Қара ниет қорқаулық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 193

Болдық деген зайырлы,

Дінсіз билік айбынды.

Аталар жолы дін салтын,

Масһабпен өлшеп айырды.

Дәстүр салтқа қас болған,

Ұлтын жансыз жат қылған.

Әлемінің арсыз әдетін,

Үлгіге алды Нұр Отан.

Дінің деп масһаб ұстанған,

Мешітке тығып басқарған.

Гендірлік теңдік дін болды,

Тажал боп елді аздырған.

Орамалға тыйым салғызған,

Киеден қарғыс алғызған.

Халықтан аманат жоғалып,

Дүниеге байлап мал қылған.

Толғағы келмей туғызған,

Ішін жарып алғызған.

Әдеті болды биліктің,

Антұрғандық заң шығарған.

Соғысуға қам қылған,

Бүлікші іздеп халқынан.

Діннен қашқан қорқаулық,

Шоқынып заңға тығылған.

Дәстүрін қазақ туысқан,

Бірлігін жүзбен қуысқан.

Заңмен тергеп тіркемек,

Болма деп жақын жұғысқан.

Лағнетін Құдай арттырған,

Дін ізденсе сұм болған.

Бірлігін ұлттың бөлшектеп,

Ағайынды жау қылған.

Қасиетін ұлттың жатсынған,

Өсиетінен баба тартынған.

Исламнан билік бас тартып,

Діншілермен қас болған.

Дүниемен алдап аздырған,

Айырып дәстүр салтынан.

Мәңгілік тозақ елі боп,

Қияметтік сағат соғылған.

Айырылар көп туысынан,

Ажыраған дәстүр салтынан.

Қыз, қатын жастай қиылып,

Ақ жаулық нұры таусылған.

Көбейер жесір халқыңнан,

Аманатын алмай ұмтылған.

Ел биліктің бұл жобасы

Тозаққа халқын шақырған.

Ашынар халық бұл сыннан,

Тазарып арсыз салтынан.

Қарғайды мұндай билікті

Құтқар, деп Құдай зұлымнан.

Мейірімсіз билік ант ұрған,

Құдаймен ашық соғысқан.

Аз ғана қалды енді өмірі,

Үкімі түсті тылсымнан!

Уақиға тағдыр айналған,

Перғауындық билік ел құрған.

Құдайдан түбі жеңіліп,

Ажалдан кім құтылған?!

(Қаңтар 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *