Мікір-хайла асынған,
Қызығын дүние таныған.
Мал, байлығы сүйгені,
Артық көріп жаныннан.
Мікір-хайла асынған,
Қызығын дүние таныған.
Мал, байлығы сүйгені,
Артық көріп жаныннан.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ділін ұлттың күйретіп,
Дәстүрін баба тәрк етіп.
Нұрдан болған дәлелі,
Атау сөзді өзгертіп.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Серттен танған халық боп,
Күш кешпейік, жарандар.
Шұбарламай тіліңді,
Таза сөйле бауырлар.
Сөз қадірін түсінген,
Өз қадірін біледі.
Ақылдың өлшеп өлшемін,
Торықпас күй кешеді.
Ерік күші ақылдың,
Жұмсасаң тәнді таңдамас.
Қисыққа бұрсаң оныңды,
Айла боп шара таптырмас.
Сенімсіздік жайлаған,
Жүректен жалын, от қайтқан.
Елден кетіп береке,
Үміттің оты бықсыған.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сөз сөйлеген әдеттен,
Дәстүр-салты әдептен.
Аңғарылар мінездер,
Ақыл, қайрат, жүректен.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жүректен толғау,
Көңілді қозғау
Адамның шерін тарқатар.
Үн қосып үнге,
Бөлім: Зікір өлеңдер
Заң, тәртіпке бағынған,
Ой жорумен би болған.
Жасаған қолдап тұра ма?
Заңымен мықты кім болған?