Рухпенен жанды өсірмек  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 41

Рухы мен жанын бір деген,

Надандар көп дін білген.

Жан жарық, рух азығы

Қуат боп қасиет жетілген.

Бабалар жанын өсірген,

Жерден нәсіп бүгіннен.

Ертеңнің қамын ойламай,

Біліммен болдың жетілген.

Жаңбыр мен жер көгерген,

Батамен ер көгерткен.

Дәстүрің, салтың ұмыт боп,

Көгені жанның өртенген.

Бүгінгі малды уайымдап,

Таласып итше ырылдап

Болашақ көкке несібе,

Жинамай ұрпақ аш болад.

Жұлдызың жанбай көктегі,

Жерден кім бермек несібе.

Жаныңды жатсың жоғалтып,

Айналып оймен тектіге.

Жастарың кетті кісі боп,

Қатының билік ірі боп.

Қызың да ақыл айтып жүр,

Шаш жайып жын-пері боп.

Үлкендер ойын ойлаған,

Мастығы қайтып тоймаған

Дүниенің қамын қамдаумен,

Надандар оймен болжаған

Тажалдай елін жалмаған.

Уайымың болды дүние боқ,

Таласып итше жүрген көп.

Шулатып елді азғырған,

Жан ғылымнан хабар жоқ.

Текті деп өзіне ат қойған,

Тажалдар көп мас болған.

Құдайдан алған уахи жоқ,

Сынаққа заман қарсы боп

Бірлігін ұлттар қоштамай

Құрыдық, өлдік аштық кеп.

Тонады, құртты ұлтты деп

Дүниеде тектің кілті деп

Ұлт болмақ дүние байлықпен,

Өзгертіп билік басқарған,

Өсірмек жанды ақшадан.

Түсіріп көктен жұлдызын,

Көгертіп бақша жер жүзін

Несібесі еді ата-ана жинаған,

Меңгерген дінмен ар ісін.

Арсыздық болса ұлтыңда,

Рух өнбес енді жұртыңда

Жан өліп жүрек жетілмей,

Өнбейді жерден асың да.

Алтын мен күміс, мұнайың,

Бір үзім нанға тұрмайтын

Заманда келіп бір күні,

Қияметі келер құдайдың.

Қаны азып арсыз қатының,

Жан өлер жүрек қалпыңның

Жұлдызың көкте жанбаса,

Өзгерсе нәсіл парқыңның

Көк тиын дүние байлығың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *