Дін мен Діл атты кітабында муфтият ғалымы «Ақидаң дұрыс па?» деген тақырыппен сөздер ұғымының «хабари сипаттары» деген мағынада «сәләфиттер», т.б. діни топтардың құранды түсіндіру пікірі, тәпсірі, білімділігі деген мағынада түсіндіріп, «масһаб» ғалымдарының артықшылығын, тура сөзділігін, ғылымдағы жетістіктерінің артықшылығын дәлелдеген екен. Ілім мен білімнің ортасын тауып кемелденуді дін ғалымдарымыз; «ақида» деген ат қойыпты да, ал «ақидасынан» басқалай пәтуаларды жалғандық деп дәлелдейді.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Көп қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді: -Бір дихан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шыққаннан кейін ылғал жетпегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, жүз еседен өнім береді.-Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: -Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді.
Жалпы сәжде ұғымын діншілер насихатымен тек «намаз оқу» деген түсінік қалыптасқан. Алдыңғы басылымдарда да, жалпы құран негізінен; 32-санымен яғни сәжде арқылы түсірілген деп мысалдар келтірдік. Енді осы санның құпиясына тоқталсақ, онда сәжде ұғымының да қамтитын аясын, мағынасын да түсінуге болады. Барлық нәрсені де жұбымен және пар-парымен жараттым деген жаратушы үкімін назарға алсақ; жалпы адамзатқа лайық; 3 түрлі сәжде амалы болып және олардың жұбы болуы да шарт. Осындай сәжденің нәтижесінен 6 түрлі амалдар пайда болып, аталарымыздың; «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деген
«Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69) (92) Бұл аятпен дін қағидалары күрделі көптеген ұғымдарды беретін сөз атауларымен түсіндірілетінін ескертеді. Сондықтан да пайғамбарымыздың; «Әрбір 100 жылда сөз атау ұғымдары өзгеріске түседі» деген өсиетін осы аят та растап тұр. Және бұл аяттың сандық мәнін, сырын терең зерттеген оқушыға, осы сандар тағлымы арқылы да көптеген насихаттың ашылары даусыз. Сонымен қазіргі таңдағы масһаб білім,
«Сәжде сөздікте бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде-намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір нәрсеге қойылады...» (Ислам ғалымхалы. 123-бет) Ал Қайрат Жолдыбайұлы өзінше жеке дара пікірінде бұл тұжырымды онан сайын жетілдіріпті; «Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін» деп жараттым» дейді…Ендеше адам баласының ең басты міндеті-Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, «Аллаһуәкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту. Иә, Оның құдіреті мен құзыретінің, шеберлігі мен шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таң қала бас иіп, мақтау айту-құлшылықтың нағыз өзі…»
Жалпы иман дегеніміз қандай себептік жаратылыс, қалай және қандай жағдайда келеді, жүрекке зейнеттеледі? Иман келген кезде адам баласында қандай өзгеріс болады? Енді осы мәселе тұрғысында масхаб діни сауатты саналған имамдар тарапынан ертегіге айналып, көптеген жағдайда пендені қияли болмысқа жетелейтін жауапсыз сауалдардың шешімін іздеп көрсек. Сонымен, иман келтіру үшін әуелі ниеттене білу керек.
Енді исламдық шариғат дін ісі мен исламға дейін қазақ жұртының табынған Құдай ісінің ерекшелігі бар ма? Бір тәңірге табынудың, «Бір Аллаға» табынудан қандай айырмашылығы бар? Және ислам ғалымдары мен имамдармыз Інжіл, Тәурат, Зәбур құлшылық істерін неге исламдық шариғаттан бөлек және күшін жойған деп пәтуа береді? Сонымен Құдай ісіне мойынсұну дегеніміз исламнан да бұрын түсіріліп, исламдық шариғат осы білімнің жалғасы және қазақ салт-дәстүрлі діні, Ғиса пайғамбарымызға берілген намаз амалдарын да толық қамти алатынын,
Сенімді болу мен иманды болудың айырмашылығы қандай? Әрбір тілін кәлимаға келтіріп, жаратқанның құдіретін, кітаптарын, пайғамбарларын мойындап, намазын, құлшылығын орындағандар исламда мұсылман, ал дінде сенім келтіргендер, сабырлықты меңгергендер болып саналады да, иман келтірудің Құдай ісі мен дарындылықтарды меңгерумен байланысты екенін Інжілдік насихаттан;
Ерте заманда кәпірлердің мұсылман мемлекетіне әлсін-әлсін қауіп-қатер туғызып тұрған кезінде, кәпір елінің бір патшасы еліндегі адамдарды қол астына бағындырудың жаңа айласын ойластырып, еліндегі өзін Ислам дініндемін деген адамдарға мынандай жарлық жазыпты.
Құран үгітін меңгерудің нәтижесі; жалпы жаратылыс сипаттары мен бүкіл әлемнің тұтастығын танып, әлемді жаратқанның жалғыздығына және адамзаттың негізі бір ата-анадан тарап, адам балаларының өзара түсіністігін қалыптастырып, бейбіт өмір мен ұрпақ сабақтастығын, ұлттық ерекшелігімен діл білімін қалыптастырып және әр халықтың, ұлттың, рудың өз ерекшеліктерін сақтай отыра, бір-бірімен арақатынастық шараларды меңгерумен ерекшеленеді.