Адамзаттың жер бетінде қаншалықты өмір сүріп қандай сыйға еге болуы дұрыс еңбек ете білудің жемісі болады. Ал қайғы-қасірет те, ұрпақтың азуы мен жер бетіндегі халықтардың жоғалып кетуі де еңбек етудің мақсаты өзгеруіне байланысты. Сондықтан әрбір сынақ еңбекке беріледі. Сый да еткен еңбегіңе қарай зейнеттеледі. Бейнет етсең ғана зейнетке жетесің.
Еңбектің екі түрлі мақсұты болмақ, оны қалау деп атайды. Тән қалауына байланысты еңбек тәннің мұқтаждығын өтеу, шынықтыру, ыстық-суықтан әр түрлі ауру-сырқаулардан қорғану мақсатында қоршаған өмір сүрген ортаға, заманға тәуелділікте жетілсе, ал екінші жан қалауы

     Адамның рухын аспанға көтеріп, табиғи қабілеттерін шыңдайтын; Икемділіктері және нәпсі мен жан қалауының қажетін екшеп елейтін; Өмірдің түрлі бұрылыстарына деген пікірлерін түрлендіріп реттейтін; Құштарлық, құмарлық, ынтықтық, асықтық нәпсілік сезімдеріне шек қойып, асытып-тасытпай жамандықтардан қорғайтын; Сыртқы жан киімін, түйсігін және ішкі сезім қуаттарын тасытпай, кірлетпей қорғайтын; Жүрек жұмысын қалыпты ұстап көңіл татын тазалайтын; Ойды бағыттап, кеңітіп даму мен кемелдік шыңы қанағатпен ынсап шыңына көтеретін – Ғибадат! Әр елдің шаруашылық жүргізу әдістеріне қарай ғибадатын; жеріне, суына, тіліне, заманына қарай орындауға тиісті қағидасын әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атайды. Әдетті ғұрыппен біріктіріп, заманына қарай қайталап орындай білуді намаз деп атаған абзал.

     Көп дінтанушы ағайындар баспасөз, көгілдір терезе беттерінде қазақта дінді танытатын басылым, шығармалар аз деп шағым да айтып, сондықтан ислам туралы насихаттарды өзге елден көшірумен ғана айналысады. Ал шындығына келгенде жалпы дінді тек Аллаға құлшылық деп, құлшылықты намаз оқу деген надандықтан осындай пікір қалыптасқан. Қазақтың бұрынғы өткен қай ақынын, жыршысын немесе жазушыларын, би, хандарының өсиет-өнегелерін, насихаттарын, астарлы сөздерін түсіне білген оқушыға дін туралы, яғни ар-ұят, ұждан, әдептен шариғат, киелі кітаптардан ғибрат айтпағаны жоқ десек өтірікші болмаймыз. Енді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

     Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

     Киелі кітаптардың насихатына жүгінсек адамзаттың өсіп, өніп өркен жаюы үшін екі түрлі ғылымды беріп қойғанда ортасы сол ғылымнан алған білім болып табылады. Тіршіліктің нәрі, өмірдің ақ бастауы дін ғылымынан басталып, сол ғылымның білімін оқып түсіндіретін жаратқаннан елшілерін заманына қарай жіберіп отырады. Ал өмірдің, жаратылыстың бізге айқын болған көріністерін

      Әулие-әмби назданып, ояншы қазақ балам деп, жер ана кетті қозғалып, Тылсымнан тау-кие үн қатты! Ат құйрығын бұлаған, Қол жеткен жерін сұраған. Егескен жауы жылаған, Қызыл тілін безеген, Найзасын тасқа егеген, Намысын жатқа бермеген, жесірін сипап басынан, жетімін түзеп жасынан, Ата мекен жер үшін, Атадан қалған аманат, Өткеннен қалған өнеге, Бас кессең де тіл кеспе, «Дат Қазақ!» деген билерден, Жүрекке жетсе қасиет, Тылсымнан жетті өсиет!

           Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, арап тілін жетік білетін мамандардың өзі жігін ажыратып, пәтуа (шешім) шығаратын адам алдында мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұқият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі өз сахабаларының (әулие-әмбилердің) айтқан сөздері мен берген пәтуаларын (бәйіттерін) әрі кейінгі келген ғұламалар (Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б) көзқарастарын білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам ара жігін ажыратып шариғи (дәстүрлік) үкім шығара алмайды. (Әбсаттар Дербісалы пәтуасынан).

Ғылым мен ғалымдықтың мәні неде? Осы асыл сөздердің мағынасын түсінуден қалып, білім қалай пайда болады, ілім неден шығады дегенге толық жауап беретін жазушылар немесе «психолог» жан танушы ғалымдар, болмаса сөз табушы сәуегей «философтардың» еңбегін қазіргі таңда кездестіре алмайсың. Мүмкін жарыққа шықпай, баспасөзге жеткізуге қолы қысқа болып жүрген қазақ ағайындар, басқалай шабыт егелері болса алдын ала кешірім сұраймын.

 Енді ғылымдық пен ғалымдықтың ара-жігін ажырату үшін Абай атамызға жүгініп; — Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік деп ғылымға күтім болып және оны естіп, тыңдап және үйрететін шәкірт болу керек екендігі және ғылым тылсым сырымен байланыстылығын ескерткен.

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36).

 Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елінде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығы мен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б. сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда. Яғни, інжіл амалдарына шамға «шырақ» жағу, артық хайыр жасап және жанды сүннеттеу  амалдарына қарсы. Діни сауатты аталған топтар діннің тек жер анамен нәсілдік байланыста, жер кезіп табан арқылы ғана (тәурат, інжіл, забур) жан ғылымы болып, ақирет өмірі тек ақиреттік болған жандармен байланысқа түсіп және оларға бодау төлеп қана өз нәтижесін беретінін ұмыттырып, тек көк арқылы, яғни періштелер арқылы ғана байланысу керек деген ұғымды тықпалауда. Сондықтан мен оларды алда бес парыздан басқаны білмегендіктен алтымен араздасып шариғатты жол қылып, халықты адастырушыларды; «парызшылар»  деп атауды жөн көрдім.

 Сонда егер тек «намазхан» болса, онда арап ұлты сияқты негізгі құранның оқылу тазалығы мен белгілі болған үгіті мен парыз үкімдерді ғана қадағалаушы, яғни парызшы. Олар үшін тәубаның бір-ақ сатысынан өтіп тек ғибадат жасау маңызды. Ал тәуба ішіндегі күнәдан құтылу үшін, тағы тәубаның белгілі сатылары болып шүкірлік амалдарының дәстүрлік сипатынан басқа ғұрыптық және қосымша артық хайыр жасау арқылы сауапты көбейтуге болатыны оларға беймәлім. Сондықтан тәубаның негізі діннің тура жолының тазару амалының бір көрінісі шайтанның ықпалына еріп, ақыл ойы тұтқынға түсіп жүйке ауруына ұшырағандарды жынның ықпалынан арашалап, тазартып, иман келтіру үшін жер кезіп (ақыл,ой-Әлиф лам мим) есіктерін табу болып табылады. Құранда; «Жақсылық пен жаманшылық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңдағы дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34) Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипаттарға зор несібелілер ғана ие болады» (41-35).

 Осындай иман есіктері арқылы нұрдан үлес алып, емшіліктің жоғарғы дәрежесіне жету діннің биік шыңы болып есептеледі екен. Енді Інжілге жүгінсек: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни, әзәзілдің бастығымен шайтанмен) күшімен қуып шығады!» деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние-мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14-22).

 Бұл өсиеттің сырын  құранда да қайта-қайта ескерткен. Иманың күзетшісіз болса түбінде айырылып жол байлау болатынын ескертеді. Құранда; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге жәрдемші жоқ.» (13-11) Ғиса пайғамбарымыз Құран түспестен бұрын осы аятты түсіндіріп өткен. Сондықтан құдай патшалығының басты  қағидасы да Алла жолында мал-жанымен соғысу  болып және емшіліктің құпия сырларын меңгеріп, халықты әр түрлі сыртқы және іштегі кірлерден тазарту амалдарына жатады. Тәурат, Інжілдің негізгі қағидасы жынмен күресіп жеңіп шығу болса, онда қазақта  әулие бабаларымыз түгелдей жуық меңгеріп, небір кереметтер көрсеткен. Ал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ақ бақсылықты сиқырмен, яғни қара бақсылықпен (магия, теріс дұға т.б.) шатастырып емшілік істерді дінші ағайындарымыз «шерік қосу» деп ашықтай мазаққа айналдырғанын қалай түсінуге болады? Сол сияқты кезінде «зікіршілер гипноз» деп де дау шығарған діни сауатты діншілеріміз өздері ораза кезінде тарауих намазымен бірге қалай зікір айтады екен? Жаратқан саңырау немесе соқыр ма екен?

Әулие бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің бірі қашаннан жын ауруларына шипа тауып емдей білген. Олай болса қазақ жерінде Құдай патшалығы қашаннан орнаған, болған! Онда Тәуратта, Інжілде, Забурдің де негізгі намаздар орындау амалдары қазақ халқында деп біліңіз. Енді араптарға түп аталарынан келе жатқан қылықтың бірі немесе әдетті аурудың біздің еліміздегі көрінісі десе де болғандай;  «Иса сөзін аяқтағанда бір парызшы кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жантайды. Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін орындамағанын ( дұға амалдарын орындамай, тек қол шайғанын) көріп, парызшыл таңқалды. Алайда Иса оған былай деді;  — Парызшылар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасай бересіңдер, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! Ей түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе? Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселерің де адал болады» (11- 37,41).

 Енді осы өсиеттің сипаты қазақ елінді қайталануда. Пайғамбарымыз ескерткендей бес уақыт намаз есігіңнің алдындағы өзенге бес рет шомылумен бірдей, яғни намаз оқысаң сыртқы кіріңнен түк қалмайды. Сондықтан қазақ діншілдері де сол тек намаз оқып намазхан аталсаң болды деп, ал іштегі кірден арылтатын сауап істер мен артық хайыр жасауға тыйым салып ел ішінде аш көздікті қалыптастыруда. Өліктер ұрпақтарының құрбан шалып, ұрпақтарының ақыретті еске алып зияраттауына мұқтаж, сол мұқтаждықты өтеуді; бодау төлеу амалы, жазия немесе Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасау деп атаған. Онда біздің мешіттен бастап зияраттауға тыйым салып, аруақты арам дегендердің іштеріне шамнан «шырақтан» жарық түспеген арамзалар болып табылады. Сондықтан ондайларға жаратушы  үкімін Ғиса пайғамбарымыздың өсиетімен ескертсек; «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зияраттау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б.) төрде отыруды, әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметтеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар, жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар).  «Сонда Таурат заңын (Құранның арапша мағынасын) үйретуші ғұламалардың бірі: -Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді,-деді. Иса бұған былай деп жауап берді:  -Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды (арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тыйым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б.) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарын да тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46).

 Негізінен Ислам дін ғұламалары, имамдар  көпшілік алдында зияраттауды теріске шығармайды, бірақ өздері сол әулиелерге, киелі жерлерге барып сәлем бермек түгіл қабірлердегілерді ұмыттырып, белгісіз болып кеткен ата-баба аруақтарының бастарын көтеріп белгі қоюға кіріскен керуеннің жолын кесіп, соттатып өздері де тірі өлікке айналып, белгісіз молаға айналуға жуықта жаратушы тарапынан жауабын алатынына күмәніңіз болмасын оқушым. Себебі, өздерінің құранды босқа жаттап мағынасын білмегеннен кейін мойынына кітап болып жүктеле бермек. Таудың өзі құранды толық алуға бас тартқанмен арап танушы діншілер бас тартпайды. Сондай дін бұзар ғұламаларға Ғиса пайғамбарымыз; «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын)  тартып алдыңдар, өздерің де кірмедіңдер (зияраттамадыңдар), кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) Сондықтан Інжіл қағидасымен өліктерге құрмет және емделу, тазару амалдарын орындап қудалануға түскендерге (ата жолын уағыздаушыларға) Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым, сендерге айтамын; тәнді өлтірсе де кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын; өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!» (12-тарау 4).

 Халықты шындықтан бұру үшін Ғиса пайғамбарымыздың өсиет аяттарын ешқандай ислам ғұламаларының пайдаланғанын көрмейміз. Ал сондай діни сауаттылар інжілдің де сандық мәнімен орын орнына қойып есеппен жүйелеп оқыса Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен және өсиет еткен шариғат заңдылығының негізі екенін және көптеген құран аяттарының түсіндірмесі шығатынын білер еді. Сондықтан бұл өсиет аяттарды құранда ескертілген даналықтың белгісі Лұқа елшінің жазбасынан алып, Ғиса пайғамбарымыздың өзінің жерге кім болып түсетінін көрсететін, қазіргі таңдағы қазақ жеріндегі болып жатқан діни оқиғалар осы аяттарға байланысты екенін аңғаруға болады.. «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10).

 Ғиса пайғамбарымыз ешқашанда мен құдаймын демеген, керісінше періште сипатта қиямет мезгілдерінде билеуші болып, яғни періштелерге халықтар дұғасын жеткізуші болып келетінін ескерткен. Алланың сүйікті құлдарына, яғни періштелерге тіл тигізгендер тәубасына қарай кешіріліп, ал Киелі Рұхқа-аруаққа тіл тигізудің кешірілмейтін күнә екенін ескертеді. Сондықтан қазақта Алла кешіреді, бірақ аруаққа тіл тигізгендер кешірілмейді, аруақ атқан оңбас деп бекер айтпаған. Олай болса ашықтан-ашық аруақты қорлаған басылымдар және «Рұхқа табыну шайтани іс» деп мақала жазған діншілдер құдайсыздар аталып, міндетті түрде жуық арада жазаларын алмақ! Ал үкімет құзырлы орындарынан тек шаруашылықты (экономика) дамытып адамдардың құлқын толтыру арқылы ғана бақытты «зайырлы» (қайырлы) ел боламыз деп ұрандатып жүрген кейбір дәулеттілер мен әкім қараларға Ғиса пайғамбарымыз; « Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен; «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ,-деп ойланады. –Былай істеймін; қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Сосын өзіме; көп жылға жететін мол қорың бар, енді дем алып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?»-дейді. Өзі үшін байлық жинап, бірақ Құдаймен қатынасында бай болмаған адамның ақыры осылай болады.» (12-тарау16-21).

 Шаруашылықты меңгеріп, жер өңдеу мен өндірістің үнемді тәсілдерін жетілдіру, еңбек ете білу діннің басты қағидасы, бірақ тек ақшаң болса, артық қоймаң мен қазынаң болса зайырлы, өркениетті елге айналып еркіндікке жеткенмен құдайдың құрығынан,  ел апаттары, әр түрлі қасіреттер мен өлімнен қашып құтыла алмайсың деп ескертеді. Сондықтан қазіргі таңда шалағай шыққан заңнан немесе құдайсыз діншілдердің арбауына түсіп жерінен, яғни ұлттық дінінен ажырап, әр түрлі жол байлау қыспақтарға түсіп жүрген бауырларға ата жолының ақиқаттың бастауы болып, әлі әлемге қазақ елінің мәртебесін паш ететін уақыттың да таяу екенін аруақтардың, яғни Құдайдың Киелі Рұхының атынан құран ұстап алдын-ала ант беруге болады! Себебі сондай қауымға Ғиса пайғамбарымыздың жолдауынан: «Шағын қауым қорықпа! Патшалығын тапсыруға ризалық еткен. Мал-мүліктеріңді сатып (құрбан шалып) мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, оны күйе де жемейді. Байлықтарың қайда болса жүректерің сонда.» (12-тарау 32) Ал Құранда; «Шүбасыз садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орындарға мал сарп қылғандар) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар. (18. – інжіл саны) Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шығарғандар, міне солар, тозақтық.» (57-19) «Аллаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яқи туыстары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бұлар (осы сандық мәндегі), Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар.» (58-22).

 Иман жүрекке зейнеттеледі, ол үшін 58 санның құпиясын, яғни сүре амалдарынан өту керек екен. Қазақ халқына бұл амалдар оңай. Ол Құдай заңдылығы, Алланың патшалығын мойындау! Демек, елді бірлікке шақырып, салт-дәстүрімізді, ғұрпымызды жаңғырту жолында ата жолында халықты тазаруға және емдеу шараларын жасап, дінге  шақырушыларға шейіттік  (сахабалық, елшілік) дәрежелер беріледі екен. Бұл аяттарға байланысты қай елдің көкте мол қазынасы (рухани байлығы), сол елге де жұлдыздардан (Құраннан) Алланың нұры түсіп, жаңбыр да мол, астық та бітік, жер қазынасы да молынан көрініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды екен. Сондықтан да Ғиса пайғамбарымыз: «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштың да саны Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да қымбатсыңдар!» (12-6).

 Саналы сауатты діншілер! Әрқайсыларыңның үстіңде және арттарыңнан сол боз торғайлар түс, аян болып ене алмай шырылдап жүргенін ұмытпаңдар. Аруақ жоқ деп барыңнан бас тартсаң, өзің де жоғалатын тылсымның басты заңдылығы. Сол торғайларды құранда да; «Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.» (34-9). Егерде осы аяттың ғана сандық мәнімен жұбын, сосын парын тауып, одан барып бірнеше сүрелердің пайда болатынын білсеңіздер, ғибрат алар едіңіздер де, өз-өздеріңе және арттарыңнан ерген халыққа да зұлымдық жасамаған болар едіңдер құдайсыз діншілер! Бес торғайы екіге қосылып аққу, сұңқарға айналғандардың көбісін әкім қаралармен бірігіп надандықпен таспен атып тастадыңдар. Аққуға тас атқанның түбі, аруақтың назына қалатыны шәксіз. Құс тілі мен құс ілімін (түс ілімін) сұңқарлық  қасиетсіз пайғамбар бола алмайтынын білмейді діншілдер.  Діни сауатты болсаңдар астарлы аяттардың құпия есебін сандық мәнімен шешіп, сүресін тауып көрсетіңдер!

Әлемде неге 2012 жылы қиямет оқиғасы болады деп дүрлігіп жатуында да негіз бар. Ол, інжіл қағидаларының 12 санымен берілген үкімдерге, ескертулерге байланысы бар. Егер 2012 жылын екілікпен дәрежелесек; 32-сан Сәжде Алланың бұйрығы, уәдесі келуін ескертеді. Ал енді інжілдегі 11 санына «Рахман +Рахим» =11 санымен ғибадаттың толық негізін Құран сүресімен «Құт-аб» (Һұд) болып шығады. Олай болса намаздың ортасы бес парызды орындау арқылы адамзатқа берген жаратқанның «Рахим» ды алып, сосын алтыншы «Рахманға» сәжде жасау, әр ел өз жол жобасын (шарио) тауып, ілімнің білімін іздеп, яғни «Биссимилляһи»-12-ні біліп, 23-пен мүмін аталумен нәтижеленеді. Сондықтан сопылық амалдарға жататын 11 санымен өрілген таспихтың құпиясы осыдан кейін ғана басталады. Бірақ ислам әлемі оны ұмытып, дін намазын орындауды қысқартып тастағанымен,  қазақ әулиелері аянмен ұрпақтарына үйретіп көрсетуде. Тек өкінішке қарай Ата жолының негізгі жауы, сол әулиелердің қасиетті ұрпақтары. Дін сауатын меңгеріп, діни сауатсыздарды заң шығарып қудалап, жеңіске жеттік дегенімен, керісінше олардың нағыз қасиеттің шыңдалуына көмектесуге септігін де тигізгенін мойындау керек.

Дінің негізгі белгісі тақуалықты меңгеру, Алла жолындағы соғыстың сынағының негізі қалайда өз туысқаның, бауырыңнан немесе үкімет тарапынан болсын қудаланып жапа шегу керек. Егер өзің жасаған қылмысқа қарай жаза тартсаң ол жапа болып есептелмейді. Өзің істемеген немесе жазықсыз әділ ісіңе жапа көріп, оны сол қалпында қабылдап, сынағына төзіп, әділ істен бас тартпай, адамнан емес құдайдан қорқуды Алла жолында соғыстың басты қағидасы болып табылады. «Ар қайда?Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той» деп, береді бұл надандық кімге пайда? Жатпалық жалқауланып тіпті жайға! Жайлы ақыл ойланалық жанға пайда? Кейінгінің қалмалық обалына! Сонда мақұл боламыз бір құдайға.» (Шәкәрім ата аманаты).

 Бабалар аманатын шекпенін жауып өздеріне қайтаратын күн жетті бауырластар! Сондықтан иманды тек Алла береді деген үмітпен жаратқанның адастырған ғалымдарымызды, діншілерімізді, жазушы қауымдарының жүректерінде ана сүтімен келген қандағы тілге байланысты ділдік 11 -«уақ» жұлдыздық белгіге ана тілінің, сөз қуатының инедей иман жарығының сәулесі түссе, есін жиып өлген ұжданы тірілсе, жоғалтқан «ар»-ын іздер деген үмітпен және ағайынымыз ұрпақтарының алдында масқара болып, еліне еткен еңбектері зая кетпесін деген ниетпен тек бұл ақпараттар белгілі болғанның бөлшегі ғана. Қашанда екі көзің бірі-біріне жау болғандай негізгі басты жауымыз ата жолының ішінде ақу, сұңқар болып, шариғатқа қарсы тырнақ сояудай, бұтта шалбар, басты жартылай орай салған, ақыл-есі кеміс, тілі мүкіс, толық дәреті де, намазы да бойында жоқ, батаны өзі ойдан, түйсіктен, сезімнен сылқытып жүрген ақ жолдықтарымыз. Оны түзейтін ел болып қолға алатын Алладан нығмет беріп қойғандардың сиқын жоғарыда көрсетіп кеттім. Енді кім қалай түзейді деген көп қайғы ғана жанды жегідей жеген жайы бар. Қатын басқарып ел болып дін түзелмейді. Егер ер болып туып, ата жолын қуып, бақ берсе аспайтын, сор келсе саспайтын ұжданға берік ақ жолдық азаматтарды қайта Айша ананың ақ туының астына шақырамын. Біздердің қазіргі таңда жетістігіміз де бар, жетпейтін әлі үйренетініміз де бар. Жетістігіміз ақ жолдың басты қағидасы, ғылымы, болашақта үйретіп тарататын мөр ашу қағидасы мен Құранның ислам әлемінің ойына келмеген, бірақ аталарымыз меңгерген бақсылық мұғижалар қағидасы мен емшілік істер және құранның құпия сырларын меңгеру тақуалық амалдары бар. Онымен қоса әлемді қазақ елінің алдында тізе бүктіретін құпия қазыналардың, мұрағаттардың белгісі, орындары, құпия шежіре сырлары және Отырар кітапханасының аянмен көрсеткен, зияраттап белгіленген, болашақта ашылатын есігінің кілті де бар.

Біздің мақсатымыз мен ғана білейін дегендей атақ, дәреже алу мақсат емес, керісінше ең кемістік сынағымызда сол болып, аманаттарды орындарына егелеріне табыстап, сол мұрағаттарға еге болып, сырын оқып, әлемге танытатын қасиет егелерін дайындауда. Егер оқырман сізге ордаға барып аруақтардан бата алуға аққу, сұңқарлармен кездесіп жүздесуді Алла бұйырған болса тартынбаңыз барыңыз, бірақ бойында киімі, аузында сөзі, намаздары, әдебі қазақ дәстүрлі әдет-ғұрпына сай болмаса немесе өзі әдемі, ал үйінде арсыз киіммен, шариғатқа жат қылықтармен байқалған пенделері, орда мүшелері болса ол ақ жолдық немесе бізден емес! Таза емес жерде таза аруақ болмайтынын, күнделікті тұрмыстық тілінде ауыздан таза сөз шықпаған пендесінде де таза бата болмайтынын ескерсеңіз болды. Батаның да ғылыммен, сөздің астарымен және сандық мәнімен, қуаттық шамасымен өлшеніп, болашақта қалай зерттеу  құпиясын да жариялайтынымыз сөзсіз. Сондықтан сондай жауапсыз пенделерден жәбір көргендерге ақ жолдан мүлде безу керек деген ой емес, керісінше сын айтып, көпшілік болып жөндеп тазару жолына қайта салайық, бірге үйренейік. Сонда да ескерту де пайда бермейтін, қасиетті мақтанға, табыс көзіне айналдырып, көкірегі аспанда, аманатты арамдап, ақ жолды теріс қылып, елдің арасына жік салған, алда да бүлдіре беретін мен білем «Білдіман» шайтанның арамызға кіргізген сарбаздары деп біліңіз де жария әшкерелеп, соларға тыйым салатын заң шығарған әділеттілік болар еді үкімет тарапынан.

Егер аруақ қалай сөйлейді адам баласы арқылы  деп Аққу, сұңқарларға  күмәндансаңыз онда киелі кітаптарға қайта иман келтіру үшін Інжілді сандық мәнімен Құранмен салыстырып оқып көруді ұсынамын.  Мысалға; Інжілде елші істері 2-тарау; «Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес, қазіргі уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. Қайта ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына сөздер орындалып жатыр: « Құдай былай дейді: осы заманның аяғында, Мен өзімнің Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. Сол күндері Мен құл-күңдерімнің үстінен Киелі Рухымды төгемін, олар да пайғамбарлық сөз айтады. Мен аспан мен жерде қан, от және бұрқыраған түтін сияқты кереметтер мен ғажап істерді көрсетемін. Иенің ұлы да салтанатты күні келмей тұрып, күн түнекке, ай қанға айналады. Ал Иемізге (рұққа) сиынған әркім құтқарылады.» (2-15, 22)  2012 жыл арасында күн мен айдың ерекше тұтылуы болып осы киелі кітапта жазылған оқиғалар әлемде болып адамдардың үрейі ұшып, кәпірдің өзі мұсылман болуға құтылуға ұмтылатын, топ-топ болып дінге кіретін заман басталады. Онда неге қазаққа келген құдайдың тойына бармаймыз? Сонда адамдар арасына билік жүргізу толықтай Алланың сүйген құлдарына беріледі де; «Араларыңдағы кейбіреу бір даулы мәселе туралы келіспей қалғанда қалайша Құдай алдында ақталмағандардың (парызшылардың) сотына жүгінуге дәті барады? Неге мәселені Құдай халқының (аруақтардың) алдына қоймасқа? Болашақта құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма? Біздердің (біртұтас адамдардаң) періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер?» (1-ші хат 6-1,4).

 Қарама-қарсы дауға түскен кезде біздердің, яғни бір тұтас адамдардың алдына жүгініп бата, аян, түс көру арқылы даулы мәселелердің шешілетінін екі ғасыр бұрын айтып кеткен. Онда ондай құдай патшалығының көрінісі қалай болмақ? Ғиса пайғамбар; «Құдай Патшалындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: Бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалып, қызметшілерін шақырған кісілерін алып келуге жібереді. Алайда сол адамдар келгілері келмейді. Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақылаған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер! дегізеді. Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреулері саудасына кетіп қалады. Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып қорлап, өлтіріп тастайды. Мұны естіген патша каһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді. Сонан кейін қызметшілеріне: -Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты. Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып алып келіңдер! деген жарлық береді. Жан-жаққа аттанған қызметкерлер кімді кездестірсе-жаманын да, жақсысын да, бәрін жинап алып келеді. Той болған жер адамдарға лық толады. Патша келгендерді көруге  кіргенде тойға сай киім кимеген біреулерді көріп, одан: -Достым, мұнда той киімінсіз қалай кірдің?-деп сұрайды. Ол үнсіз қалады. Патша нөкерлеріне:-Мынаны аяқ-қолын байлап, сыртқа қара түнекке лақтырыңдар! деп бұйырады. –Сол жерде зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады. Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз» (22-тарау 1, — 14).

  Бұл өсиеттің сандық мәні құрандағы хаж, яғни зияраттау амалдарымен сәйкес болуы да көп мағынаны астарлап көрсетеді. Құдай тойына шақырылғандар қазақ елі егемендік алысымен дін соңына түсіп ізденіп, қазақ әдет-ғұрпынан, салтынан бас тартып, арапшыл тақуа болып, бірақ аянмен шақырушы болып келген аруақтардың кісілігін мойындамай, аянға мән бермей, дұрыс жорымай, ақырында жан үйлері өртеніп, жүректері мөрленіп, арап тілі мен сөзінен басқаны менсінбей тек құранды жатқа соғып жүрген және байлық соңына түсіп немесе білімді аталып жүрген жазғыштар, айтқыштар, әкім қаралар болып табылады. Ал соңына қалай болса солай тойға келіп, бес парыздық той киімін кимей түбінде тозақтық болып аласталатындарға аққу, сұңқарлар аталып шариғат амалдарын да толық орындамай және бір келіп жағдайын түзеп намазхан болып мешіттерге тығылып аруақтан теріс айналғандар тобын жатқызуға болады. Бірақ құдайдың той әлі басталған жоқ, берілген азық желінген жоқ. Сондықтан таңдау да, шақыру да әлі жүріп жатыр. Негізінен той киімін қамдап, бірқалыпты иманын жалғандыққа айырбастамағандар, 9 жыл сынақтан діндерін аман алып өткендер тойдан үлес алуы сөзсіз. Сондықтан мейлі қандай салада болсын; қойшы, егінші, ғалым, ел басқарушы, әкім, ояз, қолына қалам алған өнерлі сөз шеберлері және дінші т.б. қазақ бауырларымды осы тойға шақыра отыра; «Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ. Әр ағаш өз жемісімен танылар: «шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жиналмас. Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, аузың соны айтар. Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар, кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер. Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап, толтырып, тасып төгілген мөлшерде салып беріледі. Қандай өлшемді қолдансаңдар, Құдай сендерге де сонымен өлшеп береді.»  Және ата жолы адасушылар, діни сауатсыздар деп қолындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, Құдай үкіміне қарсы тұрып елді адастырғандарды да; «Неге бауырларыңның көзіндегі тікенді көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? Өз көзіңдегі бөренені көрместен: «Бауырым, кәне, көзіңнен тікенді алып тастайын» деп қалай айта аласың? Әй, екіжүзді! Әуелі көзіңнен бөренені алып таста, бауырыңның көзіндегі тікенді содан кейін анық көріп, алып тастарсың!» (Інжіл)  Ғиса пайғамбар Мәриям ұлы.

«Бұл дүниеде де, ақиреттеде де Мәриям ұлы Ғисаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір.» (3443-х) «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында, араларыңа Мариям ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жизаны (бодау, құрбандық, зияраттап тазару) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дүниеде көбейтеді.» (993-х) «Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имандарың (аруақтарың) өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» (1374-х)= (13;74; дәрежесі15). Бұл сандар Мұхаммед пайғамбарымыздың ақ жолға берген куәлігі. (Құранмен, інжіл аяттарымен салыстыр, оқы!)

Құрметті дін қандастар және ата жолы құдайшыл бауырластар! Енді біздерге бірігіп ашық ақпараттық кеңістікке шығып, құран арқылы ұлы күрес ашып, қасиетті кітабымызды әлем алдына шығарып, бабаларымыздың жүктелген аманатын ақтап және жалғастыратын уақыт жетті! Діннің тек намаз оқудан ғана тұрмайтынын; тәубе, намаз орындау, намаз оқу, намаздарды толық орындау, артық хайыр жасап Алла жолында соғысып, сөз, тіл ой еркіндігін қалыптастыру және де шығармашылық шабыт, емшілік, елшілік істерді меңгеру қарапайым шаруамен дәрежелі қызметкер немесе дінші бәріне ортақ қарапайым ұлттық үлгісін көрсете біліп, тура жолдың қазаққа тән үлгісін әлем алдында көрсетуге, құранның құпиясы қазақтың ежелгі сақ сөздерінде жасырылғанын дәлелдеуге бірігейік демекпін. Оған қазіргі таңда жеткілікті дәлел және тәжірибелер де жинақталып қалды. Енді тәжірибе алмасып бір-бірімізбен бөлісетін кезең туды. Сондықтан әуелі құранымыздағы БІР аятты (бір сөз емес) неге арап танушы діншілердің осы уақытқа (17 жыл) дейін түгендеп, орнына қоймағанын, неге халықтан жасырғанын, діни сауаттыларынынан көп болып сұрайық!

Егер де Құрандағы бір аяттың жоқ екенін дін ғалымдары әдейі жасырған болса, онда ой-сананы жабу үшін қазақ еліне жасалған ұйымдасқан әрекет және дінді бұрмалау әрекеттері болып есептеледі. Ал егер де осы уақытқа дейін бір аяттың жоқ екенін білмегендері болса, онда олардың құранды зерттеуші ғалым екендігінің өтірік  және діни сауаттары жоқ екендігіне өздері осы әрекеттерімен ғана куә болады. Олай болса қазақ елінде ислам танушы қандай да бір топ немесе жеке діни жолда болсын сопы ғалым немесе құранды қорғауға тиісті білімді тақуаның мүлде жоқ екенін көрсетеді. Егер теолог ғалымдар, философ зерттеушілер, тіл мамандары болғанның өзінде құран аудармаларын салыстыра отыра зерттеп, ондаған жыл өтсе де бағасын бермей тыныш отыруының өзі дінге қайшы ғылымға жат әрекет!

 Енді қарапайым халыққа діни сауатсыз аталған біздерге дін ғалымдарының баспасөз, ақпарат бетінде жария еткен қателіктерін және бүкіл халыққа ортақ оқылатын түсінігі терең аударманың растығын мойындаған пәтуасы керек! Бұндай қадам дәстүрлі дінімізді құрметтеп меңгеруге, жалпы халыққа иманға жол ашуға тиіс және діншілердің осындай тәубаның ішіндегі тәубасы арқылы елге келетін көптеген сынақтарды жеңілдетуге Құранның ақиқатын ашуға мүмкіндік туады. Сонда ғана Қазақ елінің тіл, сөз байлығы әлемде алдыңғы қатардан табылатынын растайтын хикмет пен дәлелдер ашыла бастайды. Және әлем білмеген құпия намаз орындау, оқу, жаратылыс сырларының сандық мәнімен осы Халифа Алтай атамыздың еңбегі арқылы айқын білінетінін, қазақ елінің бірден-бір мақтанышына айналары даусыз. Бұл аудармада кітап арқылы ислам әлеміндегі теология ғылымын және жан ғылымын меңгерген қазақ әулиелері екенін дәлелдейтін құраннан екінші дәлел де бар. Бүкіл ислам әлемінің тәпсіршілерінің сауаттылығының ақ-қарасы сол құпиямен анықталары даусыз. Үшінші;  құран арқылы оншақты тәпсірдегі қателіктердің ғылыми құпиясын, сандық, сызықтық бейнесін жариялап, тағы ислам «намазхандарының» бәріне ортақ серік қосқан қателігін құран арқылы жария етеміз!

Бұл қадам бір-бірімізді кемсіту емес, керісінше діндердің бірленуіне, адасқан жалған діндердің тізе бүгіп, әлем ғылымының жаңарып түрленуіне, сана қуатына жол ашады. Сонан кейін бүкіл әлем ғалымдарын, діндерін бей-жай қалдырмайтын жарияланатын кітап бар. Дінді бөлшектеп әлемде, қазақ елінде де қасірет және надандықтың ұрығын өсіріп жатқан дін бұзарларға Құран насихаты, ғылымы арқылы соғыс жариялап, ақ-қарасын әшкерелейтін кез туды!  Ата жолының, ақ жолдың ақиқаттың бұлағы екендігіне нақты дәлелдер болып, шежіренің жоғалған, үзілген, өзгертілгендерін анықтайтын, осы уақытқа дейін тығулы жатқан қазына, көрсететін мұрағаттар да бар, бірақ үкімет тарапына хабарлағанымен оған құлақ асар емес. Сол мұрағаттарды әлем алдына көрсетуге, мәдени ақпараттағы бауырластарды да ат салысуға шақырамын. Бұл біздердің ғана емес бүкіл түркі әлемінің ортақ байлығы, әлем алдында Алты Алаштан бүкіл пайғамбарлардың тарағанын дәлелдейтін мақтанышымыз, рухымыз. Бірақ бұл жағдайлар енді осы уақытқа дейін қарсылық көрсетіп, аяттарды, қазақтың дәстүрлі дінін, ғұрпын, сөзін, тылсымнан аруақ баталарын, «қандай әулиелік?» деп аққу, сұңқарларды мазаққа айналдырғандар үшін дәл сондай түрде өздеріне сынақтар арқылы ретімен жауабы да болу керек! «Айыптама, сонда айыпты болмайсың, үкім шығарма сонда өзіңе де үкім түспейді!». Аталарымыз бір жаманшылықтың түбі жақсылықпен аяқталады, сондықтан ақырын сұраңдар деген ескертуі бар. Ал құранда; «Және де олар: «Алла өлтірген біреуді (кісіні) тірілтпейді» деп, Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес, Өлікті тірілту Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді.» (16-38). Сондықтан зияраттап Рахманға сәжде жасағандарды діни саутсыздар деп өздеріне Алладан нығметке берілеген артықшылық, қызмет, дәрежелерін пайдаланып; Өліктер адамға пайда да зиян да тигізе алмайды деп Алланың достарын, берілген аяттарды, аманаттарды ақтаған, кітап алған әулиелерді мазаққа айналдырғандарды жазалау үшін енді; «Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екендігін білдіру үшін өліктерді тірілтеді» (39) «Бір нәрсенің (қияметтің мезгілінің) болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: «Бол» деу; сонда бола қалады.»(16-40).

 Ол уақытта күн мен ай тұмшаланып әрбір пендесіне, мемлекеттерге үкімдер түседі де, Ерен ғайып қырық шілтен әскерімен елді аралап; «Олардың мазақ қылғандары өздерін тозақ болып баурап мойындарына жүктеледі және адастырғандарынан да жүктеледі, қараңдар үстіне артқандары нендей жаман жүк!» «…Сақ болыңдар! Оларға (сақтан үлгі алуға бас тартқандарға) азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді.» (11—8).  «Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де, үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық» де. (15)  «Олардың үстерінде (қара шекпен-жын, ашу, ыза) де оттан түнектер; астарында (табаннан, тізеден қара шөңге) да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.» (39-16) «Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы, кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады. Ендеше сендерге айтамын: адамдардың жасаған бүкіл күнәлары мен Құдайды да қорлауларына кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың киелі Рухын (аруақты) қорлаушыларға кешірім беруге болмайды. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайды Киелі Рухына (аруаққа) қарсы сөйлейтіндерге не осы заманда, не келешекте кешірім болмайды.!» (Ғиса пайғамбар. М; 12-тарау 31-32).

Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. Қыркүйек айы, 2010 жыл.

Байтасов  Тоқберген  Кескір ұлы

Мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісалі тақсырға.

            Қазақ елінің көптеген ата дәстүр діни жолының жақтаушы бауырластықтар атынан

ДАТ   хазірет!

Құрметті тақсыр, Әбсаттар мырза, сіздің осындай лауазымызыңызға қарамай қарапайым баспасөз бетінде оқырманға жауап сұхбатыңыз бірнеше апталық басылым бетінде «Дінімізді біліммен таныған абзал» деп көптеген қарапайым қазақ тұрғындарының ойында жүрген сауалдарға жауап беріп кетіпсіз. Бұл игілікті шараға көптеген баспасөзге немесе бейне дидарға сауал беруге мүмкіндігі жоқ немесе белгілі себептермен жеткізе алмай жүрген сауалдарды осы баспасөз бетінен ашық сұхбатқа шақырсам ұлықтығыңызды тағы да дәлелдерсіз деген үміттеміз.  «Орта мектепті әупіріммен әрең бітірген молда имам болған соң дініміз қажетті деңгейде көркеймесі анық.» деп діни сауаттанудың жолға қойылып, «Құранды түпнұсқасында оқуға ие болуда. Олардың арасында түрлі мамандық иелерін және бірқатар ғалымдар мен қаламгерлерді көреміз. Асыл дінімізді біліммен танудың ешқандай кештігі жоқ. Бұл — аса сауабы мол амал.» деп енді қандай сауалға да дін танытушылардың жауап бере алатынын айтып кетіпсіз.

Сұрақ? — Әртүрлі мамандық иелері қарапайым халық сіздердің сол оқып жатқан түпнұсқаларыңызды қалай оқиды? Егер тек түпнұсқасы арап тілінде ғана түсінікті болса, біздің оқып жүрген бергі нұсқасы Халифа Алтай аудармасында арап тілінде тек үгіті ғана болып, насихаты ғылымда екені ескерткен. Ал ғылым білімнің негізі болып, білім заманға тәуелді өзгеріске толықтыруға тән сипаттағы ойлар мен дәлелдер, тәжірибелер тұжырымы болса керек. Ғылымды тек тіл ғана дамытып ашып отырады. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Кел жастар, ғылымды Абайдан үйренейік.» деп үндеу тастап кетіпті.

Сұрақ? — Дінді тілмен тани ма немесе тілді дінмен іздей ме? Дін тану тіл ғылымына тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе? Менің түсінігімше;  Негізінен тілді дінге арнап жаратқан болу керек. Бұл тұжырымға келіссеңіз, онда дінде тіл заңдылығы «Фонетика» (үндестік), «Орфография» ( жазылу), «Орфоэпия» (айтылу) заңдылықтығына міндетті түрде бағыну керек. Олай болса сіздердің діни басылымдардағы, сұхбаттардағы көпшілікке таныс «Пайғамбарымыз ( әлек салам, салақ салам, ғалекі салам т.б.)» қыстырма сөздердің үндестігі айтылуы қазақша, негізі арапша, пайғамбарымыздың жаратушы тарапынан қойған асыл есіміне жапсырылған сүркей аттарды қалай түсіндіресіз? Мұхаммед деген аттан кейін неге (м.с.ғ; с.а.у) (қазақша үнмен оқылуы; мы-сы-ғы немесе жынды емес), болмаса жазу үлгісін бұзып мөрмен таңбалайтын қағида қайдан шыққан? 

Діни жоғарғы оқу бітірген имандардың мешіттерде «Алла-у-у әк-бар» деп азан шақыруын қалай түсінеміз? Қазақта «әк-бар!» деп жақтырмаған жағдайда сиыр малына арнап айтушы еді. Алланы шақырудың нәсілдік, үндік сипаты бола ма? Әлде солай айтыңдар деп біздерге араптар міндеттеген бе? Олай болса арап үндестігіне тілі келмейтін адамның шақыруы есептелмейтін болу керек. Баспасөз бетінде бірде Алла, бірде «күнәларын Аллаһ тағаладан кешірім тілеу…» деген атауларды пайдаланыпсыз, сонда «Аллаһ» сөзі атау болып бекітілген  мықты сөздер қатарына жатса қазақта; «..аһ.., үһ, түһ» сөздермен нені аяқтап, қандай жағдайда қолданатыны оқырманға мәлім. Одағай сөздер тобына жатады. Лексикология (тілдің сөздік құрамын анықтау) заңымен тақ сөздер бірлігіне кіріп «Аллаһ тағала» (11 саны), «Алла тағала» (10 саны жұп) болып 11-мен сипаттау сіз айтқан білімге қайшы. Бүкіл қазақ тарихының ғұламаларының еңбегінде Аллаһ сөзі кездеспейді және барлық жерде Алла болып жазылған. Себебі, Халифа Алтай атамыздың еңбегі бойынша тәңірлік, яғни шүкірлік мағынаны білдіреді. Аллаһ — шүкір. Қазақша тағала — шүкір. Онда Аллаһ тағала – шүкіріңе шүкір немесе шүкір-шүкір болып «жаратушы шүкір-шүкіріміз» деген ұғым шығады. Сондықтан аятта; «…Мейлі Алла (4) деп немесе Рахман (6) деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да, ең көркем аттар Оған тән» де…» (Ісра-110).

Осы аятқа қазақта «Төртеу түгел болса – төбегі келеді, алтау араз болса – ауыздағы кетеді.» деген ғылыми нақылын қалдырған. Құранда да 4 және 6 санымен жаратқан сипаттарын (жаратушы емес) іздеуді ескерткен аят бар.. Егер Халифа Алтай атамыз қателескен болып, сіздердің араларыңызда оны түзеткен ғұлама маман болып, жазған аударған еңбегі болса таныстырыңыз, мүмкін халық болып қаражат жинап көбейтіп оқығанымыз дұрыс болар еңбегін. «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін.».  Ал ғылымға жүгінсек; үн мен атаудың бірлігін мықты «аксиома» сөз деп атасақ (Қазақ, Алла, т.б. зікір атаулары) онда мықты сөзге байланысты үндестіктегі қателік діл ауруына соқтыру керек. Египеттегі 5-ші таңба мұнараны неге құлатқан жаратушымыз? Беске берген белгі емес пе екен? Бес таңбасынан бүкіл әлем философтары қашып, оны тек музыка үнінің сандық мәні арқылы беріде Әл-Фараби атамыз енгізген деген дерек бар. Оған қандай уәжіңіз бар? Енді тағы ғылымға жүгініп; төрт түрлі тіл ғылымы, төрт кітап болып содан ғана дін ережесі шығып,  ұлттың халықтың тілдік дамуын қамтамасыз еткенде ғана дін мен тілдің нәтижесінен діл болып — тіл санаты деп атаймыз.

Әрбір сөз жұп санға айналып барып қана санадан орын алатынын сауатсыз аталарымыз білген. Мешіттер ұлтымыздың ұжымдық рухани ортасының бірі болып табылады. Демек, жастарымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлттың болашаққа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу діннің басты міндеті болу керек. Қазақ тілі – қазақ халқының рұхтық (өсіп,өну) және мәдени қорының сақтаушы қазынасы – жады. Ортасын ұстай білмей Құранды тек жаттап алу жадыға (санаға) жат болып, кері әсерін тигізетінін пайғамбарымызға да ескерткен екен. Әлде сіздер оқып жатқан негізінде көрсетілмеген бе? Қос тілділік білімді меңгеруге қажетті құрал болғанымен орынсыз пайдалану немесе қатар ұстау сананың улануын туындатады. Жыланның тілі қатарынан екі, екі дәмді қатарынан пайдаландықтан тісінде (ісінде)  у-ы бар. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Дін қиянат» деп ескертіпті. Негізінен діннің нәтижесі шабыттың, шығармашылықтың қайнар көзі болғанда ғана елге қызмет жасайды. Аманат ақпаратты ұрпақтарымызға адалдап өткізуге қызмет етуге тиіс. Менің білуімше тарихта мешіттер әуелі дұрыс сөйлеуді, шешендік өнерін, сөз құпияларын, астарлы сөздерді шешуді үйреткен. Әр елдің өз тіліне сай үні бар. Үндестік заңына қайшы қандай да бір елдің сөзін сол қалпында пайдалану тілдік ортаның сөз тазалығын бұзып «жаргон» болып шығады. (Тақ сандар тізбегін.)

Сіздердің сол жоғарғы сауатты имандарыңыздың бәрі дерлік «жаргонмен» сөйлеп, «жаргонмен» жазып, қазақ әдебиетінің әдебіне, жалпы сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіріп жатыр. Имандардың тілі сырқаттанған соң уағыз тыңдаушылардың, оқырмандардың өздерінен басқа жұртты түкке тұрғысыз етіп көрсету, жағымпаздық уағыздармен бір жақты пайымдаулар, дін арасындағы бауырластық ашық пікірталастың тарихи салыстыру мен ұлттық дін тарихының  жоқтығынан болар әр түрлі діни топтардың елдің бірлігін бөлшектеуге, әр топтық оқшаулану саясатына септігін тигізіп,  діннің тұтастығын бұзып, тек бір бағыттағы бір мүддені ғана қолдайтың сыңар езу жастар тұлғасын «фанаттарды» қалыптастыра бастады. Халық сіздерден парасатты, мәдениетті, мазмұнды сөздермен қатар қисынды дәлелдер мен нақты ұлттық тарихи деректер және ана тіліне деген сүйіспеншілікті естіп көрген жағдайда ғана дәстүрлік дініміз салтанат құратыны сөзсіз. Оған дейін дін мамандарының ана тіліне деген табиғи сезімін ояту үшін дін әдебиетіне тіл мәдиниетінің «реформасы» керек шығар деген ой көпшілікте айтыла бастады. Болмаса мысалға; « тәртилмен үйреткенді, мажғаппен сөйлеуге бұйырылдым….» «Аллахым…» «радио алақу ан-қу», «мағрипат ете көр», «ыстықпар жасау» т.б. толып кеткен мағынасы беймәлім, мәтінге «аксиомаға» айналдырып алған арапша  дұға тілектер мен будан сөздерден тұратын мәтіндер мен түрмеге де түсініксіз «жаргон» сөздерден дінге, ана тіліне деген сүйіспеншіліктің тоқырауына ұшырап, сау адамның саламаттығына тек зиян тигізгеннен басқа пайдасы болмай жатыр. Әрине халыққа тек намазды оқытып үйрету жеткіліксіз, жазып үйретіп, сұратып үйретіп, намаздарды орындауды және озаттарға толық орындауды, әдет-ғұрыпты да үйрете білсеңіздер, имамдық дәреженің көрінісі пайғамбарымыздың аманатын жалғастыру болып табылар еді.

Намазды оқу; үйрену жаратушыға өзін көрсете білу және сыртқы ортаға бейімделу деп түсінсек шәкірттік дәрежеде жүріп қалай «Намазхан» аталады? Хан деп сырты емес іші кең, сөз құпиясын, сәуегейлікті меңгерген ел ағасына лайық адамды атамай ма? Намаз ұғымы аталарымыздың түсінігі бойынша; адам баласының өз өмір сүрген ортасына ұлттық, тілдік, рулық ерекшеліктеріне ішіп-жеміне өндіру тәсіліне, табиғи ортасына байланысты  заманға тәуелді түрде бейімделу деп түсінген. Араптарға, онда да Меккеліктерге пайғамбарға, түсірілген кітаптарға (сүннеттер) куәлікте мықты тұру үшін ғана намаз оқуды  діннің алғы шарты қылып міндеттеген емес пе Құранда? Сондықтан араптарды орта топ деп атайды. Хан — билік, шешендікті меңгерген жоғары ел басқару дәрежесін көрсетеді. Меніңше ана тілінен толық нәр ала білген адам баласы өз ақылына ғана хан болуға лайық. Сізді шейхтік дәрежемен қарапайым түсініктерден қателесу мүмкін емес деп ойлайды халық. Бірде ораза айында бейне дидардан берген сұхбатыңызда;  «Әулие басын аралату, соған байланысты қаражат жинау «коммерция, бизнес» деп ескерттіңіз. Ислам өркениеті №04 1-10 ақпандағы басылымында; «Қағба да Мекке де біреу» ғана деп, Құран ғылымына мүлде келмейтін атпен (себебі барлық көрінетін, көрінбейтін нәрселердің жұбы және пары да бар) мақалада; «Ол халқымыздың ардақ тұтар дана бабасы Қожа Ахмет Йасауиді бет перде етіп, оған зиярат етуді кіші қажылыққа балап, сол арқылы «жолың ашылады», …сауаты жоққа тән адамды өзіне тарту арқылы мол пайда табу. Бүгінгі нарықтың тілімен айтқанда «бизнес»! Расында да, мұның арбауға түсіп, қарызданып, қауғаланып жиған ақшасының әлдекімдердің қалтасын қалыңдатып жатқанын білер ме екен?!» Сіздің айтқан пікіріңізді әрі қарай дамытыпты. Сол сауаты жоққа тән, зияраттап жүрген пенделердің бірі ретінде, енді сауаттыларға жалпы сауал? Демек, сол зияраттаушыларға несібені адамдар беріп, «сол ақшаны босқа жұмсадың» деп Алла халықтың, қазақтың несібесін кесіп тастайтын болғаны ма? Сонда Алла жолы мен дін жолының айырмашылығы неде?  Әдет-Ғұрып пен салт-дәстүр шариғатта қалай тоғысады? Пайғамбарымыздың ізгі өсиеттерінде қалай айтылады?

Енді жеке өз басыма жауап беруге мемлекет заңымен қорғалған «көңіл қажылығын» жасап, өз елім, жерімде  кімге, қалай, қаншалықты садақа беруім өз еркімде емес пе?  Ол менің жанұямның амандығы тәніме, жаныма берілген, Алла жолына жұмсаған малым болып есептелмей ме?. Өлімді еске алу арқылы ұрпақтарымды әр түрлі бәле-жаладан, естері кетіп жынның ықпалынан қорған сұрап садақамен тазаруыма неге имамдарыңыз кедергі болу керек? Әлде дін танытушыларға араптар тек Меккеге ғана әкеліп бермесең, Алла қабыл етпейді деген нұсқау түскен бе? Ал онда Алла жолында мал жұмсау мен зекеттің, пітірдің ерекшеліктері неде? Ал Алла жолында көркем қарыз беру мен садақаның қандай айырмашылығы бар? Шүкірлік пен тәубаның ерекшеліктері қандай? Қалай орындау амалдары бар? Ұлттық сипат ерекшелігін шариғат қарастыра ма? Енді  бергі нұсқасындағы мен оқыған Құранда; «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін…(24-22)  Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. (үнемі түсіңде ескертіп отырады). Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты (ұрпақ, туу қысқарады) ауыстырады. Сосын сендер сияқты болмайды.» (47-38) «Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін; уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға (мешіт-үй деп аталады, орын-Алла достары жатқан жерлер) мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.» (64-17).

 Олай болса жеке адам емес бүкіл халықты сараңдыққа шақыру дін танытушылар немесе имандылардың тұрақты қызметіне айналған сияқты. Қазақта онсызда демография оңып тұрған жоқ. Сол олқылықтарды толтыру үшін садақамен Алла жолында мал жұмсап, бір қазаққа бір қазақ көркем қарыз берсе, бас жағына әзір бармай-ақ ең төменгі нәтижесі; елдің бір-бірімен ел аралық қатынасын дамытып, жолға қаншама қаражат жұмсап, (асханалар, көлік, жанар май, мал саудасы т.б.) ақша айналымына да, экономикаға да үлесін тигізіп жатса, оған неге мешіттер имамдары қарсы болып сараңдық жасайды? Дамыды деген елдер халқын неше түрлі шайтани ойындар, ғимараттар салып үйінен қалай шығарарын білмей жатса, өзінің малын өзіне бермейтіндей көлденең жату «қарынбайдан» қалған үрдіс па?

Құран ғылымына жүгінсек «Байдың малын байқұс қызғанады» дегендей имамдар күдіксіз серік қосып, ортақ қосып жүрген сияқты. Енді тағы ондай діни шараларды бір жағынан мойындап европа тәсілімен реформалауды ұсыныпсыздар;  «Мұны Спорт және туризм министірлігі қолға алып ойластырылған  бағдарлама түзіп, жүйелі саяхатқа айналдырса, нұр үстіне нұр болар еді.» деп үкімет орындарынан жәрдем сұрапсыздар. Сонда дана бабаларымызға берген бағамыз осы болып, әулие бастарын ойын сауыққа айналдырсақ, онда  аятта; «Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын (аруақтың назына қалмасын) . Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос, не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. (кешірілмейді) Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін (мінез ауруы, үстіне жынды мінгізіп алу) қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі жан (денсаулық жоғалу, сырқат) түршігерлік азап бар.» (6-70)  «Әулиелі жерден ат үркеді» деген бабаларымыз ондай жерде тазалаушы көмес кісі де бар, дәреті сақталмай қалай болса солай жүргендерге мінетін жын да бар. Сонда дінімізді ойын-сауыққа айналдырып, халықты рухани мешелдікке шақыру имамдардың тұрақты қызметіне айналғаны ма? Киелі жерлерді ойын-сауыққа айналдырып, садақаны мемлекетке өткізетіндей мемлекетіміз аурулардың, жолы болмай Алланың ризалығын іздегендердің көмегіне мұқтаж ба? Садақаны да Алланың алдында белгіленгеннен кейін сұрауы болатын, соған бейімдеген адамдардың ғана алатынын білмеуші ме едіңіздер? Және садақамен дүние жинаудың арты қашанда қасіретпен аяқталады. Өз орнына, тек бұйырған жерге жұмсалу керек. Мешіттер туризм саласына көтерілген ауруларға дем салып, кейбір жындыларды және әртүрлі аурулардың, жүйкесі тозғандардың жағдайын жасап, өзіне қол салатындарды жөнге салатын мамандар даярлап берер ме екен? Әлде «Қызғанғаның қызыл итке (өрт, тозақ азабы) жем болсын» дегендей дәстүрлі дінге қарсылық білдіріп, елді аштыққа, қуаңшылыққа, түрлі апаттар мен садақа жұмсауға шақыру ма? Әлде көптің тілегі қажет болмайтын елге айналдық па?  Қорасан ата басындағы Қағбаның көшірмесі туралы; «Қағбаның жалпы түрі осыған ұқсас болар. Ал оған тәуап етуге жол берілуге тиіс емес!.» деп «Байбөрі деген бай болды, төрт түлігі сай болды, бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып…» деген тарихи деректі былай қойып, Ясауи бабамыздың жасаған зиратын да жоққа шығардыңыздар ма?

Ясауи бабамыздың ілімі қазіргі сіздердің дайындап жатқан имамдарыңыздан төмен болғаны деген түсінік туындайды бұл пікірден. Ғылымда жерден ерекше сәуле шығып, сол жерді «Гипрогендік» деп атап адамға ерекше шапағатты әсері бар екендігі анықталған. Сондай сәулелі орындарымен қазақ жері әлемде алдыңғы орындарды алады. Пайғамбарымыз да түйесі шөккен жерге мешіт тұрғызған, ал әулие бабаларымыз да сондай жерлерге аманатпен өзін жерлеуді тапсырып отырған. Алланың көрсетуімен аянмен ғана мешіттер салынған. Сонда дін ғұламалары түйенің білгенін де әлі білмейтін болғаны ма? Оған дәлел салынып жатқан мешіттер куә, аяның болмаса түйенің немесе өлшеу құралының орнын әкімдер мен сәулетшілер атқаратын болды да, сырты келіссе көшенің сәнін келтірсе болды. Ондай мешіттерде намаз оқыма деп ескертіпті пайғамбарымызға Құранда, себебі ордың (родий сәулесі пайда болатын, жұтылатын орындар) жиегі, кесапатты сәуле орны да болуы мүмкін.

Ғылымда «геопатогендік» немесе «анти энергия» деп адамға кері әсерін тигізуімен белгілі «ит байласа тұрғысыз» жерлердің бар екенін, ондай жерлерге мешіт түгіл итін байлап, мал қора да салмаған аталарымыз. Жоғарғыдағы «тек біреу» ұғымына келсек тек тәңір  бір-ақ болып сипаты екі. Бірі тақ, бірі жұп мәні бар. Неге? Жалпы Құранда ескертілген бірдің саны, сипаты қанша? Құранда Қағбаны «Алланың ірі белгісі» деп ескерткен, демек кішілері де бар деген ұғым. Өзіңнің кімнен ірі екеніңді кішіні көрмей қалай білеміз? Бұл пікірлеріңіз де ғылым түгіл білімге қайшы. Дәлелдеңіз! Меніңше Қағба жердің үлкен қақпасы, көктің сатысының ірісі Мәсжіт ақсада. Демек кішілері қайда? Егер Қағба есік біреу болса, жаннат пен тозаққа кіретін есіктер де біреуден болмай ма? Имамдарыңыздың қай сөзі өтірік, қайсысы шын? Өтірік айтқан жерде көп тұрма, ондай жерде надандықтың иісі болады!- деген аталарымыз. Сондықтан Құранда: «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) Сауалдарға жауап  іздесең сол белгілерден жауап ал деп Пайғамбарымызға ескерткен бүкіл мұсылман үмметтеріне түскен үкім болу керек. Сондықтан да тура жолдың көрсеткіші, басты белгісі өз заманында  ақылға, ғылымға сыймайтын құбылыстарды көрсете білу болып, ол да есік пен көкке сатыны таба білген Алланың құлына тән хикмет (мұғжиза) екен.

Қазақта неше түрлі кереметтер көрсеткен әулиелер санымен әлемде бірінші орынға шығамыз. Тарихты жоққа шығару зұлымдықтың ірісі. Олардың бәрі Меккеге барып емес өз жерінде көрсеткен, демек біз білмейтін, ғылымда белгісіз құпиялар бар қазақ жерінде. «Сендер білмейтін нәрселерді де жараттым» деп ескерткен екен аятта.  Ислам өркениеті 2008 жылғы күз айының басылымында бір топ дін ғалымдары парламентке әлемде «Звезда Давида» деп аталатын басылым беттерінде көп кездесетін сегіз бұрышты бейненің Астана қаласында салынып «Еврейлер белгісі неге тұр?» деген сауалмен алынып тасталуын ұсынған ашық хат жарияланды. Жалпы Дәуіт пайғамбарымызға қарсы болумен қатар, негізгі исламның ғылыми таңбасы екендігінен сіздің хұзырыңыздағы дін ғалымдары мүлде хабарсыз екен. Әлде әдейі ұйымдастырылған діндерді араздастырып бөлшектеу амалы ма? Ол белгіні пайғамбарымыз да көрсеткенін, дамытқанын оқымаған ба едіңіздер? Мүмкін өзіңіз сол өсиетті тауып біздерге білімін түсіндіретін шығарсыз?  Тек сіздің ғана дәрежеңізге жан ғылымына байланысты айқын жауабы бар сауал; «Ұлық имам-имам Ағзам Әбу Ханифа» атты еңбегіңізде мынандай жолдар бар; «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұххаммед оның елшісі» дейтін қауымнан,- деп жауап берген харажитке; -Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен иаки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.»

 Бұл сөзден имам Ағзам кезінде иманның бес сатысын меңгергендігін және иманды бес сатыға бөліп дәрежелегенін білдіреді. Демек, сол кездің ғылым шыңы болу керек. Онан кейін Ясауи бабамыздың «Сани дәптері» бойынша 13 сатыны ескертеді. Демек  аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық….» (22-67) Ол ереже «жол-жоба» деп аталып елдегі «шарио» көрінісін «салт-дәстүр» деп атайды. Онда сол дәстүрді қалыптастыру үшін сол елдің, ұлттың ішінен өз жол басшысы болу керек. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,- дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. (Ғылымын көрсетіп түсіндіруші). Сондай-ақ әр елдің бір жол басшысы бар.» (13-7) Сұрақ; -Сонда сіз қазақ елінің дін басшысы ретінде қай елдің, ұлттың жол басшы кітабына, нұсқауына сүйеніп пәтуа шығарасыздар? Егер имам Ағзам мазһабын айтсаңыз, ол қазақ елі үшін дәстүрлік сипаты жоқ, бірақ қазақ үшін діни жолдың намаз оқу қағидасы ғана болып шығады. Егер де имам Ағзам мазһабы жол болса, онда Мұхаммет пайғамбарымыз көрсеткен ізгі істері де, орындалмаған өсиеттері де тыс қалады. Сонда пайғамбарларымызды, Ыбырайым пайғамбарымыздан бастап жолдан шығарып тастау керек болғаны ма? Жолды жалғаушы тек пайғамбарлар ғана екенін, соңғы дін жолын толықтырған сүйікті соңғы Мұхаммед пайғамбарымыз емес пе? Жолды тек Алла ғана жеке-жеке көрсетеді. Имам Ағзамды қолдан пайғамбар жасап, күдіксіз ортақ қосып Аллаға серік қосуға болмайды. Ол зұлымдықтың үлкені!

Біздің еліміз үшін имам Ағзам намаз оқудағы ұстазымыз. Намаздарды орындаудың емес!  Ал шын мәнінде Құран бойынша  шариғат жол емес, ғұрыптық істерге бағдар, істердің көрінісі! Хазірет (шейх) ретінде сіздің тура жолды түсіндірген жан ғылымын жетілдіру амалдарын көрсеткен атыңызға сай затыңыз, яғни кітабыңыз, еңбегіңіз (дін ұстану қағидасы «платформа») болашаққа бағыт бағдарыңыз, иманның дәрежелену белгісі болу шарт. Намаз оқи бергеннен Алланың қандай шапағатына бөленіп ғұламаға немесе әулиеге айналуға болатынына нақты дерек, дәлелдер келтіріңіз. Егер ондай  еңбегіңіз болса халыққа таныстырсаңыз, алып зерделесек. Иман сатыларын неге имам Ағзам бесеуді көрсетіп, Ясауи бабамыз 13-пен белгілеген? Ерекшелік қайдан шыққан? Құранда қандай белгі бар? Қалған сегізді кімнен сұраймыз?

Тарихқа жүгінсек жан ғылымын меңгерген адам баласына жаратушы тарапынан ерекше мұғжиза (қасиет құндылығы) беріледі. Яғни, жан шипасын бере алатын, дем салатын қасиеті болу керек. Құпия болмаса қандай жан ауруына дем салу мүмкіндігіңіз бар? Және ұстаздан озар шәкірт те болу керек. Сондай ерекше белгі алған мешіттерде шәкірттеріңіз қанша? Құранға, тарихқа жүгінсек, сауатсыз шерік, серік, ортақ қосты деген аталарымыз 9 жылда «Тәуба» асулардан өту тәсілін меңгерген. Сіздердің араларыңызда атақтарыңыз бен айтқан пікірлеріңізге, сөздеріңізге қарағанда онан да жетік тәсілдерді меңгерген бе деген ұғым бар елде. Олай болса   «намаздың хандары, билері» ішінен 17 жыл ішінде халыққа тұлға үлгі болатын, Құранның құпия сырын, ғылымын аша білген, көктен жерден азық ала білетін, тылсымнан хабар белгі алып сырласа білетін өз ерекшелігі бар қанша тақуа, ғалым шықты? Құранға тақуалықты меңгеруді түсіндірген, ақталу тәсілдерінің қандай «философиялық» еңбектеріңіз бар? Және өздерінің қасиеттерді меңгерген қандай дарындылық, хикметті ерекшеліктері бар? Діннің көрсеткіші халықтан алғанымен емес, қаншалықты рухани қазынадан үлес алып, рұхқа бере білгенімен бағаланады, өлшенеді. Олай болса қазақ халқының біліміне, тіліне, мәдениетіне, әдебиетіне қосылған тың еңбек шығармаларын көрсетсеңіз. Болса бұл сіздердің халыққа ұсынған бағыттың дұрыс екендігіне дәлел болып, қазақ халқы тура жолымызды таптық деп есептеледі.

Намаз оқу мен сәжденің және намаз орындаудың ерекшелігін де білгісі келеді халықтың. Намаз оқу арқылы тәндегі керексіз ақпараттардан қалай тазару керек? Іштегі керексіз ақпараттарды, кірді сыртқа шығарып тұратын «сыздауық» деген жара бар, ол шықса үнемі сыздатып ауырып жүріп, түбінде жарылып тынары сөзсіз.  Сондай халықты сыздауықша сыздатқан жауабы дүдәмал сұрақтарды халық атынан қойып сіздерден және дінді бағыттаушы құзырлы орындардан жауап алатынымызға, сіздерді оған «оқшауланып» немесе үндемей қалу бейтарап саясатын ұстамайтындарыңызға иман дәрежелеріңіз жеткілікті деп, сол іздемпаз бауырластықтар атынан сенім білдіремін. «Жыламаған балаға емшек жоқ» дегендей артық кеткен пікірлерім болса ғафу өтініп, тек Құран арқылы және нақты ғылыми өлшемдермен ғана пікірлесуге шақырамын халық алдында.  Діннің де бір аламан бәйгесі болу керек. «Көлденең келген көк атты» деп қабылдамай, аламан бәйгенің шартымен, әуелі бір ат келсе, көп ұзамай көп ат та жететінін ескеріңіз алдияр тақсыр, хазіреті мырза! Болмаса сол бәйгеге шәкірттеріңізді, ғұламаларыңызды қосыңыз. Иә, 17 жыл араптардан оқыған бап шабар, болмаса араптан хабары жоқ, қазақша ғана тоқыған аруақтың қолдауымен ана тілім бақ шабар! Шартыңызды айтыңыз, Датыма құлақ салсаңыз, айтатын алда осындай шағын ғана үш-ақ ауыз сөзім бар, қабыл етсеңіз тақымын қысар елім бар, дін-тарихымызды берсеңіз қолдан, берілмесе жолынан аламын деген елге берген сөзім бар! Сондықтан әзірше бұл қарапайым сауалдарды бірінші сөз деп қабылдаңыз!

 

Байтасов  Тоқберген  Кескір ұлы.  Алғабас ауылы  Бейбітшілік № 6  Мамыр, 2009 жыл

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}