Махаббат деген қазақта ұғымың бар,
Ғашықтық деп ақындар жырға қосар.
Махаббатпен жаратқан деп адамзатты,
Абай атаң бұл сөздің астарлапты.
Махаббат деген қазақта ұғымың бар,
Ғашықтық деп ақындар жырға қосар.
Махаббатпен жаратқан деп адамзатты,
Абай атаң бұл сөздің астарлапты.
Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,
Ол екеуін біледі дүние жүзі.
Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз,
Білінбейді басқанда жүрген ізі.
Ақыл толар келіп қырықтың қырқасында,
Ал, елуде келдің деген қазақ ер жасына.
Мен келіп елуге түстім бабам жүрген ізге,
Япырмау сақал мұртым аппақ болмасы ма?
«Мен» деген сотым ішімде,
Айтаушым келер түсімде.
Ақыл-ой, дінім жақтаушым,
Жұмса дейді біздей күшіңді.
Бұл дүниені осы жұрт неге жалған дейді,
Жалған деген, жоқ әлде өтірік деген бе еді?
Ал ақылмен болжап көрсек жалғандықты,
Растыққа айландыру адамзатқа сынақ еді.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4
Білімді тілде дейді көп ойшылдар,
Сондықтан тіл білуге болдық құмар.
Қай ел білімді болса, соның тілін алып,
Салт болған, үш тұғырлы тіліңде бар.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4
Жандылар ақылмен жан асырайды,
Хайуан аңын, жәндік жемін бақылайды.
Жаралыс бес қуат-ақылдан алса нәрін,
Ал, алты ақылсыз адамдық құралмайды.
Шәкәрімдей әулиеден үгіт қалған,
Болмасын деп шикі өкпе қазақ балаң.
Бай болсаң балаң жүрмесін еңбек етпей,
Жалқаулықтан піспес өкпесі қатын, балаң.
Шаранамен туылғанын,
Жалаңаш қалып жылағанын
Ұмытты бүгін көп надан,
Шайтанның суық қолынан.
Қызға қырық үйден тыйым берген,
Дәстүріне ұлтыңның бой идірген.
Бұрынғының бұл жолын кеткен тастап,
Ендігі қыз тәрбиесін жын меңгерген.