Өмірді тірілту(173)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Өткен өмір себепті,
Тағдырың солдан келмекті.
Тірілтіп оған су берген,
Өмірге қуат бермекті.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Өткен өмір себепті,
Тағдырың солдан келмекті.
Тірілтіп оған су берген,
Өмірге қуат бермекті.
Жүректің сырын ақтарған,
Пенделер бар нұр жиған.
Ілімменен білімнің,
Ортасын тауып жалғаған.
Ырылдасқан қыз, қатын,
Абырой бермес басыңа.
Ата дәстүр ел салтын,
Тастаған көп артына.
Жаратылыс басы сөз болды,
Сөз Құдайдың нұр буы.
Нұрдан тарап сандары,
Үнсізден Алла ойы еді.
Ой ойланбай іс істеп,
Бас қатырған пенде көп.
Ойсыз сөзбен әрекет,
Жан өлтірген пәлекет.
Сабырлық болмай бойыңда,
Қуат болмас ақыл-ойыңда.
Шүкірлікке жетпессің,
Ақталмай ет малың да.
Тағдырдағы құпия,
Әрбір жанға оқылар.
Таза болса ындыны,
Миына нұр құйылар.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қазығұрттың етегін,
Қырық шілтен жайлаған.
Ақ ілімге жалғанып,
Алла нұрын таныған.
Сырт көзге әдепті көрініп,
Жылтыр сөзбен кісімсіп.
Көтермелеп өзді-өзін,
Сыншыл, мақтан білгіштік.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қарсылықты арттырған,
Жамандықты жасырған.
Жер бетінде адам көп,
Арпалысып алысқан.