«Басқа келетін он пәленің тоғызы тілден» деген пайғамбарымыз. Олай болса, адамзатты азғыру үшін ібіліс те сөз ұғымдарын өзгертуге, көру, есту, ойлау, сөйлеу  қасиеттерінің жындық қуатына шайтанды жүктеуге яғни бастың қадірін, маңызын ұмытырумен, тазалығын сақтауды терістеумен, теріс ойға жалғаумен адамзатты да оңай өз жолына түсіріп алады. «Ібіліс: «Осы менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте (Адам) ұрпақтарының өте азынан басқасын қырыма бір аламын.» деді.» (17-62) Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген ұғымының сөз өнерін жетік меңгерген, қол өнерін де жетік меңгерген, өмірде көргені көп, ата-аба дәстүрін ұстанып, рухани жетілген еркекке байланысты айтылған.

     Біздер қандай заманда өмір сүріп, білімде жоғары жетістікке жетіп, жер бетінің барлық ісін меңгеріп, жаратылыстың барлық жер бетіндегі нәрселерін түгелдей басқарғанмен жаратушыдан алдын-ала берілген тағдырға тәуелділіктен құтыла алмаймыз. Себебі біз аспан мүліктеріне және екі аралық бізге көрінбейтін жаратылыстың себептеріне біліміміз, өнеріміз, дүние тіршіліктеріндегі барлық жетістіктерімізбен, жоғарғы технологиялық құрылғылармен де үстемдік жасап басқару қабілетіміз жоқ. Ал аспан денелерінің әсерінсіз жер бетінің тіршілігі де болмайды, адамзат өсіп өніп өркендей де алмайтынын наданға да түсіндірудің қажеті жоқ болар.

Ел басымыздың және билеушілердің саясатында қалайда қазақ елін экономикалық тұрғыда алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосу болғандықтан, егемендік алған алғашқы онжылдықтарда әлеуметтік жағдайдың мүлде назардан тыс қалып, мұны ібілістің басқаруына көшуге де және «ел билік діннен бөлек» деген ашық құдайға қарсылық ұстанымдары да себеп болғаны хақ. Мұндай жағдайда ел басымыздың Астана қаласын салып, шаруашылықты көтерудегі жолдауларымен жеткен жетістіктеріміз ғана әлемге мақтануға үлгі қылып, барлық ақпараттық жүйелерде нарықтық тұрғыда ғана дәріптеліп,  ал әлеуметтік ұлттық жобамыз, салт-дәстүр құндылықтары даналарымыздың аманаты, Раббымызға берген нәсілдік ерекшелікті сақтау уәдесі мен ойшылдықтары мүлде тасада, дүниенің көлеңкесінде қалып қоюына жол берілді.

    «Әлемдегі бар жаратылыс нәрселерін шындықпен жараттым», деген жаратушымыздың құрандағы ескертуінен, қандайда бір жаратылыстағы жанды жансыз нәрселерінде ішкі сыры-зайыры, шындығы, яғни Алланың сөзі, үні бары хақ. Мұны біз рұқ яғни таза ақыл деп атаймыз. Сондықтан адамзаттың барлық жаратылыс егелерінен артық және жандық тұрғыда ең күшті жан иесі болып, барлық жаратылыстың сырынан Алланың үніне жалғанып, оның білімін құрлысын танып, дүниелік тіршілігінде пайдасын көру үшін және оларды меңгеріп басқару үшін жаратылғанын да барлық киелі кітаптарда ескерткен. 

      «Баста жаратылыс сөз болған, сөз құдайда еді. Құдайдан сөз нұр болып бөлінді»-деп түсіндіреді Інжілде, ал құранда Раббымыз; «Алла бүкіл әлемді шындықтан жаратқан» дейді. Сөз шындықтан, ал шындық жаратушының ойы – таза ақылдан яғни ғылымы мен кереметінен жаратылғаны да хақ. Адам атамызға атау сөздерді, әлемдік шындықты үйретіп, онан пайда болған жаратылыстың қасиеттеріне ат қоюды бұйырып, Адам атамыз жаратылыстың нәрселеріне ат қойып шығып, өзінің ең жоғарғы ақылды жаратылыс егесі екенін барлық періштелердің алдында дәлелдегенін баяндайды құранда. Сондықтан әрбір қасиеттің, қозғалыстың, тектің ішкі сыры, үні-зайыры болып, сол үнді танып, анықтап, оған ат қоя білу адамдықтық жалғасы, ғылымды меңгерудің, ақылды жетілдірудің, әулиелік, даналықтың белгісі болып табылады.

    «Құранның мүлде шын екенгі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» (41-53) Құран әрбір пенденің жүрегінде кітап (нейрон) түрінде болса, жартылыстық барлық жанды жансыз нәрселерінде Алланың рұқы, аят үкімдері яғни тағдыры барын білген жөн. Сонымен биыл қазақ елі қияметтік сағаттың 4-ші жылына аяқ бастық. Әрбір жарты жыл сайын ел билеуші мен жалпы қазақ қоғамының құдайдың ашық ескерту белгіліріне аян, уахи , түрлі азап, ажалдармен, сынақтармен сыналып және табиғатпен жаратылыстағы  ерекше құбылыстармен жауап беріп жатқанымен ел билеуші зиялы, білімді қауым өкілдері ашық қарсылық білдіріп құдаймен білім таластырып әлемдік «Армеддегондық» , арсыздық салты дәріптеуден қайтар ойлары жоқ. Қазақ дәстүрін ұстануды алға қойдық дегендері екі жүзділік тұрғысында, сөз және әр түрлі шоу, ойын-сауық қойлымдар түрінде ғана болғандықтан еліміздіегі қияметтік жағдайдың айдан-айға ауырлап келе жатқанын, және оның  бір жағы экономикалық дағдарысқа ұласып жатқанын білген жөн.

    Адамзат әлемнің барлық жанды жаратылыстарының ең жоғарғы дәрежедегі бейнеленетін қуаттар жүйесінің көшірмесі, әрі барлық қозғалыстардың ақылмен басқарылатын бірлігінің орны болып табылады. Алланың өзі сипатының ешқандай қарсылығы жоқ және 3 түрлі дәрежесі болып және барлық қарсылық қуаттарының 4-ші тұрғыда  бір тұтас тәңірлік жүйемен басқарылумен; «Алладан басқа тәңір жоқ» деп атаймыз. Және жер әлемнің 6 күнде жаратылуымен байланысты, әрбір жанды жаратылыс нәрселерінің 5 қуаттық жүйеден тұруымен 6-шы тұрғыда Алла болып, аятта; «Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады…»(58-7) Олай болса, Алланың тәңірлік сипаты жұптық тұрғыда «БІР» болып, сондықтан аятта; «Алла деңдер Рахман деңдер бәрібір..» деп ескерткен. Және «Ол» сипаты жұптық тұрғыда; 2;4;6;8;10.. т.б. барлық жаратылыспен бірге өмір сүреді де адамзат үшін; «Мен-Маған» құлшылық қылыңдар деп ескерткен Раббымыз.

    «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, Сырласарлық, бермен қайт. Абиыр, атақ сол жанда-Кімді көп жұрт мақтаса. Ол мақтаудан не пайда, Көп мақтауын таппаса? Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?…Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек..Мен ақылдың құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім барда қорлық жоқ. Өмір, дүние дегенің Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің Ойлай берсең у екен.» (Абай ата)  Өзінің көңілімен-ұжданымен сырласа алатын, «төртеуі түгел»; «Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек...» тағдырлық «Шар»-ды, яғни шеңбер-күн, чакраның ортасында қосу белгісімен тоғыз «кісілігін» төбеден алған, төрелігі жетілген үлкендер, ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдары бар ма қазақта?

 «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ болу керек; Әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Бұлардың емі  халқына махаббат, ғалам халқына шапағаты, қайратты, тұрлаулығы, әділет ісінің алды –артын байқарлық білімі, ғылымы болсын…Ол білім, ғылымы құдайға бағынумен, ерумен, құлшылығымен болсын. Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кемелділікті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңізде жақсылыққа негізделіп және оған арқа сүйерлік шеберлікпен болсын..» (Абай ата өсиетінен)