Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат,
Не боларын біле ме екен ертеңгі күні болашақ.
Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында,
Алла жолын мойындамасаң оңғарылар жолың да.
Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат,
Не боларын біле ме екен ертеңгі күні болашақ.
Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында,
Алла жолын мойындамасаң оңғарылар жолың да.
Ақ шуақ күннің нұры бір,
Бу менен судың түбі бір.
Ақылдан туар парасат,
Надандық жолы бұлыңғыр.
Шексіздікте шекарлар бола ма?
Болашағы адамзаттың қолда ма?
Жартылыс сырын ашу сұраққа,
Надандыққа салу керек томаға.
Ой жетегі жетегі жетелейді алып асу шыңдармен,
Сағым қуған сары дала асау өзен құмдармен.
Өмір деген ұзын жол бар, тарам-тарам бөлінген,
Жауап берем ар алдында сұрағыма «кіммін мен?»
Сапар шегіп киелі топыраққа,
Ақ батасын бабалар сұрамаққа.
Ақтық сұрап алдыңа келді балаң,
Тарих шақырып тұрады артта.
Жамбылдай алып, білетін ұрпақ көп пенде,
Қызырлы Бабам, бағына қолы жеткенде.
Ілескен дейді, үлкен де қызыл жолбарыс,
Аңыз ғып айтқан, халыққа тарап кеткенде.
«Алтының сынығы» деуші еді ел жұрт,
Арғы тектің ұғымын жұмбақ сыр ғып.
Кезең өткен «Ақ сүйек» дұшпан көрген,
Ақ сүт берген анашым сол бір сынақ.
Адам ба ,періште ме, әлде басқа ма?
Ақ боз ат мінген дене түсті жерге.
Сыр қылған түс аянын баяндайын
Адымдап уақыт та келді, міне.
Ақ сарбас, Ақ сарбас,
Жақсылық болсын тоқталмас.
Бақ құсы қоны қазаққа,
Күш-қуат бітті қанатқа.
Заман да өткен өтпелі,
Аңыз боп бізге жеткені.
Аңыз да болар кешегі,
Шындықтың ақ шекпені.