МҰСЫЛМАНДЫҚТЫҢ ШАРТЫ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 93

Ақыл мен жан мен сезім менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы- екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан
«Менікі өлсе -өлсін оған бекі,
Өлсе өлер табиғат адам өлмес,
Мені мен менікінен айырылғаннан
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Абай атамыз таза ақыл мен жан өлмейді, оның аты «Мен», ал өлсе тек тән өледі, оның заты «Сезім». Рух ақыл болып көрініс беріп жанға айналса, сол түпкі негіз Рух ризашылығы үшін сүрген өмір мәңгілік екенін айтып отыр. Ол үшін ата салт-дәстүр әр ұлттың, халықтың имандылық негіздерімен суғарылып бірге өрілсе, оны баптап ұстап күту үшін «мұсылмандық шарттары» болу қажет. Түркі әлемінің мұсылмандық шарттарының негізін қалап кеткен Әзірет сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Одан кейін де көптеген ғұламаларымыз шариғат амалдарын зерттеп өзіндік ақыл-ой ізін қалдырған. Әрине бізге түсініктісі Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин бабаларымыздың еңбектеріне тоқталғанымыз дұрыс болар. Алла тағала барша адам баласына бір Алла тағаланың барлығын, бірлігін һәм өзін жаратқан иесі екенін біліп, иман келтіріп, құлшылық қылсын деп жаратқан. Сондықтан Алла тағаланың бірлігін, барлығын мойындауға ықылас сенімің берік болу керек. Адам баласының азғындау себебі де осындай сенімнің жоқтығынан көңіл қараңғылыққа түседі. Басты естен шығаруға болмайтын шарт Алла тағаланың сипаты зайырда, жасырын құпияда. Оны тек көктегі, жердегі бар заттардың ішіндегі қадір-қасиетінен ажырата білу арқылы ғана ақылмен таниды. Алайда Алла тағаланың ұлылығы мен қасиетін көрінген затқа теңеуге болмайды. Сондықтан ең күрделі және жақын болып табылатын өзіңнен бастағаның абзал. Өзіңді танысаң Алла тағаланы да танисың. Өзіңе қарап сен сурет, өрнек болсаң, ол білгіш суретші екенін есіңе ал. Сонан кейін өз өрнегіңнің тарихына, төркініне талдау жасауды үйренсең, жаратушының шеберлігі жайында ойланасың. Өрнекті қабылдамайтын затта өрнек болмайды. Өрнек салу үшін мөр болу керек. Мөр тұрақты, ал өрнек өзгеруге тисті жұмсақ болар. Өрнек судан басталып жан деген буға айналар. Өрнектің түзілу кереметіне таңдануға болады, күмәнданып күдік келтіруге болмайды. Ойлы көзбен көре білу керек. Сонда танысаң ғана наным пайда болар. Нанып иланудың да шарттары бар.
х
Иманның мағынасы

      Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, онан басқа Алла жоқтығына, Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпен нанбақ.
Енді иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек.
Әуелі не нәрсеге иман келтірсе оның хақтығына ақылы анық дәлел жүргізерлік болып ақылы анықтауға дәлелдер келтірерге жараса мұны шын иман деп айтады.
Екінші – кітаптан оқып білу және молдалардан естіп біліп соған иман келтірсе, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіріемін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қозғалмастай берік болуы керек. Бұл иманды такледи, яғни дәстүрлі сенім дейміз. Осындай дәстүрлі сенім негізінде ислам дінінің әр түрлі ағымдарға бөлініп ваххабист, нахшпанди, худая, дауғатшылар, т.б. болып кете береді. Әрине таза ақылмен өлшенбеген, ой еркендігінсіз тура жолдан адастыратыны ақиқат. Жалпы иманды табу екі амалдан тұрып сол екі амалдың басын қоса білу түсінік болып табылады. Бірі наным, екіншісі білім деп біліңіз. Наным ұлттық, салттық тәрбиелік текті табу болып қалыптасса, ал білім-ғылым кітаптар арқылы ақылға байлану шарт. Осы екі белгіні толық қалыптастыра білген адам баласының ғана иманы берік болмақ. Мысалға кітапқа иман келтіргенмін десек, егер оның ішінде не жазылғанын оқымасаңыз немесе оқысаңыз да түсіне алмасаңыз қалай иманым толық дей аласыз? Сол сияқты періштелерге иман келтірдім деп оның сипатын ғылымын білмей иманым берік деп дауғасын қылу да ақымақтықты тудырады. Сондықтан ата-анаңыз сенген, солай істеген деп нандым деген абзал емес пе? Төрт кітапқа иман келтірдім деп бір рет Інжілдің немесе Тәураттың бетін ашпай дін ғылымы болып дәреже марапат алып жатқандардың иманы толық деп атауға бола ма? Сондықтан өзіңдегі тегіңдегі ғұламаларға ғана сенім артып иланып әрекет жасаған иманның қазығы болар. Себебі «өздеріңнен жол басшылар тағайындадым» деп ескерткен жаратушымыз. Енді мен дін танушыларға, жол басшыға да иман келтіріп иманды бекітіп, адаспауға болатын ізді ұсынар едім.

      Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Яғни шын иманы бар деуге ғылымы жоқ такледи (дәстүрлі сенімі) иманы бар деуге жоқ, я алдағанда, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететін кісіні иманы бар деуге болмайды. Иман айтқанда «Ла иллаһа илла Алла Мухаммед рассул Алла», оның мағынасы «Бір құдайдан басқа құдай жоқ және Мұхамед Ғалиассалам Алла тағаланың бізге тура жолды көрсетуге жіберген басшысы» деген болады. Мұны мағынасын білмей айтқаныңмен иман болмайды және оны анық шын нанып айтпай құр тілмен айтса да иман емес. Аятта: «Кейбір адам Аллаға һәм ахирет болатынына иман келтірдім десе де, ішкі ықыласы нанбай тұрған соң, ол мұсылман емес». Әлбетте шын ықыласпен нанып иман айтып жүру керек. Егер де иман дұрыс болмаса қанша құлшылық ғибадат қылынса да ол қабыл болмайды. Оның жеті шарты бар:
1. Әуелі Алла тағаланың барлығына, бірлігіне нандым.
2. Періштілердің барлығына нандым.
3. Пайғамбарларына, жіберген кітаптарының баршасына нандым.
4. Барша пайғамбарларына нандым.
5. Ахирет күні болмақтығына нандым.
6. Барша жақсылық, жамандық істер Алла тағаланың тағдырынсыз болмайтындығына нандым.
7. Өлген соң тіріліп сұрау беретіндігіне нандым.
Осы иманды әрқашан айтып салақ болмай жүру керек. Құранда көп жерде жақсылық орындар тақуалар үшін деген. «Тақуа» деп сақтанғандарды айтады. Адам әр уақытта Алла тағаланың азабынан қорқып, рахматынан үмітті болып қауіп пен үміттің арасында болу керек. Сондықтан бабаларымыз «мұсылман болу пәс-пәсте, кәпір болу бір сәтте» деп аманат қалдырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *