарысыңдар.» деп ескертіп махаббатты, өзара жақындықты меңгерудің, ұлттық яғни үмметтік ерекшелігі болатынын қатаң тапсырған. Міне діннің де құпиясы және өз заманына, ұлттық, тілдік ерекшелігіне сай жетілдірудің қажеттілігі де осында тұр.

     Пайғамбарымызға құран 40 жастан бастап келіп, сонан кейін арап халқы жаңа діннің туының астына кіріп барып, исламдық шариғатты меңгере бастады емес пе? Онда да,  есі толық білімді сахабалар үлгілері арқылы ғана. Олай болса, әуелі діннің тарихы, шежіре білімі де бұрыннан тәжірибесін, пайда, зиянын анықтап меңгерген халықтардың үлгілері, тәжірибелері арқылы түсіндіріліп, ал жаңадан түскен ілімге байланысты ақылдың-ойдың тазаруымен, діннің білімін меңгеру арқылы және өзге халықтардың тәжірибесіндегі жіберген қателіктерді түзеумен сол заманына қарай жіберілген сынақтар мен қиындықтарды жеңе білу арқылы ғана діннің тазасы қалыптасып, әлем өркениетін де өзге халықтардың да діндерінің өркендеуін қалыптастырғаны сөзсіз. Бұрын тарихта болмаған және тәжірибеден өтіп, пайдасы  мен зияны ажыратылымаған дін ісін, шариғатты бірден араптан бастап қалыптасты деген надандықтың да үлкені екені сөзсіз.  Олай болса дін қашанда, өткен замандарда ғұламалар, әулиелер меңгерген тарихаттан, яғни шежіре, ата-баба әдет-ғұрыптардың мәнін, құндылықтарын меңгеруден басталып, сосын заманға сай салт-дәстүр қалыптасты. Және әр халықтың дінді меңгеру барысында өзіндік қолтаңбалары, діни салттық қағидалары қалыптасып, арасынан пайда болған данышпандары арқылы ұлттық білімі, ақыл-ойдың философиялық дүние танымы, ұлттық адамгершілік бейнесінің құндылықтары «масһабы», мәдениет сарайының, алты жақты білім сарайы— қағбасының қалыптасуы діннің негізгі шарты еді. Шариғаттың негізгі адамзатқа ортақ парыздары болған рухани жағдайдағы «Төртеуді түгелдеу» қағидасымен ортақ ұстаным болса, ал ұлттық және жеке пенделік жандық ерекшелігі; «Алтауды араздастырмау» үшін әр ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихи құндылықтары болу шарт. Жалпы ислам және әлем дін ғылымында 5-ші қағиданы, кітабын табу барлық нәрсенің ортасын негізін анықтау болып, мұсылманның бесінші парызы дегеніміз осыны көрсетеді. Барлық түсінбестік те тарихатты бөлек сопылық жол қылып алу да, өткен тарихтағы аталарымыздың тәжірибесін де сол қалпында ішкі сырына үңілмей көшіріп алып, намаздарын сол қалпында немесе өзгертулермен қайталаудан пайда болады десек қате емес. Себебі, ол кездерде діннің өркендеуі ұлттар, үмметтер арасында жалау сияқты көшіп алмасып отырған. Негізгі араптардан бәдеуиліктерге, онан түркілерге және түркі халқының ішінде де түріктерден түркіменге, тәжіктен өзбекке, өзбектен қазақтарға сияқты алмасу болғаны да хақ. Сондықтан тәжік әулиелерінің қазақтың тарихына шежіресіне жалғану амалы олар үшін тарихат, біздер үшін тек масһаб болып саналады. Ал қазіргі таңда енді қазақ ұлтының ішінде тарихат деп дінді бөлектеп алу да мүлде ақылға да, дінге де теріс. Тарихат намаздары қазақ ұлтының барлық тұрғындарына ортақ шежіресінде, әдет-ғұрпында,  әулие бабалар шығармашылық өсиеттерімен, нахылдарымен  біртұтас тарихи және масхабтық, шариғаттық дәстүрлік діни білімге айналып кеткені де хақ. Сондықтан тарихат, мағрипат ілімі енді әрбір  ұлттың адамгершілік ұстанымдары, мұсылмандық қарыздары болып, оны бесінші парыз деп атағанымыз да абзал. Демек, Абай атамыз ескерткен үш сүюден тұратын бесіншіміздің негізі; ақыл-ойымыздың, дүниетанымдық құндылығымыз әулие-әмбилеріміздің, абыз, даналарымыздың біздерге қалдырған өмір тәжірибесі, даналық сөздері яғни ділдік біліміміз болып табылады.  Ал, қазақ ата салт-дәстүрлі діннің осы тарихат, мағрипат негіздерін біріктіріп, философиялық сөз білімін толық негіздеп кеткен Абай атамыздың еңбегін, ұлты, ділі қазақ болған және тіл, сөз сауатынан білімі бар қазақ баласының келіспеуі де мүмкін емес. Бесінші мұсылмандық қарызды; «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!»-деп тілегенін өзім көрдім. Онысы-жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың әуелі… Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болғаны: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен…Бұлардың жас баладан ақылынан несі артық? Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге кіре жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіңдей болмасақ безеді екен. Іздеген еліміз (діліміз) сол ма?»  Атамыздың насихатынша,  мұсылмандық қарыздарды орындап, мүмін болып өмір сүру дегеніміз: Алланың азабынан шын қорқып ұяла білумен және елдің тыныштығы, әділеті жолында күресіп, білім, ғылымды меңгеріп, діліңді толықтырып, ел бағуды меңгеруді; бесінші мұсылмандық қарыз деп ескертеді.

    Бұрынғы ислам ғұламаларының осындай бес парызды және ішіндегі 40 парыздық амалмен жүйелеп көрсеткен білім жүйесін кейіннен келген дін ғалымдары қате түсініп Абай атамыз; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.» деген насихатын да толық түсінбеген масхаб ғалымдарымыз қажылықты бесінші парызға айналдырып, қажылық жасап қана Ыбрайым жолына жалғанып ғылымды меңгеруге болады деп, өз бағыттарынан қасарысып қайтар да емес. Бұл намаз орындау негізінен төртеуді түгелдеу болып, ал үш сүюді бекіту амалын тарихыңды, шежіре салтыңды меңгерумен және ел бағуды, ел халқыңды сүюді меңгеру,  яғни  үйрену керек деп ескертіп кетіпті әулие атамыз. Сонымен ел бағу да екі нәрседен тұрып; бірі тілді түзеу үшін сөзді бағып үйренумен, екіншісі әйел затының ділін тазартып, бағуды меңгеру керек. Осы қасиетті дінде бақташылық деп ескерткен. Ал ой бағуды, рухты толық меңгергендерді шопан деп атайды. «Көк торғындай аспан-көк, Білемін жайнап ашылар. Түрленіп жерді жасырар. Қорқытпайды қар мен мұз, Өзге нәрсе қорқытты. Ойсыз, доссыз, бақытсыз, Жыбырлақпен өмір өтті. Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат, Жалғыз жанша жат жерде…Өткен өмір-қу соқпақ, Қыдырады талайды. Кім алдады, кім тоқпақ Салды соны санайды. Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой Өкінді, жолың бекінді, әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (құбылтпай, алдамай) Тыныш өлсеңші тегінде…Түңлікбайдың қатыны атың-Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен-шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып». Ел болу дегенді Абай атамыз; Ойлау қабілетін тазартып, қалыптастырумен байланысты, ақиреттік дос тауып, рухыңды тазартумен және әйел затының ділін, қанын тазартып, оған рухани егін өсірумен, неке жұбайлық өмірдің тазалығын қалыптастырумен қалыптасатынын және өткен өмір тарихына жалғанумен «аруақ» заңдылығымен атқарылатынын ескертеді. Ал ұлттық, қандық, гендік ділді жетілдіріп, рухани егінді өсіруді Құранда: «…Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді. (222) Өйткені әйелдерің егіндіктерің (ұрық себетін жерлерің). Егіндіктеріңе қалай қаласаң келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар (рухты, сөзді, жанды тазалау). Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер (Әулиелерді зираттап өлімді еске алу). Мұхаммед мүміндерді қуандыр. Алла деген анттарыңды (иман келтірулерің, намаздарың, дін-ниеттерің) жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла (Т) әр нәрсені естуші, білуші». (2-223).

     Бұл аяттарда Алладан қорқуды; өлілерді қадірлеумен аманат нахыл, мақалдардың білімін меңгеріп, намаз қылып орындаумен және неке жұбайлық өмірдің тазалығымен, әділетті өмір мен өзара жарастық, жақындық-махаббатты, бауырмалдық, сүйіспеншілік қатынастарды ескертеді. Ал інжілде бұл аятты: « Иса халыққа астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп былай деді.-Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндерінің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Басқа тұқымдар тастақ жерге түседі. Олар топырағы жұқа болғандықтан тез көктеп шығады. Алайда күн шыққан соң күйіп, тамыр жая алмағандықтан қурап қалады. Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып өсірмей тастайды. Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлардың біразы жүз, басқалары алпыс, бірқатары отыз еседен өнім береді. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын. Шәкірттері Исаның қасына келіп: -Жұртқа неге әңгімені астарлап тұрсыз?-деп сұрағанда. Оның жауабы мынандай болды:-Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді оларға емес, сендерге ғана бұйырды. Өйткені кімде (рухани байлық) бар болса, соған тағы беріліп, оныкі асып-тасып кетеді. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады. Мен  бұларға астарлап айтамын, өйткені олар көріп тұрса да, шынымен көрмейді, естіп тұрса да, шынымен естімейді де, түсінбейді де. Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады. Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Өйткені осы халықтың жүрегі қасарысқан, сезімсіз, құлақтары керең, көздері жұмылған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдан қайтар еді. Сонда Мен оларды сауықтырар едім!».

    Абай атамыздың ескерткен, амантқа қиянат жасап сөздің сырына мән бермеген және дүниенің қайғысына ғана түскен, Құдайдан қорқуды, адамнан ұялуды білмеген пенделердің жағдайларың Ғиса пайғамбарымыз рухани мешеулер деп көрсеткен. «Енді тұқым сепкен дихан туралы әңгіменің мағынасын тыңдаңдар: біреу Патшалық туралы хабарды (рухтың сөйлеуі, бата, аян, аруақ өмірі) естіп түсінбесе, лезде әзәзәл шайтан келіп, сол адамның жүрегіне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. Жол бойына түскен тұқым осы. Ал тастақ жерге себілгені мынаны көрсетеді: адам ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандақтан берік болмайды. Ізгі хабарға бола басына азап не қуғын түскенде дереу сенімінен безіп кетеді. Тікен арасына себілген дәндер болса, мынаны білдіреді; біреу ізгі хабарды естиді. Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнім бермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым болса, мынаны бейнелейді: адам Ізгі хабарды тыңдап, түсініп, өнімді болады. Ол жүз, алпыс немесе отыз еседен өнім береді.» Бұл астарлы әңгімемен Ғиса пайғамбарымыз еркектерге берілетін рухани қазынаны яғни білім-ғылым келуді, аманаттың жағдайын және де рухтың қуаттық дәрежесін 100;60;30 сандармен көрсеткен. Ал, данагөй аталарымыз ескерткен «Ілім мен білім ортасы» болған ақиреттік, харіпсіз, үнсіз тіл білімнің негізін Ғиса пайғамбарымыз: «Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар!»  деген астарлы сөзбен біздің ислам ғалымдарының мүлде жоғалтқан; Аян, уахи, бата сияқты түс көру, оны жору білімін көптеген халықтың болашақта жоғалтып алатынын ескертіпті. Ал енді осындай тіл білімін, түсінде берілетін шындықты, қазынаны алған ер азаматтың жаны тазарып, құпия білімі кітабы жазылуымен ұрығы да жаңарып, жұбайлық  өмірі неке төсегі арқылы Алла сөзін, рухын әйел затына егіп өсіруді бұйырған жоғарыдығы аятта. Бірақ рухани егінді, тұқымды егу үшін әуелі әйел затының жері, яғни жатыр тазалығын, аяғын тазартып, тәнін баптап күтіп, 40 үйден тыйым салып, қыз күнінен әдет-ғұрпын меңгеріп, мәпелеп өсірудің де бақташылық сырын да білу керек. Және әйел жатыры — «жеріндегі» 21 ошақтың бастағы жұлдыздық орындармен, тіл жолдарымен (натрий) тікелей байланысты болып, бас күтімін де ерекше меңгеру шарт. Болмаса, «Еңбегің еш, тұзың сорға» айналуы даусыз. Және «Түс түзелмей іс түзелмес» деп, тәндегі рух сөзі егілетін үй жерді баптаумен, күтумен нәтижеленетінін ескертіпті аталарымыз.

    Енді оның жағдайын Ғиса пайғамбарымыз: «Құдай патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне (әйеліне) жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда (түсінде) дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері егін егесіне келіп: -Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Бидайық қайдан шықты?-деп сұрайды. Ол: -Мұны істеген дұшпан кісі,-деп түсіндіреді. –Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба? –Жоқ,-деп жауап береді қожайын, -сендер бидайықты отаймыз деп бидайды бірге бірге жұлып тастайсыңдар. Орылғанша өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап қамбама құйыңдар! –деп бұйырамын». Осындай жатыр-жері сорға айналған,  басын күтпей, ойы бұзылған  әйел затының күйеулері еккен рухани ұрықтың өнім бермей, ал өнім берген жағдайда жанына енген арамзаның, шайтанның тұқымы түс болып қоса егілгендіктен; аян-аятқа айналып, қанына, тағдырына жазылып, сонан ондай ойы бұзық әйел затынан кеміс, кемтар, туғаннан ауру және рухани жетімсіз балалардың өмірге келіп жатқанына осы насихат, аятқа дәлел бола алады. Сондықтан да әйел затының жүктілік алдында да, жүктілік кезіндегі де түс көріп, аян алуын болашақ ұрпақ тағдырымен байланыстырған аталарымыз. Ал, осындай жағдайға байланысты аталарымыздың қалдырған аманат діні; «Қызға қырық үйден тыйым» деген жан ғылымыздың білімін  Абай атамыз : «Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой Өкінді, жолың бекінді, әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (құбылтпай, алдамай) Тыныш өлсеңші тегінде..» деген астарлы өлеңмен діл егінін өсірудің, жұбайлық өмірдің қағидасын, жүректердің тазалығымен, яғни қан тазалығы қазіргі еліміздің европалық салтынан алған «гендерілік» саясатының қателіктерін көптеген өлеңмен өрнектеп, дін қағидасының мағрипатын ашып беріпті. Олай болса Құдай патшалығы дегеніміз иман гүлі — мағрипат. Аталарымыз Құдай патшалығын: «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» деп Ғиса пайғамбарымыздың мына өсиетін де ескерткен екен: « Құдай патшалығы адамның егістігіне (еркектің беліне, нәсіл-ұрық) еккен қыша дәніне ұқсас: қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі титтей болса да, өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, ағашқа айналады. Сонда бұтақтарына құстар ұшып келіп паналайды.» Құранда: «Лұқман: «Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны келтіреді. Расында Алла өте мұлайым, толық білуші.» (31-16) «Иса оларға астарлап келесі бір әңгімені де айтып берді: «Құдай патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер үш астау ұнға қосып араластырғанда аздаған ашытқы барлық қамырды ашытып көтереді». Әйел затының адамзаттың үш түрлі ділі, наны, рухани азық — асы екенін, оның егінінің жетілуі, қамырының ащытқысы; еркектің сөзі мен уәдесінің яғни аманат пен уәдені орындауына, дін рухының, ұрығының, шауқатының тазалығына байланысты және ер азаматтарының ойлау қабілетінің тазарып жетілуінде екенін ескерткен.  Абай атамыз бұл жан сырын, қазақтың салтын өнермен өрнектеген тәпсірінен үзінді келтірсек; «Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп ойлап мал ізде…Еріксіз малды ал (шерік қосу, зина жасау) Деген кім бар сендерге? Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің-Өзіңе болар жендетің… Ел аңдыр сені, Сен аңдып оны, Қып еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?..Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды (егін екпейді), Қазақтың не қыласың шариғатын…Ерге барған ер танымай, Ер қызығын кім көрер. Шығарына жол таба алмай, Қайғысымен босқа өлер. Айнығыш ер тартса салқын, Бал сұрасаң, береді у.(Ұрықтың ашуы, қуаттылығы) Қызымырлап сөздің артын…Қасиеттен бетті жу…Бар денемнің бәрі-бір мұз, Қайырылуға жарамас. Мына дәулет, мына асыл қыз Болды маған арам ас». Еркектің жақсылық-махаббатынсыз әйелдің ғана жақсы көруімен, рухани егіннің нәтиже бермейтінін, сондықтан әйел қылықты болып, ерін өзіне тарта білумен, қазақтың неке заңдылығыдағы дәстүріміз, ұсыныстың тек еркек жағынан ғана болып, ал әйел затының қазіргі замандағы гендерлік саясатынан туындаған қыздарымыздың еркекке өзі асылып, еркекті өзі ұнатып, жұбайлық өмірге азғыруынан «Байтал шауып бәйге алмас» деп рухани егіннің жетімсіз болатынын, ділдің жетілмейтінін де ескерткен.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

      Неге ислам діні барлық діндер басы, бірлігі бола тұра, осындай әлем халқының европалық елдер түгіл, ислам елдерінде де сауатты қауымның жек көрініштілігін туындатып, қазақ билігінің де; «Мемлекет саясаты діннен бөлек» деген заң шығаруына әкеліп соқтырды?  Дін ұғымында тура жолға түскен адамзаттың, сол белгісі түскен қауымның алтын ғасырда, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманында өмір сүруін қалыптастыру керек.  Және ғылымның жаңа сырларының ашылуын, құранның жаңадан қырларының, хикметтерінің пайда болуымен ерекшеленуі де керек. Ал Ханафи масһабын ұстанып, осындай дәрежеге жеткен арап елі болды ма тарихта? Жоқ әрине. Неге?- деген сауал туындайды. Бар мәселеде ілімге келіп тірелгенін көбіміз аңғарудан қалдық. Ілім екі түрлі бірі құс ілімі, екіншісі қадым деп аталады. Құран осы екі ілімді де басын біріктіріп түсіндіреді. Сондықтан оны теология ілімі деп атаған дұрыс. Ал енді бұл ілімнің төрт кітаптан тыс бесінші кітап болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан сөз өнері, сөз ілімі, шежіре кітабымен бірге  дамып отыруымен ғана заманға қарай оқылып, түсірілген негізгі дін кітаптарын түсініп, салыстырып меңгеру мүмкін болады. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аян, уахимен байланысты; әрбір елге елшілері арқылы келген жоба Құдайлық ілімнің дәстүрге айналуымен нәтижеленеді.

(2-ші бөлім, басы арап көктемі мен бүліншілік себептерінде)

    Әңгімеміздің басында саясат дін мен ел биліктің арасынан туған ұлтымыздың көңіл баласы деп ескерттік. Енді мемлекеттің өркениетке деген жоспары мен дін руханият арасындағы көпір және екеуінің тұтастай біріктіре алатын некесі ол шежіре, тарих. Бұл тұрғыда шежірені тек құранда және арап елінен шықан әулиелердің ғана тәпсіріне сүйеніп, масһаб білімінің дін сұхбатының негізін қалап, ал құраннан уақиғалар кітабы және жанның өсу, өркендеу жоспары яғни әрбір ұлттың рухани қазынасы шежіресін мүлде діннен шығарып тастауға негізделіп және ұлтымыздың шежіресін дінсіздік, исламды мойындамаушылық, ескіліктің қалдығы деп көрсетуге өзіміздің арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз да, тарихшыларымыз да тажалдық үлесін қосқаны да даусыз ақиқат.