Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек

Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. Имандылықтың нәтижесі де және соңғы тұрағы табандылықпен сабырлы болу екен. Сабырлы болу шыдамды, төзімді болу емес. Онда есектен артық иманды мақұлық болмас еді. Сабырлы болу ақиреттің өмірін, тылсым құпиясын Алла тағаланың хикметтерінің сырын шеше білумен ғана айқын болады. Ал оның жолында  мұсылмандық деген адамдық болмысты меңгерудің де сырлары тұрғаны сөзсіз. Біздер кәміл мұсылман болмай иманды бола алмаймыз. Ал кәміл мұсылман болу үшін Абай атамыздың өсиетіне жүгінсек;

   Қазір кез келген жас та кәрі де «Иман келтірдім» деп дәрет киімін дұрыстап, шариғатқа лайық амал қылып намаз оқыса болғаны иманды деп атай бастаймыз. Бірақ аятта; «Оған  (Раббысының шындығына) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?» (34-52) Шындыққа яғни Алла тағаланың бізге әшкере жария қылған хикметтеріне, белгілеріне, қуаттарына т.б. сансыз біз білмейтін себепші нәрселеріне  иман келтіру, яғни оның сырын, білімін меңгеруден бас тартпау деп түсінген жөн. Және бұл қуаттардың нәсілдік, тектік, өнер қаракеттік болып адам баласының қолымен байланысты екенін де аятта ашық ескертіп тұр.

   

«Иман, Ислам, Ихсан» деген дінді зерттеуші ғұламалар. Қандайда бір жаратылыстың қазығы ортасында болуы шартты жағдай. Сондықтан бұл үш қуаттың негізі де тұрағы да Ислам яғни дін насихаты, құлшылығы екені сөзсіз. Ал Ихсан-дегеніміз;  патшалық, өсіп-өркендеу болып табылады. Бірақ исламды және «ихсандықты» меңгеру үшін де әуелі иман туралы түсінігіміз болуы да шарт. Қайталау білім анасы дегендей; Иман-дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті, 5.Сабырлы болуды бес түрлі қасиеттілік сападан тұратынын жадымызға тоқып алғанымыз дұрыс. 

  

   Қандайда бір жаратылыстың сырын ұғыну үшін де жаратылыстың негізін, құдайлық болмысты, ақиретік тылсымдық өмірді де түсіне білуіміз керек.Адам атамызды жаратып, атау сөздерді үйретіп, яғни рұқтан білім беріп, атамыздың жаратылыстың барлық қасиетеріне ат беріп шықаны баяндалады. Енді бұл аттардың негізгі тұрақты белгісі-кітабы атау сөздер болған 99-сипатты көркем есімдер болып, Раббымыздың ұлық есімі болып саналды.  Енді біздердіңде белгілі бір қасиетің сырын бейнелейтін аттармыздан да осы Раббымыздың есімдеріне жалғанумен белгілі бір есімдік сапаның атау сөздің пайда болатынын  білген жөн. Немесе бұрынғы өткен қасиетті ата-бабалармыздың атын меншіктеп, сондай қасиеттілікті меңгеруге де ырым қыламыз. Сондықтан да адам баласы туылғаннан кейін белгілі бір қасиеттермен, жаратылыстық қуаттармен, қозғалыстық нәрселермен байланысты  аттарды қоя білу парыз екенін әркім біледі. Енді біздердің аттарымыздың сапасы да артуымен яғни бұл дүниеде меңгерген қасиеттермен, ізгілікті амалдармен байланысты өлгеннен кейін біздің атымызға байланысты қалыптасқан иман жолдасымыздың  рұқтық кітаптарға жалғануы арқылы,  ақиретте белгілі бір көркем есімдермен жалғанып, өз орнымызды көктен алатынымыз да хақ. Сонымен әрбір адам баласын аты-көркем есімге айналуға соған қарай жаннатан өз сарайын салып, орын тебуге қабілетті болмақ. Адам аты белгілі бір ақпаратық «матрицаны» дененің сыр сипатын, құранның аяттарының жарықтық сапа бейнесін айқындап тұруы шарт. Сонымен әрбір адам баласы шамасына қарай рухани денесін қалыптастарып, құраның белгілі бір қасиеттердің көрнісі жарыққа, иман кітабына айналады. Жер бетінің барлық тіршілігінің қозғалыс қаракеті осындай имандық қуатқа, тағдарлық кітаптарға, ақыл-парасатқа айналғандар яғни жұлдыздар арқылы басқарылып оны «БІЗ» деп атаған құранда. Аятта; «Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? (68) Оны бұлттан сендер жаударасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?(69) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше шүкір етпейсіңдер ме?(70) Жаққан отарыңды көрдің дер ме?(71) Оның ағашын сендер жаратыңдар ма? Немес Біз жараттық па?»(56-72)  

 

    «Адамзатты бір кісіден жараттым жәнен оған тұрақтауға жұбайын жаратып сендерді жер бетіне тараттым» деген аятта Раббымыз. Кісілік-нұр  иманның негізі болып, ал иманның тұрағы әйелзатында жанында болып, ал осы имандылық қасиеттен бүкіл адамзаттың таралуы да хақ. Сонымен Адам атамыз бен Хау анамыз Алла тағаланың ескерткен сөзін ұмытып  яғни  шайтанға сеніп, жаннатан қуылуы да иманның негізі тәубенің алғашқы сынағынан өтуі болса, біздер үшін бұл жағдай тағдырлық жазу болмақ. Екінші рет жер бетінің тіршілік өмірінде, ата-анамыз қайтадан балшықтан жаралғаннан кейін де бұл сынақтың қайталануымен ата-анамыздың бір-бірінен ұзақ уақытқа ажырап, тәубеге келіп қайта бос қосуымен өмірге ұрпақ келуіне байланысты тағы да үшінші рет иманынан ажырағанын ескертеді құран аяттарымен. Сонымен қазақтың даналығындағы; «Ер кезегі үшке дейін» деген тәубелік кезеңнің  адам өмірінің  үш кезеңнен тұруы да, осындай рухани жаратылыстың негізінен пайда болғаны да сөзсіз. Иманның да үш түрлі жаратылыстық сипаты да аспан денелерімен байланысты еркектерге меңгеруге тән болса, жер анамен байланысты әйелдерге меңгеруге тән имандылық қасиет болып және некемен ұрпақ сүю, өсіп –өну көбеюдің екі аралық  ортақ жаратылысқа жалғанумен араптарда «Барзақ әлемі» болып аталса, қазақ сөз ғылымында аруақтар әлемі және тылсым екі аралық ақирет өмірі деп аталады. Сонымен біздердің жаратылысымызда да бұл үш түрлі өмірдің, үш түрлі жиілік қуаттардың өзара араласуы ақыл, өнер, білім, таланттылық, дарындылық болған адамдық қасиеттерді меңгерумен нәтижеленіп, бір тұтастық қуатқа «Мен» -жанға және кісілікке айналуда шартты болмақ.

Жаратылыста қандайда бір мейлі жанды, жансыз және оның қасиеттерінің сырын айқындайтын сөз атаулары, аттары болып және жұбы, пары болуы шартты үкім. Тек қана Алланың ерекше біздерге білдірген растығы, барлығы, өзі сияқты сипаттары жалғыз болып саналады. Біздер жоғарыда иман мен сенімнің ортақ 9 санды тәубе және қозғалыстар негізінде тұрақтап 18 ғаламдық сипатпен жалғанатынын ескерттік. Олай болса «тәубе-бас ию» сенім мен иманның біртұтас бірлігін қалыптастыру болып та саналады. Біздер сенімді, неге, кімге қалай сенуімізді біліміміз арқылы анықтап, ақылмен қабылдай аламыз және ақылға жүгінбей-ақ, білім арқылы кез келген сенімділік бағытын таңдай аламыз да.

«Сендерді тектеріңді тануларың үшін жараттым» деген Раббымыз. Адамзаттың тегін «Ман»-деп атап және бұл адамзаттың тәнінің жетілуіне қалыптасуына байланысты болып  үш түрлі қасиеттіліктен тұрады. 1.Шеберлік жеті белгімен жалғанумен байланысты. 2.Көріпкелдік 4 түрлі рухани қуаттарды меңгерумен байланысты. 3. Ана тілі, діл үнімен, сөз байлағын меңгерумен байланысты қасиеттілік болмақ. Сонымен барлық нәрсенің жұбы, пары болу шартты болса «Ман» деген тектің де үш түрлі қасиеттілік, тектілік болмысы болып; «Адам», «Иман»,  «Мұсылман», болып тегімізді табамыз. Сондықтан да имансыз мұсылман болу мүмкін емес.

     Сонымен Иман: 1.Ақыл; 2.Пайымдаушылық , ойшылдық; 3.Ізеттілік; 4.Көркі өзіне сай (жасына, жынысына, атақ, дәрежесіне сай болу);5. Ізгілікті (жомарттық, мейірімділік) болу. 6. Сабырлы болумен толық имандылықтың  6 шарты болу керек. Ақылды меңгеру және оның қызметшілері (зейін, зерде, зеректік, жады, жат, жете, сана) санамен ерекшіліктері адамзаттың жаратылысына байланысты қуаттық туралы «Жын –шайтандар философиясы», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда талқылап өттік. Сол сияқты жалпы қазақ дәстүрінің имандылық ерекшелігінің, оның меңгерудегі әрекеттердің сипаты Абай атамыздың 45-қара сөзімен, пайғамбарлық қасиеттермен байланысты жетелік тұрғысында түсіндіріліп, жазылып баяндалып та жатыр.

    «Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдар өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..»(Әл-Фараби) Сонымен ғұлама бабамызға жүгінсек дінді меңгеру үшін көкіректің ояу болуы міндетті шарт екен. Олай болса көкіректің оянуына ең басты себеп бір ақылдың қуаттылығы, естіліктің жағдайы және ішкі дүние мүліктің сыры иманның қажетті мөлшері, шамасы керек екен. Дін-сенімдерді меңгерумен өзінің бейнесін құлшылығын анықтап, ал діннің мақсаты мен талабы адамзатты жер бетінің халифасына , құдайлық сипаттағы періштелік дәрежеге айналдыру болмақ.