Қазақ дәстүрінің құдайшылдық дін тәлімі тұрғысында және оның жемісі болған, адамзаттың рухани қазына байлығы үш негізбен жүйеленіп, үш байлық аталуының өзі ғылымдық сипаты бар. Жаратылыстың Алласыз пайда болуы мүмкін емес болса, оның ӨЗІ сипатының; Алла тағала; Раббы; Тәңірлік үш сипаттан тұратын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен бірге Алла ғылымының 3-сипаттан тұратынын жарықтың негізінде қызыл, сары көк түсті болуын баяндап өттік.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Жаратушымыз ешқандай өз ара тең қуаттарды жаратпағанын жанат пен тозақтан ашық белгі бар. Алла тағалалық әлемдердің жаны жеті қанатты періштелік сипатын, жолын жаратып, оған сегіз жарықтың құдіретін, қасиетімен Алла өзін адамзатқа тануына лайық паш еткені де жаратылыстың ғылымынан, дініміз арқылы Алланы тану ілімі болуы керек. Мұны Алла Тағаланың сегіз сипатын меңгеру деп масһабта, исламдық орта топтарда қарстырылмағанмен қазақтың дін дәстүріндегі сопылық тұғысында қалыптасқан міндетті құлшылықтың амалына жатады.
Ақылдың естілік тұрғысында адамзаттың қалыптасуы үшін; оң солын білу арқылы өмірден өз орынын тауып және төрткүл дүниенінің төрт жағын танумен жер әлемін, өмір сүрген ортасымен жаратылыс әлемімен қуаттық жүйеде тұтастықта болумен ғана адамдықтың, даналықтың сипатымен бейнеленуі керек. Адамдықтың танымы; ішкі қасиеттің (тігінен, биіктік) 3-сипатына және сыртқы әлеммен, кеңістік көлемдік төрт жағына қатынасымен 7-өлшемді танымдық қуаттық жүйе шығады. Әлемді жеті күнде жараттым деген аяттың негізіне сүйенсек, адаматтың жаратылыстың қуаттық әлемдік толық жүйесінен туылуы 7-жарықтық жүйемен байланысты болмақ.
Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде әлемдік 7-жарықтық жүйеге қосылуға 7-қараңғылықты, түнек күштерінің қарсылығын жаратқан. Және ешқандай тең қуаттарды жаратпағанның дәлелі болып; жарықтың тұрғысында, ақ түстің негізінде 8-түрді, сегіз жаннаттық ақиреттік өмірді, Алла тағаланың сегіз сипаттық қадір қасиетінің негізінде тарқатқан. Сонымен әлемдік жеті жарықтық жүйені меңгеру барысында адам баласының туылуы, көбейуі бір жарықтық сипатты өндіріп, одан үш түрлі жарықтық қасиетті тарқатумен, көбейтумен және бір қуатқа жүйеленумен ерекшеленеді. Сондықтанда аспандық әлемдік жарыққа айналу 10-сандық өлшемен кезеңдермен, 10-күнмен байланысты екенін құранда ашық баяндаған.
Қандайда бір елдің ұлттың сол қоғамдағы отбасылық және жеке пенделердің бақытты, бақытсыздық жағдайын, тектілік сәйкестігін, ата-ана аманатына адалдығын, тағдырындағы қарыздарын өтеген салт-дәстүрі діні ұстанумен құдайшылдығын үш түрлі рухани байлығымен; Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық арқылы анықтау керек. Бүгінгі таңдағы қазақ елінің де; ұлттық жобамыз, дәстүріміз, арманымыз, дін ұсанымыз, ғылым-білімді аталып, ел билеудегі саясатымыздың бәрінің нәтижесін үш байлықты меңгерумен өлшенуі керек. Бірінші байлық болып, адамзаттың Адам болып қалыптасуының белгісі; денсаулық байлығы екені де хақ.
«Ел билеуші мен оның қарамағынындағы халықтың бақытсыз, бақытты өмір салтын тек дін арқылы ғана бағалауға болады. Себебі біз дін арқылы ғана өмір салтымыздың адал арамын, қандай қылықтардың орынды болуын, бақытты өмірдің үлгі өнегесін және қандай жағдайда бақытсыздықтың туындайтыны алдын-ала болжай аламыз.
Дін дегеніміз-көзқарастар жүйесі мен, іс-әрекеттер және Алланың адамзат баласына (арапқа ғана емес) салып берген қасиетті жолы. Дінің арқасында ғана көкірегі ояу адамдардың баршасы өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады…»(Әл-Фараби)
«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.
Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып, және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ.
«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!..» Шәкәрім атамыз бұзылмайтын құдайлық шынның әулиелік қасиетпенен байланысты, таза ақылдан туындайтынын ескертіпті. Ал әулиелік қасиеттілікті жындылықтың әрекетінен тазарумен ғана меңгеруге болатынын баяндадық. Әр ұлттың алған жол-жобасы салт-дәстүрінен, ата жолының құдайлық шынның бейнесі болып қалыптасуымен ата-бабаларымыздың аруақтық кітабы болған шындықтың қазынасына, тарихи естілік жадымызға, яғни әулие-әмбилеріміздің жаннаттық, жұлдыздық орындармен жалғанып тұратынын да естен шығармаңыз.
Бір естілік, есті болу деген ұғым тарихпен, өткен өмірмен байланысты ғана қалыптасатын бір ақылдық жүйе болып табылады. Естілік біздің өміріміздегі тәжірибелеріміздің шындықпен, ғылыммен жүйеленген қуат болып және ата-бабаларымыздың да тарихи жады шындығымен жалғанып, екі дүние өмірінің барлық саласын қамтуымен, көріпкелдік, болжампаздыққа да қуат болып саналады. Естіліктің жанмен және рұқтың сипаттарымен байланысты да түрлері болады. Яғни иманмен және сеніммен байланысты екі сөздік белгісі болып бір естілікті қалыптастыруға құдайшылдықтың құлшылығын меңгеру міндетті болмақ. Естілікті 7; 9 санды белгілері болып оң білек, оң жақ көлеңкемен, құлақ, иық, шынтақ, алақанмен жалғанып тұратын қуаттық жүйені құрайды. Оң жағымыз жасыл түспен және нағашы жұрт аруағымен байланысты болуында да мән бар. «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп естілік тектің қалыптасуын ескерткен.
«Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар. Жалғыз жарға шоқынған Қайда мендей пенде бар? Менің жарым қыз емес Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы «зайырлы мемлекетпіз, зайырлы дін ұстанамыз» деген дінші, ел билеушілердің пәтуаларының қазақтың нанымына, сөз өнеріне, атау сөздердің ұғымына ашық қарсылық болып; «хақиқаттың нұрын жүрегіне алған, еліміз түгел әулиеге айналған, құдай патшалығындағы елміз» деген ұғымды меңзейді. Атау сөз ұғымдарының ойына жүгінсек; Сауаттылық – тектілік, ұғымдылық болып адамзатқа тән қасиет болады.
Зайырлық – ішкі жаратылыстық құпия сыры, тегі болып барлық жаратылыста кездесетін қуатқа жатады. Шәкәрім атамыз; «…Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар.» зайыр ұғымының адамзаттың болмысында кездесетін Алланың нұрынан, жанның ғылымдық сырын хақиқаттың шын нұры, құдайлық белгі-жар деп түсіндіреді. Олай болса, мұндай атау сөз ұғымдарын терістеп, халықтың ақылын қазыққа байлаушылар ібілістің ұрпағы деген ұғымға да лайық болады.
«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ.
«Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түкте жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар. Жан денеме кіргенінде, Бірге кірген осы дерт, Жан беретін дәрігерің де Ем таба алмай қор болар. Менде де бар да, тіпті сізде Жоқ емес бұл қасиет. Оны өшіріп, бәріңіз де Дедіңіздер: «жауды жар». Әлемнің бастауы болып, жерді жаратпай тұрып жаратушы иеміз мәңгілік өмірді яғни өзінің жарлық-құдайлық сипатын жаратқанды. Жанмен бірге кіретін барлық жаратылыстың жанының ерекшелігі мен қасиеттілігінің сапасы; «Мен» — Жар мәңгілік өмірлік нұры болып саналды. Рұқ пен жанды бір деп атап ислам діншілерінің адасуы да, Мен сипатының қасиетін, зайырын, ішкі сырларын түсінбеуден пайда болған.