Жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін әрбір жаратылыстың нәрселерін парымен жаратым» деген. Пар, парлық, пар болу деген бірінсіз-бірі пайда бола алмайтын, көбейіп қосыла алмайтын, тіршілік ете алмайтын, белгілі бір талапқа да сәйкес бола алмайтын деп ұғынған жөн. Әйел мен еркектің жыныстық тұрғыда қарама қайшылығы да бір–біріне достығы да қастығы да пар болып жаратылып барлық әлемдегі нәрселер осы екі пар үшін қызметке пайдаға асуға ғана жаратылғаны да хақ. Енді рухани яғни көместік, ғайыптық, метафизикалық, физикалық, химиялық, биоөрістік тұрғыларда еркектің де әйелдің де рухани жаратылысының жұбы, пары болып; оны жандық және жындық қуаттық болмысы деп атаймыз. Сондықтан адамзат деп аталғанмен заттық тұрғысында да екі жыныстық ерекшелікпен, ағзалық қарама–қайшылықпен өзара бірігіп көбейуге бейім болса, рухани тұрғыда да екі сипаты болып; жындылық қуатпен  күш қуатты, өнерді, түрлі қарекеттік істерді меңгерумен байланысты да бейнеленуі болып және бұл көмес болмыстың да өзара қосылумен онан пайда болатын өнімі болуы шарт.

Қандайда бір халықтың тарихи дін ұстанымымен белгі қалып оны; Әдет-ғұрыптар деп атаймыз және мұндай ғұрыптардың да ата бабаларымыздың жаратылыстың себептерін меңгеруге, түрлі рухани қуат, күштермен байланысты өмірлік тәжірибесінен, Алланың болмысын мойындаудан туындағаны да хақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз християн, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67)

    Қандайда бір жаратылыстық қуаттың өлшемі мен қозғалыс жылдамдығы болып және негізінен 3 түрлі уақыттық жылдамдыққа, үш түрлі ақпараттық жаратылыс жүйесіне тәуелді болып, жер әлемдік жаратылыс қозғалыстық негізін 6 күнмен яғни 6 санмен белгілеп және негізгі себептердің жарықтың бастауы үшпен қайта дәрежелеу арқылы 18-мың ғалам деген осы ақпараттардың орталығы, ошағы, мекені «Матрицасы» болып саналады. Сенім қуатының түрлену, қозғалыс тербеліс жиілігін ғаламдық тұрғыда қарастырсақ 72 сандық белгімен болып, Жын сүресінің жындар әлемінің адамзаттың сенімімен тікелей байланысты бейнеленетінін, яғни ішкі ағзалардың жұмысының бір жүйемен басқарылуын қалыптастыратын ғылымда «биоритм» болып аталады. Ислам ғалымдары мұны Алла тағала тәулігіне 72 рет адамның жүрегіне қарайды деп бұл тербеліс жиіліктің 120 минутқа теңдігін ескерткен. Негінен адам баласының сенімі, тәуекелі білгілі бір ұстанымына байланысты тәуекелшілігінің сипаты болып; 1.Ми; 2.Жүрек; 3.Бауыр;4.Бүйрек;5.Өкпе ағзаларының 24 сағат бойы «биоритмдік» қозғалысының жиілігін қалыптастырады. Адам баласының тәндік қуаты денсаулығы немесе осы ағзаларға байланысты болатын аурулары да белгілі бір ұстанған сеніміне, тәуекеліне байланысты болатыны да хақ.  Және мұның қозғалыстың негізі оттың жалынынан адамзаттан бұрын жаралып, ібілістің де жаратылуы жыннан екенін, осы ағзаларға сенімін ұрлау арқылы әсер ете білетінін де білген жөн. Сенімдік қуаты тәуекелдің қандайда бір заманның оқиғаларына, білімінің, жараталыстың түрленуіне байланысты болып, мұндай жағдайда  Алла тағаланың хикметімен, белгілерімен түсірген аяттарының мәлімет, хабарларына да қара күштердің қарсылығы болып ондай аяттарды, хикметті хабарларды  иман арқылы меңгеруден ғана бойлық жарықтың жетілуімен, имандық жолдас адамзаттың тұрақты серігі — сенім болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Біздер осындай себептік түрленуге байланысты сенімділікті дін деп атап, бірақ оны иман келтіру деген ұғыммен бірге түсініп, сенімді иман деп қабылдаудан рухани жағдайымыздың, жанымыздың ішкі сырын білмеуден жалпы адамзат қоғамының адасуға бөлшектенуіне соқтырғанын, ібілістің қақпанына түсумен ақылымыздың шектеліп, ойымызды, ойшылдық қабілетімізден айырылып қалғанымызды аңғарудан қалғанбыз. Ақылымыз сенімнің әрекетіне қарай бейімделетін басқарылатын болса, ойдың иманмен ғана тәуелді түрде қалыптасып бірге өсіп жетілетінін де естен шығармау керек.

       Жалпы адамзаттың Нұқ пайғамбарымыздан бері арманы болған қалайда жанды жетілдіріп мәңгілік өмірдің ағашына жалғануға себепші болатын өлімді меңгеру жеңумен қайта туылу еді. Бұл сыр Тәуратта да белгілі болғанмен тек қана 70 адамның уақытша өліп тірілуімен және тек әулиелердің ғана арнаулы құлшылық амалдарымен ескі күнәлі рұқын өлтіріп, қайта жаңадан рухани азық алып, ет-малын тазартып, рұқын жетілдіріп, аруағын қалыптастырумен жоғарғы дәрежелі саналыққа жетуді меңгеру үшін де иман қуатын жітілдірудің маңызы да зор болғаны сөзсіз.

   Кез келген жаратылыс нәрселерін қозғалыстық қуаттық өлшемдермен, уақыттың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49) Бұл аяттағы  сандар жүйесі  негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40-сандық мәні жұптылықтың, 9-саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәржеленуімен белгілі болмақ. Ал 50-саны бес қуаттың 10-санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып нәтижесінде 50+49 =100 –Алланың жүзі белгісін береді.

     

Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ, сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парыз бен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз. Ал иманның ғылымына жүгінсек және пайғамбарымыздың да өсиеттері бойынша жақсылық, сүйіспеншілік атты адамдық қасиетті адам баласына ұлтына, жынысына қарамай тағдырында жазылатыны, егер мұны алып қойғанда адам баласының хайуаннан айырмашылығы болмайтыны да сөзсіз. 

      Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетінің де маңыздылығы біздердің жаратылысымыз періштелік сипатта, яғни махаббатың бір бөлшегі, ұшқыны иманнан тектен пайда боламыз. Әсіресе әйелзаттарының екі қанатты періштелігі болып жаратылысынан иманның сырын, ұлттық байлығын, сөздердің ой қуат үнін қандарында ділмен алып туылатындарын да білген жөн.   Ал енді ерлерде қанында болатын бұл тектің дәнін біз жасымызға қарай тәнімізбен бірге өсіріп отыра алмасақ, онда меңгерген біліміміз, іс-әрекеттеріміз, ақылымыз да белгілі бір сенімді қалыптастырып  және рухани болмысымыз да тәрбиемізге өскен ортаның қылығына да тәуелді болмайды. Сондықтан сол ортаның белгілі бір үлгісі билері, ел басқарушысы, зиялы қауым өкілдеріне табынып, кімге,  қалай сенсек солай өмір сүріп білім қуатымызды да соған бағыттауға тура келеді. Мұны көңілдің айнасы деп те атайды. Бірақ әрбір пенденің ішкі жарығы, иманы, қуаттық өлшемі де тағдырында бірге берілгендіктен біздердің жаратылысты, руханиятты пайымдау, еліктеу, табыну ерекшілігіміз де алуан түрлі болуы да сөсіз. Сонымен иман жүректе зейнет жарығы болып және қандағы 11-жұлдызбен байланыста тұратын оларға қуат беретін Алла тағаланың сегіз сипатынан пайда болған Рахмандық біздің жердегі тіршілігімізге тән қасиеттердің, яғни 99-көркем есімдердің белгісінен жанның ойлау қабілеті; «Меніміз» болмақ. Бұл меніміздің бізде; Иман, имандылық болып жалпы әрбір атау сөздің ұлттық сөз өнерімізге сай ұғымдарының болатыны да хақ.

    Қазіргі таңда қазақ халқының сөзі ұзын және рухани сөз байлығын қалыптастырған қаншама әулиелері мен даналары болғанымен, өзге елдің салтына елітіп, дінде де артта қалғанбыз деген ұғымның пайда болып, өз ұлтының кемелдікке жеткен ата-анасынан өзге елдің жақсыларын неге артық көреді? Әсіресе бұл шариғатпен, бес пазды масһабты тура жол атап, оған қарсы болған қандай да бір адам баласын, мейлі ол әкесінен де, шешесінен де үлкен болса да жағасынан алып жабыла кететін дінші жастардың бұл қылығын қалай түсінеміз?

          Дін мен Діл атты кітабында муфтият ғалымы «Ақидаң дұрыс па?» деген тақырыппен сөздер ұғымының  «хабари сипаттары» деген мағынада «сәләфиттер» т.б. діни топтардың құранды түсіндіру пікірі, тәпсірі, білімділігі деген мағынада түсіндіріп, «масһаб» ғалымдарының артықшылығын, тура сөзділігін, ғылымдағы жетістіктерінің артықшылығын дәлелдеген екен. Ілім мен білімнің ортасын тауып кемелденуді дін ғалымдарымыз; «ақида» деген ат қойыпты да, ал «ақидасынан» басқалай пәтуаларды жалғандық деп дәлелдейді. Мысалға; «…қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «биғатшыл» (құранмен пәтуа беруші) топтар бар. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипаттарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтурули секілді әһлі сүннеттік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәләфтардың жолын ұстанатындарды да адасушылардың қатарына қосады.» (152-бет) Қайрат мырза тағы да сәләфтар деген діннің жолы бар екенін «ақидалап» (қайтсін енді, қазақта атау ұғымын ашатын сөз таба алмағасын!), Құранға ашықтай қарсылық білдіргенімен қоймай; «…Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәләф деген атауға анық лайық Әбу Ханифа «истауаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар «истиуаны» истикрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда қандай сәләфи ақидасы?» (156-бет) Енді бұдан ақылы сау, талағында биті бар қазақ оқырманы ештеңе де ұғып түсінбейтіні анық. Негізінен діншілердің осындай өздерінің арам ниеттерін жасырып білдірмеу үшін, араптың күрделі сөздерін сол қалпында жалауға айналдырып, арап тілін бүлдірумен ғана емес, құран аяттарын да оп-оңай ертегіге айналдыра біледі де, арзан ақшаға яғни ұғымын жоғалтумен өз пайдасына қарай шешеді. Әбу Ханифа масһабы дегеніміз діннің тура жолы яғни сәләфтық жол екен.