Иә. Алла жар бола гөр бұл ісіме.

Аян бер ата-анам кел, түсімде.

Жол іздеп «тылсым» атты ғаламатқа,

Ізденді ұрпақтарың бел шешіле.

Жетеле жол көрсетші ақиқатқа,

Мәңүртік парнжасын лақтырмаққа.

Тылсымнан қолды созшы аруақ баба,

Ұрпақты жақсылыққа апармақа.

Жасайын жаңа қазақ болашаққа,

Бастайын Ата жолын ата жұртқа.

Артылып сіңіп кеткен арам астан,

Жақтайын Ата дәстүр, сен ұмытпа.

Жол басы Айша бибі періште анам,

Болмасам, боғандай боп ұқсап бағам.

Тылсымның заңдалығын пенде білмес,

Адалдық ақ қаруым антым саған.

Пайғамбар сенім артқан ғұламасы,

Отырар сорның тепкен сағанасы.

Таразы пенделерге Арыстан баб,

Ата жолы, Ата дәстүр ақ патшасы.

Үкіммен берші баба ажыратып,

Ісімнің қарасы мен ағын айтып.

Пендеден пендешілік қалған емес,

Кетпейін адалдықтан мен де тайқып.

Жолымның алтын қазық күн көсемі,

Тарихтан бізге жеткен жазба ілімі.

Мазары Ясауидің қылуеті,

Түркістан түркілердің ақ бесігі.

Ақ туы Ата жолдың көтергенім,

Алдыңа келер талай пенделерің.

Тілеуі қабыл етіп ұрпағыңның,

Аянбай берші баба сіз көмегін.

Жолында жақсылықтың аянбастан,

Киелі топырақта орын тапқан.

Сайрамдағы сансыз баб көмегіне,

Үмітпен ұрпақтарын сенім артқан.

Қазақты биік шыңға апарамаққа,

Тылсымдағы хандарым отыр тақта.

Ұрпақтар алдында бас иеді

Бұйрығын арғы жақтың бергі жаққа.

Батырлар қол бастасын болашаққа,

Ұрпақтан ар-намысты сұрамаққа.

Елін сүю ерліктің бастамасы,

Лайық боп «Қаһарман халық» ұлы атқа.

Ата-жұрт аналары, даналары,

Қазақтың игі жақсы бабалары.

Күн келді қимылдайтын екі жақтан,

Ел-жұртың батаменен ағарады.

Иә, Алла жар бола гөр бұл ісіме,

Замандас, тиетті өос, кел түсін де.

Жол нұсқар азаматық парызымыз,

Ата жол-Ата дәстүр ел ішінде.

(30 наурыз. 2002 жыл Тарыбаев Қыдырәлі)

Естісем есіміңді Қорқыт баба,

Елестер көз алдыма шексіз дала.

Ақ киген сақал-мұрты ақ қария,

Тілдесіп сырын айтқан қобызға да.

Қобыздың үні келер құлағыма,

Зарлаған үніндей боп ұлы баба.

«Ажалдың ақ оғынан қашқан»,-дейді

Аңызда бізге жеткен ұрпағына.

Замна мезгіліне симадың ба?

Надандық адалдықты қинады ма?

Қобызың құшағында сырлас тапай,

Замана күйін тартып жырладың ба?

Қай ғасыр, қай заманда өтің екен?

Арман ғып бүгін таңды өттің бе сен?

«Көрсем»,-деп қазағыңның ел болғанын,

Сондықтан ажалдан да қаштың ба екекн?

Ел болды, ту көтеріп, халқың бүгін.

Өлсең де, өлген жоқсың ұрпақ үшін.

Қай ғасыр, қай тарихты қозғасаң да,

Ішінде Қорқыт баба жүргендейсің.

Жаңа ғасыр аттап кірді жаңаша,

Ғасыр ұлты «қазақ болар» Алла өзі қаласа.

Жол көрсетер адамзатқа Қорқыт баба ұрпағы,

Жеткізеді жақсылықа аруақтар қолдаса.

(Сәуір. 2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі.)