Дөрекісің дейді маған…  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 59

Талайларға өлеңді арнағанмын,

Алма деп дүниенің жамандарын.

Қыз-қатындар көбісі жек көреді,

Мақтамайтын әдетін бұл жалғанның.

Тектілігін көрдім кейбір нашарлардың,

Ер мінезді сөзге тұрған ары барын.

Еркектердің ездігі артып кетіп,

Талай сөз босқа кетті арнағаның.

Атын қазақ көрдім көп қылғандардың,

Нәсілдігі аумайды ескі жоңғалардың.

Қазақтың тегінің кеңдігі жоқ,

Іштеріне пышақ түссе айналмасын.

Япырмау кіммен жолдас бола алармын,

Қазақ ұлты неге сонша майдаландың?

Аруақтың аманатын жеткізгенмен,

Тыңдайтын қатты құлақ таба алмадым.

Үш қуаттан  өмірдің үн арнауларын,

Некемен ер мен әйел қанға аларын.

Бойдақтарға  несібеден босқа жүрген,

Жамансың деп айтудан шаршамадым.

Нәсілдердің азып-тозғандарын,

Ескі текті мадақтап мақтанғанын.

Тұра ма деп ескі киімде жаңа жамау,

Зиялы қауымды да сынап жазадым.

Өсір деп заманға сай жүзім бағын,

Қаныңның тазарт деген ескі дағын.

Жаңадап шарап үшін ашытқыны,

Дайындау әдісін біл дедім жанның.

Ашытқан жалаңаштан қан шарабын,

Иттей сасық болма деп сынағанмын.

Бір пендені болса да қатты айтып,

Дөрекілеу сөздермен ұялтқанмын.

Мейірімді, кең пейілді бола қалдың,

Кәне ұлттың нәсіл, тегін құтқарғаның?

Құдайдан күнде белгі, азап түсті,

Мейірімменен жынды қалай жұмсартпақсың?

Дөрекілік бақсылықтан бер хабарын,

Қорыққанын сыйлайды жындыларың.

Құйрығы қызып жүрген шайтандарға,

Айқаймен айт, тозақ деген азап барын.

(қараша 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *