Қазақтың әр сөзінің мәндер бар,
Даналар және болған жөнге салар.
Салт-дәстүр бірге аталып сөйлемдерде,
Ал, кейде жеке атаудан қандай мән бар?
Қазақтың әр сөзінің мәндер бар,
Даналар және болған жөнге салар.
Салт-дәстүр бірге аталып сөйлемдерде,
Ал, кейде жеке атаудан қандай мән бар?
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1
Қонақты қазақ сыйлар Құдайындай,
Кәдесі және деп көп сыйлайтындай.
Ұлтыңның салты өзге елмен араласты,
Сондықтан бұл дәстүрден құты қашты.
Даналар көп қазақта кітап көрген,
Сөз тағлымын, астарын жетік білген.
Құранда бұл сырдың да аяты бар,
Алланың бір-бір жібіне жабыс деген.
Сананы неге сезімен бірге жаздық,
Бар ма мұнда айырмасы ажыраталық.
Ойласаң таза ақылмен беріп сынын,
Қалайша сана-сезімді басқа таңдық.
Ынтаңның сен іздеген, бәрі де тұр «менікінде»,
Құштарлық, мал, дүние қызықтың бәрін күнде.
Оқыдым талай ғұламасын қазағымның,
Философ, ақын, сөздерін даналығын.
Қазақта философия, дейді жетілмеген,
Шет жұртың меңгер, дейді саналығын.
Жаратқан барлық нәрсе қозғалысты,
Жұбын, парын серік қылған қолғабысты.
Құранның бұл басты негізгі есебі еді,
Есепсіз есек деген, түсінбеген жаралысты.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2
Білімді әйелдер көп қазағымда,
Меңгерген әлем елінің түрлі салтын.
Ерлерде көп ілімді білген қазағымда,
Ұстанған арап елінің діндік салтын.
Бұл сөзіме сеніңдер!..
Түсімде көрдім үш Орда
Ақ орда және Көк орда,
Ортасында қара Орда!..
Тағдырымен жастарымыз күнде ойнайды,
Үлкендерде есі жоқ қайғырмайды.
Бастарында қадір жоқ, жабылмайды,
Жынды ойдан бұдан жүрек арылмайды.