Жер әлеміндегі барлық тұрғындардың және тіршілік өмірдің белгілі бір уақыттың жылдамдығына, жер әлемінен түсетін жарық сәулелердің қуат күшіне, жер анамыздан шығатын нұрға және бұл қуаттардың жүйесін адамзаттың қандай мақсатқа пайдалануына, рухани тұрғыдағы өнімдеріне, әлемге қосқан қуаттық үлесіне тәуелді болатынын біздер аңғара алмаймыз. Және белгілі бір кезеңдермен адамзаттың есеп беретінін Раббымыз құранда ашық ескерткен. Осындай есеп мезгілінің әлемнің елдеріне ортақ үкім болып түсіп жатқаны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің рахымы, рахметі де қоса түсіп, осындай әлемдік дағдарыста үлгі болып, рухани тұрғыда жетілген елге айналып, әлемнің де мұндай дағдарыстан шығуына жол көрсететін елді таңдап, оған ерекше хикметті белгілерін түсіргені, ол елдің қазақ елі болып биылғы жыл 3-ші жыл қияметтік сын сағатынан өтіп жатқанымыз да хақ. Алда бұл сынақтың бес жарым жыл анық мерзімі бар.
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Адамзатқа алдымен тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз неге ескертті? Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатын інжіл жазбалары да растайды. Баста сөз болған, сөз құдайдың буы-нұры еді деп түсіндіреді. Демек, сөздің пайда болуы ақыл – нұрмен, яғни қозғалыс тегімен байланысты. Қандай бір жаратылыстық нәрсенің, қуаттардың белгілі бір қозғалу тәртібі бар. Сондықтан әрбір адам баласы да өзінің жартысын, жынысын, тегін, қуаттарының шамасын білуі керек. Бұл білімге жатады. Бірақ осы қуатымызды, яғни білімімізді біз қажетімізге қарай жұмсауымыз және онан пайдалы зиянсыз әрекеттер шығаруымыз үшін төменгі, жоғарғы шамаларын, шектерін яғни тәрбиесін меңгеріп, салыстыру арқылы жұмсалмаса, онда бақытсыздыққа душар боламыз.
Біздердің өмір сүрген әлемімізде ешқандай бостық немесе белгілі бір тәртіпке бағынбайтын, өз ара қарым-қатынаста қуаттық алмасуда болмайтын жаратылыс себебі жоқ десек жалған емес. Әлемдегі қандайда бір жақсы, жаманды өзгерістердің бәрі әлемдік тұтастықтың ішіндегі қуаттардың алмасуынан пайда болатыны да хақ. Жер анамызды жаратқанда даналықтан жаратып, ал даналықтың ішінде парасаттылық қуат та болған еді. Мұны «Жерді 4-күнде жаратып несібелеріңді түгелдедім» деп түсіндіреді. Ал жер көкті 6-күнде жаратқанын да, жалпы бүкіл әлем 7-күнмен жаралып біздің аптаның ішіндегі 7-күніміз және олардың аттары да осыған дәлел болады. Сонымен парасаттың 7-белгісі бар мұны жер әлемде бейнеленуін апта, яғни күш, қайратты белгілейді.
«Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Олүшін, қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихатауды естен шығармауымыз керек.». Н.Ә.Назарбаев.
Ел басшымыз мұны қазақ зиялы қауымына, ғалымдарға, дін ғалымдары мен имамдарға, заң шығарушы лауазымдыларға, құқық қорғау мекемелеріне арнаған жолдауы деп түсінуміз де керек. Ал енді қазақ қоғамында ел билеушілер, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері ұлттың бірлігін қалыптастыруға жұмылған болса, онда ел басшысының әрбір айтқан жолдауын насихатын талқылап мұны заман талабына сай деп тапса, дереу орындау үшін заңмен бекітіп іс-әрекет амалға да айналдыра білу керек.
Сонымен қазақ елінің бүгінгі ұлттық болмысымыз, ата-бабадан алған аманатымыз, құдай алдында берген уәдеміз, болашақ ұрпақ алдындағы абыройымыз, шежіреден алатын бағамыз қандай? Әрине қазіргі ақпараттық басылымдар мен телеарнаға қарасақ біздің мәңгілік ел болатынымызға және өндірісті дамыту, жаңа кәсіптерді меңгеріп жер ана байлығын өңдеу арқылы біз әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналатынымызға сенімдіміз. Сонымен бірге масһаб деген құдаймен арадағы кепілдікке тұратын дін ұстанымымыздың да қиямет-қайымға дейінгі барлық ғылым-білімге, рухани даму жолымызға пәтуа беріп, жол көрсетуге де шамасы жетеді деп насихаттап жатырмыз. Осы жерде сенім мен иманның да сырын, маңызын білу арқылы ғана біз таңдаған жолымыздың, болашаққа жасаған жобамыздың айқындығын аңғаруға шамамыз келмек.
Осыдан 10 жыл бұрын қазақ елінің болашақта қандай рухани дағдарысқа түсіп, жастардың азғындап, мәңгүрттеніп, көздері қызарып қолына қару ұстап кететін де қаупі бар және масһабтың тәпсірлерінің дін салтын құлшылық істерін қалыптастыратын көптеген пәтуаларының жалғандығын жазып мұны зиялы, білімді қауым өкілдеріне қаншама жылдар бойы алдарына апарып таныстырғанда қолдарын сілтеп, есіктерін де жауып алған еді. Енді қазіргі ата жол жазбаларында масһаб білім мен жалпы исламдағы діни ахуалдың мұндай шиеленіске түсуі де білімсіздіктен, құранды теріске алып шариғатты ғана меңгерумен құдай ісін «Біздерден» келетін хабарларды мойындамай, өздерін «Жұлдыз» санаған тажалдық білімнің қасіретін нақты мысалдармен, аяттармен дәлелдеп те жатырмыз.
Қазіргі таңда қандай да бір әлемдік және мемлекет ішінде болған, болып жатқан, алдағы уақытта болатын оқиғалардың белгілі бір заңдылыққа бағынатыны және мұндай оқиғалардың бағзы заман халықтарының тағдырларының жүздеген жылын аз ғана мезгілде, дәуірде қайталанып отыратын да шарттары бары сөзсіз. Қазақ елінің өткен арттағы тарихымызға үңілсек қаншама қанды оқиғалардан, апаттардан, сынақтардан, қан төгістерден ұлтымыздың негізгі тегін сақтап жоғалып кетуден де аман есен өтіп, шежіреміз қалыптасып, біздердің тұрмыстық салттарымыз бен өмір сүру ерекешелігіміздің рухани тұрғыда ұлтымыздың және өзге ұлттармен де ауыз біршілігімізді, халықтардың тұтастығын қалыптастыруға да қабілетті дәстүріміздің де өзге ислам елдерінен әлде қайда биік тұрғанын жетесі жетілген, имандылықты толық меңгерген және санасына белгі алған арлы адам баласы ғана ұғына алады.
Қазір әлемдік тұрғыдағы «экстремизм» атты тажалмен күресуге қазақ елі де белсеніп кірісіп кеткені сөзсіз. Және тағы бұл тұрғыда біздің ел билеушілер, зиялы қауымдар тарапынан зерттеу мен бағдар жасап, алдын-алу әрекеттерін шет елдің тәжірибелерінен заңмен қатты жазалап, үнемі ұйықтамай күндіз-түні бағып отырумен және масһаб атты діннің ең таңдаулы қаруы үгітімен ақпараттық тұрғыда жеңіске жетіп, халықтың санасын ашып, бейбітшілігін қамтасыз етеміз деп ақпаратық орталықтардан дәріптеліп жатқаны да халыққа белгілі жағдай. Сонымен экстремизіммен күрестің бір тәсілі де масһабтың — тура жол, шексіздік және оның басында тұрған бір ғана әулиенің ісіне табыну арқылы, оның «Ахмет» елші болып адамзатты құтқарушы құдайдың өзінен екенін мойындатпақ шара екені де сөзсіз. Және мұндай рухани байлықты таңдай білген ел билеушілердің, зиялы қауымның, дін ғалымдарының халық алдында құрметті аталуға да лайық екенін білдіретін жақында яғни 4-қараша күні Хабар телеарнасынан «Арнайы хабар» деген бағдарлама берілді. Сондықтан да Ата жолының басынан бастап бүгінгі күніне дейін белсенді мүшесі, зерттеушісі ретінде менің де бұл сұқбатқа бұқара халықтың атынан берер бағасын, халықтың назарына ұсынуға қақымның бары да сөзсіз. «Бас кеспек болғанмен тіл кеспек жоқ» дейді қазақта.
Қазіргі әлемдегі болып жатқан негізгі қауіптің ошақтары неге ислам әлемінен пайда болып отыр деген сауалға жауапты іздеп көрдіңіз бе? Егер мұның астарына терең үңілсек, мұның бәрі құранда ашық аяттармен сол түскен заманда-ақ осындай бүліктердің құранды теріске алудан пайда болатыны және мұны пайғамбарымыз да; қияметтік сын сағатында 30 түрлі тажалдар пайда болады, деген екен. Жалпы тажал ұғымын қазір дінсіз, намаз оқымайтын білімсіз, надан деп түсіндіреді. Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парызбен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз.
Қазақ халқының қаншама ғасырлар бойы сынан өтіп, құдайдың қалауымен жеткен егемендігіміздің мағынасы мен мәнін түсініп, қадірлеп өркендете алдық па? Егемендік- деген өз ұлтымыздың негізгі мүдесі және рухани қазына байлығын қайта қалпына келтіріп, жоғалғанды іздеп тауып, ескіргенді ауыстырып, әлсірегенін жағын қуатандырып және әлемнің бүгінгі тыныс, тіршілігіне, қозғалысына сай бола алуға, болашаққа өзіміздің ұлттық өркендеу жобамызды қалыптастыру емес пе? Ал мұндай рухани бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана екені де сөзсіз. Олай болса ынтымақты, бірлікті тұтастықты сақтау үшін, бізге тек шаруашылығы дамыған, әлемнің алдыңғы саптағы елдерінің қатарына қосылсақ, бақытты елге және мәңгілік тегін сақтай алатын елге айнала аламыз ба?